Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

4 Тақырып Негізгі процедураға бағытталған алгоритмдеу тілінде программалау

5 Лекция

5.1 Оқылатын алгоритмдеу тілінің негізгі түсініктері

Паскаль тілінің жетістіктері:

  • тілдің қарапайым синтаксисі; базалық ұғымдардың шағын мөлшер саны. Паскаль тілінде жазылған программаларды оқу оңай;

  • компилятордың өзі және сонымен қатар Паскаль тілінде жазылған программалардың аппараттық және жүйелік талаптары жеткілікті дәрежеде төмен;

  • тілдің әмбебаптылығы. Паскаль тілін программалаудың тіпті барлық есептерін шешу үшін пайдалануға болады;

  • құрылымдық программалауды, "жоғарыдан-төмен қарай" программалауды, және сонымен қатар объектке-бағытталған программалауды сүймелдеу.

Кәдімгі сөйлесу тілі негізгі төрт элементтерден тұрады: символдар; сөздер; сөз тіркестері; сөйлемдер.

Алгоритмдік тіл ұқсама элементтерді қамтиды, бырақ:

  • сөздерді элементарлы конструкциялар деп атайды;

  • сөз тіркестерін - өрнектер;

  • сөйлемдерді - операторлар.

Сурет 5.1 - Алгоритмдік тілдің негізгі түсініктері

Символдар, элементарлы конструкциялар, өрнектер және операторлар иерархиялық құрылымды құрайды, себебі элементарлы конструкциялар символдар тізбектерінен құрылады; өрнектер - элементарлы конструкциялар мен символдардың тізбектері; ал оператор - өрнектер, элементарлы конструкциялар мен символдардың тізбегі.

Тіл сипатталуы аталған төрт элементтердің сипатталуы болып табылады. Символдарды сипаттау – тілдің рұқсат етілген символдарын санақтап шығу. Элементарлы конструкцияларды сипаттау деп оларды құру ережелерін түсінеді. Өрнектерді сипаттау – берілген тілде мағынасы бар кез келген өрнектерді құру ережелері. Операторларды сипаттау – тілде рұқсат етілген операторлардың барлық типтерін қарастыру. Тілдің әр элементін сипаттау оның синтаксисі мен семантикасы арқылы беріледі. Синтаксикалық анықтамалар тіл элементтерін құру ережелерін орнатады. Семантика олар үшін синтаксикалық анықтамалар берілген тіл элементтерін пайдалану ережелері мен мағынасын анықтайды.

Тілдің символдары – олардың терминдерінде тілде барлық мәтіндер жазылатын негізгі бөлінбейтін таңбалар. Элементарлы конструкциялар - жеке мағынаға ие болатын тілдің минималды бірліктері. Олар тілдің негізгі символдарынан құрылады. Өрнек - элементарлы конструкциялар мен символдардан тұрады, ол кейбір мәнді есептеу ережесін береді. Оператор – орындалуы қажетті болатын белгілі бір амалдың толық сипатталуы. Күрделі амалды сипаттау үшін бір топ операторлар қажет болуы мүмкін, ол жағдайда операторлар құрама оператор немесе блокқа бірігеді. Операторлар арқылы берілген амалдар деректерге қолданылады. Оларда деректер типтері туралы мәліметтер берілетін алгоритмдік тілдің сөйлемдері сипаттаулар немесе орындалмайтын операторлар деп аталады.

Бірыңғай алгоритммен біріктірілген сипаттаулар мен операторлар жиынтығы алгоритмдік тілдегі программаны құрайды.

Паскальда программалар қатаң форматқа ие:

program программа_аталуы (программа тақырыбы);

uses сыртқы модульдер, процедуралар, функциялар сипатталуы, операторлары;

label; таңбалар сипатталуы;

const тұрақтылар сипатталуы;

type деректер типтерін анықтау;

var айнымалылар сипатталуы;

процедуралар және функциялар;

begin операторлар бөлімінің (негізгі блок) басы;

негізгі программаның тұлғасы (программаның операторлық бөлімі);

end. соңы белгісі (нүкте міндетті түрде).

Осы бөлімдердің әрқайсысы қызметші сөзден басталады. Оның тағайындамасы тіркелген және оны басқа мақсаттар үшін пайдалануға болмайды. Паскаль программасында барлық амалдар begin және end арасында орындалады. Программаның негізгі блогында процедуралар мен функциялардың шағындау блоктары орын алуы мүмкін. Процедуралар мен функциялар басқа процедуралар мен функциялардың ішіне салынуы мүмкін, яғни блоктар басқа блоктарды қамтуы мүмкін.

Әр программада сипаттаулардың барлық (label, const, type, var, сонымен қатар процедуралар мен функциялар) бөлімдерінің болуы міндетті емес. Бырақ, егер ол бөлімдердің программада болуы қажет болса, олар дәл көрсетілген ретпен ілесуі тиіс және жеке блоктың ішінде әр бөлім жалғыз рет кездесуі тиіс.

Сипаттаулар мен операторлар бір-бірінен «нүктелі үтір» арқылы ажыратылады. Программа қатарының максималды ұзындығы 126 символ. Өту операторлары қолданбаған жағдайларда программа сол жақтан оң жаққа қарай қатар-қатар бойынша орындалады. Программаның барлық объектілері (label, const, type, var) оларды қолданудан бұрын анықталуы тиіс (кері жағдайда компиляциялау барысында қате пайда болады).

Осы қағидаларды бейнелейтін қарапайым программаның мысалы 1 қосымшада Р1 программа мәтіні. Мұндағы бірінші қатар – программа тақырыбы, программаның қалған бөлігі – негізгі программалық блок. Ол кілттік begin сөзден басталып end сөзбен аяқталады. uses wincrt MsWindows-қа арналған Паскальдің нұсқаларында қажет.

Программаны жазу барысында мәтінде шегіністерді пайдаланған жөн, олар программа құрылымын түсінуді жеңілдетеді (қосымшадағы программалар мысалдарын қара).

5.2 Тілдің алфавиті. Паскаль тілінде пайдаланылады:

  • - әріптер: A дан Z-ке дейін және a дан z-ке дейін ағылшын алфавитінің әріптерін.

  • - цифрлар – 0-ден 9-ға дейін араб цифрлары.

  • - оналтылық цифрлар - 0-ден 9-ға дейін араб цифрлары, A дан Z-ке дейін және a дан f-ке дейін әріптер

  • - бос орын – бос орын символы және ASCII кодтың барлық басқарушы символдарын.

  • арнайы символдар мен резервтелген сөздер бір немесе бірнеше бекітілген мәндерге ие болатын символдар. Арнайы символдар келесі жеке символдар немесе символдар жұптары болып табылады: + - * / = < > [ ] . , ( ) : ; ^ @ $ # <= >= := .. (* *) (. .)

Кейбір арнайы символдар сонымен қатар, операция таңбалары болып табылады. Сол жақты квадрат жақша [сол жақты жай жақша мен нүктеден тұратын (. символдар жұбына эквивалентті. Ұқсама түрде ].) .

Келесі сөздер Паскальда резервтелген сөздер болып табылады:

absolute and array begin case const div do downto else end external file for forward function goto if implementation in inline interface interrupt label mod nil not of or packed procedure program record repeat set shl shr string then to type unit until uses var while with xor

Паскаль үшін (С тіліне қарағанда) клавиатураның регистрі бәрі бір, сондықтан программада кіші әріптер мен қатар бас әріптерді де пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]