Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

6.4 Стансаның масштабты жоспарын дайындау

Масштабсыз сызбада барлық қажетті өлшемдерді қойғаннан кейін, 1: 2000 масштабты станса жоспарын жасауға кірісуге болады. Стансаның жоспарын құруды жоспарда қалпын өзгертпейтін (түзу) бас жолды түсіруден бастаған дұрыс. Бұл жол Х өсі болып қабылданады. Сонымен, беттің жоғарғы жиегінен 10-15 см, ал тіректі стансалар үшін – 30 см қалдыру керек (егер жүк ауласы жоғарғы жағында орналасатын болса). Бас жолдың өсіне пикеттер, километрлік белгілер, еңіс көрсеткіштер және горизонтальдар белгіленеді. Егер жердің жоспары 1:2000 масштабта берілсе, пикеттер мен горизонтальдар арасындағы арақашықтық 10 есеге ұлғайтылады. Беттің сол жағынан рамкаға 30 мм қалдырылады.

Рәсімдеу барлық жолдардың өстерін салудан басталады. Бірінші жоларасы қосындысы түсіріледі және шеткі жолардың өстері жүргізіледі. Содан кейін басқа жолдардың өстері түсіріледі. Осыдан кейін бірінші бағыттама бұрманың центрі белгіленеді. Сонымен қатар еңіс көрсеткіштен бірінші бағыттама бұрманың центріне дейінгі арақашықтық (егер бағыттама қарсы жақтағы болса) ℓ ≥ Тт + а, ал бағыттама осы бағытта болса ℓ ≥Тт + в болатынын естен шығармаған жөн. Мұндағы, Тт – тік қисықтың тангенсінің ұзындығы; а – кәсекті рельстің алдыңғы түйісінен бағыттама бұрманың центріне дейінгі арақашықтық; в – бағыттама бұрманың центрінен крестовинаның соңына дейінгі арақашықтық. Бағыттама бұрмаларды салған кезде крестовина маркасын катеттердің қатынасы ретінде қолданады.

1.8-сурет. Қосуларды төсеу мысалдары:

а) бағыттама бұрманы; б) съезді; в) бағыттама көшесін.

Алқымдардың біріндегі барлық жоларды және бағыттама бұрмаларды қойғаннан кейін, масштабсыз сұлбада анықталған өлшемдерді қолдана отырып, барлық шектік бағаналар мен шығыс бағдаршамдарын орналастыру қажет. Шектік бағана тура жолдың өсінен 2,05 м, ал бағдаршам –2,60 м арақашықтықта қойылатынын естен шығармаған жөн. Басқа алқымға көшу есептік қабылдау-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы арқылы жүзеге асырылады, яғни бағдаршамнан (немесе шектік бағанадан) басқа алқымдағы шектік бағанаға (немесе шығс бағдаршамына) дейін, берілген стандартты пайдалы ұзындықты (850,1050,1250 м) масштабта қалдырып отырады. Екінші алқым төселеді. Егер станса сұлбасы созыла орналасқан түрде болса, онда орталық алқымды салып, тағы бір рет есептік тақ қабылау-жөнелту жолының берілген пайдалы ұзындығын қалдыру керек. Содан кейін тақ кіріс алқымды салу керек. Егер де жартылай созыла орналасқан түрдегі станса жоспары төселсе, онда орталық алқымды салғаннан кейін, станса алаңының басқа шегіне көшу керек және Тт + а (немесе Тв + в) арақашықтықта еңіс көрсеткіштен бірінші бағыттама бұрманың центрін белгілеу керек. Содан кейін, тақ кірс алқым толығымен төселеді. Тақ бағыттың пойыздарына арналған есептік қабылдау-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы арқылы осы қабылдау-жөнелту жолынан шығыс бағдаршамына өтеді. Бағдаршамнан бағыттама бұрма центріне дейінгі арақашықтық қалдырылады. Бұл кезде, алынған бұрма центрінен орталық алқымда бұрынырақ қойылған бұрмалардың центрлеріне дейінгі арақашықтықтың, бағыттамалы тораптың берілген сұлбасына арналған мөлшерден кем болмауын тексеру қажет. Егер де бұл шарт орындалмаса, жолдың қалпына түзету жасау қажет. Сұлбаға барлық шектік бағаналарды және бағдаршамдарды енгізге отырып, жолаушы ғимараты өсінің орналасуын анықтайды және жолаушы құрылғыларын түсіреді (1.9-сурет).

1.9-сурет. Қабылдау-жөнелту жолдарының орналасуына қарай, аралық стансада жолаушы ғимаратын орналастыру сұлбалары:

а) қатар орналасқан түрдегі; б) жартылай созыла орналасқан түрдегі;

в) созыла орналасқан түрдегі.

Жолаушы ғимаратының орналасуы поселкенің жоспарына қарай анықталады. Егер, тапсырма бойынша станса тректі болса, онда жүк ауласының сұлбасы стансаның тәуліктік жүк өңдеуіне байланысты болады. жолаушылар ғимараты маневрлік жұмыс мойнына жақын орналастырылады.

Станса жоспарына барлық жолаушы құрылғыларын орнатқаннан кейін, жүк ауласы жобаланады. Егер жоспар бойынша станса тіректі болса, онда жүк ауласының сызбасы стансаның тәуліктік жүк айналымына байланысты болады. Жүк аулаларының ұсынылатын сұлбалары 1.3-суретте келтірілген. Жүк аулаларын жоспарлауда келесі шарттар орындалуы қажет:

- болашақта қоймаларды ұзындығына дамытудың мүмкіндігі және бұрын тұрғызылыған қоймалар мен құрылғыларды бұзу және қайта құрусыз жаңа жүк фронттарын орналастыру;

- өтпелердің орналасуы мен олардың енінің және автокөлік құралдарының тұрақ орындарының, көрші қоймалардағы тиеу-түсіру операцияларын бұзбай, автомобильдерді жүк фронттарына беруді, олардың ағымды және кедергісіз жүруін, бұрылуын қамтамасыз ететіндей қалыпта орналасуы;

- қоймаларды және төгінді, жабысқақ құрылыс материалдарын (цемент, әк, алебастр) түсіру орындарын, сонымен қатар, басқа да шаңды жүктрді (көмір, құм т.б) түсіруге арналған алаңдарды дара жүктер қоймаларынан, контейнер алаңдарынан 50 м кем емес қашықтыққа алыстату;

- канавалардың, лотоктар мен су құбырларының көмегімен сыртқы суларды бұруды қамтамасыз ету.

Тіректі аралық стансалардың жүк ауласын салған кезде, шеткі қабылдау-жөнелту жолы мен жүк ауласы жолының арасындағы арақашықтық, тағы екі станса жолын салу мүмкіндігін ескере отырып, 17,1 м (5,3 + 6,5 + 5,3) кем болмауы керек. Жабық қоймалардың ені 18 метр деп қабылданады. Тәуліктік жүк айналымы үш вагонға дейін болғанда, жоғарылатылған жолдың өлшемі келесідей болады: эстакада биіктігі 2,5 м, эстакада ұзындығы 60 м, қойма ені 20,36 м. Жоғарылатылған жолда көліктік тиегіштердің немесе грейферлі крандардың жұмысы қарастырылған. Жабық вагондарда тасымаланатын жабысқақ құрылыс материаларын өңдеу үшін және «вагон – автомобиль» тікелей нұсқасы бойынша жүктерді түсіру үшін платформа қарастырылады. Жолдың жүріс бөлігі автомобильдердің екі жақты қозғалысында 7 – 8 м тең болып жобаланады және бір жақты қозғалысында – 4 – 5 м.

Жүк өңдеу көлемі қандай болса да жүк аулаларында қызметтік – техникалық ғимаратар қарастырылады:

- 12 м2× 6 м2 гаражды аккумуляторлы тиегіштерге араналған зарядтау бөлмесі;

- әкішілік-тұрмыстық ғимарат (бір қабатты) – 24 м2 × 12м2;

- ашық қойма жұмыскерлеріне араналған – 6 м2 × 6 м2;

- 3 адамға арналған бағыттама постының өлшеміндей бақылау посыты;

- 5 машинаға арналған гараж– 18 м2×12м;

- трансформатор, вагон жәнеавтомобильге арналған таразы.

Вагон таразысын жобалау кезінде 1.10-суретте келтірілеген өлшемдер сақталуы қажет, мұндағы Т – қисықтың тангенсі;

T=R·tg/2=200·1/18=11 м

1.10-сурет. Таразылық жолда вагон таразысын орналастыру сұлбасы

Станса жоспарында, қажет жағдайда, кеңейтілген жоларасынан қалыпты жоларасына өту жасалуы керек, ол жер жұмыстарының және балластық жұмыстардың көлемін кемітуге мүмкіндік береді. Бас жоларды жылжыту кезінде қисықтардың радиустары және қисықтардың арасындағы түзу үстемелер [1] сәйкес нормалар бойынша қабылданады, ол 1.13-кестеде көрсетілген.

1.13-кесте

Қисықтардың радиустары және қисықтардың арасындағы тік үстемелер ұзындықтары

Темір жол желісінің категориясы

Жоспардағы ұсынылған қисықтардың радиустары, м

Әр жаққа бағытталған қисықтар арасындағы түзу үстемелердің ұзындықтары, м

ұсынылған

мүмкін болатын

120 км/сағ жоғары;

120 км/сағ және одан кем жылдамдықтардағы пойыздар қозғалысындағы І-категориялы желі

4000-2500

4000-1500

150

75

50

30

ІІ-категориялы желі

4000-1200

75

30

ІІІ-категориялы желі

2000-1200

75

30

Басқа стансалық жолдарды жылжытқанда 600, 300, 250, 200 мқисықтардың радиуытары қолданылады. Пойыздардың тоқтаусыз жүрісі қарастырылған бас жолдарды және қабылду-жөнелту жолдарын жылжытқанда, өтетін қисықтарды қарастыру қажет. Жолдардың параллельді жылжытылуының екі жағдайы да 1.11-суретте көрсетілген.

1.11–сурет.Жолды параллельді жылжыту сұлбалары:

а) өтетін қисықтарсыз; б) өтетін қисықтармен.

Жылжытуды орындағаннан кейін негізгі нүктелерді координациялауға кірісуге болады (бағыттама бұрмалардың центрлерінің, шеткік бағаналардың, тіректердің, жолаушы платформаларының шеттерінің, кіріс және шығыс сигналдарының, бұру бұрыштарының ұшының).

Х өсі ретінде жоспарда өз қалыпын өзгертпейтін (тік қалпын) бас жолдың бірі қабылданады. Ү өсі ретінде жолаушы ғимаратының өсі қабылданады. Координаталардың басы бас жолдың жолаушы ғимараты өсімен қиылысқан нүктесі болып табылады. Х координатасы шартты түрде барлық жағдайда (+) таңбасымен қабылданады, Ү координатасы, егер нүкте Х өсінен жоғары орналасса (+) таңбалы, егер нүкте Х өсінен төмен орналасса (-) таңбалы.

Координациялау үшін қағаз бетінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде үлгіде келтірілгендей тор жасалады.

Нүктелер атауы

15 мм

Ғимарат өсінен арақашықтық (X), м

15 мм

бас жол өсінен арақашықтық(Y), м

15 мм

40мм

Координациялауды есептік қабылдау-жөнелту жолының шығс бағдаршамынан бастайды. Шығс сигналының координатасын масштабты сызғышпен анықтайды. Осы есептік жолдың басқа алқымдағы пайдалы ұзындығын шектейтін нүкте координатасын анықтау үшін, жолдың берілген пайдалы ұзындығынан (850, 1050, 1250 м) масштабты сызғышпен анықталатын Х координатасын шегеру керек. Содан кейін, масштабсыз сұлбаның өлшемдерін пайдалана отырып, барлық қалған нүктелер үшін Х анықталады. Х өсі бойынша координациялау нәтижелері таңдалған сұлбаның станса алаңының берілген ұзындығы шегінде орналасқандығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Егер, координата бойынша таңдалған станса сұлбасы станса алаңының берілген ұзындығынан асып кетсе, төменде ұсынылып отырған әдістердің біреуін қолдану арқылы, станса ұзындығын қысқартуға болады:

- алқымдарда айқасқан съездерді жобалап қою;

- жетекші бағыттамаға дейін, алқым шегінен тыс, қандай еңісте болмасын, бас жолдарда диспетчерлік съездерді және бағыттама бұрмаларды жобалауға болады;

- бағыттамалы алқым шегінен тыс, бас жолдың іргелес телімінің пішініне сәйкес тартым жолдарды орналастыру;

- іргелес бағыттама бұрмалар арасындағы үстемелердің ұзындығын мүмкін болатын минималды мәнге дейін кішірейту;

Жоспарды масштабты салу қарындашпен орындалғаннан кейін, оны тушпен немесе қара пастамен жүргізуге болады. Жүргізу барысында бас жолдарды қалыңырақ сызықпен ерекшелеу керек (қызыл). Станса жоспарында (немесе түсіндірме жазбада) ведомостілер келтіріледі: жолардың, бағыттама бұрмалардың, ғимараттар мен құрылыстардың. Ведомость формалары төменде келтірілген (1.14-кесте)

1.14-кесте

Ғимараттар мен құрылыстардың ведомості

р/б №

Ғимарат және құрылыс атаулары

Өлшем бірлігі

Өлшем бірліктерінің саны

Материал

15мм

80 мм

25 мм

30 мм

35 мм

1.15-кесте

Темір жол жолдарының ведомості

р/б №

Аталуы

Жол шегі

Жол ұзындығы, м

Бағытта

мадан

Бағыттама

лар арқылы

Бағытта

маға дейін

толық

пайдалы

15мм

60 мм

15 мм

20 мм

15 мм

20 мм

20 мм

1.16-кесте

Бағыттама бұрмалар ведомості

Рельстүрі

Бағыты

Крестовинамаркасы

Бағыттама бұрма түрі

Бағыттама бұрма №

Саны,

дана

Ескерту.«Бағыты» бағанында, темір жол жолының қойылу бағытына байланысты бағыттаманың қай жақты екендігі көрсетіледі (оң немесе сол жақты бағыттама бұрма); «Бағыттама бұрма түрі»бағанында-бағыттама бұрманың атауы көрсетіледі, мысалы, жәй, симметриялы және т.б.

Курстық жобада жолдардың толық, құрылыстық және пайдалы ұзындықтары анықталады. Жолдардың толық ұзындығы осы жолға бағыттайтын, бастапқы және соңғы бағыттама бұрмалардың центрлерінің аралығымен анықталады. Жолдың орталығынан жүргенде, стансаның бір жақ соңындағы, берілген жолдан алғашқы болып бұрылатын бағыттама, берілген жолға бағыттайтын бағыттама болып саналады. Жолдардың толық және пайдалы ұзындықтарын анықтау мысалы 1.12-суретте келтірілген.

1.12–сурет.Жолдардың толық ұзындығын анықтау мысалы:

L2, L3 – сәйкесінше екінші және үшінші жолдардың толық ұзындығы

Жолдың құрылыстық ұзындығын анықтау үшін, оның толық ұзындығынан жолдың толық ұзындығының шегінде жатқан бағытама бұрмаларының алып жатқан жиынтық ұзындығын азайтады. 1.12, а) суретте жолдардың толық ұзындығын анықтау мысалы келтірілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]