Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

7.3 Жазбалар

Жазбалар (комбинирленген тип) – түрлі қасиеттерімен сипатталатын күрделі объекттерді сипаттауда және түрлі ақпараттық жүйелерді сипаттау барысында пайдаланылатын деректердің ең икемді және ыңғайлы құрылымдарының бірі.

Жазба – жазбаның өрістері деп аталатын компоненттердің фиксацияланған санынан тұратын деректер құрылымы. Жазба өрістерінің типтері әртүрлі болуы мүмкін. Жазбаның кейбір компонентіне сілтеу жасау үшін өрістерге атаулар беріледі.

Жазбалар түрлі текті бырақ логикалық байланысқан ақпаратты беру үшін пайдаланылады..

Мысалы: "студентке" тиісті деректерді сипаттау керек:

  • - фамилиясы, аты (символдық массивтер немесе жолдар);

  • - туылған жылы (таңбасыз бүтін);

  • - мамандығы (санақтап шығу типі).

Сонымен, жазба – ол жазбаның өрістері немесе компоненттері деп аталатын түрлі типтегі шамалардың фиксацияланған санынан тұратын тізбектілік. Массив сияқты жазба да бір қатар жеке компоненттерді қамтиды, бырақ жазбаның компоненттері ретінде түрлі типтегі деректер болуы мүмкін. Мысалы, адрестік деректерді (индекс, қала, көше, үй, пәтер нөмірі) жазба (record) ретінде бейнелеуге болады:

type address = record

index :string[6]; {1-ші өрістің аталуы:тип}

city :string[20]; {2-ші өрістің аталуы:тип}

street :string[20]; {3-ші өрістің аталуы:тип}

haus,flat :integer {4-ші өрістің аталуы:тип}

end;

Массивтерді сипаттағандай жазба типін және сәйкес айнымалыларды сипаттауды беттестіруге болады. Мысалы, екі студенттер туралы деректерді келесідей сипаттауға болады:

var stud1,stud2:record

fio:string[20];

fac:string[10];

grup:string[8];

end;

«жазба» типтегі айнымалыны және оның бастапқы мәнін тұрақты-жазба ретінде тұрақылар бөлімінде: const <имя>: <имя типа> = <константное значение> схема бойынша анықталады.

Тұрақтылық мән – ол жай жақшаларға алынған өріс атауларының және сәйкес мәндердің тізімі. Тізім элементтері «нүктелі үтір» таңбасы арқылы ажыратылады. Мысалы, координаталардың басы туралы жазбаны келесідей анықтауға болады:

type point = record

х,у,z:integer

end;

const o:point=(x:0;y:0;2:0);

Жазбаның компоненттерімен сәйкес типтегі айнымалылармен сияқты жұмыс жасауға болады. Жазбаның компоненттеріне сілтеу нүктеден кейін өріс аталуын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, х айнымалысы address типіне ие болсын, яғни программада var x: address; сипаттау бар. Онда келесі меншіктеулер рұқсат етілген:

x.haus:=52;к.street:='пр.Бейбітшілік';x.city:='Шымкент';x.flat:-135;x.index;='660049'

Р29 программасында екі кешенді сандар қосындысы мен көбейтіндісін анықтайтын есепте жазбалармен жұмыс жасау бейнеленген:

z1=a1+i*b1 және z2=a2+i*b2.

Программадағы белгілеулердің қолайсыз үлкендігі деректерді құрылымдау арқылы алгоритмнің жоғары көрнекілігімен теңелтіледі. Көп жағдайларда егер фиксацияланған жазбаның өрістерімен операцияларды орындау қажет болса, белгілеулерді қысқарту үшін жалғау with операторын пайдалануға болады. Оның құрылымы: with <жазбаның аталуы> do <оператор>;

Бұл жағдайда қызметші do сөзінен кейін жазылған операторда көрсетілген жазба өрістерінің атаулары жазбаның аталуы және нүктесіз сипатталады. Мысалы, алдыңғы мысалдағы s қосындыны экранға шығаруды with операторын пайдаланып келесідей ұйымдастыруға болады:

with 5 do writeln('s=',re:4:2,'+i*',im:4:2);

Меншіктеу операторларында өрістер атаулары мен қатар жазбалардың атауларын да пайдалануға рұқсат етілген. Өрістің типі жазба болуы мүмкін, мысалы:

man=record

fio:record

fam, im, otch:string[10];

end;

data:record

day:1..31;

mes:1..12;

god:integer

end;

pol:char;

elef:record

dom,rab:string[10];

end;

end;

«жазба» типін деректердің басқа құрама типтерін сипаттауда пайдалануға рұқсат етілген, мысалы, жазбалар массивін құруға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]