Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛИЖДСУ кр на каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.86 Mб
Скачать

5.4 Басқа да құрылғылар

Аралық стансада басқа да құрылыстар мен құрылғыларға жататындар:

- стансалардағы бағыттама посттары, бағыттамаларының орталықтандырылуымен жабдықталмаған және орталықтандырылған постары;

- станса кезекшісінің көршілес жеке пункттермен, пойыз диспетчерімен және басқа объектілермен байланыс құрылғылары;

- электр стансалары;

- ауыз сумен және техникалық қажеттілікке жаратылатын сумен жабдықтау құрылғылары;

- тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық ғимараттар, емханалар, ауруханалар;

- барлық ғимараттарды, станса территорияларын жарықтандыру құрылғылары;

- ереже бойынша, стансаның жол дамуы шегінен тыс, автомобиль жолдарымен әр түрлі деңгейде және бір деңгейде тоғысулары;

- электрлендіру құрылғылары – электрлендірілген жолдардағы байланыс желісі.

6 Жер төсемінің көлденең және ұзына бойғы кескінінің құрылымы

6.1 Жер төсемінің бойлық пішіні

Бойлық пішін жаңа салынып жатқан құрылыстарды және құрылғыларды тиімді орналастыру үшін және жер жұмыстарының көлемін анықтау үшін қажет.

Ол 1:10000 масштабта көленең арақашықтықтар үшін және 1:200 масштабта тік арақашықтықтар үшін сызылады және тор сызықтан және графикалық бөлімнен тұрады.

Бас жолдың бойлық пішіні миллиметрлік қағазға (биіктігі 30 см, ұзындығы стансаға жақындаулар мен станса ұзындығына байланысты) сызылады. Пішін станса алаңы және оған берілген жақындаулар шегінде, Х өсі деп қабыланған бас жол өсі бойынша құралады.

А стансасының бойлық пішіні 1.4-суретте көрсетілген.

Жолдың кең түрдегі жоспары

Инженерлік-геологиялық сипаттамасы

Жобалық мәлімет

тер

Көлденең пішіннің типі

Жер төсемінің үстіңгі жиегінің белгіленулері, м

Еңіс, ‰

Ұзындық, м

Нақтымәліметтер

Жердің белгіленуі, м

Арақашықтық, м

Жоспардағы түзулер және қисықтар пикетажы

Километрлерді көрсеткіштер

10 65

75

1.4-сурет. Аралық А стансасының бойлық пішіні

Стансалық алаңның бойлық пішіні келесі ретпен құралады:

1. Бойлық пішіннің торларының «километрлер» және «пикеттер» бағандары толтырылады. Әрбір 100 м сайын (1см масштабта) пикеттер белгіленеді және пикет нөмірлері қойылады. Әрбір 10 пикеттен кейін километрлік белгілер түсіріледі және олардың мағынасы жазылады.

2. Қисықтардың элементтері көрсетіліп, бас жолдың жоспары түсіріледі;

3. Әрбір пикет үшін «Жердің белгіленулері» бағаны толтырылады. Жердің белгіленулерін горизонтальдардың көмегімен анықтайды (1.5-сурет). Жердің белгіленулері пикеттерде және плюстік нүктелерде (пикеттердің арасындағыға тән), 0,01 м дейінгі дәлдікте горизонтальдар арасында интерполяция жолымен орнатылады. Бір мезгілде «Арақашықтық» бағаны толтырылады, онда тән нүктелерінен жақын пикеттерге дейінгі арақашықтық көрсетіледі.

1.5-сурет. Жердің белгіленулерін анықтауға арналған сұлба

1. Пикет арқылы (ПК1) 20 және 21 көршілес горизонтальдар арасында АБ перпендикуляры жүргізіледі, оның ұзындығы l (мм) өлшенеді.

2. Перпендикуляр бойымен горизонтальдың біреуіне дейінгі арақашықтық l1 (мм) өлшенеді.

3. Горизонтальдардың белгіленулеріндегі айырмашылықты анықтайды h (мұнда h=1 м).

4. Пропорция құрастырады: , , мұндағы Х – таңдап алынған горизонтальдың (20 м) үстіндегі берілген нүктенің жоғарылауы (немесе төмендеуі).

5. Горизонтальдың белгіленуіне Х қосады (немесе алады). Бұл берілген нүктедегі жердің белгіленуі болып табылады (ПК1).

Мысал. Жердің белгіленуін анықтау керек: l = 35 мм, l1 = 18 мм, h = 1 м. Х жоғарылатылған болады. Онда ПК1-дегі жердің белгіленуі hпк1= 20,00 + 0,51 = 20,51 м.

4. «Жобалық еңістер» бағаны толтырылады. Онда бірінші, еңіс көрсеткіштерінің орындары анықталады және оларға сәйкес пішін сызылады.

5. «Жер төсемінің үстіңгі жиегінің белгіленулері» бағанында белгілеуді бірінші еңіс көрсеткіштен бастап қояды. Қалған барлық белгілер жобалық еңіске және бірінші еңіс көрсеткішінің белгіленуіне байланысты. Көршілес пикеттер үшін жобалық белгіленулердің айырмасын білу үшін пропорция құрастырылады. Мысалы, егер өрлеу 1,2 ‰ болса, онда

, ,

Сәйкесінше, екі пикеттің арасындағы жобалық белгіленулердің айырмасы 0,12 м құрайды.

6. «Жолдың кең түрдегі жоспары» бағанына станса жолдарының дамуы, жолаушылар ғимараты өсінің орналасатын жері, өткелдің, жасанды құрылыстардың және т.б. орналасатын жерлері түсіріледі. Станса шектері пикеттер бойынша нақты ұсталынуы керек. Бойлық пішінді сызу ыңғайлы болу үшін шартты «есептеу нөлі» енгізіледі. Шартты «есептеу нөлі» белгісін таңдау үшін, жердің белгіленулері мен жер төсемінің үстіңгі жиегінің жобалық белгіленулері бір-бірімен өзара салыстырылады. Олардың ішіндегі ең азы таңдалады, 2-3 м кемітіледі, осы, шартты «есептеу нөлі» белгісі болады. Есептеулерге ыңғайлы болу үшін, бұл санды бүтінге дейін дөңгелектейді. Жердің сызығын салу үшін, әр пикет бойынша жердің белгіленулерінен шартты «есептеу нөлі» белгісін шегеріп тастайды. Масштаб 1:200 болғандықтан, сантиметрде алынған сан 2-ге бөлінеді, және де пішін торының ең жоғарғы горизотальды сызығынан бөлініп қалдырылып отырады. Шыққан көршілес нүктелерді бір-бірімен түзулермен біріктіреді. Жер төсемінің бойлық пішінінің сызығы осыған ұқсас салынады. Содан кейін жердің белгіленулері (қарамен) мен жобалық белгілеулердің (қызылмен) арасындағы айырмашылықты табады. Бұл жұмыс белгілері болады. Олар үймелердің биіктігін (пішін сызығының үстіндегі сандар) және ойықтардың тереңдігін (пішін сызығының астындағы сандар) көрсетеді. Пішін сызығында өткелдердің, жеке бекеттердің және жасанды құрылыстардың өстері белгіленеді. Жобалық сызық, жобалық сызықтың сынған нүктесінен ординаталар сызықтары, жоспардағы түзулер және қисықтар, жолдың кең түрдегі жоспары тұтас қалың негізгі сызықпен орындалады.

1.6-кесте

Жер төсемінің бойлық пішіні торларының бағандары

Жолдың кең түрдегі жоспары

Инженерлік-геологиялық сипаттамасы

Көлденең пішіннің типі

Жобалық белгілеулер (қызыл)

Жобалық еңістер

Жердің белгіленулері (қара)

Пикетаж

Сызық жоспары

Километрлер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]