Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

5.3 Тілдің негізгі объектілерін жазу ережелері

Программадағы лексемалар және операторлар. Лексемалар - өрнектердің операндтары мен операцияларын құрайтын ең кіші мәнді элементтер, ол арнайы символдар, резервтелген сөздер, идентификаторлар, таңбалар мен жолдық тұрақтылар. Мысалы:

function

(

:=

9

A

Басқа лексемалар мен бос орындармен ұйлесіп лексемалар программаның операторын қалыптастыратын өрнектерді құрайды. Операторлар, өз кезегінде, сипаттау бөлімдерімен үйлесіп негізгі программаның блоктарын немесе процедура не функция блогын құрайды. Айнымалы өзгеретін мәнді қамтуы мүмкін. Әр айнымалы белгілі бір типке ие болуы тиіс. Айнымалының типі сол айнымалы ие бола алатын мәндер жиының анықтайды. Паскаль операторы өрнектерден тұрады, олар операндтар мен операциялардан тұруы мүмкін. Әдетте оларда арифметикалық, логикалық немесе бульдік операциялар орындалады. Паскаль өрнектері қарапайымдау өрнектерден тұруы мүмкін. Операндтар комбинациялары жеткілікті түрде күрделі болуы мүмкін. Өрнектерге кейбір мысалдар келтірейік:

X + Y

X <> Y

I <= 10

-X

sin(x)

Символдар және тұрақтылар. Символдар деп программа мәтініндегі минималды мәндік бірліктерді атайды, олар арнайы символдар, идентификаторлар, таңбалар, сандар және жолдық тұрақтылар сияқты категориялар арқылы бейнеленген. Паскаль тілінде жазылған программа лексемалар мен ажыратқыштардан тұрады, сонымен қатар, ажыратқыш бос орын немесе комментарий болуы мүмкін. Көршілес екі лексемалар егер олар резервтелген сөз, идентификатор, таңба, немесе сан болатын болса, бір-бірінен бір немесе бірнеше ажыратқыштар арқылы ажыратылуы тиіс.

Идентификаторлар тұрақтылар, типтер, айнымалылар, процедуралар, модульдер, программалар және жазбалардағы өрістердің атаулары ретінде қызмет атқарады. Идентификатордың ұзындығы кез келген болуы мүмкін, бырақ тек алдыңғы 63 символдар ғана мағыналы болып табылады. Атаулар ретінде резервтелген сөздерді пайдалануға болмайды. Идентификатор әріптен немесе астын_сызу таңбадан басталуы керек және оның құрамында бос орындар болмауы тиіс. Идентификатордың бірінші символынан кейін әріптерді, цифрларды және астын_сызу символдарын пайдалануға болады. Идентификаторларда кіші және бас әріптерді пайдалануға болады (компилятор оларды ажыратпайды).

5.4 Деректердің типтері

Әр айнымалыны сипаттау барысында оның типін көрсету керек. Айнымалының типі ол қабылдай алатын мәндер жиынтығы және оған қолданылуы мүмкін болатын амалдарды сипаттайды. Айнымалыларды сипаттау барысында var тізім: тип; түрдегі конструкция беріледі, мұндағы тізім – айнымалылар тізімі, ол тізімдегі айнымалылардың атаулары үтірлер арқылы ажыратылады, ал тип – берілген тізімдегі айнымалылардың типін береді (мысалы, Real, Integer, Char және басқалар). Егер берілген программада түрлі типтердегі айнымалылар қолданылатын болса, онда var сөйлемінде әр типке жататын айнымалылардың атаулар тізімдері жеке беріледі (төмендегі және 1-ші қосымшадағы мысалдар).

Айнымалыны сипаттау бөлімінің мысалы:

Var X,Y,Z: real;

I,J,K: integer;

Digit: 0..9;

C: Color;

Done,Error: boolean;

Operator: (plus, minus, times);

Hue1,Hue2: set of Color;

Today: Date;

Results: MeasureList;

P1,P2: Person;

Matrix: aaray[1..10,1..10] of real;

Паскальдағы барлық типтер топтарға бөлінеді. Ең алдымен, жай және құрылымды типтерді ерекшелейді. Жай типтер өз жағынан реттік және нақты типтерге жіктеледі.

Процедура және функциядан тыс сипатталған айнымалылар глобальды айнымалылар деп аталады да деректер сегментінде орналасады. Процедура немесе функцияның өзінде сипатталған айнымалылар локальды айнымалылар деп аталады, олар стектің сегментінде орналасады және жұмыс жасайды. Жай типтер мәндердің реттелген жиындарын анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]