Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

8.5 Программаның құрылымы. Алгоритмнің схемасынан программаға өту

Сонымен, жоғарыда айтылғандай, Паскаль тіліндегі программа тақырыптан, сипаттау бөлімдерінен және операторлар бөлімдерінен тұрады.

Программаның Тақырыбы программаның аталуын қамтиды, мысалы:

Program PRIM;

Сипаттау бөлімдері қосылатын библиотекалар (модулей) бөлімдерін, таңбаларды сипаттау бөлімін, тұрақтыларды сипаттау бөлімін, типтерді сипаттау бөлімін, айнымалыларды сипаттау бөлімін, процедуралар мен функцияларды сипаттау бөлімін қамтуы мүмкін.

Модульдерді сипаттау бөлімі USES қызметші сөзімен анықталады да PASCAL жүйесінің құрамына кіретін және тұтынушының өзі жазған қосылатын модульдер (библиотекалар) атауларын қамтиды. Модульдерді сипаттау бөлімі сипаттау бөлімдерінің ішінде бірінші болуы тиіс. Модульдердің атаулары бір-бірінен үтірлер арқылы ажыратылады:

uses CRT, Graph;

Программадағы кез келген операторды таңба арқылы белгілеп қоюға болады. Таңба ретінде төрт цифрдан аспайтын таңбасыз бүтін сандар немесе атауларды қолдануға болады. Таңба оператордың алдында қойылады және одан қос нүкте арқылы ажыратылады. Программада пайдаланылатын барлық таңбалар таңбаларды сипаттау бөлімінде санақталып шығуы тиіс, мысалы: label 3, 471, 29, Quit;

Тұрақтыларды сипаттау атауларды тұрақтылардың синонимдері ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оларды тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықтау керек:

const K = 1024; MAX = 16384;

Айнымалыларды сипаттау бөлімінде программада пайдаланылатын барлық айнымалылардың типтерін анықтау керек:

var P,Q,R: Integer;

A,B: Char;

F1,F2: Boolean;

Паскаль-программасында программаның барлық компоненттері оларды пайдалануға дейін міндетті түрде сипатталынуы тиіс.

Операторлар бөлімі қызметші begin ... end сөздерінің арасында операторлардың тізбектілігін қамтыған құрама оператор болып табылады.

Операторлар бір-бірінен " ; " символы арқылы ажыратылады. Программаның мәтіні нүктемен аяқталады.

Сипаттаулар мен операторлардан басқа Паскаль-программа түсініктемелерді қамтуы мүмкін, олар { фигуралық жақшалардың арасына жазылған символдардың еркін тізбегі болып табылады }.

Қажет болса, Паскаль-программаның мәтіні компиляциялау кілттерін қамтуы мүмкін, олар компиляциялау режимін басқаруға мүмкіндік береді. Синтаксистикалық тұрғыда компиляциялау кілттері түсініктемелер сияқты жазылады. Компиляциялау кіліті $ символын және + (режимді қосу) немесе - (режимді өшіру) таңбасы ілескен әріп-кілтті қамтиды. Мысалы:

{$E+} - математикалық сопроцессорды эмуляциялау;

{$F+} – процедуралар мен функцияларды шақырудың алыс типін қалыптастыру;

{$N+} - математикалық сопроцессорды қолдану;

{$R+} – аралықтардың шекараларын шығуды тексеру.

Кейбір компиляциялау кілттері параметрді қамтуы мүмкін, мысалы:

{$I файл_аталуы} - компиляцияланылатын программа мәтініне аталған файлды қосу.

Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін жай программаның жазылу мысалы:

Program TRIANG;

var A, B, C, S, P: Real;

begin

Read(A,B,C);

WriteLn(A,B,C);

P:=(A+B+C)/2;

S:=Sqrt(P*(P-A)*(P-B)*(P-C));

WriteLn('S=',S:8:3)

end.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]