Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

2. Жиынтық ұсыныс: қысқа мерзімді кезең

Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

Ұзақ мерзімдегі, қысқа мерзімдегі және аралық мерзімдегі теңдестік нүктелерінің ерекшеліктерін төмендегі графиктерден аңғаруға болады (6 –сурет) .

3. Төмендегідей деректерді қарастырайық: ЖҰӨ-104,4; капиталды пайдалану-8,6; жанама салықтар(ЖС)-7,0; корпорация пайдасы -10,1; әлеуметтік қауіпсіздендіру жарналары(ӘҚЖ)-0,2; мемлекеттік трансферттер-0,9; мемлекеттің таза пайыздары-1,0; дивиденттер(D)-5,8; жеке табысқа салынатын салықтар-2,6. Ұлттық табыс неге тең?

ШЕШУІ: ТІӨ═ЖІӨ-А═104,4-8,6═95,8

ҰТ═ТІӨ-ЖС═95,8-7═88,8

12 Билет

1. Экономикалық циклдар: түсінігі, түрлері Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі.

Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

2.Жиынтық ұсыныс: ұзақ мерзімді кезең Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]