Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Курстық жобаны орындаудың тәртібі мен мазмұны

Курстық жобаны орындау үшін әрбір студентке өзіндік жұмыс орындау үшін негіз болып табылатын тапсырма беріледі (1-қосымшаны қара). Берілген тапсырмада жобаланатын стансаның сипаттамасы мен жұмыс көлемі, пойыздардың қос жүрісінің өлшемдері, жолаушы құрылғыларының өлшемдері, пойыз жүрісінің жылдамдығы, сонымен қатар тартым қызметі мен кірме жолдар туралы мәліметтер бар.

Тапсырмаға және жобаны орындау шарттарына сәйкес мыналар қажет:

- бастапқы мәліметтерді талдау, жобаланатын стансаның маңызын және ары қарай даму бағытын анықтау;

- берілген шарттар үшін стансаның түрін анықтау және сұлбасын таңдау;

- ординаталарымен және өлшемдерімен станса сұлбасын масштабсыз сызу;

- барлық негізгі құрылғыларды орналастыру нұсқасы бойынша жобаланатын стансаның масштабты (1:2000 масштабта) жоспарын салуды жүргізу;

- жер төсемінің 1:1000 масштабта көлденең және 1:200 масштабта тік арақашықтықтарына бойлық пішінін сызу.

Курстық жұмыс түсіндірме жазбадан және графикалық бөлімнен тұрады. Түсіндірме жазбаның мазмұны келесідей: кіріспе, технологиялық-есептік бөлім, стансада еңбекті қорғау және пойыз жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі.

Кіріспеде курстық жобаның мақсаты және міндеті, оның қысқаша сипаттамасы, темір жол көлігінің алға қойған жалпы міндеттері негізіндегі мәні баяндалады.

Технологиялық-есептік бөлімінде қажетті құрылғылардың есептеулері, станса жұмысының технологиясы беріледі.

«Стансада еңбекті қорғау және пойыз жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімінде темір жол көлігінің берілген объектісінде жұмыс орындарында жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына тоқталу керек.

Түсіндірме жазба қысқаша болуы керек. Ең бастысы, ол есептеулерге, қабылданатын шешімдерді негіздеуге, дәлелдеуге және экономикалық тиімділікті анықтауға арналған. Түсіндірме жазбаның жалпы көлемі 20 – 25 беттен кем болмауы керек. Оны жеке беттерге, міндетті түрде жол қалдырып жазған жөн. Түсіндірме жазба беттері және түсіндірме жазба бөлімі мазмұнындағы барлық графикалық материалдар міндетті түрде нөмірленуі керек. Жолдардың пайдалы және толық ұзындығының, бағыттама бұрмалардың ведомостері түсіндірме жазбада орындалады, стансаның масштабты жоспарына шығарылмайды. Cтанса сұлбасыy ординаталау (ординирование) масштабсыз сұлбада орындалады, координаталары масштабты жоспарға сызылмайды.

Графикалық бөлімі келесілерден тұрады:

1-ші БЕТ.Аралық стансаның ординаталарымен (расположенный в порядке) және өлшемдерімен масштабсыз сұлбасы.

2-ші БЕТ. Аралық стансаның 1:2000 масштабтағы жоспары.

3-ші БЕТ. Жер төсемінің 1:1000 масштабта көлденең және 1:200 масштабта тік арақашықтықтарына бойлық пішіні.

Түсіндірме жазбаның мысал ретіндегі құрылымы

Мазмұны.

Кіріспе.

1-бөлім.Аралық стансалардың белгіленуі және жіктелуі

2-бөлім. Аралық стансалардың дамуын өңдеуге арналған негізгі мәліметтерді талдау

3-бөлім. Стансаның техника – эксплуатациялықжәне тартым ауданнының сипаттамасы

4-бөлім. Аралық стансаның сұлбасын таңдау.

5-бөлім. Аралық станса құрылғыларының өлшемдерін анықтау.

6-бөлім. Жер төсемінің бойлық және көлденең пішінін салу. Стансаның негізгі құрылғыларының өлшемдерін анықтау және масштабсыз сұлбасын рәсімдеу.

7-бөлім. Стансадағы пойыз және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру.

8-бөлім. Аралық стансаның құрылыс құнын есептеу.

9-бөлім. Стансадағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және еңбек қорғанысын қамтамасыз ету.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Кіріспе қысқа ғана болуы керек (1 – 2 бет). Темір жол көлігінің ары қарай дамуының негізгі міндеттері және темір жол тармағындағы аралық стансаның маңызы қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]