Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

6.2 Жер төсемінің көлденең пішіні

Жер төсемінің көлденең пішіні, оқытушы көрсеткен бір немесе бірнеше қималар үшін өңделеді. Көлденең пішін 1:200 масштабта миллиметрлік қағазға сызылады. Қағаз бетінің биіктігі 30 см, ұзындығы сол қимаға кіретін жолдар санына және жоларасы еніне байланысты. Сонымен қатар, бұл ұзындыққа субұрғыштар да кіреді. Көлденең қиманы шектейтін нүктелерді шеткі жолар өсінен 15 метрден кем емес аралықта қарастыру ұсынылады. Көлденең қиманы орындау үлгісі 1.6-суретте көрсетілген.

Жобалық мәліметтер

Белгі, м

Арақашықтық, м

Нақты мәліметтер

Жердің белгіленуі, м

Арақашықтық, м

1.6-сурет. Пикеттің көлденең пішіні

Жер төсемінің көлденең пішіндері бір құламалы және екі құламалы болып істеледі. Бір құламалылары негізінен, бас жол құмды балластта салынатын болса және аралық платформа жоқ болған жағдайда, бір жолды желідегі жолдарының саны көп емес аралық стансаларда қолданылады. Екі құламалы пішінде үстіңгі қабаттың еңісі бас жолдардың жоларасы өсінен екі жағына жасалады, ал бір жолды желіде – бас жолдың және болжамдағы екінші жолдың жоларасы өсінен жасалады. Бір құламалы көлденеңнің үстіңгі қабатының еңісі жолаушы ғимаратынан түз (в полевую) жағына қарай бағытталған.

Стансаның шеткі жолдарының өсінен жер төсемінің жиегіне дейінгі арақашықтық, бір жолды желілі жолдың түзу телімдеріндегі жер төсемі енінің жартысынан кем болмауы тиіс (1.7-кесте).

1.7-кесте

Жер төсемінің ені

Темір жол желісінің санаты

Жер төсемінің топырақ қолданғандағы ені, м

Сазды және су өткізбейтін құмдарды (ұсақ және шаң тәріздес)

Ірі сынықты тасты және су өткізгіш құмды

I

7,0

6,0

II

6,5

5,8

III

6,0

5,2

IV

5,5

5,0

Тартым жолдары үшін жер төсемінің жиегіне дейінгі арақашықтық желілердің барлық санатына 3,25 мкем емес алынады. Жер төсемі үстінің еңісі 0,01 – 0,02 шегінде алынуы мүмкін.

Көлденең пішінді тұрғызу реті келесідей. Миллиметрлік қағазға тор сызылады (1.8-кесте).

1.8-кесте

Жер төсемінің көленең пішінінің тор бағандары

Жобалық мәліметтер

Белгілеу, м

Арақашықтық, м

Нақты мәліметтер

Жердің белгіленуі, м

Арақашықтық, м

Көлденең пішінді орындау кезінде көзқарас бағыты километрдің өсу жағына қарай алынады. Жоларасының арақашықтықтары, жолдардың нөмірлері және өстері белгіленеді. 1.7-кестеде көрсетілген - жер төсемінің жиектері бойынша, соңғы жолдар өсінен екі жағына жарты арақашықтықтан қалдырылады. 1.6 суретте 9-жолдың өсінен 3,25 метр қалдырылған, себебі 9-жол тартым жолы. Содан кейін, жердің белгіленулері бойлық пішінге ұқсас анықталады. Шартты «есептеу нөлі» таңдалып, жер сызығы салынады. Содан кейін, I и II жолдардың арасындағы жоларасын екіге бөледі де, жоларасы өсін – ақпалы призманың ұшын алады. Белгіні анықтау үшін, берілген қимадағы бойлық пішіннен жер төсемі жиегінің жобалық белгіленуін таңдау қажет. Бойлық пішіннен жобалық белгілеу плюс 0,15м (бір жолды желілер үшін) немесе плюс 0,20 м (екі жолды желілер үшін). 1.4-сурет бойынша ақпалы призманың ұшының жобалық белгіленуі 15,82 + 0,20 = 16,02 м болады. Екі құламалының пішіні және көлденең пішіннің типі – ойық болғандықтан, жер төсемінің еңісі 0,02 болып алынады. Жобалық белгілеулер барлық жолар үшін анықталады. Ол үшін пропорция құрастырылады:

м

Демек, І және ІІ жолдардың өстерінің жобалық белгіленуі ақпалы призманың ұшының белгіленуінен 0,053 м кем болады және 15,96 м құрайды. Қалған жолдардың белгіленуі де осылайша анықталады. Содан кейін, жер төсемінің сызығын оның жиегіне дейін сызады. Егер ойықтың көлденең пішіні тұрғызылса, онда екі жағынан құламасының тіктігі 1:1,5, тереңдігі 0,6 м болатын жыралар сызылады. Егер үйменің көлденең пішіні тұрғызылса, оның жиегінің екі жағынан тіктігі 1:1,5 құлама жасалады, содан кейін, берма үшін 3 метрден қалдырады.

Егер телім бір жолды болса, онда болашақтағы екінші жолдың салынатын жағынан берма 4,1 метрге ұлғайтылады. Сонан соң құламасының тіктігі 1:1,5 резерв сызылады. Кей нұсқаларда жартылай үйме - жартылай ойық пішін болуы мүмкін.

Көлденең пішінді сызғаннан кейін, Х өсі деп алынған бас жолдың пикетпен байланысы жасалады. [1]-ге сәйкес жол өстерінде рельс басының үстіңгі жағының (РБҮ) белгіленуі көрсетілуі керек. Рельс басының үстіңгі жағының белгіленуін, тек Х өсі деп алынған бас жол үшін ғана анықтауға болады. Бұл келесі түрде орындалады. Егер бас жолдар қалыңдығы 1.9-кестеде келтірілген ұсақ тасты немесе талшықтасты (асбест) балластқа салынған болса, онда бас жолдардың астына жер төсемінің үстінен биіктігі 20 см құмды төсем салынады.

1.9-кесте

Балласт қабатының сипаттамасы

Шпалтипі

Желі санатына байланысты бас жолдардағы балласт қабатының қалыңдығы hб, см,

І

ІІ

ІІІ

Ағаш

30

25

25

Темір-бетон

35

30

25

1.6-суретте ІІ санатты желіге арналған көленең пішіннің үлгісі көрсетілген, бас жолдар темір-бетонды шпалдарда орналасқан. Сондықтан бас жолдардың астындағы ұсақ тасты балласттың қалыңдығы hб = 30 см, ал құмды төсемнің қалыңдығы 20 см тең. Ұсақ тасты балластқа шпалар салынады. Шпалдардың биіктігін қабылауға болады: ағаш – 0,12 м, темір-бетонды – 0,19 м. Рельтердің биіктігі қабыланады: Р65 үшін h=0,18 м, ал Р50 үшін h=0.152 м.

Рельс басының үстін анықтаймыз. Ол үшін жер төсемінің жобалық белгісіне, І-жолға арналған балласт қабатының қалыңдығын, шпалдарды, төсемдерді және рельс биіктігін қосу керек. Мысалы, РБҮІ = 15,96 + (0,20+ 0,30) + 0,19 + 0,01+0,18 = 16, 84 м.

Алынған РБҮ белгісін І-жолдың өсі бойынша жазады. Көленең пішінді айналдыра қоршағанда жобалық контурлар және жобалық контурлардың сынған нүктесінен ордината сызықтары тұтас қалың негізгі сызықпен орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]