Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

1 Аралық стансалардың белгіленуі және жіктелуі

Аралық стансаның басты тағайындалуы поездарды өткізу, бірін-бірінен басып оздыру, қиылыстыру; жолаушыларды мінгізу–түсіру;тасымалдау құжаттарын рәсімдей отырып жүктерді тиеу, түсіру және сақтау; багажды алу, беру және сақтау;құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға вагондарды тіркеу бойынша маневрлік жұмыстарды орындау;кәсіпорындардың кірме жолдарына қызмет көрсету;вагондарды өлшеу (ақтара тиелетін жүктер өлшемі көлемді болғанда).

Аралық стансалар төмендегідей жіктеледі:

- темір жол тармағында орналасуына байланысты:жәй және тіректі (соңғысында тартым ауданының тұрғылықты пункттеріне қызмет көрсету бойынша жүк және коммерциялық жұмыстар шоғырланады) болып;

- бас жолдардың санына байланысты –бір-,екі-және көп жолды болып;

- қабылдау –жөнелту жолдарының орналасуына байланысты: созыла орналасқан, жартылай созыла орналасқан және қатар орналасқан түрдегі болып бөлінеді (2-қосымшаны қара);

- жүк ауданының (ауласының) орналасуына және кірме жолдар тоғысуының бар не жоқ екендігіне байланысты;

- тартым түріне байланысты (тепловозды, электровоздыжәнеаралас тартым түрі).

2 Аралық стансалардың дамуын өңдеу үшін берілген мәліметтерді талдау

Курстық жобаны өңдемес бұрын, студенттер жобалау үшін журналдағы реттік нөмірлері бойынша, бастапқы мәліметтер кестесінен мәндерді алады (3-қосымша). Нұсқа нөміріне және кестеге сәйкес таңдалып, ксерокөшірмесі жасалған станса сұлбасын және жер жоспарының көлденеңінен (в горизонталях) пішінін тапсырма бланкісіне жабыстыру керек (2, 4-қосымша). Содан кейін, тапсырмада берілген бастапқы мәліметтерді оқып біліп, талдау қажет (1-қосымша). Бұл жерде, берілген жұмыстың көлеміне және сипатына, сонымен қатар жобаланатын стансаның техникалық жабдықталуын анықтайтын мәліметтерге аса үлкен мән беру қажет.

Аралық стансаларды жобалау бойынша негізгі теориялық материалдар және тәжірибелік нұсқаулықтар, жеке құрылыстар мен құрылғылардың нормалары оқулықтарда келтірілген.

3 Стансаның және тартым ауданының техника – эксплуатациялық сипаттамасы

Берілген бөлімді орындау үшін, студент барлық бастапқы мәліметтермен және берілген жер жоспарының көлденең пішінімен толық танысуы қажет және кесте мәліметтері мен сурет бойынша мәтіндік сипаттама беруі керек. Бұл жерде станса алаңының орналасатын шегінде жер сипаты, стансаға тоғысулардың, поселкенің орналасатын орнының, жүктерді тасудың негізгі бағыттарының сипаттамалары, стансаның орындайтын жұмысының сипаты және көлемі туралы жазылады.

4 Аралық стансаның сұлбасын таңдау

Станса сұлбасын таңдаудағы шешімнің дұрыстығы аралық стансаның принципті сұлбаларын, олардың қолданылу шарттарын, сонымен қатар жобалауда аралық стансаларға қойылатын жалпы талаптарды білушілікке байланысты. Станса сұлбасын таңдауды келесі этаптарға бөлу ұсынылады.

4.1 Аралық стансаның түрін таңдау.

4.2 Жолаушылар ғимараты орналасатын жерді таңдау.

4.3 Жүк ауласының орналасатынын жерін таңдау.

4.4 Үйлесімді нұсқаны таңдау.

4.1 Аралық стансаның түрін таңдау

Аралық стансаның түрі станса алаңының нақты ұзындығына , қабылдау-жөнелту жолдарының берілген пайдалы ұзындығына lп, стансаға тоғысулардың пішініне (профиля) және желінің дәрежесіне байланысты анықталады. Аралық стансаларды көлденең алаңға орналастырады, ал кейбір жағдайларда оларды 1,5‰ құламадан аспайтын еңісте орналастыруға болады. Станса алаңының ұзындығы тапсырмадан алынады.. Бірақ, берілген станса алаңы толығымен пайдаланылмайды. Бойлық пішіннің сынған жерлері, еңіс көрсеткіштерімен белгіленеді, осы шекте бас жолдарда бағыттама бұрмалады орналастыруға болмайтындықтан, тік қисықтар салынады. Сондықтан станса алаңының нақты ұзындығы

(1.1)

мұндағы, – тік қисықтардың тангенстері; I дәрежелі желілерге үшін TТ = 7,5 · ∆ i және II мен III дәрежелі желілер үшін TТ = 5,5 · ∆ i (м). Мұндағы, ∆ i – шектесетін еңістердің алгебралық айырмашылығы, ‰,

Тік қисықтар тангенстерін есептемегендегі, аралық стансалардың әр түрлі типтерінің станса алаңдарының минималды қажетті ұзындығы 1.1 кестеде келтірілген.

1.1-кесте

Аралық стансалардың станса алаңдарының минималды қажетті ұзындығы

Желі дәрежесі

Станса түрі

Стаса алаңның пайдалы ұзындығындағы станса алаңының минималды ұзындығы, м

850

1050

1250

I жәнеII

созыла орналасқан

2500

2900

3300

I жәнеII

жартылай созыла орналасқан

2000

2200

2400

I жәнеII

қатар орналасқан

1450

1650

1850

Станса алаңның қажетті ұзындығын нақты ұзындықпен салыстыра отырып, аралық стансаның түрі таңдалады. Станса алаңының көрсетілген ұзындықтарын салыстыру созыла орналасқан түрден басталады. Егер станса алаңының нақты ұзындығы қажетті ұзындыққа тең немесе одан ұзын болса, станса түрі – созыла орналасқан болып табылады. Егер де, кестелік түрден кем болса, онда, жартылай созыла орналасқан түрге арналып, алаңдардың ұзындығы салыстырылады. Егер, жартылай созыла орналасқан түр үшін > , онда жартылай созыла орналасқан түрдегі сұлба таңдалады.

1-мысал. Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050 м болған кездегі, ІІ дәрежелі желінің бір жолды теліміндегі аралық стансаның түрін таңдау. Стансадағы және оған жақындаулардағы бас жолдың бойлық пішіні 1.1-суретте келтірілген.

1.1-сурет. Станса алаңының және жақындаулардың пішіні

м

м

м

Қабылау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050 м болғанда, жолдары созыла орналасқан сұлба 2900 м алаңды қажет етеді, ал = 2261,5 м, яғни мұндай станса берілген алаңға сыймайды. Жолдары жартылай cозыла орналасқан сұлбада = 2200 м, яғни нақты алаңның ұзындығынан кем. Қорытындылай келгенде, мұндай станса жобалауға алынады. Алаңның нақты ұзындығы жолдары қатар-қатар орналасқан түрдегі стансаны орналастыруға мүмкіндік береді. Жаңадан салынып жатқан І және ІІ дәрежелі бір жолды желідегі аралық стансалар ұзартылған пойыздардың қиылысуын ұйымдастыруды есепке ала отырып жобалануы керек. Бұл талапты нақты жобалауға алынатын, жартылай созыла орналасқан станса сұлбасы қанағаттандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]