Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

2 Тақырып.Дербес компьютерді (дк) программалауды автоматтандырудың программалық құралдары

2 Лекция

2.1 Дербес компьютердің программалық қамтамасыз етілуі туралы

Программалық қамтамасыз ету – ақпаратты өндеу жүйесінің программалар және сол программаларды пайдалану үшін қажетті программалық құжаттар жиынтығы. Сонымен қатар, ол деректерді өндеу жүйенің жұмыс жасауына қатысты программалар, процедуралар мен ережелер және құжаттамалардың жиынтығы.

Программалық қамтамасыз етуді тағайындамасы бойынша жүйелік, қолданбалы және аспаптыққа жіктейді, ал таратылу және пайдалану тәсілі бойынша еркін емес немесе жабық, ашық және еркін түрлеріне жіктейді.

Программалық қамтамасыз ету – есептеуіш жүйе орындайтын программалардың жиынтығы.

Программалық қамтамасыз ету (ПҚЕ) қатарына сонымен қатар ПҚЕ-ні жобалау және жетілдіру бойынша тіршілік етудің бүкіл саласы жатады:

  • программаларды жобалау технологиясы (жоғарыдан төмен қарай жобалау, құрылымдық программалау және басқалары);

  • программаларды тестілеу әдістері;

  • программалардың дұрыстығын дәлелдеу әдістері;

  • программалардың жұмыс жасау сапасын талдау және басқалар.

Программалық қамтамасыз ету (ПҚЕ) – ЭЕМнің ажыратылмас бөлігі. Ол ЭЕМ-нің техникалық құралдарының мүмкіндіктері мен пайдалану аясын кеңейтетін логикалық жалғасы болып табылады.

Классификациялау бойынша ПҚЕ-нің үш категориясы бар:

1) қолданбалы программалар, тұтынушыларға қажетті жұмыстардың орындалуын тікелей қамтамасыз етеді;

2) жүйелік программалар:

  • ЭЕМ ресурстарын басқару;

  • пайдаланылатын ақпараттың көшірмелерін құру;

  • компьютер құрылғыларының жұмыс жасау қабілеттілігін тексеру;

  • компьютер туралы анықтамалық ақпарат беру және басқалары;

3) аспаптық программалық жүйелер, компьютерге арналған жаңа программаларды құру үрдісін жеңілдетеді.

ПҚЕ келесі топтары қалыптасқан:

  • операциялық жүйелер;

  • программалау жүйелері;

  • аспаптық жүйелер;

  • біртұтас пакеттер;

  • динамикалық электронды кестелер;

  • машиналық графика жүйелері;

  • деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ);

  • қолданбалы программалық қамтамасыз ету.

Автоматтандыру және басқару бойынша маман әдетте дайын қолданбалы программаларды пайдаланады немесе программалау тілдері мен жүйелерін қолдана отырып өзінің программаларын жетілдіреді.

2.2 Программалауды автоматтандыру әдістері. Алгоритмдік тілдер және оларға қойылатын талаптар.

Программалау тілі – алгоритмді орындаушыға (мысалы, компьютерге) ыңғайлы түрде сипаттауға арналған формальды таңбалы жүйе. Программалау тілі компьютерлік программаны құру барысында пайдаланылатын лексикалық, синтакстік және семантикалық ережелер жиынтығын анықтайды. Ол программалаушыға деректер қалай сақталып, қалай жіберілетіні туралы, түрлі жағдайларда сол деректерге қандай амалдарды қолдану қажет екендігін, қандай оқиғаларға компьютер әрекет қайтаратынын және т.с.с. дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Алғашқы программаланатын машиналардың пайда болу кезінен бастап 8,5 мыңнан астам программалау тілдері ойлап шығарылған. Олардың санына жыл сайын жаңалары қосылады. Кейбір тілдерді тек өз жетілдірушілері пайдаланады, ал басқалары миллиондаған адамдарға мәлім. Кәсіби программалаушылар өз жұмысында кейде түрлі оншақты программалау тілдерін пайдаланады.

Тілдерді жетілдірушілер прораммалау тілі ұғымын әртүрлі тұжырымдайды. Жетілдірушілердің көбісі мойындаған кең тараған тұжырымдаулар қатарына келесілер жатады:

  • функция: программалау тілі белгілі бір есептеу үрдісін орындау және жеке құрылғыларын басқаруды ұйымдастыру бойынша нұсқауларды компьютерге жіберу үшін пайдаланылатын компьютерлік программаларды жазуға арналған;

  • есеп: программалау тілдің жаратылыс тілдерден айырмашылығы - ол бұйрықтар мен деректерді адамдан компьютерге жіберу үшін арналған, ал жаратылыс тілдер адамдардың өзара қатынас жасауы үшін пайдаланылады. "Программалау тілдері" ұғымын жалпылауға болады – ол бұйрықтарды, әрекет жасауға берілетін ширақ нұсқауларды беру тәсілі, ал адамзат тілдері сонымен қатар ақпаратпен алмасу үшін қызмет атқарады;

  • орындалуы: программалау тілі деректер құрылымын анықтау, олармен әрекет жасау және есептеу үрдісін басқару үшін арнайы түзілістерді пайдалануы мүмкін.

Әр программалау тілі оның синтаксисі мен семантикасын анықтайтын формальды спецификациялар жиынтығы түрінде бейнеленілуі мүмкін.

Ол спецификациялар әдетте келесілердің сипатталуын қамтиды:

  • деректердің типтері мен құрылымын;

  • операциялық семантика (тіл конструкцияларын есептеу алгоритмі);

  • тілдің семантикалық конструкциялары;

  • примитивтердің библиотекасы (мысалы, енгізу-шығару нұсқаулары);

  • тіл тағайындамасы мен мүмкіндіктерінің философиясы.

Кең тараған программалау тілдердің көбісі үшін стандарттау бойынша халықаралық комитеттер құрылған. Олар сәйкесінше тілдің спецификациялары мен формальды анықтамаларын үнемі жаңартып және жариялап тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]