Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

15.4 Өткен материалға шолу

15.5 Алған білімдердің студенттің алдағы оқу барысында және болашақ инженерлік тіршілігіндегі тәжірибелік мағынасы. Программалау тілдері мен технологиялардың даму перспективалары.

Delphi объектілі визуалды программалау ортасы. 1996 ж. Borland фирмасы жаңа буындағы Delphi компиляторын жарыққа шығарды. Ең алдымен, бұл Windows ортасында программалауға арналған бір қатар елеулі жаңа мүмкіндіктермен толықтырылған Паскаль тілінің қуатты компиляторы. Delphi – ол программаның мәтінің құру барысында графикалық объекттерді көруге мүмкіндік беретін сапалы тұрғыда жаңа типті интерфейске ие болатын жүйе – визуалды программалау жүйесі.

Delphi компьютерді басқаруға байланысты жұмыстың басым бөлігін өзіне алады, бұл қарапайым жағдайдарда оның жұмыс жасау детальдары туралы ерекше білімсіз тіршілік етуге мүмкіндік береді. Программалаудың дәстүрлі жүйелеріне қарағанда, Delphi тіпті программа мәтінінің басым бөлігін өзі құрады: объектілерді сипаттау, процедуралардың тақырыптары және көптеген басқаларды. Программалаушыға жүйе оларды алдын-ала болжап таба алмайтын, программаның дербес тәртібін анықтайтын қажетті жолдарды ғана жазып кірістіру жұмысы қалады.

Программалау үрдісін автоматтандыруға эксперттер деп аталатындар едәуір жәрдемдеседі. Бұл тұтынушыға өз программасында ол нені көргісі келетін нәрсені сипаттауға жәрдем беретін сұхбаттасу терезесі. Мысалы, жоба эксперті сізге жүйелік мәзірдің қажет болуы туралы және сіздің жобаңыз ұсынылған типтердің қайсысына жататындығы туралы сұрайды. Енгізілген жауаптарды талдап, Delphi Паскаль программасының кодын жазады. Эксперттерді тұтынушының өзі де құра алады.

Delphi-де жұмыс жасау стилі программалаудың дәстүрлі стилінен елеуле түрде айрықшаланады. Delphi-дің көптеген компоненттері өзінің визуалды бейнесіне ие. Жүйенің жетістігі - экран бетінде компоненттерді орналастыру, сонымен қатар, олардың қасиеттерінің бастапқы мәндерін (өлшемі, түсі, бордюр түрі және с.с.) беруді Delphi программаны жазбастан форманы құрастыру кезеңінде жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Ол үшін объекттердің Инспекторы деп аталатын арнайы терезе көзделген, ол терезеде жобалау режимінде ерекшеленген компоненттің барлық қол жетерлік қасиеттері мен олардың ағымдағы мәндері санақтап шағарылған. Қажет болған жағдайда олардың кез келгенін өзгерту оңай, ол өзгерістер сол сәтте объекттің сырт көрінісіне әсерін тигізеді. Мысалы, объекттер Инспекторының терезесінде түсті өзгертсек, онда жүйе сол сәтте компоненттің түсін қайта бояйды. Программаны іске қосудың алдында жобаланатын форманың экрандағы түрін көруге болады. Графикалық бейнесі бар объекттермен жұмыс жасаудың мұндай тәсілін визуалды программалау деп атау қабылданған. Үрдісті визуализациялау өз әрекеттердің нәтиженің едәуір жылдам көруге мүмкіндік береді де оны көрнекі етеді.

Объектілі программалау жүйесі бола тұрып Delphi object типті классикалық объекттерді тек пайдалана ғана қоймай графикалық бейнесіне және Windows ортасының стандартты элементтерінің қасиеттеріне ие бола алатын жаңа объекттерді құруға мүмкіндік береді. Мұндай объекттер визуалды компоненттер деген атауға ие болған, оларды сипаттау үшін арнайы резервтелген class сөзі пайдаланылады. Визуалды компоненттердің мысалдары ретінде мәзір, тізімдер, редактірлеу өрістері, айналдыру жолақтары, формалар, кнопкалар, кестелер және көптеген басқалары қызмет атқара алады. Delphi-ге стандартты визуалды компоненттердің толық библиотекасы - Visual Component Library қосылып беріледі. Бұл библиотекаға тұтынушы өзінің дербес компоненттерін қоса отырып толықтыра алады.

Delphi программалау жүйесінің маңызды ерекшелігі - оның ашықтылығы болып табылады – жүйеде бар объектілердір дерлік барлығы Паскаль тілінде жүзеге асырылған және оларға жаңаларын қосу оңай.

Сонымен, Delphi ортасы программалау жүйесінің барлық ең алдыңғы қатардағы қасиеттерді қамтиды. Ол қуатты, сонымен қатар, интерфейсі қазіргі заманға лайықты қосымшаларды құруға арналған, пайдалануда күрделі емес аспаптық құрал болып табылады. Өзінің жоғары деңгейіне байланысты Delphi типті программалау жүйелері қосымшаларды жылдам жетілдіру орталары, RAD (Rapid Application Development) деген арнайы атауға ие болды.

Аспаптық құрал ретінде Delphi-дің маңызды жетістігі – оның компиляторы автономды ЕХЕ-файлдарды жасайды, олар Delphi жоқ болатын компьютерде де Windows ортасында жұмыс жасай береді. Бұл қасиет Delphi-ді басқа ұқсама орталардаң, мысалы, Microsoft Visual Basic-тен ұтымды түрде айрықшалайды.

Оның негізінде жататын ең маңызды базалық ұғымдардың кейбіреулерін қарастырайық. Delphi барлық объекттер қасиеттерімен сипатталады – ол объекттің түрі қандай болатындығын немесе оның тәртібін анықтайтын объекттің атрибуты. Қасиет object объектінің өрісі ұғымының өзгеше жалпылауы болып табылады, себебі ол атау мен типпен қатар өріс мәндерін жазу және сақтау тәсілдерін қосымша қамтиды. Оқиға ұғымы Windows-тан алынған, оның мағынасын мысалдар арқылы түсіндіру оңайлау. Жеке жағдайда, тұтынушының клавиатураға немесе мауысқа тигізетін әсерлер (клавишті басу немесе оны жіберу, мауысты қозғалту және с.с.) оқиға болып табылады. Сонымен қатар, экран қалып-күйлерінің кез келген өзгертулері: терезені құру, оның өлшемдерін өзгерту және көптеген басқалары оқиға болып табылады. Жүйеде кез келген оқиғаға жауап қайтару ретінде Windows басқаруды оқиғаны өндеушіге (event handler) береді. Оқиғаны өндеуші – ол осы оқиғаға объекттің қайтаратын реакциясын анықтайтын программа. Егер тұтынушы берілген оқиға бойынша амалдарды қарастырмаған болса, онда Windows оны өзі өндейді, жеке жағдайда ол оқиғаны жай елемей кетеді. Осында идеологияның арқасында Delphi-де жетілдірілген программа нақтылы түрде түрлі оқиғалардың салыстырмалы түрде өзіндік өндеушілердің жиынтығы болып табылады.

Әдіс – ұғымы – объекттің тәртібін анықтайтын класстың процедура немесе функциясы. Әдіс амалдардың белгілі бір тізбектілігінің орындалуына әкеледі, олардың бір бөлігі объекттің сыртқы түрін өзгертуге байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, әдіс белсенді терезенің бейнесін алғы көрінісіне шығарып, оның тақырыбын түс арқылы ерекшелейді. Delphi-дегі әдіс ұғымы Object Pascal-дағы ұқсама ұғыммен бірдей. Қазіргі кездегі соңғы версия Delphi-2010.

Стандартты Паскальдің кеңейтпесі ретінде символдар жолына басқарушы символдарды кірістіруге рұқсат етілген. 0 ден 255 аралығындағы таңбасыз бүтін тұрақтымен бірге # символы осы мәнге сәйкес ASCII кодтағы символды белгілейді. # символы мен бүтін тұрақтының арасында ешқандай ажыратқыш болмауы тиіс. Ұқсама түрде, егер бірнеше басқарушы символдар символдар жолының құрамына кіретін болса, онда олардың арасында ажыратқыштар болмау керек. Символдар жолдарына бірнеше мысал келтірейік:

'TURBO'

'You'll see'

'''' ';' ' '

#13#10

'Line 1'#13'Line2'

#7#7'Make up!'#7#7

Тұрақтыларды сипаттау. Тұрақтыны сипаттау блоктың ішіндегі тұрақтының белгіленуі болатын идентификаторды қамтиды. Оның алдында қойылған таңбасы бар тұрақтының идентификаторы бүтін немесе нақты типтегі мәнді белгілейді. Мысалы: Const pi:=3.14159; Gorod:=’Шымкент’.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]