Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология для уи а , фс .rtf
Скачиваний:
129
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.77 Mб
Скачать
  1. 1 Апта

  2. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері

  3. Психологияның принциптері: бейнелеу, субъект (антропологиялық), даму, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психикалық құыблыстардың жүйелік детерминациясы.

  4. Тұрмыстық және ғылыми психологияның негізгі айырмашылықтары және жүйелі талдау. Ғылыми- психологиялық зерттеудің нәтижелері, олардың теориялық және қолданбалы мәні.

  5. Психика тіршілік иелерін объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы жалпы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Психикалық бейнелеу объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциялары.

  6. Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары. Психологияның философия аясында дамуы. Психология тарихында психиканы зерттеудің идеалистік және материалистік бағыттары. Психология табиғи және гуманитарлық ғылыми пән ретінде.

  7. Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Фундаменталды психологиялық ғылымдар: жалпы психология, әлеуметтік психология, даму психологиясы, дифференциалды психология, психология тарихы, зоопсихология (салыстырмалы психология). Қолданбалы психология ғылымдары: педагогикалық психология, еңбек психологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, коррекциялық психология, спорт психологиясы, дін психологиясы, заң психологиясы және т.б.

  8. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттерінің өзара байланыстылығы. Психология ғылымы мен практиканың ынтымақтасу формалары. Психология, психотерапия, психологиялық кеңес беру. Тұлғаның тәрбиесі мен оқыту міндеттерін шешудегі психологияның орны. Адамдардың денсаулығын сақтауға, халық шаруашылығын дамытуға, мәдениетті дамытуға бағытталған психологиялық білімдердің мәні.

  9. Психологияның әдістері. Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективті әдістері. Бақылау, өзін-өзі бақылау. Әңгімелесу, адамдардың іс-әрекеті өнімдерін талдау. Табиғи және лабораториялық эксперименттер. Қалыптастырушы эксперимент. Психикодиагностикалық тестер. Сананы зерттеудің психосемантикалық әдістері. Тұлғаны зерттеудің психобиографиялық әдістері. Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Психикалық процестерді қалыптастыру мен моделдеу зерттеу әдісі ретінде. Салыстырмалы - патологиялық әдіс. Психологиялық зерттеулерде математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану. Психологиядағы өлшеу.

  10. 2 Апта

  11. Іс-әрекетті психологиялық талдау

  12. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Іс-әрекеттің заттылығы. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлаушы және орындаушы, индивидуалды және біріккен, шығармашылық және шығармашылық емес іс-әрекеттер. Іс-әрекет субъектісі. Іс-әрекеттің мақсаты мен мотивтері. Іс-әрекет және психикалық процестер.

  13. Іс-әрекетте психикалық бейнелеудің туындауы және функциясы. Саналы мақсатқа жетуге арналған процестер ретінде әрекеттің сипаттамасы. Әрекеті орындау тәсілдері (операциялар) олардың жағдайлар мен мақсатқа жету құралдарынан тәуелділігі. Іс әрекетті құрайтындардың бір біріне өтуі.

  14. Әрекет адам іс-әрекетінің бірлігі ретінде. Оның мақсатты бағытталған сипаты. Бейне негізінде іс әрекетті реттеу. Әрекеттің бағдарлаушы негізі жайлы түсінік. Әрекеттің іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктерінен тәуелділігі. Ішкі, ақыл-ой әрекеті. Мақсат қалыптасу процесі.

  15. Әрекетті (операциялар) орындау тәсілдері. Әрекеттің операцияға айналуы. Операциялардың саластырмалы тәуелсіздігі, оларды бір әрекеттен басқасына ауыстыру. Ақыл-ой операциялары.

  16. Психомоторика жайлы түсінік. Әрекеттің қимыл құрамы

  17. Қимыл міндеттері, әрекетті орындау бағдарламасы; әрекетті үнемі коррекциялау; афферентті жүйенің ролі және күрделі қимыл актілерін реттеудегі кері сигнализация (Н.А. Бернштейн). Кері афферентация мен “акцепторлік әрекет” туралы ұғым (П.К. Анохин).

  18. Онтогенезде психомоториканың дамуы.

  19. 3 Апта

  20. Психиканың пайда болуы және эволюциясы

  21. Психология тарихындағы психиканың критерияларын іздеу. Психикадағы субъективті және объективті критериялар. Сезгіштік түсінігі психиканың қарапайым формасы ретінде.

  22. Іс әрекет пен психиканың даму сатылары. Туа біткен және индивидуалды- өзгергіш мінез-құлық. Инстинкт түсінігі, жануарлар интеллектісі және үйрену.

  23. Мінез-құлықтың рефлекторлық теориясы. Р. Декарттың еңбектеріндегі рефлекс туралы идеялар. И.М. Сеченовтің Ч.Шерингтонның, И.П.Павловтың, П.К.Анохиннің, Н.А. Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы.

  24. Жануарлардың іс әрекеті жайлы түсінік және эволюция жолында оның күрделенуі. Жануарлардың іс-әрекетінің заттық мазмұны мен құрылымының өзара қатынасы. Жануардағы бейнелеу формасы. Жануарлардың мінез-құлық мотивациясы. Биологиялық мағына түсінігі. Жануарлардағы коммуникация процесі және мінез-құлықтың топтық формасы.

  25. Адам психикасының қоғамдық - тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Қоғамдық өндіріс адам тіршілігінің тәсілі ретінде. Еңбекке өтудің биологиялық алғышарттары. Еңбек іс-әрекетінің сипаты: ұжымдық, құралдық, жемістілік (жаңа заттарды өндіру).

  26. Адамдағы бейнелеу деңгейлері. Сананың дамуы және пайда болуы. Саналы және ұғынылмаған психикалық процестер. Ішкі дайындық түсінігі (Д.Н. Узнадзе). Іс-әрекетті реттеудегі ұғынылған және ұғынылмаған процестердің арақатынасы.

  27. Психология және философиядағы сана мәселелері. Қоғамдық және индивидуалды сана. Сананың туындау шарты: ұжымдық еңбек іс-әрекеті және тіл. Іс-әрекеттің және сананың бірлігі принципі.

  28. Сананың нақты психологиялық сипаттамасы. Саналы бейненің құрылымы: сезімталды ұлпа,жеке бастық мағына. Олардың әлемнің саналы көрнісін құрудағы рөлі.

  29. Жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуы. Жоғарғы психикалық функциялардың әлеуметтік, жанамаланған, ерікті сипаты. Сананың адамзат тарихында және жеке адам онтогенезінде дамуы.

  30. 4 Апта

  31. Психикалық құбылысардың жалпы құрылымы

  32. Мидың психофизиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, мнемикалық, вербалды-логикалық, психомоторлық).

  33. Психикалық процестер: сенсорлы-перцептивті, ойлау, қиял және елес, ес, зейін, эмоция, ерік, мотивация. Жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуы. Жоғарғы психикалық функциялардың әлеуметтік, жанама, ерікті және оның жүйелік құрылымы.

  34. Психикалық күй. Психикалық күйдің түрлері. Кейбір психикалық күйдің сипаттамасы: стресс,үрей, көңіл-күй, аффект.

  35. Психикалық қасиет және құрылым. Интегралды психикалық құрылымның сипаттамасы. Интеллект. Бағыттылық.

  36. 5 Апта

Сезімдік таным психологиясы

Түйсік - бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Түйсік сананың сезімдік ұлпасы ретінде. Түйсік және стимулға қатысты мінез-құлықтың бағдарлануы. Қозғалысты реттеудегі түйсіктің рөлі. Түйсік - психикалық дамудың көзі ретінде. Түйсіктің танымда, еңбекте, қарым қатынаста дамуы. Сенсуализм және оның психология тарихындағы түрлері.

Түйсіктің бейнелеу объектілерінің материалды қасиеттерінен тәуелділігі. Түйсік бейнелерінің ерекшелігі. Түйсіктің негізгі қасиеттері: модалдық, интенсивтілік, кеңістікті-уақыт құрылымы. Сезгіштіктің мидың сенсорлық функциясы ретінде және түйсінудің объектілердің материалды қасиет бейнелері ретіндегі арақатынасы.

Түйсіктің негізгі түрлері – статикалық-динамикалы, есту, көру, тактилді, кинестетикалық-динамикалы, температуралы, дәмдік, иіс, вибрациялы, ауырсну, интероцептивті түйсінулер. Химиялық, физикалық, механикалық түйсінулер (В.Вундт).

Түйсінулердің классификациясы. Экстероцептивті, интероцептивті, проприоцептивті түйсінулер. Протопатикалық сезгіштік. Механикалық, химиялық, механикалық түйсіну түрлері.

Анализаторлар-түйсіктің анатмомиялық - физиологиялық механизмі. Рецепторлар - стимулдың физикалық энергиясын жүйке жүйесінің электрофизиологиялық энергиясына өзгертуші. Анализатордың орталық аяқталуы. Бас миының үлкен жарты шарындағы қабығында сезгіштіктің әр түрлерін локализациялау. Б.Г.Ананьев бойынша сенсорлық ұйымдастыру филогенезде құралған анализаторлардың арасындағы тұрақты байланыстардың жүйесі ретінде.

Стимулдың физикалық параметрі, олардың анализатордағы бейнелері. Түйсіну табалдырықтары жайлы түсініктер. Анализатордың шешуші қабілеті. Абсолютті (төменгі және жоғарғы) сенсорлық табалдырық. Дифференциалды сенсорлық табалдырық. Вебер-Фехнер заңы. Стивенс заңы. Психофизика бойынша жаңа зерттеулер.

Сезгіштік туралы ұғым, оның динамикасы. Субсенсорлық құбылыс. Анализаторлардың адаптациясы, сенсибилизациясы. Анализаторлардың сезгіштігін жоғарлатудағы іс - әрекеттің рөлі. Түйсіктің ассоциациясы. Синестезия.

Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы

Көру түйсігі және оның ми субстраты. Түстерді түйсіну сапасы: жарқырау, контраст және түс, қанығу олардың жарық стимул физикалық параметрлерінен тәуелділігі. Ахроматикалық және хроматикалық көру. Түстерді араластыру заңдары. Негізгі және қосымша түстер. Юнг-Гельмгольц, Геринг- түстерді көру теориясы.

Жарық сезгіштік. Көру өрісі және бұрышы. Көру өткірлігі. Жарық және қараңғы адаптация. Фоторецептордағы фотохимиялық процестер.

Түйсік, оның ми субстраты. Есту түйсіну сапалары: қаттылық, биіктік. Дыбыс тембрін талдау. Олардың стимулдың физикалық қасиетінен тәуелділігі. Есту түйсінуінің іс әрекетпен, қарым-қатынаспен байланысы.

Кинестезия – адамның практикалық әрекетімен байланысты бұлшық- буын сезімдері. Спортта қимыл координациясының, локомациясының, жұмыс қимылдарын реттеудегі кинестезияның ролі. И.М.Сеченов бұлшық ет сезімі жайлы. Бұлшық ет түйсінулері – барлық интермодалды ассоциациялар мүшесі ретінде.

Тактилді түйсіктер – енжар сипап сезу. Тері сезім мүшесі ретінде. Тактилді анализатордың құрылысы. Тактилді түйсінудің сипап сезу құрамына кіруі. Еңбекте, танымда, қарым қатынастағы сипап сезудің рөлі. Тактилді түйсіну әлем жайлы және олардың басқа түйсінулерді бекіту ролі жайлы объективті информация көзі ретінде.

Ауырсынудың екі жақты табиғаты – олар эмоция және түйсінулер. Ауырсыну – түйсіну зақымданған объект жайлы мәлімет беруші. Ауырсыну түйсінулерінің биологиялық мағынасы.

Температуралық түйсінулер – орта температурасын және теріні, денеңнің температурасының айырмашылығына реакция. Жылу алмастыруды және температуралық түйсінулерді реттеу.

Статикалы-динамикалық түйсінулердің жалпы сипаты, жылдамдату және теңесу түйсінуі. Гравитация-статикалы-динамикалық түйсінулердің тұрақты шарты. Жұмыс үстінде, күрделі спорттық қимылдарды, локомацияны реттеудегі статикалы-динамикалы түйсінулердің рөлі.

Вибрациялық түйсінулер естуге жақын. Механикалық тербелістерге диффуздық сезгіштік. Естудің вибрациялық түйсінулермен компенсациясы.

Иіс сезу, дәм және интеррецептивті (органикалық) түйсіктер, метаболизммен байланысы, организмнің дұрыс тіршілігі үшін мәні. Дене схемасы – субъектінің өз денесін ұғыну нәтижесі ретінде.

Қабылдау және елес

Қабылдау сезімдік бейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы сипаттамасы: объективті және субъективті – бағдарлаушы бағыттар. Қабылдау психологиясындағы гештальтпсихология, когнитивті психология, Б.Г.Ананьев және А.Н.Леонтьев мектептері.

Қабылдаудың қасиеттері: заттылық, тұтастық, категориялық, ұғынымдылық. Апперцепция.

Қабылдаудағы ішкі ыңғайлануды зерттеу. Ішкі ыңғайланудың қабылдауға әсерін эксперименталды зерттеу. Инварианттылық арақатынас заттық бейне мазмұнын құрудың заңы ретінде. Қабылдау бейнелерін құру фазалары (Н.Н.Ланге, Б.Ф.Ломов).

Адамның ортамен өзара әрекетіндегі кеңістік пен уақытты қабылдау. Кеңістікті бағдарланудағы қимыл анализаторларының рөлі. Ырғақ және қозғалысты қабылдаудағы есту және кинестезия түйсінулерінің ролі. Мидың функционалды ассиметриясы кеңістікті бейнелеудің негізгі механизмі ретінде (Б.Г.Ананьев).

Эмоциялық күйде кеңістік пен уақытты қабылдаудағы иллюзия. Фи-феномен. Автокинетикалық эффект.

Қабылдаудағы индивидуалды даму, жас ерекшелік динамикасы. Үйрену және қабылдау. Оптикалық бұрмалану ересек адамда перцептивті үйренуді зерттеу үшін әдістемелік тәсіл ретінде. Дж. Стрэттонның эксперименті. “Тері көру” құбылысы. Адамдағы тері жарық сезгіштігін қалыптастыру бойынша А.Н.Леонтьевтің эксперименталды зерттеулері.

Елестер мен қиял өткен немесе мүмкін болатын бейнелер ретінде. Елестердің эмпирикалық сипаттамалары: жалпылану, күңгірттену. Елестердің сезімдік-заттық сипаты. Есту, көру, иіс, сипап сезу елестері. Бір ізді бейнелер. Эйдетикалық бейнелер мен түс көру.

Теориялық және схемалық елестер. Елестерде кеңістік пен уақытты бейнелеу. Тануға елестердің қатысуы. Сенсорлы және перцептивті эталондар. Ойлау тапсырмаларын шешудегі елестердің ролі. Жеке адамның ішкі өмір динамикасындағы елестер. Еске түсіру, армандар, мұңаю.

Қиял түрлері. Жаңа бейнелерді жасау механизмдері. Қиял проблемді жағдайдағы бейнелерді құру процесі ретінде.Қиялдың проблемді жағдайдағы мінез-құлық бағдарламасын жасаудағы, еңбек іс-әрекетінде шешім қабылдаудағы, өмірлік шешімдердегі рөлі.