Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

5 Аралық станса құрылғыларының өлшемдерін анықтау

5.1 Жолдардың саны мен ұзындығы. Жолдардың пайдалы ұзындықтарының ведомості. Жолдың үстіңгі құрылысы

Қабылдау-жөнелту жолдарының саны қозғалыстың сипатына және өлшемдеріне байланысты анықталады және стансалар мен тораптарды жобалау нұсқауында ұсынылған мөлшерден (бас жоларды санамағанда) кем болмауы тиіс (1.2-кесте).

1.2-кесте

Қозғалыстың сипатына және өлшемдеріне байланысты қабылау-жөнелту жоларының санын анықтау

Бір жолды желі

Екі жолды желі

12 жұпқа дейін пойыздардың қозғалысы кезінде

Пойыздар 13-тен24 жұпқа дейін

24 жұп пойыздан жоғары

-

2 жол

2 жол

2-3 жол

2-3 жол

Егер станса тіректі болса немесе стансаның жүк өңдеу көлемі үлкен кірме жолар тоғысы бар болса немесе жолаушы пойыздарын көп өткізсе (қала маңына қатынайтын пойыздар), онда бұл жағдайда кесте мәндеріне тағы 1 - 2 жол қосылады. Аралық стансаға кірме жол вагондар маршрутпен қабылданып және жіберілетін шартта тоғысқан кезде, қосымша тағы 1 – 2 жол қосылады.

1.3-кесте

Жолдардың пайдалы ұзындығының ведомості

Жолардың нөмірлері мен тағайындалуы

Жолардың шегі

Жолардың ұзындығы, м

ординатадан

Ординатаға дейін

Жүк қозғалысы үшін қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы пайдаланылуының оныншы жылында байланыстағы бағыттарда пайдалы ұзындықты үйлестіруді (унификации) есепке ала отырып, пойыз ұзындығына сәйкес анықталады және 1250, 1050 және 850 м тең болуы керек. Сонымен қатар І және ІІ дәрежелі жаңа желілерде жолдардың пайдалы ұзындығы 1050 м кем болмауы тиіс, ал ІІІ және ІV дәрежелі желілерде – 850 м кем емес. Жолдардың басқа да пайдалы ұзындықтарын қолдану (соның ішінде барлық жолдарға немесе бір жарым немесе екі еселенген пайдалы ұзындықты жолдарға), техника – экономикалық негізделген жағдайда немесе тапсырмамен бекітілген болса ғана мүмкін болады.

Маневрлік жұмысты орындау үшін бір тартым жолы қарастырылады, оның ұзындығы құрама пойыздың ұзындығының жартысынан кем болмауы тиіс немесе қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығының жартысындай болуы керек.

Вагондарды жүк фронттарына қою үшін тиеу – түсіру жолын қарастыру қажет, оның ұзындығы пойыз ұзындығына байланысты қабыланады.

Қажетті маневрлік жұмыстардың орындалатындығын есепке ала отырып, жүк фронттарынан вагондарды ауыстыру үшін қою жолы (выставочный путь) қарастырылады, бұл жолдың ұзындығы тиеу-түсіру жолының ұзындығына байланысты.

Жеке вагондардың пойыздардың жүріс маршрутына шығып кетуін болдырмас үшін, ұзындығы 50 метрден кем емес сақтандыратын тұйық қарастырылуы қажет.

Жолардың пайдалы ұзындығы шектеледі:

- өтпелі жолар үшін – шектік бағаналармен; шектік бағанамен және сигналмен; кәсекті рельстің түйіскен жерімен (стыком рамного рельса) және шектік бағанамен;

- тұйықталған жолдар үшін – шектік бағанамен немесе сигналмен және балластты призма төсемінің басталатын жерімен.

Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығын барлық жағдайда шығыс сигналынан немесе оның алдағы уақытта орналасатын жерінен, крестовинаның бүйіржағы мен оқшаулаушы түйістің арасында рельстердің орналасуына сәйкес орнатылатын шектік бағанаға дейін анықтау қажет. Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы едәуір дәрежеде құрылысшы ұйымдармен жоба талаптарының сақталғандығына және жобалау үрдісінде оқшаулаушы түйістердің (изолирующих стыков) дұрыс орнатылғандығына байланысты.

Жаңа темір жолдарды жобалағанда жолдың үстіңгі құрылысының құрылымын, олардың жұмыс шарттарын пайдаланылуының бесінші жылына есептей отырып, Темір жол стансалары мен тораптарын жобалау нормалары бойынша анықтау қажет. Жолдың үстіңгі құрылысының құрылымы 1.4-кестеде келтірілген.

1.4-кесте

Жолдың үстіңгі құрылысының құрылымы

Жолдардың аталуы

Рельс типтері

Шпал типтері

Шпал түрлері

1 км жолға кететін шпал саны

Құм, м3

Қиыршықтас, м3

Бас жол

Р65

Т\б

1840

0,2

0,35

Қабылдау-жөнелту жолдары

Р50

ағаш

II А

1640

0,25

-

Басқа да жолдар

Р50

ағаш

III А

1440

0,25

-

Жолға ұзындығы 25 м рельстерді салу керек. Қисықтарға ұзындығы 24,92 және 24,85 м болатын қысқартылған рельстер қолданылады.

Бағыттама бұрмалар және тұтас қиылысулар бекітілген эпюрлерге және де, ереже бойынша, жолға салынған рельс типіне сәйкес болуы тиіс.

Бағыттама бұрмалардың крестовиналарының маркалары желідегі пойыздардың қозғалыс жыламдығына байланысты.

Егер пойыз қозғалысының максималды жыламдығы 120 км/сағ аспаған жағдайда, жолаушы пойыздарын бас жолдан қаптал жолға ауыстыратын бағыттама бұрмалардың крестовинасының маркасы 1/11 болуы керек, ауысудың тек тік бағыты бойынша жолаушы пойыздары өтетін бағыттама бұрмалардың крестовинасының маркасы 1/9 болуы мүмкін. Диспетчерлік съездердің (бас жолар арасындағы съездер) бағыттама бұрмаларының крестовинасының маркасы 1/11 болуы керек.

Егер бас жолар бойынша пойыз қозғалысының максималды жылдамдығы 160 км/сағ болып белгіленген болса, онда бас жолдарда орналасқан бағыттама бұрмалардың құрылымы күшейтілген және крестовинасының маркасы 1/11 болуы керек.

Жүк қозғалысының қабылау-жөнелту жоларында крестовинасының маркасы 1/9-дан күшті емес бағыттама бұрмалар салынады.

Бағыттама бұрмаларды толық өлшемді кәсекті рельстермен төсеу керек (ұштаманың басынан кәсекті рельстің түйісіне дейін).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]