Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

4-сурет

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

3. 2 өнім өндіріліп, тұтынылады деп болжайық: алма және апельсиндер. Апельсиндер 1982ж. 1 долл., ал 1990ж. – 0,5долл. тұрды. Алмалар 1982ж. 0,5 долл., ал 1990ж. -1 долл.тұрды. 1982 ж. 10 алма мен 5 апельсин өндірілген болатын ал 1990ж. 5 алма мен 10 апельсин өндірілді. Базистік жылға 1982 жылды ала отырып, 1990 жыл үшін ЖІӨ дефляторын есептеңдер.

Шешуі:

ЖІӨдефляторы = = = = = -0.8

7 Билет

  1. Инфилияция деңгейі. Сұраныс инфлияциясы және шығындар инфлияциясы Жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі арқылы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады. Ол Филлипс қисығы арқылы көрінеді:

У=У*+ α (Р-Рe) => Р- Рe + 1/ α (У-У*)

Теңдеудің екі жағынан өткен мерзімдегі бағаны шегеріп, баға деңгейлерінің айырмасын инфляция қарқынымен ауыстыралық:

Р-Р-1= π

Ре-1= πе, мұндағы Р-нақты баға деңгейі, Р-1-өткен мерзімдегі баға деңгейі, π- инфляция деңгейі, πе- күтілетін инфляция.

Әрі қарай алгебралық түрлендіру жүргізу үшін Оукен заңын пайдаланамыз:

У-У*/ У*=-β(u-u*) - Оукен заңы.

Мұндағы: У- нақты өндіріс көлемі, У*-потенциалды ЖІӨ, u - нақты жұмыссыздық деңгейі, u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, β - ЖІӨ-нің циклдық динамикасына сезімталдық коэффициенті. Ол эмпирикалық жолмен, яғни зерттеулердің нәтижесінде алынады.

Жоғарыдағы заңға сәйкес нақты өндірістің потенциалды деңгейден ауытқуын нақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейден ауытқуымен алмастырайық және теңдеуге бағаға әсер ететін ұсыныс сілкінісін қосайық. Нәтижесінде π = πе -β(u-u*)+έ теңдеуі алынады.

Сонымен Филлипс қисығы жиынтық ұсыныстың басқаша көрінісі және ол қысқа мерзімде инфляция динамикасы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді. Күтілетін инфляция деңгейі мен ұсыныс сілкінісі (έ) Филлипс қисығының орнын ауыстырады.

Бастапқыда Филлипс қисығы жұмыссыздық пен номиналды жалақы арасындағы кері тәуелділікті көрсеткен. Қазіргі Филлипс қисығы номиналды жалақының орнына баға деңгейінің өсу қарқыны, инфляциялық күту, ұсыныс сілкінісі қолданылады.

Жұмыссыздық, % Жұмыссыздық, %

2а)-сурет 2б)-сурет

2а)-суретте Филлипс қисығының бастапқы түрі көрсетілген. Оның қазіргі үлгісін

2б)-суреттен көруге болады.

Филлипс қисығы макроэкономикалық тұрғыдан талдау жасаудың маңызды құралы болып табылады. Ол қысқа мерзімдегі жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты көрсетеді.

60-жылдың соңында Чикаго университетінің өкілі Милтон Фридман мен Колумбия университетінің өкілі Эдмунд Фелпс Филлипстің моделіне қарсы пікір айтады. Олардың тұжырымы төмендегідей: ұзақ мерзімде экономика жалақының өзгеру қарқыны мен инфляция қарқынынан тәуелсіз болады және табиғи жұмыссыздық орын алады. Олрдың айтуынша,егер жұмыссыздық табиғи деңгейден жоғары болса, көп адам жұмыс іздейді. Бұл жалақының төмендеуіне әкеледі. Сәйкесінше, фирмалар көп жолдауға тырысады.Сөйтіп жұмыссыздық табиғи деңгейге дейін жетеді.

Сонымен, дәстүрлі Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті,олардың қысқа мерзімдегі динамикасын көрсетеді. Ал ұзақ мерзімде жиынтық сұранысты арттыру өндіріс көлемі мен жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай өзгертпейді,негізінен, бағаны өзгертеді. Филлипс қисығы ұзақ мерзімде табиғи жұмыссыздық деңгейіне сәйкес келетін вертикаль түзу болып табылады.

2. Жиынтық ұсынысқа қатысты классикалық және кейнсиандық тәсілдемелер арасындағы айырмашылықтарды атаңыз. Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

3-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]