Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

6.3 Стансаның негізгі құрылғыларының өлшемдерін анықтау және масштабсыз сұлбасын дайындау

Түсіндірме жазбада көрсетілуі керек: жолдардың ұзындығы мен санының негізделуі, жолдардың өстерінің арасындағы арақашықтық, жолаушы платформаларын орналастырған кездегі жоларасы енінің есебі, жолдың үстіңгі құрылысының қабылданған типінің және бағыттама бұрмалардың крестовина маркасының негізделуі, съездердің есебі, бағыттамалы тораптардың қабылданған өлшемдерінің негізделуі, шектік бағаналар мен бағдаршамдарды орналастыру, жолдарды қатар жылжытудың қабылданған өлшемдерінің негізделуі, қабылданған типтік жолаушы және жүк құрылғыларының сипаттамасы.

Стансаның масштабсыз сызбасына келесілер түсіріледі: жол өстері, жолдардың және бағыттамалардың нөмірленуі, жолдардың мамандандырылуы, кіріс және шығыс сигналдары және олардың нөмірленуі, шектік бағаналар, бағыттама бұрмалардың маркалары (1/9 басқа), жоларасының ені, рельс түрлері, бағыттамалы тораптар, съездердің ұзындығы, жолаушы және жүк құрылғыларының өлшемдері. Одан басқа, пайдалы ұзындығы 850, 1050 немесе 1250 метрге тең болуы тиіс ең қысқа (есептік) жол анықталады. Әдетте барлық станса түрлерінде екі жол есептік болып табылады (біреуі жұп бағытта, екіншісі тақ бағытта).

Жолдар мен бағыттамалар [1] көрсетілген ережелер бойынша нөмірленеді. Бағыттамалы бұрмалар ТПЕ (ПТЭ) сәйкес, үйлесімді маркалы крестовиналармен орнатылуы керек. 1/11 маркалы бағыттама бұрмалар бас жолар арасындағы съездерде және де, жолаушы пойыздары бүйірдегі жолға ауысатын жерлерде салынатынын естен шығармаған жөн. Егер тапсырма бойынша станса жоғары жылдамдықты жолаушы пойыздарын өткізетін желіде орналасқан болса, онда бас жолдарда 1/11 жоғары емес бағыттама бұрмалар орнатылады. Бұл жағдайда бас жолдар арасындағы съездерде 1/18 маркалы бағыттама бұрмаларды салуға болады.

Жоларасының арақашықтығы стандартты алынады (1.10-кесте)

1.10-кесте

Жоларасының арақашықтығы

Жолдардың аталуы

Стансадағы іргелес жолдар өстерінің арасындағы арақашықтық, мм

Қалыптысы

Ең азы

Бас жолдар

5300

4800

Бас жолдар және олармен іргелес жолар:

- пойыздар қозғалысының жылдамдығы 120 км/сағ дейінгі бір жолды және екі жолды желілерде

- пойыздар қозғалысының жылдамдығы 120 км/сағ жоғары екі жолды желілерде

5300

6500

5300

6500

Қабылдау-жөнелту жолары

5300

4800

Екінші дәрежелі станса жолдары: жылжымалы құрамның тұратын жолдары, жүк ауласының жолдары (жүктерді ауыстырып тиеуге арналған жолдардан басқа)

4800

4500

Тартым жол мен оған іргелес жолдың арасы

6500

5300

Жолаушылар платформасын орналастырған кездегі жоларасының ені.

, м (1.4)

Мұндағыb1– платформаның ені, м

b2 – платформа мен жол өсінің арасындағы габариттік арақашықтық, м

Аралық стансалардағы аралық платформалардың ені тапсырма бойынша алынады. Қаламаңы телімдеріндегі стансаларда, сонымен қатар жоғары жылдамдықты жолаушы пойыздарының қозғалысы бар желілерде платформа ені платформа арасындағы өтпе түрімен (тоннель, жаяу жүргіншілер көпірі) және өлшемдерімен және жолаушы ғимаратымен анықталады және жобада негізделуі қажет. Ал, аралық жолаушы платформасының ені төмендегідей болуы мүмкін:

, м (1.5)

мұндағы а – өтпенің немесе түсудің ең аз ені, м

k – платформадағы құрылыстың шеткі қыры мен платформаның ең шетінің арасындағы габариттік арақашықтық (2 м кем болмауы керек),

с – тоннельге кірердегі вертикальді панельдердің құрылыстық қалыңдығы, (с = 0,15 – 0,20 м).

Өтпелер мен түсетін жерлердің ені жолаушы ағымына байланысты анықталады, ол 1.1-кестеде келтірілген мәндерден кем болмауы тиіс.

1.11-кесте

Өтпе мен шығудың ені

Құрылғылардың аталуы

ені, м

Жаяу жүргінші тоннельдері

3,0

Жаяу жүргінші көпірлері

2,25

Рельстер басы деңгейіндегі өтпелер

3,0

Жаяу жүргінші көпірлерінен түсу

Көпірдің еніне сәйкес келуі керек, бірақ 2 мкем болмауы керек

Бас жолдардың, қабылдау-жөнелту және басқа жолдар рельстерінің түрлері 1.12-кестеге сәйкес қабылданады.

1.12-кесте

Бас жолдардың, қабылдау-жөнелту және басқа жолдар рельстерінің түрлері

Жолдардың атаулары

Категориялы темір жол желілері

І

ІІ

ІІІ

ІV

Бас

Р65

Р65 – Р50

Р50 (жаңа), Р65 (тозған)

Тозған Р50 төмен емес

Қабылдау-жөнелту

Р50, Р65 (тозған)

Р50,Р65 (тозған)

Р50 (тозған)

Тозған Р43 төмен емес

Тартым, тиеу –түсіру, сақтандыратын тұйық, таразылы

Тозған Р43 төмен емес

Егер қабылдау-жөнелту жолдары рельстік тізбекпен жабдықталған болса, шектік бағаналар 6-қосымшадағы 6-кестеге сәйкес бағандарға қойылады (электрлі орталықтандырылғанда). Тепловоздық тартымда кіріс бағдаршамдары қарсы бағыттың бірінші бағыттамасының ұштамасынан немесе осы бағыттағы бірінші бағыттаманың шектік бағанасынан 50 м жақын емес етіп орналастырылады. Электрлі тартымда олар сол нүктеден 200-300 м қойылады (6-қосымша, 4-кесте). Бұл, біраз арақашықтықты қажет ететін, перегонның және стансаның байланыс желісінің арасындағы әуелік аралықтың құрылуына байланысты. Перегонда байланыс желісін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанда, кіріс бағдаршамының алдына тоқтаған электровоз перегонның және стансаның байланыс желісін тұйықтамау үшін, кіріс бағдаршамы осы әуелік аралықтың алдында орналасуы керек. Кіріс бағдаршамдары Ч немесе Н бас әріптерімен нөмірленеді.

Кіріс бағдаршамдарын орнатады:

- қарсы жақтағы бағыттамада – оқшаулаушы түйіске немесе кәсекті рельстің түйіскен жеріне қарама-қарсы;

- қарсы жақтағы бағыттамада: егер кіріс бағдаршамы және шектік бағана бір жоларасында орналасса, онда бағдаршам, бағыттама бұрманың центрінен бастап, 6-қосымшадағы 6-кестеге сәйкес қойылады; егер олар әр түрлі жоларасында орналасса, онда шектік бағанадан 3,5 метр қашықтықта орналастырылады.

Кіріс сигналдары жол нөмірін білдіретін сандық индексті Ч және Н бас әріптерімен белгіленеді.

Бағыттамалы тораптар 6-қосымшаға сәйкес есептеледі (көрші бағыттама бұрмалардың центрінің арасындағы арақашықтық анықталады). Съездерді есептеу формула арқылы орындалады (1.7-сурет).

, (1.6)

мұндағы-жоларасының ені, м

N-крестовина маркасының негізі

1.7-сурет.Съездер:а)жәй,б)айқаспалы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]