Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

4.2 Жолаушы ғимаратының орналасатын орнын таңдау

Жолаушылар ғимаратының орналасатын орнын таңдау кезінде, жобаға қойылатын талаптардың, стансада жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуғы қатысты бөлімін ескеру қажет. Бұл кезде поселкенің орналасқан орны шешуші фактор болып табылады, ал ол жоқ болған жағдайда, таудың орналасқан жағына қарайды. Созыла орналасқан бағытта бас жол тассасына қатысты жолаушылар ғимараты қолайлы жерге және мүмкіндігінше жолаушылар платформасының ортасына қарама-қарсы орналастырылады. Басқа факторлар жоқ болған жағдайда, жолаушылар ғимараты негізгі маневрлік жұмыстар атқарылатын және жүк алаңы тоғысатын алқымға жақын орналастырылады.

4.3 Жүк ауласының орналасатын орнын таңдау

Аралық стансада жүк құрылғылары жолаушы ғимараты жағынан да, қарама-қарсы жағында да орналасуы мүмкін. Бұл тапсырмамен анықталады. Бірақ, жүк ауласын шығыстан немесе батыстан да орналастыруға болады. Бұл сұрақты шешу кезінде өткелдің және кірме жолдың орналасатын орнын ескеру керек. Тартым жолын автомобиль жолымен қиылыстырмаған жөн. Сондықтан, өткелді және тартым жолды стансаның әр түрлі аудандарында орналастырған дұрыс. Өткелдің орналасуы жер жоспарында тапсырма бойынша беріледі немесе таңдалады. Бұл жағдайда стансаға тоғысу пішіні маңызды болып табылады. Әдетте өткел, стансаның пішін шарттары бойынша пойыздың тоқтауына қолайлы болып келетін жағына, бірінші бағыттама бұрма мен кіріс бағдаршамының ортасында орналасады. Өткел орнын таңдағаннан кейін, тартым жолға орын таңдалады. Жүк ауласы әрдайым тартым жолға тоғысады. Жүк өңдеу көлемі үлкен кірме жол тоғысатын стансаларда, әдетте кірме жолдың орналасатын орны беріледі. Бұл жағдайда осындай кірме жол тоғысы мен тартым жолын жүк ауласымен бір алқымға сыйыстыру тәжірибе жүзінде өте қиын болғандықтан, оларды стансаның әр түрлі орындарында орналастырады. Бірақ, соңғы шешім жүк ауласын орналастырудың екі нұсқасын салыстыру нәтижесінде қабылданады. Пойыздардың жоғары жылдамдықта жүретін желілерінде бас жолдар автомобиль жоларымен әр түрлі деңгейде қиылысады. Жүк құрылғыларының дамуы енінде де, ұзындығында да шектелмейді. Станса жолдарының дамуын бұдан ары ұлғайту үшін, жүк ауласының қою (выставочные) жолдарын қабылдау-жөнелту жолдарынан ені екі жол арасынан кем емес етіп орналастыру керек, ал электрленген телімдерде 11,8 м кем емес болуы керек.

4.4 Станса сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау

Станса сұлбаларын салыстыру үшін [1]-де берілген типтік сұлбаларды қолдануға болады. Станса сұлбасының екі нұсқасын сызғаннан кейін, қарастырылып отырған сұлбалардың қайсысы тиімді екенін анықтау керек. Бұл, әр нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін есептейтін техника-эксплуатациялық салыстырудың нәтижесінде анықталады:

- жолаушылар мен станса жұмысшылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылық деңгейі;

- автокөліктің ұтымды (рациональное) пайдаланылуы;

- алқымдарда маршруттарды айыру (развязки) мүмкіндігі;

- бастапқы салынған жолдар мен бағыттама бұрмаларды мүмкіндігінше минималды қайта құрумен, станса жолдарын ары қарай дамыту шарты;

- өткелдің орналасуы;

- жер төсеміне су жібермейтін берік су бұрғыштардың мүмкіндігі.

Осы талаптарға сай станса сұлбасының нұсқасы ары қарайғы жобалануға қабылдануы керек.

Таңдалған сұлба үшін кірме жолдардың үйлесімді тоғысуы анықталады. Кірме жолдың тоғысу нүктелерінің ең орындысы келесілер: тартым жолының жалғасында (тартым жолының кез келген жерінде), сақтандыратын тұйықтың жалғасында немесе жүк алаңының қосатын жоларына жалғасуы. Егер стансаға жұмыс көлемі үлкен кірме жол (шахтаға, зауытқа, кендерге және т.б.) тоғысса, онда қабылдау-беру операциялары үшін қабылдау-жөнелту жолары қарастырылады. Мұндай жағдайда кірме жол осы жолдарға шыға алуы керек. Қажетіне қарай басқа да шешімдер қабылауға болады, бірақ олар негізделген болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]