Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

4-сурет

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

3. 1929 жыл үшін АҚШ экономикасы бойынша келесі мәліметтер келтірілген (млрд.доллар): трансферттік төлемдер – 4,0; жалпы ішкі инвестициялар – 16,2; бизнеске жанама салықтар -7,0; жеке табыс салықтары – 2,6; таза экспорт – 1,1; корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 2,8; амортизация – 7,9; жеке тұтынушылық шығындар – 77,2; корпорация пайдасына салықтар – 1,4; әлеуметтік сақтандыруға жарналар – 0,2; тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 8,5. Анықтандар:

а) ЖІӨ көрсеткіштері мен қолда бар жеке табысты

б) Жеке жинақтардың көлемі қандай?

в) экономикадағы капитал қоры қаншаға өсті? (ЖІӨЖҰӨ)

Шешуі:

а) ЖҰӨ = C + I + G + Xn = 77.2 + 16.2 + 8.5 + 1.1 = 103

ТҰӨ = ЖҰӨ – А = 103 – 7,9 = 95,1

ҰТ = ТҰӨ – бизнеске жанама салық = 95,1 – 7,0 = 88,1

ЖТ = ҰТ – әлеу/к сақтандыру салымдары – корпор/ң бөлінбеген пайдасы – корпор/ң пайдасына салынатын салық + трансф/к төлемдер = 88,1 – 0,2 – 2,8 – 1,4 + 4,0 = 87,7

ҚТ = ЖТ – жеке табыс салығы = 87,7 – 2,6 = 85,1

ә) Sp = ҚТ – жеке тұтыну шығыны = 85,1 – 77,2 = 7,9

б) таза инвестиция = жалпы ішкі инвестиция – А = 16,2 – 7,9 = 8,3

8 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]