Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AEP_LEKTsII.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
28.03.2015
Размер:
1.27 Mб
Скачать

8.4 Деректерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру

Паскальда клавиатурадан сандық және символдық деректерді енгізуге болады. Енгізудің кірістірілген екі процедурасы (ішкі программасы) бар:

read (айнымалылар тізімі); және readln (айнымалылар тізімі).

read(xl,x2,...,xN) процедураның орындалу барысында программа өз жұмысын тоқтатып компьютер клавиатурадан xl, х2,..... xN тізім айнымалыларының N мәнін енгізуді күтеді. Бұл мәндер – сәйкес типтегі тұрақтылар – енгізу барысында бос орын арқылы ажыратылуы тиіс. Деректерді теру Enter клавишасын басумен аяқталады. readln процедураның read процедурадан айырмашылығы енгізуді аяқтағаннан кейін курсор келесі жолдың басына өтеді. Мысал: var a,b:real; c:char; d:integer; read(a,c,d,b); Рұқсат етілетін енгізу: 83.14 k 200 -7.15

Деректерді шығару операторлары. Программа экран немесе принтерге сандық немесе символдық өрнектердің мәндерін шығара алады. Экранға шығарудың екі процедурасы бар:

write(айнымалылар немесе өрнектер тізімі);

writeln(айнымалылар немесе өрнектер тізімі).

write(x1,x2v..,xN) процедурасы x1, х2, ..., xN тізімдегі өрнектердің мәндерін экранға шығарады. writeln процедурасының write процедурасынан айырмашылығы ол курсорды келесі жолдын басына жылжытады. Принтерге шығару үшін өрнектер тізімінің алдына lst қызметші сөзі қосылған сол процедуралар пайдаланылады. Мысал: write(lst,’шешімі жоқ’). Қағазда «шешімі жоқ» деген мәтін басылады.

Баспаны басқару үшін деректердің форматтары пайдаланылады. х - real типтегі айнымалы болсын. Егер форматты қолданбаса, онда х-тің мәні «жылжымалы» (1.654887892E-04 сияқты) формада шығарылады. Форматтар нақты санды жаратылыс формада баспаға шығаруға мүмкіндік береді. m, n – бүтін сандар болсын. write(xxx:m:n) процедурасы xxx айнымалының мәнін экранға ондық бөлшек түрінде шығарады, сонымен қатар m цифрларды, нүктені және санның таңбасын қоса шығарылатын символдардың жалпы санын анықтайды, n – нүктеден кейінгі цифрлардың санын. Егер шығарылатын символдар саны m-нен аз болса онда санның алдына бос орындар қосылады. Мысалы, х = 123.45 болсын. Келесі мысал форматтардың х мәнін шығаруға тигізетін әсерді бейнелейді:

writeln('*',x) беретін нәтижесі 1.2345000000E+02;

writeln('*',x:8:3) беретін нәтижесі 123.450;

writeln('*',x:8:l) беретін нәтижесі 123.4.

Бір форматты – шығару өрісінің енін - integer, boolean, char типтегі өрнектерді шығару үшін де қолдануға болады.

Pascal ABC-те еректерді енгізу-шығаруды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне назар аударайық.

  1. Шығару терезесіне шығару үшін стандартты write және writeln процедуралары пайдаланылады. Олар параметрлерсіз және параметрлер тізімімен шақырылуы мүмкін. Тізімдегі параметрлер үтір арқылы ажыратылады және жай типке (санақтап шығу типінен және санақтап шығу типінің негізінде құрылған аралық типтен басқа) немесе string типке немесе нұсқағыш типке ие болуы тиіс. writeln процедурасы өз параметрлерін шығарып болғаннан кейін жаңа жолға өтуді жүзеге асырады.

  2. write және writeln шығару процедураларында шығарылатын әр мәннен кейін шығару форматы көрсетілуі мүмкін. Ол қос нүктеден кейін ілесетін бүтін сан немесе өрнек болып табылады. Бұл сан немесе өрнек шығару өрісінің енін, яғни шығарылатын мәнге берілген позициялар санын анықтайды. Егер шығарылатын мәннің ұзындығы шығару өрісінің енінен аз болса, онда шығарылатын мәтін қажетті енге жеткенше сол жағынан бос орындармен толықтырылады; нәтижесінде шығарылатын мән оң жақтағы шетімен тегістеледі. Егер шығарылатын мәннің ұзындығы шығару өрісінің енінен көп болса, онда формат ескерілмейді. Шығару форматының түрі :m болатын нақты және кешенді мәндер әрдайым экспоненциалды формада шығарылады. Мысалы, егер a, b – бүтін айнымалылар болса, онда келесі операторлар орындалғанда:

a:=-2437; b:=13555;

writeln(a:6,'Сәлем!':9);

writeln(b:1);

шығару терезесінде келесі мәтін көрінеді:

-2437 Сәлем!

13555

  1. Нақты және кешенді мәндер үшін :m:n форматты да пайдалануға болады, мұндағы m және n – бүтін мәндер. m мәні шығару өрісінің енін, ал n мәні ондық нүктеден кейінгі таңбалар санын береді. Мысалы:

writeln(-14.859:10:3); // ___-14.859

writeln(-14.859:10:5); // _-14.85900

writeln(-14.859:10:2); // ____-14.86

writeln(-14.859:10:0); // _______-15

writeln(-14.859:10:7); // -14.8590000

writeln((0,1):10:1); // _(0.0,1.0)

{мұнда _ символ арқылы бос орындар бейнеленген }.

  1. Клавиатурадан енгізу үшін стандартты read және readln процедуралары пайдаланылады. Олар параметрлерсіз және параметрлер тізімімен шақырылуы мүмкін. Тізімдегі параметрлер үтір арқылы ажыратылады және жай типтегі (санақтап шығу типінен және санақтап шығу типінің негізінде құрылған аралық типтен басқа) немесе string типтегі айнымалылар болуы тиіс. readln процедурасы енгізуден кейін ағымдағы енгізу жолының соңына дейінгі деректерді өткізіп жібереді.

  2. write, writeln, read, readln процедуралары – ұзындығы еркін болатын параметрлер тізімін көрсетуге болатын жалғыз процедуралар.

  3. Мәтіндік файлға енгізу-шығару үшін дәл сол процедуралар пайдаланылады, бырақ бірінші параметр ретінде файлдық айнымалы көрсетіледі:

writeln(f,'abc',1,True,2.4);

Қосымшадағы енгізу/шығару мысалдары бар программаларды да қараңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]