Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

5.2 Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар

Жолушы құрылғыларына жолаушы ғимараты, жолаушы платформасы, перрондық құрылғылар және өтпе жолдар, вокзал маңындағы алаңдар жатады. Жолаушылар ғимараттарын және басқа іргелі ғимраттар мен құрылыстарды жақын жатқан бас жол өсінен 20 м кем емес арақашықтықта орналастыру керек, ал жолаушы пойыздарының жоғары жыламдықты қозғалысында – 25 м кем емес болуы керек. Типтік вокзалдардың негізгі өлшемдері 1.5-кестеде келтірілген.

1.5-кесте

Типтік вокзалдардың негізгі өлшемдері

Есептік сыйымдылығы (адам)

Өлшемдері, м

ұзындығы

ені

25

18

6

50

18

12

100

42

12

Вокзал маңы алаңы 0,5 га-дан кем болмауы керек. Жолаушылар ғимаратының алдыңғы жағын бойлай (вокзал маңы алаңы жағынан) ені 2,25 м кем емес жаяужол салу қажет. Жобада жолаушылар платформасының ұзындығын болашақта 600 м ұзартылатынын ескере отырып, 500 м болып қабылданады.

Жоғары жылдамдықты желілерде, сонымен қатар қала маңына қатынайтын маторвагонды жылжымалы құрамның айналысында платформаларды рельс басының үстіңгі деңгейінен 1100 мм асыра биіктетіп орналастырады. Қалған барлық жағдайларда рельстің басынан биіктігі 200 мм болатын аласа платформалар жобаланады.

Негізгі және аралық аласа платформалар рельс басының үстіңгі деңгейіндегі биіктікте өтпе жолдармен қосылуы керек, ал биік платформалар рельс басымен бір деңгейінде немесе әр түрлі деңгейде қосылуы тиіс.

Жолаушылардың платформадан халық орналасқан пунктке өтуін пойыз қозғалысының көлемі үлкен жолдар бөліп тұрғанда, сонымен қатар жолаушы пойыздары қозғалысының 120 км/сағ жоғары жылдамдықтары қарастырылған желілерде әр түрлі деңгейдегі өтпе жолдар қарастыру қажет.

Негізгі және аралық платформаларды рельс деңгейінде қосатын өтпе жолдарды енін 3 м кем емес өлшемде, платформаның әр 100 м ұзындығында жобалау қажет.

Жаяу жүргіншілер көпірлерінің енін 2,25 м кем емес, көпірден түсу енін 2 м кем емес етіп қабылдау керек.

Биік платформаларда әр түрлі деңгейдегі өтпелер жоқ болса, сыртқы өтпелерді жобалау керек. Өтпелердің ені 2,5 м кем болмауы керек. .

Жолаушылар құрылғыларының орналасуы 1.2-суретте көрсетілген.

1.2 Сурет. Аралық стансада жолаушы құрылғыларын орналастыру сұлбасы:

1 – жолаушылар ғимараты, 2 – көмекші жайлар блогы, 3 – су қоймасы ғимараты, 4 – негізгі жолаушы платформасы, 5 – аралық жолаушы платформасы.

5.3 Жүк құрылғылары

Жүктің сипаты және саны жобада қарастырылмағандықтан, жүк операцияларын орындау үшін жалпы пайдалану орындарында жабық қоймадан және жалпы ұзындығы 30 м болатын платформадан тұратын құрама типтік секция құрылысы қарастырылады. (Нұсқау 731-б.).

Жабық қойма мен жабық платформаның ені 18 м, темір жол жолы жағынан рампа ені – 3,0 м, автокөлік кіретін жағынан – 15 м.

Тиеу және түсіру орындары қоршалған, өрт сөндіру құралдарымен, байланыспен, жарықпен, субұрғыш құрылыстармен жабдықталған болуы керек.

Жүк ауласы территориясына өткел жағынан, жүк ауласын автомобиль жолымен қосатын, жүретін бөлігінің ені 8 м болатын, автокөліктің келуіне арналған асфальтталған жол тоғысады.

Үздіксіздікті және тіркемелері бар автомобильдердің бөгетсіз қозғалысын, олардың бұрылуын және оларды көршілес фронттардағы тиеу-түсіруді бұзбай жұмыс орындарына беруді қамтамасыз ету үшін, қоймалардан есептегенде ені 20 м болатын тұйықталған өтпе және автомобиль көлігінің бұрылуына арналған сыртқы радиусы 15 м болатын сақиналы түрдегі алаң қарастырылған.

Тіректі емес аралық стансалардың жүк құрылғыларын жобалауда, жүк қоймаларының жанындағы жолдардың минималды пайдалы ұзындығын анықтау қажет. Ол 1.3-суретте келтірілген сұлбаға байланысты анықталады.

1.3-сурет. Тіректі емес аралық стансада жүк құрылғыларын орналастыру сұлбалары:

1–жабық қойма;2–жабықплатформа;3,4– биік және аласа ашықплатформа.

1.3-ші а) суреттегі6-тиеу – түсіру жолының пайдалы ұзындығы, 1.3-ші б) суреттегі6 және 6а жолдарының пайдалы ұзындығынан алынады және мына формула бойынша анықталады:

, (1.2)

, (1.3)

мұндағы,Х–өтпе ұзындығы;

Т–қисықтың тангенсі;

25 – ауыр салмақты вагонның базасын орналастыру ұзындығы;

–бұрманың центрінен шектік бағанаға дейінгі арақашықтық;

–қойма ұзындығы.

Сұлба а), қоймалардың ұзындығы үлкен болғанда қоланылады; яғни >100м болғанда, ал б) сұлбасы қойманың ұзындығы қысқа болғанда қолданылады, яғни <100 м болғанда.

Рампа ені темір жол жолы жағынан 3 м тең, автомобиль көлігі жағынан - 1,5м, бұл механикаландыру құралының маневлігін қамтамасыз етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]