Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

1. Жиынтық сұраныс және оған әсер ететін факторлар Жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі арқылы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады. Ол Филлипс қисығы арқылы көрінеді:

У=У*+ α (Р-Рe) => Р- Рe + 1/ α (У-У*)

Теңдеудің екі жағынан өткен мерзімдегі бағаны шегеріп, баға деңгейлерінің айырмасын инфляция қарқынымен ауыстыралық:

Р-Р-1= π

Ре-1= πе, мұндағы Р-нақты баға деңгейі, Р-1-өткен мерзімдегі баға деңгейі, π- инфляция деңгейі, πе- күтілетін инфляция.

Әрі қарай алгебралық түрлендіру жүргізу үшін Оукен заңын пайдаланамыз:

У-У*/ У*=-β(u-u*) - Оукен заңы.

Мұндағы: У- нақты өндіріс көлемі, У*-потенциалды ЖІӨ, u - нақты жұмыссыздық деңгейі, u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, β - ЖІӨ-нің циклдық динамикасына сезімталдық коэффициенті. Ол эмпирикалық жолмен, яғни зерттеулердің нәтижесінде алынады.

Жоғарыдағы заңға сәйкес нақты өндірістің потенциалды деңгейден ауытқуын нақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейден ауытқуымен алмастырайық және теңдеуге бағаға әсер ететін ұсыныс сілкінісін қосайық. Нәтижесінде π = πе -β(u-u*)+έ теңдеуі алынады.

Сонымен Филлипс қисығы жиынтық ұсыныстың басқаша көрінісі және ол қысқа мерзімде инфляция динамикасы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді. Күтілетін инфляция деңгейі мен ұсыныс сілкінісі (έ) Филлипс қисығының орнын ауыстырады.

Бастапқыда Филлипс қисығы жұмыссыздық пен номиналды жалақы арасындағы кері тәуелділікті көрсеткен. Қазіргі Филлипс қисығы номиналды жалақының орнына баға деңгейінің өсу қарқыны, инфляциялық күту, ұсыныс сілкінісі қолданылады.

Жұмыссыздық, % Жұмыссыздық, %

2а)-сурет 2б)-сурет

2а)-суретте Филлипс қисығының бастапқы түрі көрсетілген. Оның қазіргі үлгісін

2б)-суреттен көруге болады.

Филлипс қисығы макроэкономикалық тұрғыдан талдау жасаудың маңызды құралы болып табылады. Ол қысқа мерзімдегі жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты көрсетеді.

60-жылдың соңында Чикаго университетінің өкілі Милтон Фридман мен Колумбия университетінің өкілі Эдмунд Фелпс Филлипстің моделіне қарсы пікір айтады. Олардың тұжырымы төмендегідей: ұзақ мерзімде экономика жалақының өзгеру қарқыны мен инфляция қарқынынан тәуелсіз болады және табиғи жұмыссыздық орын алады. Олрдың айтуынша,егер жұмыссыздық табиғи деңгейден жоғары болса, көп адам жұмыс іздейді. Бұл жалақының төмендеуіне әкеледі. Сәйкесінше, фирмалар көп жолдауға тырысады.Сөйтіп жұмыссыздық табиғи деңгейге дейін жетеді.

Сонымен, дәстүрлі Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті,олардың қысқа мерзімдегі динамикасын көрсетеді. Ал ұзақ мерзімде жиынтық сұранысты арттыру өндіріс көлемі мен жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай өзгертпейді,негізінен, бағаны өзгертеді. Филлипс қисығы ұзақ мерзімде табиғи жұмыссыздық деңгейіне сәйкес келетін вертикаль түзу болып табылады.

  1. Экономикалық циклдер . Әлеуетті жалпы ұлттық өнім Экономикалық цикл және макроэкономикалық динамика. Жұмысбастылық, өндіріс және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқып тұруы экономикалық цикл деп аталады. Циклділіктің себептеріне автономдық инвестициялардың белгілі бір уақыт сайын бәсеңдеуі, мультипликаторлық әсердің әлсіреуі, ақша массасы көлемінің ауытқуы т.с.с. жатқызуға болады.

Экономикалық циклдің барысында теңдестік бұзылып, экономикалық динамиканың орташа көрсеткіштері ауытқиды. Тұрақсыздықтың неғұрлым анық белгілерінің қатарына инфляция мен жұмыссыздықты жатқызуға болады.

Ресурстардың жүз пайыздық жұмыспен қамтылуы мүмкін емес. Сондықтан да экономикалық теорияда өндірістік қуатылықтардың жалпы көлемінің 10-20 %-ының ғана жұмыспен жүктелмеуін ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы (толық жұмысбастылық) деп аталады.

Ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы тұсында өндірілген өндіріс көлемі потенциалды жалпы ішкі өнім (немесе экономикалық әлеует) деп аталады.

Нақты өндіріс көлемінің потенциалды деңгейден ауытқуы төмендегі көрсеткіш арқылы анықталады. ЖІӨауыт = ,

мұндағы У- нақты өндіріс көлемі

У*- потенциалды өндіріс көлемі.

Экономикалық циклді тереңірек зерттеу үшін оның төрт сатысын қарастырған жөн. Экономикалық циклдің сатыларына төмендегілер жатады:

- экспансия немесе өсу сатысы;

- құлдырау немесе дағдарыс сатысы;

- депрессия сатысы;

- өрлеу сатысы.

Экспансия сатысы жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, ескілерінің жаңартылуымен, өндіріс, жұмысбастылықтың, инвестиция көлемінің, жеке табыстың өсуімен басталады. Сұраныс пен баға көтеріледі. Саты жоғары деңгейде жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттылықтарының шамадан тыс жүктелуімен аяқталады. Бұл кезде бағаның деңгейі, жалақы ставкасы, пайыздық норма жоғары мәнге жетеді. Циклдің жоғары нүктесі шың деп аталады. Шың нүктесінде аталған көрсеткіштердің бәрі максимум мәнге ие болады. Бұл сатының міндетті жалғасы ретінде дағдарыс сатысы басталады.

Таратылмай қалған тауарлардың қорының өсуі өндіріс көлемінің қысқаруына әкеледі. Өндірістік инвестициялар төмендейді, нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс азаяды. Шикізатқа сұраныстың төмендеуі оның ұсынысын да төмендетеді. Пайданың күрт төмендеуі байқалады, несиеге сұраныс азаяды. Бұл пайыздық ставканың түсуіне әкеледі. Ақырында құлдыраудың ұзаққа созылуы тауар бағасының өсуін төмендетеді немесе баяулатады.

Депрессия сатысында ұлттық табыстың төмендеуі мен жұмыссыздықтың артуы баяулайды, инвестиция көлемінің мәні нольге жақын болады. Сондықтан бұл сатыдағы экономика өндірісінің тоқырауымен, сауданың бәсеңдігімен, бос ақша массасының көптігімен сипатталады. Белгілі бір уақыттан кейін экономикалық жүйе циклдің ең төменгі нүктесінен шығады.

Сөйтіп өрлеу сатысы басталады. Өрлеу сатысында экономикалық көрсеткіштердің бәрі бағыттарын өзгертеді, табыс пен жұмысбастылық өсе бастайды. Сөйтіп, қайтадан өсу сатысы басталады.

3. Еріксіз жұмыссыздықтың көлемін анықтаңдар,егер де Қиыршығыс республикасының халқы 30млн адамды құраса,оның ішінде 10млн адам жұмысқа жарамсыздар мен балалар. Жұмыссыздық деңгейі 7%,ал табиғи жұмыссыздық деңгейі 5%.

Шешуі: R=30

H=10

Uжд=7%

Uтд=5%

Uд=(U/L)*100%; L=R-H=30-10=20;

Uжд=(U/L)*100%; Uтд=(U/L)*100%;

7%=(U/20)*100%;

100U=140

U=1.4;

5%=(U/20)*100%’

U=100/100

U=1;

Uд1 =(1,4/20)*100%=140/20=7

Uд2 =(1/20)*100%=100/20=5.

9 Билет

1. Жиынтық ұсыныс және оған әсер ететін факторлар Жиынтық ұсыныс. Жиынытық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы екі айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге (Р) баға және (Y) өндірілген өнім көлемі арасындағы тәуелділікті енгізу керек.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсыныстын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі уақыт аралығына тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар. Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныстар.

Ұзақ  мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен  сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады.

Өнім өндіру көлемі тек қана қолданатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;

Өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;

Экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлеуетті өнім көлеміне тең;

Баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.

Жиынтық ұсыныс қысқа және ұзақ мерзім кезеңінде және  оларға ететін факторлар. Экономикада көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін тауарларды нарыққа ұсынатын фирмалар. Ұзақ мерзім кезеңінде тауарлар лбағасы да, ресурстар бағасы да өзгереді (біріншіден номиналдды жалақы өзгереді), барлық бағалар икемді және бір біріне пропорционалды өзгереді. Сондықтан да, жиынтық ұсыныс көлемі баға деңгейінен тәуелсіз.классикалық ұсыныс қисығы сияқты, ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығының түрі, вертикалық қисық түрінде (LRAS). Ресурстар толық жұмыс бастылық деңгейінде және нақты өнім әр уақытта потенциалды деңгейде болады (Ү*).

   Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады. Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгереді, ал өнім көлемі потенциалды деңгейде болады, яғни ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс көлемі, баға деңгейіне абсолютті икемсіз.

Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады.

Қысқа мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгермейді, ал өнім көлемі деңгейі өзгеріп отырады.

Бағалық емес факторларға: ресурстар бағасы(Р рес.), ресурс бағасыны әсер ететіндер: ресурс көлемі, шет мемлекет ресурстары, шикізат ресурстары нарығындағы монополия деңгейі, ресурс көлемі (Q), ресурстың өнімділігі (n), технологиялық прогресс (r), бизнеске салынатын салық(Tx), трансферттер (Tr), экономиканы мемлекет тарапынан реттеу (G).

Қысқа мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс қисығының функциясы мынадай  түрде бейнеленеді:

AS=AS (P тауар, P ресурс, (Q), (n), (r), (Tx), (Tr), (G)).

Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы  көлденең түзумен берілген.  Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығау шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырымысшыларды жалдайды.

Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі  талдау. Талдауымыз келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне

әсер  етеді.

2. Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

 Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; - жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі. Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

3.

10 Билет

  1. Экономикалық айналымдар: Экзогенді және эндогенді айналымдар Макроэкономикалық үлгілер. Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгі күнделікті өмірдің оңайлатылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүргізуде нақты өмірдің барлық жақтарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама үлгілердің арасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айнымалылардың көлемі анықталады. Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі, ал ендогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, эгзогенді айнымалылардың мәні үлгі құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалылар үлгінің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады. Экономикалық принциптер арқылы түсіндірілетін айнымалылар эндогенді, ал түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалылар экзогенді деп аталады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады. Үлгінің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық міселелерді шешудегі жан – жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэконномикалық үлгілерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Инфилиция деңгейін өлшеу Макроэкономикалық тұрақсыздықтың тағы бір көрінісі – ол инфляция. Инфляция жағдайында ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне және тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуіне әкеледі. Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды, Франция 1789-1794 жж. революция кезінде ақша 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар. Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

- Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

- Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

- Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

- Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

- Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі. Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

- Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

- Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі. Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

- Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

- Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

- Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды. Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

Баға = ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға индексі өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:

1. Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.

2. Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.

3. Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.

4. Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.

5. Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.

3.

11 Билет

1. ЖҰӨ және ЖІӨ: түсінігі, айыршалығы. ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы айырмашылық қандай? Жабық экономикада толығымен ЖІӨ ЖҰӨ-ге тең болады. Ашық экономикада ЖІӨ мен ЖҰӨ арасындағы негізгі айырмашылық – ұлттық территориядағы шетелдік фирмалардың тікелей атқаратын іс-әрекеті (отандық фирмалардың шетелде қызмет етуі). ЖҰӨ ЖІӨ сияқты есептеледі, бірақ одан айырмашылығы шетелден алынатын таза факторлық табыс дәрежесінде (ТФТ – осы елдің азаматтарының шетелде алған табыстары мен шетелдіктердің біздің елдің территориясындағы алған табыстарының арасындағы айырмашылық). Яғни ЖІӨ =ЖҰӨ - ӨФТТ (өндіріс факторының таза табысы – шетелден алған біздің елдің тұрғындарының табысынан біздің елдегі шетелдіктердің табысын шегергенге).

ЖІӨ анықтамасында бастапқы мәнге соңғы тауарлар мен қызметтер сөзі ие болады. Ол ЖІӨ құрамына соңғы тұтынуға, жинақтау мен экспортқа қолданылған тауарлар кіреді, ал өндіру үрдісі кезінде шығындалған шикізаттар, материалдар, отын, энергия және т.с.с. түрдегі аралық тауарлар мен қызметтер кірмейді. ЖІӨ құрамына аралық тауарларды кіргізу екі рет есептеуді көрсететін еді, өйткені олардың құндары соңғы өндірілген тауарлар мен қызметтердің құнына

ЖІӨ құнына кірмейді:

  • мемлекеттік трансферттік төлемдер, олар зейнетақыға, шәкіртақыға, әлеуметтік сақтандыруға және басқа соған сәйкес төлемдерден тұрады; олар қандай да бір өнім өндіруге жұмсалмайды және бар қаржылық ресурстарды қайта бөлудің нысаны болып табылады;

  • қор биржасында бағалы қағаздарды сату-сатып алу;

  • ұсталынған тауарларды қайта сату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]