Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_makrodan_ffdocx.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
472.94 Кб
Скачать

Экономикада 3 түрлі жағдай болуы мүмкін:

- толық емес жұмысбастылық жағдай;

- толық жұмысбастылыққа жақын жағдай;

- толық жұмысбастылық жағдайы.

Жиынтық ұсыныс қисығы осыған сәйкес үш бөліктен тұрады:

а) горизонтальді немесе кейнстік;

б) аралық;

в) вертикальді немесе классикалық.

Кейнстік мектеп қысқа мерзімдегі уақыт аралығын зерттеген. Қысқа мерзімде барлық өндіріс факторлары толық қолданылмайды. Мысалы, өндіріс қуаттылықтары, шикізат, жұмыс күші өндіріс процесіне толық қатыспайды. Белгілі бір көлемге дейін (У) өндірістің өсуі бағаны өзгертпейді. Кейіннен өндірісті арттыру үшін бос өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Оларды қолдану шығындарды арттыратындықтан, баға біртіндеп өседі.

Классикалық мектеп ұзақ мерзімдегі экономиканы зерттейді. Бұл кезде барлық өндіріс факторлары өндіріске тартылады. Өндіріс көлемі максималды мәнге (У*) жетеді. Бұл потенциалды өндіріс деп аталады.

Қысқа мерзімде номиналды шамалар – баға, номиналды пайыздық ставка, номиналды жалақы баяу өзгереді. Сондықтан олар «тұрақты» шамалар болып табылады. Ал нақты шамалар - өндіріс, жұмысбастылық, нақты пайыздық ставка тез өзгереді. Олар «икемді» шамалар деп аталады. Ал ұзақ мерзімде, керісінше, номиналды шамалар тез, ал нақты шамалар баяу өзгереді.

Классикалық модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • өндіріс көлемі бағаға емес, тек өндіріс факторларының саны мен технологияға тәуелді;

  • технология мен өндіріс факторлары баяу өзгереді;

  • экономика толық жұмысбастылық жағдайда болады;

  • баға, номиналды жалақы тез өзгереді;

  • LRAS вертикаль түрде болады.

Кейнстік модель бойынша төменгі жағдайлар орындалады:

  • экономика өндіріс факторлары толық жұмыспен қамтылмаған жағдайда қызмет етеді.

  • баға, номиналды жалақы тұрақты болады.

  • нақты шамалар тез өзгереді.

  • SRAS горизонталь болады.

Ұзақ мерзімдегі, қысқа мерзімдегі және аралық мерзімдегі теңдестік нүктелерінің ерекшеліктерін төмендегі графиктерден аңғаруға болады (6 –сурет) .

3.

3. Тұтыну шығындары(C)-250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны(∆C) 2% . Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты(G)-40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: І═20+100%/r, мұндағы r=20% . Осы деректерді

пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз.

ШЕШУІ: ЖҰӨ=C+G+I (шетелдік сектор қатыспайды(Nx))

I=20+100%/r=20+100%/20=25, I=25; ЖҰӨ=250+40+25=315

13 Билет

1.Жиынтық сұраныс және оның құрамы Ұлттық экономика макроэкономика жағдайында жалғыз жиынтық фирмадан тұратын біртұтас нарық ретінде қарастырылады. Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:

- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)

- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)

- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)

- таза экспорт (Хп)

Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.

1-сурет

AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.

AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:

- пайыздық ставка әсерімен;

- нақты байлықтың әсерімен;

- импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.

Пайыздық ставканың әсері баға деңгейінің өндіріс көлеміне пайыздық ставка арқылы әсер ететіндігін көрсетеді. Егер ел ішінде баға өссе, пайыздық ставка көтеріледі. Өйткені ақшаға сұраныс артады. Бірақ пайыздық ставка өскен сайын инвестиция (І) төмендейді. Сонымен қатар пайыздық ставка артқан сайын тұтыну несиесінің ставкасы өсетіндіктен тұтынушы сұранысы (С) да төмендейді. Демек, баға өскен сайын ЖІӨ-нің нақты көлемі кемиді және керісінше.

Нақты байлықтың әсері төмендегі жағдайда көрінеді. Нарықтық экономикада үй шаруашылықтарының байлығы, негізінен, әр түрлі қаржылық активтер (акция, облигация, мерзімді шот) түрінде болады. Мысалы, индивидтің 100$ номиналдағы облигациясы болсын.Баға 2 есе өссе, осы облигациямен берілген нақты табыс та 2 есеге кемиді. Нақты байлық төмендесе, тұтынушы сұранысы азаяды. Яғни бағаның өсуі сұранысты азайтады.

Импорттық тауарларды сатып алу әсері – баға өскен жағдайда сатып алушы отандық тауарларды импорттық өнімдермен ауыстыруға тырысатындығынан көрінеді. Нәтижесінде отандық тауарға жиынтық сұраныс азаяды.

Жиынтық сұраныстағы өзгерісті ақшаның сандық теориясынан да көруге болады:

МV= РУ,

мұндағы М - ақша саны, V – ақша айналымының жылдамдығы, Р – баға, У – сұраныс бар өндіріс көлемі. Бұдан Р = немесе У =

Р өскен сайын ақша қоры азаяды, сәйкесінше сұранысы бар тауарлар мен қызметтер көлемі де азаяды.

Жиынтық сұранысқа бағадан басқа бағалық емес факторлар әсер етеді: тұтынушылардың байлығы, баға өзгерісін күту, салық, пайыздық ставка, субсидия, жеңілдікті несие, валюта курсының ауытқуы, сыртқы нарықтағы жағдай т. б. Сонымен бірге ақша саны (М), оның айналыс жылдамдығы (V) да жиынтық сұранысқа әсер етеді.

2а)-суретте ақша масасы мен ақшаның айналыс жылдамдығының көбеюі AD1 қиысығын AD2-ге орын ауыстырады.

2ә)-суретте әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың азаюы экспортты азайтады.

2а)-сурет 2ә)-сурет

Бағалық емес фактордың әсерін біржақты талдауға болмайды. Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады. Бірақ бұл шығындардың орнын қаржыландыру үшін мемлекет облигация шығарып ақша нарығындағы ресурстардың бөлігін өзіне қайтып алады. Бұл жеке сектор тарапынан пайыздық ставканы арттырады. Нәтижесінде қымбат тауарларды алу мүмкіндігі азаяды.

2. Жұмыссыздық: түсігінгі, түрлері Жұмыссыздық шаруашылық жасаудың нарықтық жүйесінің ажырамас белгісі болып табылады. Статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелерінен дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың деңгейінің өсетінін және өсу кезінде қысқаратынын байқауға болады.

Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады. Жұмысты белсенді түрде іздеу әрекеттеріне жататындар: еңбек биржасында тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, газет беттерінде хабарландыру беру немесе сәйкес хабарландыруларға көңіл бөлу т.с.с.

Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.

Жұмысы бар және толық емес жұмыс күшімен немесе аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың (жұмыспен қамтылғандардың) қатарына жатады. Жұмысы жоқ және белсенде түрде жұмыс іздемейтіндер жұмыс күшінің қатарынан кеткендер деп есептеледі. Олардың құрамына оқушылар, зейнеткерлер, үйлері жоқ адамдар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыстан күндерін үзгендер, абақтыда отырғандар, психиатриялық ауруы бар адамдар кіреді.

Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады;

U= * 100 %

Өткен он жылдағы және биылғы он жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейлерінің орташа мәні жұмыссыздықтың табиғи деңгейін (NAIRU) береді. Болашақтағы он жылдың мәліметі инфляцияның күтілетін деңгейінің ықтимал динамикасының негізінде анықталады. Әдетте, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5-6%-ды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі болады. Жұмыссыздықты есептеу әдістері де барлық елде бірдей бола бермейді. Мәселен, АҚШ- та соңғы төрт апта бойы жұмыссыз жүріп, жұмыс іздестіріп жүрген адамды жатқызады. Ал, Жапонияның жұмыссыздыққа қатысты қоятын талабы Американдықтарға қарағанда қатаңырақ келеді. Швецария жұмыссыздықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Мұның себебі: Швецария үкіметі жұмыстан айырылғандарды қайта дайындаудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асырып, ал ол жұмыстардың қатарында саналынбайды. Экономисттер жұмыссыздықтың үш түрін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.

Фрикциондық жұмыссыздық адамдардың бір аймақтан басқа бір аймаққа көшуімен, мамандығының ауысуымен, оқуымен, бала күтуімен байланысты орын алады. Оны, кейде өз еркімен болатын жұмыссыздық деп атайды.

Жұмыссыздықтың күрделі нысандарының бірі – құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық. Ол жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл сәйкессіздік өндірістегі технологиялық өндірістермен байланысты. Технологиялық өндірістердің салдарынан кейбір мамандық түрлеріне сұраныс азаяды және жұмыс берушілер жаңа кәсіп иелерін іздейді.

Құрылымдық жұмыссыздықтың фрикциондық жұмыссыздықтан айырмашылығы, біріншіден, ол ұзағырақ әрекет етеді, екіншіден, оның құрамына жататын адамдар мамандықтарын өзгерту үшін қайта дайындалудан өтеді.

Экономикада тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың орын алуын экономисттер табиғи жұмыссыздық деп атады. Табиғи жұмыссыздық потенциялды ЖІӨ көлеміне сәйкес келеді.

Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде циклдік жұмыссыздық орын алады. Ол экономикалық конъюнктураның ауытқуымен байланысты. Құлдырау сатысында тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс азаяды, бұл өндіріс пен жұмысбастылықтың қысқаруына әкеледі. Өсу сатысында, керісінше, тұтыну және инвистициялық тауарларға сұраныс артатындықтан жұмыс күшіне де сұраныс өседі.

Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейімен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады: U-U* Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы өндірістік ресурстардың толық қолданылмай отырғандығын дәлелдейді. Бұл кезде нақты өндіріс көлемі потенциалды деңгейден кіші болады. Циклдік жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты Оукен заңы арқылы түсінуге болады.

= − β (U-U*)

Мұндағы, У-нақты өндіріс көлемі

У*-потенциалды өндіріс көлемі

U-нақты жұмыссыздық

U*-табиғи жұмыссыздық

β- Оукен саны, ол эмпирикалық жолмен анықталады.

Циклдік жұмыссыздық қоғамның әл-аухаты мен жеке адамның әл-аухатының төмендеуіне әкеліп соғады: ЖІӨ қысқарады жеке адамның табысы азаяды, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленеді және салық түсімдері азаяды.

Экономисттер мемлекет кез-келген жұмыссыздықпен емес, тек циклдік жұмыссыздықпен күресу қажет деп есептейді. Алайда өзімізге белгілі Филлипс қисығы бойынша жұмыссыздық пен күресу қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Сондықтан жұмыссыздықты қысқартудың және жұмысбастылықты арттырудың қауіпсіз әдістерін қолдану керек. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

а) бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру жүйесін жетілдіру;

ә) еңбек биржаларының қызметін жетілдіру;

б) кадрларды қайта дайындау жүйесін дамыту;

в) орта және шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау;

г) жастарды, әйелдерді, қайта құрылған сала қызметкерлерін жұмысқа орналастырудың мақсаттық бағдарламаларын жасау.

3. Берілгені: Тұтыну(C)=3657; Инвестициялар(I)=741; Мемлекеттік сатып алулар(G)= 1098;Экспорт(Exp )=673; Импорт(Imp )=704; Амортизация(A)=576; Бизнеске салынатын жанама салық=471; Корпоративтік пайда=298; әлеуметтік қауіпсіздендіру жарналары(ӘҚЖ)=507; Таза процент= 467; дивиденттер(D)=159; мемлекеттік трансферттер(TR)=660; жеке пайыздық табыс=680; жеке салықтар=699. Қолма-қол таза табысты анықтандар.

ШЕШУІ: ЖҰӨ=C+G+I+Nx=3657+741+1098+(673-704)=5465:

ТҰӨ= ЖҰӨ-А═5465-576═4889

ҰТ═ТҰӨ- Жанама салық═4889-471═4418

ЖТ═ҰТ(4418)- Корпоративтік пайда(298)- әлеуметтік қауіпсіздендіру жарналары(507)+Таза процент(467)+ дивиденттер(159)+ трансферттер(660)+жеке пайыздық табыс(680) ═5579

ҚБТ═ЖТ-Жеке салық=5579-699=4880

14 Билет

  1. Инфилиция мен жұмыссыздықтың арасындағы байланыс. Филипс қисығы. Жиынтық ұсыныс қисығының теңдеуі арқылы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсетуге болады. Ол Филлипс қисығы арқылы көрінеді:

У=У*+ α (Р-Рe) => Р- Рe + 1/ α (У-У*)

Теңдеудің екі жағынан өткен мерзімдегі бағаны шегеріп, баға деңгейлерінің айырмасын инфляция қарқынымен ауыстыралық:

Р-Р-1= π

Ре-1= πе, мұндағы Р-нақты баға деңгейі, Р-1-өткен мерзімдегі баға деңгейі, π- инфляция деңгейі, πе- күтілетін инфляция.

Әрі қарай алгебралық түрлендіру жүргізу үшін Оукен заңын пайдаланамыз:

У-У*/ У*=-β(u-u*) - Оукен заңы.

Мұндағы: У- нақты өндіріс көлемі, У*-потенциалды ЖІӨ, u - нақты жұмыссыздық деңгейі, u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, β - ЖІӨ-нің циклдық динамикасына сезімталдық коэффициенті. Ол эмпирикалық жолмен, яғни зерттеулердің нәтижесінде алынады.

Жоғарыдағы заңға сәйкес нақты өндірістің потенциалды деңгейден ауытқуын нақты жұмыссыздықтың табиғи деңгейден ауытқуымен алмастырайық және теңдеуге бағаға әсер ететін ұсыныс сілкінісін қосайық. Нәтижесінде π = πе -β(u-u*)+έ теңдеуі алынады.

Сонымен Филлипс қисығы жиынтық ұсыныстың басқаша көрінісі және ол қысқа мерзімде инфляция динамикасы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді. Күтілетін инфляция деңгейі мен ұсыныс сілкінісі (έ) Филлипс қисығының орнын ауыстырады.

Бастапқыда Филлипс қисығы жұмыссыздық пен номиналды жалақы арасындағы кері тәуелділікті көрсеткен. Қазіргі Филлипс қисығы номиналды жалақының орнына баға деңгейінің өсу қарқыны, инфляциялық күту, ұсыныс сілкінісі қолданылады.

2а)-суретте Филлипс қисығының бастапқы түрі көрсетілген. Оның қазіргі үлгісін

2б)-суреттен көруге болады.

Филлипс қисығы макроэкономикалық тұрғыдан талдау жасаудың маңызды құралы болып табылады. Ол қысқа мерзімдегі жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты көрсетеді.

60-жылдың соңында Чикаго университетінің өкілі Милтон Фридман мен Колумбия университетінің өкілі Эдмунд Фелпс Филлипстің моделіне қарсы пікір айтады. Олардың тұжырымы төмендегідей: ұзақ мерзімде экономика жалақының өзгеру қарқыны мен инфляция қарқынынан тәуелсіз болады және табиғи жұмыссыздық орын алады. Олрдың айтуынша,егер жұмыссыздық табиғи деңгейден жоғары болса, көп адам жұмыс іздейді. Бұл жалақының төмендеуіне әкеледі. Сәйкесінше, фирмалар көп жолдауға тырысады.Сөйтіп жұмыссыздық табиғи деңгейге дейін жетеді.

Сонымен, дәстүрлі Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті,олардың қысқа мерзімдегі динамикасын көрсетеді. Ал ұзақ мерзімде жиынтық сұранысты арттыру өндіріс көлемі мен жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай өзгертпейді,негізінен, бағаны өзгертеді. Филлипс қисығы ұзақ мерзімде табиғи жұмыссыздық деңгейіне сәйкес келетін вертикаль түзу болып табылады.

2. AD-AS қисығына әсер ететін факторлар Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.

Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.

Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

- салықтарды төмендету;

- ақша массасын көбейту;

- мемлекеттік шығынды өсіру.

3. Егер ЖҰӨ=5465 млн теңге, Тұтыну(C)=3657 млн теңге, Инвестициялар(I)=741млн теңге, Салықтар(Т)=1910млн теңге болса, онда мемлекеттік сатып алулар(G) неге тең болды?

ШЕШУІ:

ЖҰӨ=C+G+I (шетелдік сектор қатыспайды(Nx))

5465=3657+G+741; G=1067

15 Билет

  1. Инфилиция мәні және оның түрлері Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:

π=

Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі

Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол инфляцияға кері процесс. Инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады. Швед экономисті Б. Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді. Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.

Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:

- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі

- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі

- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды.

Айқын инфляция сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы формасын да қабылдауы мүмкін.

Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвистицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.

Ал шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі- стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.

Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарының алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.

Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар ұтылады.

Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттің күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу- оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:

  • ақша массасын азайту;

  • есептік ставканы арттыру;

  • міндетті резервтер нормасын көтеру;

  • мемлекеттік шығындарды қысқарту;

  • салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.

Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.

2. Макроэкономикалық тұрақсыздық себептері Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі.

Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

 Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция дегеніміз - экономикадаға орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі, ал енді бірінікі өзгеріссіз қалуы мүмкін.

Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:

π=

Мұндағы Р- ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі

Р-1- өткен жылдағы бағаның орташа деңгейі

Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол инфляцияға кері процесс. Инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады. Швед экономисті Б. Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді. Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.

Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:

- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі

- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі

- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды.

3. Келесідей деректер бар: Жұмыспен қамтылғандар саны(E) 90 млн адам. Жұмыссыздар саны(U) 10 млн адам. Жұмыссыздық көлемін анықтандар?

90 млн. жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн адам жұмыстн шығарылған еді; 1млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтандар: а)Жұмыспен қамтылғандардың санын; ә) жұмыссыздар санын; б) жұмыссыздық көлемін.

ШЕШУІ: 1)Ug=U/L*100%=10/(E+U)*100%=10/(90+10)*100%=10%

2)∆E=0.5

E1=E-∆E=90-0.5=89.5млн адам

U=10+0.5-1=9.5млн адам

Ug=9.5/(89.5+9.5)*100%=9.5/99*100%=9.6%

16 Билет

1. Жұмыссыздықтың түрлері және оның табиғи деңгейі Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Жұмыссыздықтың негізгі формалары:

 Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; - жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі. Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды.

2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

2.AD-AS қисықтарының қиылысуы нені білдіреді? AD-AS қисығына әсер ететін факторлар Жиынтық сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін инфляция қарқыны мен нақты ұлттық өнім көлемі (баға өзгеріссіз қалған кездегі өнім құны) экономиканың жалпы макроэкономикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраным жиынтық ұсынымға тең болғанда, экономикалық тепе-теңдік қалыптасады.

Кез-келген ұлттық экономикада нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі, инфляциялық процестердің жылдамдауына алып келеді.

Егер де нақты ЖҰӨ-нің ағымдағы өндірісі белгіленген потенциалдан төмен болса, онда жұмыссыздық деңгейін, жиынтық сұранымды өсіруді ынталандыру арқылы төмендетуге болады.

Мұндай жағдайға жету үшін, мемлекеттің экономикалық саясатының 3 негізгі құралы қолданылады:

- салықтарды төмендету;

- ақша массасын көбейту;

- мемлекеттік шығынды өсіру.

3. Төмендегі кестеде белгілі бір кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіші берілген.

1-жыл

5-жыл

Жұмыс күші (L)

84889

95453

Жұмыспен қамтамасыз етілгендер (E)

80796

87524

Жұмыссыздар (U)

-

-

Жұмыссыздықтың көлемі(Ug)

-

-

a) Бірінші жіне бесінші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтандар;

ә)Қарастырылып отырған кезеңнің бесінші жылында адамдар толық жұмыспен қамтылған деуге болама?

ШЕШУІ: A) L=E+U; U=L-E

1-жыл) U=84889-80796=4093мың адам 5-жыл) U=95453-87524=7929мың адам

Ug=U/L*100%

1-жыл) Ug=4093/84889*100%=4.8% 5-жыл) Ug=7929/95453*100%=8.3%

Ә) Жоқ, өйткені жұмыссыздық деңгейі 8,3 тең. Бұл көрсеткіш көп экономистердің бағалауынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен көп, толық жұмыспен қамтылуға сәйкес келмейді.

17 Билет

1. Ұлттық есеп жүйесіндегі басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық қалыптасу заңдылықтары — нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

  • инфляция мен инфляция қарсы саясат;

  • экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

  • экономикалық дамудың циклдары;

  • ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

  • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады. Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

2.Экономикалық цикл фазалары және олардың ерекшеліктері Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.

Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

2. Инвестициялар өседі.

3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

3. Тауарлардың бағасы өседі.

4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

5. Несиеге сұраныс өседі.

Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

3.

18 Билет

1. Жиынтық сұраныс дегеніміз не және оны қандай компоненттері құрайды? Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:

- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)

- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)

- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)

- таза экспорт (Хп)

Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.

1-сурет

AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.

AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:

- пайыздық ставка әсерімен;

- нақты байлықтың әсерімен;

- импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.

Пайыздық ставканың әсері баға деңгейінің өндіріс көлеміне пайыздық ставка арқылы әсер ететіндігін көрсетеді. Егер ел ішінде баға өссе, пайыздық ставка көтеріледі. Өйткені ақшаға сұраныс артады. Бірақ пайыздық ставка өскен сайын инвестиция (І) төмендейді. Сонымен қатар пайыздық ставка артқан сайын тұтыну несиесінің ставкасы өсетіндіктен тұтынушы сұранысы (С) да төмендейді. Демек, баға өскен сайын ЖІӨ-нің нақты көлемі кемиді және керісінше.

Нақты байлықтың әсері төмендегі жағдайда көрінеді. Нарықтық экономикада үй шаруашылықтарының байлығы, негізінен, әр түрлі қаржылық активтер (акция, облигация, мерзімді шот) түрінде болады. Мысалы, индивидтің 100$ номиналдағы облигациясы болсын.Баға 2 есе өссе, осы облигациямен берілген нақты табыс та 2 есеге кемиді. Нақты байлық төмендесе, тұтынушы сұранысы азаяды. Яғни бағаның өсуі сұранысты азайтады.

Импорттық тауарларды сатып алу әсері – баға өскен жағдайда сатып алушы отандық тауарларды импорттық өнімдермен ауыстыруға тырысатындығынан көрінеді. Нәтижесінде отандық тауарға жиынтық сұраныс азаяды.

Жиынтық сұраныстағы өзгерісті ақшаның сандық теориясынан да көруге болады:

МV= РУ,

мұндағы М - ақша саны, V – ақша айналымының жылдамдығы, Р – баға, У – сұраныс бар өндіріс көлемі. Бұдан Р = немесе У =

Р өскен сайын ақша қоры азаяды, сәйкесінше сұранысы бар тауарлар мен қызметтер көлемі де азаяды.

Жиынтық сұранысқа бағадан басқа бағалық емес факторлар әсер етеді: тұтынушылардың байлығы, баға өзгерісін күту, салық, пайыздық ставка, субсидия, жеңілдікті несие, валюта курсының ауытқуы, сыртқы нарықтағы жағдай т. б. Сонымен бірге ақша саны (М), оның айналыс жылдамдығы (V) да жиынтық сұранысқа әсер етеді.

2а)-суретте ақша масасы мен ақшаның айналыс жылдамдығының көбеюі AD1 қиысығын AD2-ге орын ауыстырады.

2ә)-суретте әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың азаюы экспортты азайтады.

2а)-сурет 2ә)-сурет

Бағалық емес фактордың әсерін біржақты талдауға болмайды. Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады. Бірақ бұл шығындардың орнын қаржыландыру үшін мемлекет облигация шығарып ақша нарығындағы ресурстардың бөлігін өзіне қайтып алады. Бұл жеке сектор тарапынан пайыздық ставканы арттырады. Нәтижесінде қымбат тауарларды алу мүмкіндігі азаяды.

2. Макроэкономика пәні және зерттейтін негізгі проблемалары Макроэкономика – экономиканы толығымен оқытатын ғылым , яғни экономикалық жүйені толығымен дамыту мен іс-әрекеттерін зерттейді.

Макроэкономика – тұрақты экономикалық өсу, ресурстарды толық қамтамасыз ету, инфляция деңгейін төмендету және төлемдік баланс тпеңдігі шарттарын қамтамасыз ету көзқарасы жағынан біртұтастық ретінде экономиканың тәртіптерін оқытатын экономикалық ғылым. Экономикалық өсу халық пен технологиялық үрдістің өсуі сияқтя салыстырмалы тұрақты факторлардың әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Ұзақмерзімді перспективада бұл факторлардың динамикасы өндірістің потенциалды көлемінің динамикасын анықтайды.

Макроэкономистер табыстар, бағалар, жұмыссыздық пен басқа да көптеген экономикалық көрсеткіштер туралы мағлұматтар жинайды. Осыменен бірге макроэкономиканы оқытудың мақсаты тек қана экономикалық құбылыстарды түсіндіріп қана қоймайды, соныменен қатар экономикалық саясатты жетілдіру.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

  • ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

  • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

  • инфляцияның табиғатын талдау;

  • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

  • кономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу;

  • ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу; • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теорияжүзінде дәлелдеу.

3. ЖҰӨ═5000$. Тұтыну шығындары(C)═3200$ мемлекеттік шығындар(G) 900долл.,ал таза экспорт(Nx) 80долл. Анықтау керек:

Инвестиция көлемін(I)

Экспор(Exp)т 350 долл болғанда импорт көлемін(Imp)

Амортизация көлемі(A)150 долл болғанда ТҰӨ-ді

ШЕШУІ: ЖҰӨ═C+G+I+Nx; 5000═3200+900+80+І; 5000═4180+І; І═5000-4180; І═820

Nx═ Exp-Imp; 80═350- Imp; Imp═350-80; Imp═270

ТҰӨ═ЖҰӨ-А═5000-150═4850

19 Билет

1. Тұтыну бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы

Тұтынушылық бағалар индексі. ЖІӨ дефляторынан басқа бір индекс тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ) де аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оның құрамына тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағалары кіреді. Бұл жерде тұтынушылық тауарлар мен қызметтер құрамының жиынын«тұтыну себеті» (потребительская корзина) деп атайды. Тұтыну себеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және олардың өмір сүруінің негізі болып табылатын бірінші қажеттіліктегі ең маңызды заттарды есепке алады. Мәселен, АҚШ-та ТБИ тұтыну себетінің құрамына кіретін 300-ден астам тауарлар мен қызметтердің бағаларын есепке алады.  ТБИ-дың ЖІӨ дефляторынан басты айырмашылығы мынадан көрінеді, яғни ТБИ нарықтық тұтыну себетінің құрамын тұрақты, өзгермейді деп болжайды. Жылдан жылға тауарлар мен қызметтердің құрылымы өзгеріссіз қалады. Ал ЖІӨ дефляторы нарықтық тұтыну себетінің құрамы жылдан жылға өзгеріп отырады деп болжайды. Бірақ, біз белгілі бір дәрежеде бағалар индексінің салыстырмалы көрсеткіштер болып табылатындығын және ЖІӨ дефляторының да, ТБИ-дың да өзіне тән кемшіліктерінің бар екендігін айтып өткеніміз жөн.Тұрақты баға жағдайында тұтыну табыстан тәуелді екендігі түсінікті. Үй шаруашылықтары табыстарының бір бөлігін тұтынуға жұмсаса, қалған бөлігін жинақтайды, яғни :

У = С + S

Егер тұтыну өссе, жинақ азаяды және керісінше. Жинақтау мен тұтыну табыстың көлемінен тәуелді болады. Осы тәуелділікті көрсету үшін тұтынуға деген орташа бейімділік (АРС ), тұтынуға деген  шекті бейімділік ( МРС )  шамалары қолданылады.

Тұтынуға деген орташа бейімділік табыстың қанша бөлігі тұтынуға жұмсалатындығын көрсетеді:

АРС = С/У

Тұтынуға деген шекті бейімділік табыс өзгерген кездегі тұтынудың қаншаға өзгеретініндігін көрсетеді:

МРС =Δ C/ΔУ

Дж. Кейнс “табысы өскен сайын тұтынушы тұтынуды арттырады, бірақ тұтынудың  өзгерісі  табыстың өзгерісіне қарағанда кіші болады” деп есептеді. Бұл Кейнстің “Негізгі психологиялық заңы ” болып табылады.

            Тұтыну функциясы тұтынудың белгілі бір факторлардан тәуелділігін сипаттайды:

С = а+ в ( У – Т),

мұндағы      С– тұтыну шығындарының көлемі,

                     а  – табыстан тәуелсіз автономды шығындар,

                  в  – тұтынуға деген шекті бейімділік

                    (У – Т) – қолда бар табыс

Табыс болмаған жағдайда да автономды шығындар орын алады.

Табыстың  қанша бөлігінің жинақталатынын көрсететінін көрсеткіш жинақтауға деген орташа бейімділік деп аталады.

АРS = S/У

Кейнс жинақты табыс көлемінен тәуелді шама деп есептеді. Табыстың өзгеру көлемі жинақтауды қаншаға өзгеретіндігін көрсету үшін жинақтауға шекті бейімділік көрсеткіші қолданылады:

MPS = ΔS/ΔУ

Тұтыну мен жинақтаудың өзгерістерінің сомасы табыстың өзгерісіне тең болады:

                                        ΔC + ΔS = ΔУ

ΔC/ΔY + ΔS/ΔY =1 немесе МРС +МРS = 1

Кейнс моделін толық түсіндіру мақсатында П. Самуэльсон жинақтау мен тұтыну арасындағы байланысты көрсететін төмендегі графикті ұсынды:

                                             

 

                                  1 - сурет

            Жоғарыдағы, графиктен аңғарғанымыздай,  Е нүктесінде тұтыну табыстың көлеміне сәйкес келеді. Бұл кезде жинақтау да, қарыз алу да орын алмайды.

            Егер табыс теңдестік деңгейден кіші болса (УЕ нүктесінің сол жағы), тұтынуға табыстан көп ақша жұмсалады. Адамдар жетпеген соманы қарызға алады немесе бұрыннан жинақтаған мүлкін сату арқылы табады. Бұл кезде жинақтау “теріс ” болады.

            Егер табыс теңдестік деңгейден артық болса (УЕ нүктесінің оң жағы), тұтынудан табыстың бір бөлігі ауысады. Оны адамдар жинақтауға бағыттайды.

Тұтынудың кейнстік талдауы алғаш рет  АҚШ-та 1942 жылы эмпирикалық жолмен тексерілген.  Америкалықтардың тұтыну динамикасы мен табыстары туралы деректердің негізінде

40 – жылдардың басындағы АҚШ үшін тұтыну функциясы алынды. Ол мына түрде болды:

С = 47,6 + 0,73У (млрд доллармен берілген)  Дж. Кейнстің бұл функциясы көптеген елдерде қысқа мерзімдік талдаулар жасау үшін қолданылады. Ол ұзақ мерзімдегі болжамдар үшін пайдалануға жарамсыз болып табылады. Мұны алғаш анықтаған Американың белгілі экономисті С. Кузнец  1869 – 1938 жылдар аралығындағы АҚШ-тың ЖІӨ мен оның құрамындағылардың динамикасы туралы деректерге талдау жасады. Ол сол уақыт аралығында тұтынуға деген орташа бейімділік, негізінен, тұрақты 0,86-ға тең болғандығын анықтады. Сондықтан  АҚШ үшін ұзақ мерзімдегі тұтыну функциясы  С = 0,86У түрінде болды. 0,86 коэффициенті “ұзақ мерзімдегі тұтынуға деген орташа бейімділік”деген атқа ие болды және эмпирикалық тексерулер нәтижесінде өзінің жоғары тұрақтылығын байқатты. Ұзақ мерзімдегі тұтынушылардың бұл әрекеті белгілі экономисттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Нәтижесінде, ұзақ мерзімдегі тұтынуға деген орташа бейімділіктің өзгерісі табыс өзгерісіне  пропорционалды жүретіндігін түсіндіретін бірқатар гипотезалар ұсынылды. Олардың арасынан төмендегілерді ерекше атап өтуге болады:

а) салыстырмалы табыс гипотезасы;

б) перманентті (тұрақты) табыс гипотезасы;

в) өмірлік цикл гипотезасы.

Салыстырмалы табыс гипотезасы тұтынудың жеке тұлға табысының жалпы табыстар шкаласындағы орнына тәуелді екендігін айтады.

А.Фридмен ұсынған перманентті табыс гипотезасы тұтынудың тұрақты болуын тұтыну шығындарының үй шаруашылығының ағымдық табысына емес, бірнеше жылдар бойы қалыптасқан орташа табысына тәуелді екендігімен түсіндірді.

            Өмірлік цикл гипотезасы тұтынудың тек ағымдық қолда бар табыстан емес, тұлғаның өмірлік циклінде алынатын табысқа байланысты екендігін көрсетті. Бұл концепцияға сәйкес, ағымдық тұтынуға болашақта алынатын табыс әсер етеді. Осы еңбегі үшін Ф.Модильяни 1985 жылы Нобель сыйлығын алған.

            Сонымен қатар Ф.Модильяни тұтынудың табысқа пропорцианалды түрде өсуін тауар сапаларының жақсаруымен, жаңа тауарлардың пайда болуымен түсіндірді.

2. Жиынтық сұраныс қисығының көлбеулігін немен түсіндіреміз? Жиынтық сұраныс – экономикада өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтерге жұмсалған барлық шығындардың сомасы. Жиынтық сұраныс негізгі төрт компоненттен тұрады:

- тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылылар сұранысы (С)

- фирмалардың инвестициялық сұранысы (І)

- мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (G)

- таза экспорт (Хп)

Тұтыну тауарларына сұраныс баяу, ал инвестициялық тауарларға сұраныс тез жүреді. Жиынтық сұраныстың көп бөлігін жеке тұтыну шығындары алады. Жиынтық сұраныс AD әрпімен белгіленеді.

1-сурет

AD қисығы үй шаруашылық, бизнес, үкімет және шетелдің жиынтық шығындарының баға деңгейінің өзгерісінен тәуелділігін көрсетеді. Баға деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алатын нақты ЖІӨ-нің көлемі артады. Өйткені тауар мен қызметті нақты сатып алу өседі.

AD қисығының теріс көлбеулігі төмендегі маңызды әсерлермен түсіндіріледі:

- пайыздық ставка әсерімен;

- нақты байлықтың әсерімен;

- импорттық тауарларды сатып алу әсерімен.

Пайыздық ставканың әсері баға деңгейінің өндіріс көлеміне пайыздық ставка арқылы әсер ететіндігін көрсетеді. Егер ел ішінде баға өссе, пайыздық ставка көтеріледі. Өйткені ақшаға сұраныс артады. Бірақ пайыздық ставка өскен сайын инвестиция (І) төмендейді. Сонымен қатар пайыздық ставка артқан сайын тұтыну несиесінің ставкасы өсетіндіктен тұтынушы сұранысы (С) да төмендейді. Демек, баға өскен сайын ЖІӨ-нің нақты көлемі кемиді және керісінше.

Нақты байлықтың әсері төмендегі жағдайда көрінеді. Нарықтық экономикада үй шаруашылықтарының байлығы, негізінен, әр түрлі қаржылық активтер (акция, облигация, мерзімді шот) түрінде болады. Мысалы, индивидтің 100$ номиналдағы облигациясы болсын.Баға 2 есе өссе, осы облигациямен берілген нақты табыс та 2 есеге кемиді. Нақты байлық төмендесе, тұтынушы сұранысы азаяды. Яғни бағаның өсуі сұранысты азайтады.

Импорттық тауарларды сатып алу әсері – баға өскен жағдайда сатып алушы отандық тауарларды импорттық өнімдермен ауыстыруға тырысатындығынан көрінеді. Нәтижесінде отандық тауарға жиынтық сұраныс азаяды.

Жиынтық сұраныстағы өзгерісті ақшаның сандық теориясынан да көруге болады:

МV= РУ,

мұндағы М - ақша саны, V – ақша айналымының жылдамдығы, Р – баға, У – сұраныс бар өндіріс көлемі. Бұдан Р = немесе У =

Р өскен сайын ақша қоры азаяды, сәйкесінше сұранысы бар тауарлар мен қызметтер көлемі де азаяды.

Жиынтық сұранысқа бағадан басқа бағалық емес факторлар әсер етеді: тұтынушылардың байлығы, баға өзгерісін күту, салық, пайыздық ставка, субсидия, жеңілдікті несие, валюта курсының ауытқуы, сыртқы нарықтағы жағдай т. б. Сонымен бірге ақша саны (М), оның айналыс жылдамдығы (V) да жиынтық сұранысқа әсер етеді.

2а)-суретте ақша масасы мен ақшаның айналыс жылдамдығының көбеюі AD1 қиысығын AD2-ге орын ауыстырады.

2ә)-суретте әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың азаюы экспортты азайтады.

Бағалық емес фактордың әсерін біржақты талдауға болмайды. Мемлекеттік шығындардың өсуі жиынтық сұранысты арттырады. Бірақ бұл шығындардың орнын қаржыландыру үшін мемлекет облигация шығарып ақша нарығындағы ресурстардың бөлігін өзіне қайтып алады. Бұл жеке сектор тарапынан пайыздық ставканы арттырады. Нәтижесінде қымбат тауарларды алу мүмкіндігі азаяды.

3. табыс деңгейі У=10000тг, салықтар Т=1000 тг болса, онда С=2500+0,5(У-Т) функциясындағы тұтыну көлемінің шамасы қандай?

Шешуі: Y=10000

T=1000

C=2500+0.5(Y-T)=2500+0.5(10000-1000)=2500+0.5*9000=7000

20 Билет

1.Жиынтық ұсыныстың қысқа және ұзақ мерзімдері бойынша ерекшелігін түсіндір. Жиынтық ұсыныс – экономикалық жүйеде белгілі бір баға деңгейінде өндірілген нақты өнім көлемі. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс қисығы микроэкономикадағыдан ерекшеленеді.

Жиынтық ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар: технологиядағы, ресурстар бағасындағы, салық салудағы өзгерістер.

3-сурет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]