Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

4-сурет

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

5-сурет

Ұзақ мерзімдегі, қысқа мерзімдегі және аралық мерзімдегі теңдестік нүктелерінің ерекшеліктерін төмендегі графиктерден аңғаруға болады (6 –сурет) .

2.Макроэкономикалық үлгілер және оның көрсеткіштері. кономикадағы негізгі зерттелетін мәселелер микроэкономикалық және макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарастырылады. Экономикалық талдаудың осындай екі түрін алғаш рет бөліп көрсеткен норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (1895-1973) болды. Ал макроэкономикалық талдаудың негізін салушы және қазіргі макроэкономика ғылымының атасы, ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс болып табылады. Оның «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде макроэкономикалық талдаудың негізгі сұрақтары және экономикаға мемлекеттің араласу заңдылықтары кеңінен зерттеледі. Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. 

Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері: Экономикалық өсу.

  • Толық жұмысбастылық.

  • Экономикалық тиімділік.

  • Бағалар деңгейінің тұрақтылығы.

  • Табыстарды әділетті бөлу және әлеуметтік әділеттілік.

  • Сауда балансы.

  • Қоршаған ортаны қорғау.

Осындай мәселелер кез-келген қоғамда бір-бірін толықтырып отырады және бір-біріне қарама-қайшы келіп отырады. Сондықтанда, қоғам алдағы қойған басымдық мақсаттарға байланысты негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешуді осы тұрғыдан қолға алуы тиіс.

Сәйкесінше, негізгі макроэкономикалық мәселелерді зерттеу мемлекеттің қандай да бір экономикалық саясатын талдаусыз және жүргізусіз мүмкін емес. Кез-келген мемлекет өз қарамағында негізгі макроэкономикалық мәселелерді шешудің өте бай құралдарына ие болып табылады. Макроэкономикалық талдау құралдары – бұл бір немесе бірнеше мақсаттардың орындалуын көздейтін және макроэкономикалық мәселелерді шешуге атсалысатын мемлекеттің экономикалық саясатының кешенді іс-шараларының жиынтығы. Жалпы алғанда, макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері орын алады:

Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – мемлекеттің салық салу және мемлекеттік шығындар арқылы экономикаға әсер етуі. 

Ақша-несие (монетарлық) саясаты – мемлекеттің елдің ақша, несие және банк жүйелері жолымен экономикаға әсер етуі.

Әлеуметтік саясат – ел азаматтарының әлеуметтік жағдайларын қорғау және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық реттеудің маңызды бір бағыты.

Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық экономика жағдайында халықаралық сауда қатынастарына араласа отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспортты реттеуге араласуы.

Экономикалық саясаттың осындай түрлеріне біз алдағы тақырып-тарда жеке-жеке тоқталып өтетін боламыз.

Макроэкономикалық талдау микроэкономикалық талдаумен тығыз байланысты, өйткені, микроэкономикалық байланыстар макроэкономи-калық құбылыстардың негізі болып табылады. 

Сонымен, макроэкономика – бұл экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді түсіндіруге, нарықтық жүйенің қызмет етуін жақсарту бойынша экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Еріксіз жұмыссыздықтың көлемін анықтаңдар,егер де Қиыршығыс республикасының халқы 30млн адамды құраса,оның ішінде 10млн адам жұмысқа жарамсыздар мен балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7%,ал табиғи жұмыссыздық деңгейі 5%.

Шешуі: R=30

H=10

Uжд=7%

Uтд=5%

Uд=(U/L)*100%; L=R-H=30-10=20;

Uжд=(U/L)*100%; Uтд=(U/L)*100%;

7%=(U/20)*100%;

100U=140

U=1.4;

5%=(U/20)*100%’

U=100/100

U=1;

Uд1 =(1,4/20)*100%=140/20=7

Uд2 =(1/20)*100%=100/20=5.

21 Билет

1.Атаулы және нақты ЖІӨ. ЖІӨ дефляторы Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.[1]

  • атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.

  • нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].

  • Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.

  • Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.

  • Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.

ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ. Сәйкесінше: Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы. Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64 долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға тең болады. Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде есептей алады. Тұтынушылық бағалар индексі. ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын«тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.  ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды. Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз жөн.

2.Макроэкономика және микроэкономика арасындағы айырмашылық қандай? Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған өлшемдерді (жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) талдайтын және негізгі экономикалық мәселелерді ұлттық экономика шеңберінде зерттейтін экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Ұлттық экономиканың негізгі мәселелері – елдегі нарықтық шаруашылықтың жалпы бейнесін көрсететін макроэкономикалық талдаудың саласы. Макроэкономикалық талдау арқылы ұлттық экономикада болып жатқан күрделі өзгерістер, экономикалық саясатты әзірлеу шаралары қарастырылады. Макроэкономикалық үдерістер бүгінгі күні қандай да бір ұлттық экономиканың дамуының, жетістіктерге жетуінің және дағдарысқа ұшырауының аса маңызды көрсеткіші ретінде саналады. Макроэкономикалық талдау тұтас алғанда тек қоғамдық деңгейде ғана, яғни мемлекеттік экономикаға араласуымен шешуді талап ететін бірқатар негізгі мәселелерді алға тартады. Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері)[1] – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың,тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады; 2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекетарасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.

Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.

3. Экономика келесі көрсеткіштермен сипатталған: тұтыну шығындары (С)=2300; инвестициялар (І)=700; мемлекеттік шығындар (G)=800; мемлекеттік трансферттер (ТR)=100; мемлекеттік қарыз бойынша пайыз төлеу (N)=100; салықтар (Т)=800; ЖІӨ=ЖҰӨ деп болжанады.

Есептеңдер:

а) жеке жинақтарды;

б) мемлекеттік жинақтарды;

в) мемлекеттік облигациялар мен мембюджет тапшылығын жабу үшін арналған ақшаның қосымша көлемін, егер тапшылық 80 пайыз облигация шығарумен қаржыландырылатыны белгілі болса?

Шешуі: C=2300; ЖІӨ=ЖҰӨ

I=700; Sᵖ=(Y+TR+N-T)-C;

G=800; Sᵍ=(T-TR-N)-G;

TR=100; Y=C+I+G+Nx=2300+700+800=3800;

N=100;

T=800;

  1. Sᵖ=(3800+100+100-800)-2300=900

  2. Sᵍ=(800-100-100)-800=-200

  3. (200*80%)/100%=16000/100=160;

200-160=40.

22 Билет

1.ЖІӨ есептеу әдістері. ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

Табыс бойынша: қосындысы түрінде анықталады.Халық, корпорациялар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Шығын бойынша: шығыс бойынша — барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың инвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы;

, мұнда

Қосылған құн бойынша: Тек қана әр фирманың қосылған бағаларының қосындысы (берілген мекеме қойған қосылған баға).

ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

ЖІӨ көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды АҚШ алады, ал жан басына шаққанда алғашқы орынды Лүксембург алады.[3]

2.Жұмыссыздық деңгей ұғымы және оны анықтайтын көрсеткіштер. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

 Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; - жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі. Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

3. Экономика келесі деректермен сипатталады: халықтың жалпы саны 650-ді құрайды; еңбекке қабілетті жастағылардан басқа адамдардың саны 140-қа тең; жұмыссыздардың саны 19-ды құрайды; жұмыс күші қатарына кірмейтіндердің саны 130-ға тең. Бұл жағдайда жұмыссыздық деңгейі неге тең? а?=))

Шешуі: жұмыссыздық деңгейі=(жұмыссыздар саны/жұмыс күші)*100%

Жұмыс күші=650-(140+130)=380;

Жұмыссыздық деңгейі=(19/380)*100=5,26=5%.

23 Билет

1. ЖІӨ: мәні мен мағынасы Жалпы Ішкі Өнім, ЖІӨ (ағылш. Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш. Бұл атауды ең алғаш Саймон Кузнец ұсынды.

Жалпы Ішкі Өнім - қорытынды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, бір жылда елдің ішінде осы елге, сондай-ақ өзге де елдерге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып жасалынған түпкілікті өнімнің рыноктық бағалармен белгіленген жиынтықты құнын білдіреді.[1]

атаулы' (ағылш. nominal GDP) — берілген жылдағы ағымдағы бағалар арқылы көрсетіледі.

нақты (ағылш. real GDP) (инфляцияға түзетілген) — базалық жыл ретінде көрсетілген уақыттағы бағалар арқылы көрсетіледі . Нақты ЖІӨ бағаның әсерін емес, нақты өндіріс өсуінің ЖІӨ-ге әсерін көрсетеді.[2].

Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы ЖІӨ дефляторы" деп аталады.

Фактылы ЖІӨ— толық жұмыспен қамтылмаған кездегі ЖІӨ. Экономикада іске асырылған мүмкіндіктерді көрсетеді.

Әлеуетті ЖІӨ — толық жұмысбастылық кезіндегі ЖІӨ.Экономиканың бар мүмкіндікті пайдалану кезіндегі ЖІӨ-н көрсетеді.

2.Инфилияция қарқынына немесе бағаның қарқынына байланысты инфлиция түрелері Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:

π=

Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі

Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол инфляцияға кері процесс. Инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады. Швед экономисті Б. Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді. Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.

Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:

- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі

- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі

- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды.

Айқын инфляция сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы формасын да қабылдауы мүмкін.

Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвистицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.

Ал шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі- стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.

Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарының алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.

Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар ұтылады.

Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттің күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу- оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:

  • ақша массасын азайту;

  • есептік ставканы арттыру;

  • міндетті резервтер нормасын көтеру;

  • мемлекеттік шығындарды қысқарту;

  • салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.

Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.

3. ЖҰӨ-нің өсу қарқынын есептеңдер, егер де ол 300 мың теңгені құраса және былтырғы жылдан 15 мың теңгеге өссе.

Шешуі:

24 Билет

1. Қорлар мен ағындар. Негізгі Қорлар–материалдық өндіріс саласында да, бейөндірістік салада да заттай нысанда ұзақ уақыт бойына жұмыс істейтін және өзінің құнын тозуына қарай бөліктер бойынша жоғалтатын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қорларға үймереттер, ғимараттар, беріліс қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш приборлар мен құрылғылар, өндірістік, шаруашылық құрал-саймандар мен керек-жарақтар, жегіндік және өнімдік мал, көп жылдық екпе ағаш, т.б. жатады. Өндірістік жәнебейөндірістік Негізгі қорларға бөлінеді. Ақшалай тұлғадағы Негізгі қорлар “Негізгі құрал-жабдық” деп аталады. “Негізгі құрал-жабдық” термині көбінесе бухгалтерлік есепте қолданылады, басқа жағдайларда “Негізгі қорлар” термині пайдаланылады

2.Макроэкономика субъектілер немесе агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері. Макроэкономикада төрт экономикалық субъектіні бөліп көрсетуге болады: үй шаруашылықтары, фирмалар, мемлекет және сыртқыэкономикалық сектор.

Үй шаруашылықтары – нарықтық өнімдерді негізгі тұтынушылар өндіріс факторларының – еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік мүмкінділіктің иелері боолып табылады. Олар оған сәйкестендірілген факторлық табыстар алады, оның бір бөлігін олар тұтынады да, қалған бөлігін жинақтауға жібереді.

Фирмалар, өз алдына, игіліктер мен қызметтер нарығына өнімдерді жеткізеді, оларға эквивалент ретінде ақша алады. Бұл нарықтағы негізгі тұтынушылар үй шаруашылқтары болып табылады. Соныменен бірге, фирмалар өндіріс факторларына сұранысты туғызады және өздерінің құралдарын инвестициялай отырып, үй шаруашылқтарының жинақтарында инвестициялайды.

Мемлекет әртүрлі ұйымдар түрінде үй шаруашылықтарына салықтар арқылы әрекет етеді, олар оны азаматтардың жеке табыстарынан алады, өз жағынан мемлекет оларды зейнетақы, шәкіртақы, ақысыз дәрігерлік көмек және білім беру арқылы әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. Мемлекет қоғамдық игіліктерді өндіруші ретінде кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылықтарының өнімділіктерін көтеруге жағдай жасайды, макроэкономикалық жүйеде мемлекет тағы да бір қызметті атқарады – үй шаруашылықтарын, фирмаларды және мемлекеттің өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыр үшін қажетті ақшаларды жасайды (ұсынады).

Экономикалық субъектілер арасындағы өзара байланыстар жүйесі айналым үлгісінде бейнеленеді. Айналым үлгісінің үш түрі бар: а) мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі; б) мемлекеттің қатысуымен жабық үлгі; в) шетелдік сектордың қатысуымен ашық экономика.

Мемлекеттің қатысуынсыз жабық үлгі фирмалар мен үй шаруашылықтары арасындағы өзара байланысты игіліктер, еңбек, қаржы нарықтары арқылы бейнелейді (сурет 1).

3. Жеке табысты анықтаңдар: ЖҰӨ-104,4; капиталды пайдалану-8,6; жанама салықтар-7,0; корпорация пайдасы-10,1; әлеуметтік қауіпсіздендіру жарнамалары-0,2; мемлекеттік трансферттер-0,9;мемлекеттің таза пайыздары-1,0;дивидендтер-5,8;жеке табысқа салынатын салықтар-2,6.

Шешуі: ТҰӨ=ЖҰӨ-А; А-8,6.

ТҰӨ=104,4-8,6=95,8

ҰТ=ТҰӨ-жанама салық=95,8-7=88,8

ЖТ= ҰТ-корпорация пайдасы-әлеуметтік сақтандыруға салынған салым-таза айыз+дивидендтер+мемлекеттік трансфертті төлемдер+жеке табыс(пайыз түрінде);

ЖТ=88,8-10,1-0,2-1+5,8+0,9+2,6=86,8

25 Билет

1.Макроэкономика пәні экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды[1]. Нарықтық экономикағакөзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономиканың дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: ағылшын экономистері Р.Харрод (1900 — 1978), Дж.Хикс (1904 — 1989), америкалық экономистер В.Леонтьев (1906 — 1999), М.Фридмен (1912 ж.т.), Р.Лукас (1937 ж.т.), т.б. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;

2.Жұмыссыздық және оның формалары. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

 Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; - жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі. Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]