Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

3.3 Техникалық есептер

Кез келген техникалық жүйенің мүмкіндіктері қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес болмаған жағдайда ол техникалық есепті шешудің потенциальды объектісіне айналады, оның мақсаты анықталған кемшілікті жою болып табылады.

Техникалық есептер жүйесін елестету үшін, біріншіден, техникалық жүйенің өзінің және жоғарғы жүйенің құрылымын, сонымен қатар, олардың техникалық күйін; екіншіден, өз (қоғамдық) қажеттіліктер жүйесін «көру»; үшіншіден, осы екі жүйені салыстыру керек – әрбір қанағаттандырылмаған қажеттілік сол сәтте техникалық кемшілік пен техникалық есепті туындылайды.

Кез келген техникалық есепті шешу барысында негізгі төрт кезеңнен өту керек: 1 Есеп қойылымы; 2 Шешу нұсқаларын іздеу; 3 Шешу нұсқаларын талдау; 4 Нұсқаларды бағалау және шешімді таңдау.

Есеп қою барысында мақсатты, шектеулерді және шешімді таңдау критериін анықтау арқылы бастапқы проблемалық жағдайды дәлдіктеу орындалады.

Барлық осы категориялар шешімді іздеу нәтижесінде келетін қалаулы күйді анықтайды.

Мақсат техникалық немесе қоғамдық қажеттілікке сәйкес болатын қалаулы нәтижені сипаттайды. Мақсатты анықтау – «Шешу нәтижесінде не болады?» деген сұраққа жауап беру. Әдетте мақсаттың тұжырымдамасында екі күй: бастапқы және соңғы қалаулы күй көрсетіледі.

Шектеулер мақсатқа жетуді жетерлік деп санауға болатын шарттарды көрсетеді. Бұл шарттар әдетте бір нәрсені өзгертуге немесе қолдануға тыйым салу немесе мақсатқа жетудің белгілі бір құралын қолдану қажеттілігіне нұсқау түріне ие.

Шектеулердің үш деңгейі болады:

- физикалық жүзеге асырылуы (шешім табиғат заңдарына сәйкес болуы тиіс);

- техникалық жүзеге асырылуы (шешім қоғамның ресурстары мен ғылыми-техникалық потенциалына сәйкес болуы тиіс);

- экономикалық табыстық.

Шешімді таңдау критерийі бойынша шешімді оптимизациялау жүргізіледі.

Есеп кою нәтижесінде «шешу моделі» пайда болады, ол келесі кезеңдердің бағдары болады. Көрсетілген себептерге байланысты бұл аса маңызды кезең болып табылады.

Техникалық есепті шешу алгоритмі кестеде келтірілген

Кесте

Техникалық есепті шешу кезең аталуы

Мазмұны

Есеп қойылымы

1. Техникалық есептің шарттарымен танысу:

- техникалық объектіні анықтау;

- техникалық объекттің схемасын(жұмыс істеу принципі) құру

2. Есепті шешудің соңғы мақсатын анықтау:

- объектінің өзгеретін сипаттамасын анықтау(қай сипаттамасын өзгерту керек);

- объектінің өзгермейтін сипаттамасын анықтау(есеп шешу барысында қай сипаттамасын өзгертуге болмайды);

Шарттарды нақтылау, есеп моделін құру

1. Техникалық объектінің жұмыс істеу негізіне қойылған физикалық принципті анықтау.

2. Объект сипаттамаларының келіспеуші парасын айқындау.

Есеп моделін талдау

1. Техникалық қайшылықты тұжырымдау.

2. Физикалық қайшылықты тұжырымдау.

Техникалық есептің түбегейлі шешімін табу

1. Өте оңды соңғы нәтижені тұжырымдау.

2. Физикалық қайшылықты жою және

- ұқсама-есептердің типтік модельдер фонды;

- физикалық қайшылықтарды жоюдың стандартты тәсілдер фонды;

- физикалық эффекттер мен құбылыстар фонды;

көмегімен физикалық формада түбегейлі шешімді табу.

3. Есеп шешудің физикалық формасынан техникалыққа өту (техникалық қайшылықты жою):

- объектінің жұмыс істеу тәсілін тұжырымдау;

- объектінің осы тәсілді іске асырушы принципті схемасын әзірлеу.

Техникалық есептің алынған шешімін бағалау

Алынған шешімнің өте оңды соңғы нәтижеге сәйкестік дәрежесін тексеру.

Сәйкестік дәрежесі жеткіліксіз болған жағдайда кез келген пункттен бастап өзгертілген (дәлдіктелген) іздестіру шектеулермен шешім іздеуді қайталау мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]