Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

...Белгілілік те махаббаттың қоздырушы күші. Әйел еркекпен болғанда оның басқаны емес, өзін таңдағанына риза болады. Ол басқаны да таңдауы мүмкін еді. Әйелдің де сол еркекті таңдауы

– өзіне жағымды болғандықтан.

...Жек көру энергетикасы ешқайда алып бармайды, махаббат арқылы келген кешіру энергетикасы өмірде оң өзгерістер болуына септігін тигізеді.

...Махаббаттың көзге түсуге мүмкіндігі болсын деп біз нақты ережелер енгізе бастағанда, махаббат жоғалады.

...- Мен он бестерге келгенде секспен айналысып көруге өте құмар болдым. Бірақ ол тыйым салынатын күнә іс екен. Неге оны барлық діндер, тіпті ең қарапайым діндер мен мәдениеттер де күнә санайды?

- Мыңдаған жылдар бұрын тайпалар қаңғып жүріп, секспен еркін айналысқан, әйелдер бала туған. Тайпадағылар көп болған сайын олар тамақ үшін таласқан, осалырақ балалар мен әйелдерді өлтірген. Тек күштілер ғана қалған, олардың бәрі еркектер бола бастаған. Ал табиғи себептермен еркектер әйелдерсіз адамзат ұрпағын жалғастыра алмайды. Содан барып Құдай адамдарға өз тайпасының әйелдерімен секспен айналысуға тыйым салады деп жариялап, бір немесе екі әйелмен ғана қатынасқа түсуге болады деген.

Осылай ру пайда болып, оны біріктіретін алғашқы көсемдер шыққан. Бұлай біріккендер жылдар өте келе күшейе түскен, олардың ішінде тууға қабілетті барлық әйелдер мен олардан туған балаларға тамақ тауып бере алатын белгілі бір еркектер тобы пайда болған, олардан жаңа аңшылар мен ұрпақ жалғастырушылар туған.

Сен әйелдерге ең рахат әкелетін секс деп ойлайсың ба? Жоқ, тамақ беру. Әйел үшін еркектің қалай тамақ жеуін бақылағаннан артық рахат жоқ. Ол – әйел үшін даңқтың биік сәті. Әйел кешкі асты әзірлеуді күні бойғы қамқорлығына айналдырады.

...Менің құрбыларым мен достарым бұрынғыша бірін-бірі бақылау құқығына иемін деп ойлайды. Олар «мәңгілік бақытты болуға» уәдені сақтау, тіптен, күнделікті опасыздық арқылы болса да, қажет деп түсінуін жалғастыра береді.

...- Біз екеуміз бақытты болуға тиіспіз. Сен маған барлығы үшін міндеттімін деп санайсың, ал мен сен секілді еркек ылғи менің қасымда жүр деп масаттанамын.

-Сен қашықта болсаң, мен сенің жанымда болуыңды қалаймын. Мен біздің жолсапардан келген кезімізде болатын сұхбаттарымыз туралы ойлаймын. Сенде барлығы дұрыс екенін біліп тұру үшін мен сенің даусыңды күніге естіп тұруым керек, сол үшін мен саған қоңырау шаламын. Менің сені жан-тәніммен сүюім жалғасып жатыр.

-Менде де дәл солай. Біз бірге жүрсек ұсақ бір нәрселерге ерегісеміз, бірімізді біріміз өзгерткіміз келеді, нақтылыққа көзқарасымызды бір-бірімізге таңғымыз келеді. Түк мағынасы жоқ бір нәрселер үшін сен мені айыптайсың, мен де сөйтемін. Бір мезгілдерде, біздің жүрегіміз үндемей қалған сәттерде біз өзімізге: «Ешқандай міндеттемесі жоқ бостандықтың болғанына не жетсін?!» дейміз.

-Бірақ біз сондай сәттерде барлығын жоғалтып алғандай сезінеміз, өйткені жүрегіміз сүйген адамның жанымызда екенін білеміз.

...Мен қызық іздей жүріп қауіпсіз болуды да қалаймын, олай болуы сыйымсыз ғой... Бір әйелді жақсы көріп тұрып, мен басқа әйелдерге де ғашық бола кетемін, өйткені дегеніңе көндіру деген де өмірдегі ең қызық істің бірі ғой.

...Менде сүйіктілер өте көп болды, бірақ мен ылғи бір адамды күттім. Бүкіл әлемді іздесем де, сол адамды таба алмадым.

91

...Біреулер: «Мен өз өмірімді өзім жақсы көретін адамдар үшін құрбан етіп жүрмін, соған ризамын» - дейді. Ал бізді жақсы көретін адамдар біздің ол үшін қайғы-қасірет шегіп жүргенімізді көруді қалай ма екен?

...Мына тарихты қараңыз. Ері мен әйелі он жылдан бері бірге. Олар бұрын төсек қатынасын күніге жасаушы еді, қазір аптасына бір ретке көшті. Бірақ бұл олар үшін маңызды емес, өйткені ортақтық бар, өзара сүйеу, жолдастық бар. Ері әйеліне тәуелді, ол жұмысында кешігіп қалып, жалғыз отырып кешкі ас ішсе мұңданады. Әйел болса, еркек жол жүретін болып қалса өкінеді, бірақ бұл оның қызметтік міндетінің бір бөлігі екенін түсінеді. Олар өздеріне бір нәрсе жетпей бара жатқанын сезінеді. Бірақ олар ересек адамдар ғой, балалар үшін болса да тұрақты қарымқатынасты ұстану қажеттігін түсінеді. Олар өздерін жұмыспен және балалармен алдандырады, сырт көзге өте жақсы көрінетін жұбайлық жайлы азырақ ойлай бастайды, екеуінде де өзге еркек пен әйел жоқ.

Бірақ олар бір нәрсе жетпей тұрғандай сезінеді. Олар проблеманы іздеп таба алмайды. Уақыт өте келе олар бір-біріне бұрынғыдан да тәуелді бола бастайды; сөйтіп жүргенде жас та келіп қалады, жаңа өмірдің мүмкіншіліктері азаяды. Жұбайлар кітап оқумен, кесте тоқумен, теледидар көрумен, достарымен араласып, уақытын өткізуге бет бұрады. Бірақ кешкі ас үстіндегі, одан кейінгі сұхбаттың қажеттілігі қалмайды. Еркек ашушаң, әйел бұрынғыдан гөрі үндемейтін болып алады. Олардың біреуі өздерінің бір-бірінен ұзап бара жатқанын көреді, бірақ неге екенін біле алмайды. Олар: «неке деген осылай шығар» деп ойлайды, бірақ ол ойын достарымен, таныстарымен сырласып бекітіп алмайды, жұртқа өздерін бірін бірі қолдайтын, мүдделері бір әрі бақытты жұп ретінде көрсетеді. Екеуінде де көңілдестер пайда болады, бірақ онша тереңдеп кетпейді. Өмірді өзгерту тым кеш болғандықтан, олар ештеңе болмағандай түр көрсетіп жүре береді.

...Адамзат баласының бақытқа жетуінің жалғыз тәсілі сүйікті адамыңа жолығу ма? Махаббат бақытқа алып келеді деген идея жаңа, ол XVII ғасырдың аяғында пайда болған.

Содан бері адамдар махаббат мәңгі жалғасуы тиіс, жұбайлық – оны солай қолдаудың ең қолайлы орны дегенге сеніп үйренді. Бұрын құштар махаббаттың ұзақ жасайтынына мұндай оптимизм болмаған еді. Ромео мен Джульетта – бақытсыз тарих, ол – қасірет. Соңғы он жылдықта жұбайлық өмірді тұлғаның өз мүмкіндігін көрсету жолы ретінде санау өте өсті. Сонымен бірге көңілі қалу мен қанағаттанбау да өсті.

...Кітаптардан біз махаббаттың маңыздылығы, қызық-кереметтердің керектігі, өз арманы үшін күрес қуанышы жайында оқимыз. Бірақ соны жазып отырғандардың өзі үлгі тұтпайды, махаббатты пайдамен шатастырып алады, қызық оқиғаларды – керексіз тәуекелмен, қуанышты міндетпен алмастырады.

...Әйелдер: «Егер мен біреуден жүкті болғым келсе, онда мені түсінетін, жанымда жүретін, тыңдайтын және шынымен менімен болуды қалайтын адамды таңдар едім» деген ұғымда болса, онысы орынды.

...Күйеуінен ажырасқан бір әйел: «Мен бұдан былай толық еркіндіктемін, осыны өмір бойы армандадым», - дейді. Өтірік! Мұндай бостандықтың ешкімге керегі жоқ. Біз қашан да мойнымызда міндеттемелер болғанын, бізбен біреулердің қатар отырғанын, бір нанды бөліп жейтін, сырыңды айта алатын адамың болғанын қалаймыз. Әйел жалғыз қалғаннан гөрі үйге асығатын жартыкеш еркек болғанын, еркектер де жалғыз болғаннан жартыкеш, бірдеңеге асыға жүретін әйел болғанын қалайды. Жалғыз болғаннан ішің шұрылдаған аш болғаның жақсы. Жалғыздықтың қамытын киген адам – адамзат ұрпағының бір бөлшегі болудан қалған жан.

...Мерекелерде әйелдер өз жоны мен жоталары сырт көздердің құрты болуын тілейді, ал олардың ерлері мен көңілдестері мұны көріп және олардың қалаулы болатынын біліп: «Мейлі, сендер көздеріңнің құртын қанағаттандыра беріңдер, бәрібір ол – менімен, мен ол үшін ең

92

қалаулымын, мен жеңіске жетіп қойғанмын, сіздердің көңілдеріңіз қалағанымен олай жасай алмайсыздар» деп ойлайды.

...Әйелдерді ері бар, басқаларға көз салмайтын; жалғыз басты және ері бар, бірақ айналысуға болатын әйелдер деп бөлуге болады.

...Махаббаттың иесі емес құралы болғанға не жетсін?!.. Ол бізді шарттылықтар бірге болуға мәжбүрлеген адаммен емес, өзіміз қалаған адаммен бірге болуды қамтамасыз етеді.

...Мен жігіттік шағымның басында армандайтынмын: тұрақтылық әкелетін жұмыс тапсам, мені түсінетін әйел алсам, пәтерім болса, барлық төлемдерді төлеуге қиналмайтындай есепшотым болса, еңбек демалысы кездері саяхаттар жасасам, екі жылда бір рет теңіздерде круиз жасасам, балаларымды университеттерде оқыта алатын мүмкіндігім болса, олар армандары қаншалықты ессіз болса да, сонысына жетсе, менің әйелім балаларды қаншалықты сүйетінімізді, олардың жеткілікті өмір сүруін қалайтынымызды дәлелдеумен өмір сүрсе дейтінмін. Сенбі мен жексенбіні отбасымызбен бірге өткізсек: киноға, кейде футболға барсақ, керуетімнің басына жиналып, кезегін күтіп жатқан кітаптарды оқып тастасам, даналыққа жетсем, бірақ Тибеттегілер мен алхимиктер секілді құпия заттарға қызықпасам деп ойладым. Жақсы зейнетақы алсам, қала сыртында үйім болса, сөйтіп, қалған өмірімді табиғат аясында өткізсем дедім.

Осының бәрі орындалғандай болды. Жеке үй де, балалар да, сенбі күндергі сыра мен жексенбідегі кәуап та болды, біздің өміріміз белгілі бір шектеу аясында жүріп жатыр. Бірақ барлығы бірдей ойдағыдай бола бермеді: үшінші рет үйлендім, сонда да бақытты бола қалмадым, оны көрген әйелім мұңға оранды. Маған жүрегімді сеніп тапсыратын жалғыз ғана адамды табуым қиынға түсті.

...Кей-кейде нақты жағдайға: «Мен сені керек етпеймін, менің бақытым төңірегімде болып жатқан істерге байланысты емес», - деуден рахат алғың келеді.

* * *

Андре Моруа:

...Әйелдің сөз байлығына қарап кімдермен ашына болғанын оп-оңай байқауға болады.

...Құмарлық – қос тәннің кездейсоқ бір-біріне жақындауынан пайда болады, ал сенім – сезімтал екі жанның кездейсоқ жақындасуынан туады: әйтсе де осы екі жағдайдың алғашқысы махаббаттың оянуы үшін жеткіліксіз болатыны секілді, екіншісі де сырластыққа негіз бола алмайды.

...Егер әйел өзінің құрбысынан менің құпиямды ешкімге айта көрме деп өтінсе, онда бұл оның сырымды жұрт тезірек білсе екен деген тілегі.

...Кез-келген сөздің алдыңнан шығатынын ұмытпа. Бүгін бір еркекке анау әйелді жамандасаң, ертең сол еркек әлгі әйелге үйленіп, сенімен араласпай кетуі мүмкін.

* * *

Егеурескен өмірде сайқалдар мен сайтан көп, Әлденеден жүрегім, әлденеден қорқады.

Салтанат Абашева.

* * *

Көп еркектер құмарлықты махаббатпен шатастырып алады. Құмарлық – уақытша мас болу немесе есірткінің әсері секілді ғана нәрсе.

* * *

Біреудің басы ұлтының қамын ойлайды, біреудің басы бұтының қамын ойлайды.

93

* * *

Мәлік Ғабдуллин ағайымның бір ақылын орындай алмадым. Бір күні әңгімеге шақырып: «Мен саған бір ақыл айтқалы әдейі шақырдым. Қыз деген болады, оған қызығу деген болады. Сен өзің жақсы киініп жүресің, бақуат адамның баласысың. Саған қызығатын қыз көп болады, таласуы да мүмкін. Сақ болып жүр, қарағым. Бетіңе жымиып қараған қызға еріп кетпе. Өзің қызықсаң ғана соңына түс. Өзің қызықпасаң, өзіңді өзің ұста» деген еді.

Әкім Тарази. «Нұр Астана», 19.12.2007.

* * *

1940 жылы Жамбылға өкімет салып берген жаңа үйде көрікті бір жас келіншек жиналғандарға қызмет қып жүреді. Келіншекке қарағыштай берген Жәкең ақыры шыдай алмай домбырасын қолына алып, былай деп жырлаған екен:

Қанбай ма көз құмарың құралайдай Бұрылып қиғаш қасты қаратқанда. Қатын деген еркектің бауыр еті, Қыз құшақтау еркектің ғанибеті. Жөні келсе Жамбылды ескере жүр, Келіншектен қалған жоқ әлі ниеті. Өлеңім ор қояндай жортасың ба? Өр көңіл өлең айтпай қорқасың ба? Талайдың екі көзін жаудыраттың,

Жиырма мен отыз жастың ортасында. Жүрген жақсы жақынмен араласып, Жеңге жүрер ойнаса жанталасып. Жеңгеден де ойнауға келін жақсы, Жаулығымен жататын бетін басып...

* * *

Бірде Бауыржан Момышұлы поезға мінгелі тұрса, өңменбеген біреу оны қағып өтіпті. Әшейінде шарт ете қалатын батыр бұл жолы үндемейді. Ішке кірген соң қараса, әлгі адам сырт киімін шешіп, Еңбек Ері деген жұлдызын көрсетіп маңғазданып отыр екен. Жайғасып отырған соң Баукең оның наградасын нұсқап: «Мынаны не үшін алдың?» деп сұрайды. Ол: «Жүз биеден жүз құлын алғаным үшін», - дейді. Сонда батыр: «Айғыр істейді, бие құлындайды, ал сен жұлдыз аласың», - депті.

* * *

Біреудің есігін қолыңмен қақсаң, біреу сенің есігіңді аяғымен түртеді.

Жиренше шешеннің әйелінің кестеге жазған сөзі.

Қарындас деген қандай-ды

Лифтте үш кісі келе жаттық, бірі белгілі академик, екіншісі әрі тайғанмен көңілі жоғары, Кеңес өкіметі кезінде бойындағы барын малданып, аудан билігі деңгейінде қызметте болған бұрынғы партфункционер әйел, үшіншісі – мен, осы кісілердің бүгінгі әріптесімін. Олар екеуі де менен 10-15 жас үлкен.

Академик аға әйелге:

-Мен сені келін деймін бе, қарындасым деймін бе, білмей жүрмін, қайсысы жақын өзі... – деп сұрады.

-Не десеңіз о дерсіз, онда тұрған не бар, «Қарындасын көрмеген қатын көрмеген» деген бар ғой, - деп салды әлгі әріптес апам.

Аға жерге қарап қалды.

Мен әңгімеге араласар жөнім жоқ адаммын, не істерімді білмедім. Басқа жерде болса, естімеген болып теріс айналып кетуге болар еді, тар қуыста бір-біріңнің деміңді жұтып тұрған жерде ештеңе түсінбеген боп тұра беру ғана қалды мен үшін...

94

Қазақтың мақал-мәтелін, әзіл сөзін бір кісідей білем деуші едім, бірақ мына секілді сорақы сөзді естімеген екем, ондай болуы мүмкін-ау деген де ойыма келмеген екен.

* * *

Жезөкшелік пен саясаттың арасында ортақ ұқсастық өте көп. Оның екеуі де еріксіз еліктіру мен сатылу жөніндегі «өнер» болып табылады.

Халықаралық жезөкше әйелдің сөзі. Егемен Қазақстан, 27.10.1994.

* * *

Кез келген әйел – зұлымдық. Ол тек екі жағдайда ғана жақсы: бірі – ыстық махаббат құшағында, бірі – суық өлім құшағында.

Паллад, көне грек жазушысы.

* * *

Көп адам сайтанын тойындырудан шаршап жүр...

* * *

Құмарлық ойын үстінде оянып, ұяңдық ұмтылыс үстінде жойылады.

* * *

Құштарлық емес, құмарлық қана болса, ойыннан соң тез басылады.

* * *

Ли Бо деген Қытайдың ұлы ақынына императордың әйелі өлердей ғашық болады. «Мен ел иесінің етегі тиген қазынаны арамдамаймын» деп ақын патшайыммен көңілдес болудан бас тартып, еш көнбей қояды. Бұл сөздер императорға жетіп, ақынға риза болғандықтан және өсек сөздерден қашып, ақынға елу есекке артылған қазына-байлық беріп, қайда барам десе баруына рұқсат етеді. Ақын қаладан шыға сала байлықты шаша бастайды. Көп ұзамай байлық таусылғанда, араққа тойған ақын түнде көл үстінде жападан жалғыз қайыққа мініп, түрегеп тұрып ай сәулесіне шалқып жыр арнап тұрғанында аударылып өледі.

* * *

2005 жылы американдық 43 жасар мультимиллионер әйел Сандес Бернардес өзінің 17 жасар ұлына тұрмысқа шыққан. АҚШ заңы мұндай некені мақұлдамайтын болғандықтан, олар Тайландқа барып некелескен. Ол: «Мен екі рет тұрмысқа шықтым, екеуі де жүрек ауруынан қайтыс болды. Оларды шын жүрекпен сүйгенім рас. Бірақ бүгін мен бақыттымын, менің ұлым – менің сүйікті жарым. Бұдан артық бақыт болуы мүмкін емес» депті.

* * *

Келіншектің сұлу кезі – ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе, сол кезі емес.

Асқар Сүлейменов.

* * *

Қатыныңды басқа біреу жаратты.

Есенин.

* * *

Кинолардан секспен айналысып жатқан кейбіреулерді көрсең, ырс-ырс етіп жатып, көздері мен жүздерінен рахат емес – зіл, өшпенділік немесе бейтараптық байқайсың. Фальш деп осыны айтады.

* * *

Соңында бір қаншықтың тоғыз төбет,

95

Болмай тұр мұндай іске ешбір бөгет.

* * *

10 класта оқып жүргенде бір жігітті өлердей жақсы көрдім. Әдемі, гитара тартады, жұрттың бәрі ғашық. Ол маған сөз салды. 11 кластағы менің подругаммен де жүргенін көріп қалдым. Бір күні сол қыздың ішкі бөлмесінде отырсам, келіп, маған айтқан сөздерін соған айтып тұр. Мен шығып: мына сөздерді енді маған қайтала, бұрын маған айтып қойғансың, - дедім. Ол шыға жөнелді. Кейіннен сол подругама үйленіпті. Кейінірек ажырасып кетті.

Алиса Мон, әнші.

* * *

Ері әйеліне:

-Қайда болдың?

-Алисаның үйінде...

-М.м.м... Ол үйден мен қазір ғана келдім ғой...

Шәмші түсінбей қалыпты

-Мен бұрын-соңды ешкімге айтпаған бір сырымды айтайын ба? – деді Шәмші бір күні.

-Е, айт.

-Мен бір таныс әйелімнің үйіне барған едім. Ойымда бөтен еш нәрсе жоқ. Сыйлап арақ құйса, ішкім бар. Барсам, оңаша екен, - деп жалғастырды Шәмші әңгімесін.

-Ойбай, тезірек іске кіріс. Әйтпесе, жарты сағаттан кейін күйеуім келіп қалады, - деді әйел төсек салуға қамданып.

-Нендей істі айтасың? – дедім мен басымда бөтен ой болмағандықтан оның сөзін түсінбей.

-Өзің де бір ит екенсің? – деп ашуланып қалды әйел. – Ойыңда түк жоқ болса, денемді қоздырып, атаңның басына келдің бе?

-«Қап!» деп біразға дейін өкініп жүрдім, - деді Шәмші сөзін аяқтап.

* * *

Әйелінен күдіктенген біреу: «Көршінің көңілін қалдырмайын деп жүріп, «Балам көршіге ұқсап кетіпті» деп қалмайық», - депті.

* * *

Индия тұрғыны Нану 90 жасқа келгенде 21-ші ұлы туылған. Бірінші қызы 26 жасында дүниеге келіпті. Балалары 4 әйелден туылған. Соңғы әйелі осыдан 10 жыл бұрын қайғылы қазаға ұшыраған ұлының әйелі екен, одан 7 баласы бар. Время. 30.08.2007.

* * *

Бәрінікі – есеп. Біреуі билікті сақтап қалсам дейді, біреуге қалайда билікті иемдену арман. Біреуі – біреуді қалайда өзіне ғашық етсем дейді, біреуі өзін басқа біреуден қиналыссыз құтқарсам дейді.

Неткен таусылмайтын есеп?! Осыларсыз өмір сүргім келеді.

* * *

«Мен сені сүйемін!» дегенде ішінен: «Бұл сөзді жүз мәрте естігенмін» деген пиғылда болатын әйелдер болады. Бұл сөздерден оларға «кәшөлөгіне» қыстыратын нәрсе бағалырақ...

* * *

Жаман ат сүрінгіш келеді. Жаман әйел бүлінгіш келеді.

* * *

Соры қалың жігіттің әйелі күндіз ауру, түнде сау.

* * *

96

Бөрі жеген бөксемді, иттен несін аяйын.

* * *

Тұрмағамбеттің «Дүниенің қызығы» деген өлеңінде баспаға кірмей қалған: «Сұлу әйел қызығы – піскілеп біраз сұққанша» деген сөздер бар.

* * *

«Сергелдең» романындағы айтыстан:

Арпабай:

Айтайын айт дегенде айттым шалыс, Қамыза арамызға болды қалыс. Кемітіп өзге жеріңді не қылайын, Айналасы ...ның неше қарас? Маусипа:

Қарасу есік алды жар секілді, Мінезі Арпекеңнің тар секілді. Қарыстап сол құрғырды кім көріпті, Аузындай Арпекеңнің бар секілді...

* * *

Блядкенің байы – ақша, Ер асылын таңдамас.

Абай.

* * *

Еркектің миы:

1.Датчик: «Тамақ жегім келеді»;

2.Сенсор: «Секс керек»;

3.Шешім: «Тағы да» немесе «Ары тұршы»;

4.Автопилот: «Үйге»;

5.Автожауап: «Кейін сөйлесейікші»;

6.О кей: «Ұятты тұншықтыру»;

7.Регистр: «Қайда жүр екен?»;

8.Тактика: «Көне ме, көнбей ме?»;

9.Жігер: «Спортпен айналысуым керек еді»;

10.Навигация: «Бүгін кімге барсам екен?»;

11.Стоп: «Жетер!»;

12.Вирус: «Ұят болар...»;

13.Имитатор: «Үлгермей жатырмын»;

14.Рубильник: «Керек нәрсенің тізбесі»;

15.Симулятор: «компьютер»;

16.Қара жәшік: «Жасырын сыр»;

17.Анализатор: «Интеллект»;

18.Таймер: «Жоспар»;

19.Түйін: «Сынба!».

* * *

Әйел махаббатының тілі қызық: біріншісі – «единственный», екіншісі – «единственный», үшіншісі – «единственный», одан кейінгілері де – «единственные».

* * *

Пушкиннің өзінің сүйіктісі Наталья Николаевнаға жазған екі сөзі бар: Было бы корыто, а свиньи будут.

Және

97

Не кормите селедкой, если не хотите пить дать.

* * *

Чем меньше мы мужчину любим, Тем меньше нравится он нам

Наталья Гончарова.

(Еркекті аз сүйген сайын, Ұнатпауың ұлғаяр).

III. ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛ АРАСЫ...

Толстой «Анна Каренина» романында: «Кез-келген отбасының бақыты бірдей, ал қайғысы әр түрлі. Әр үйдің көзге көрінбес көз жасы бар» деген. Көз жасы бар үйлердегі көз жасының басты себептерінің бірі – отбасының бақыты махаббат төңірегіне құрылмағандығы.

* * *

Еркек – ақыл, әйел – сезім.

Мұхаммед пайғамбар.

* * *

Олжас Сүлейменовтің өзінің жары Маргаритаға арнаған сөздері:

Кім-кімнен де аямайсың қол ұшын, Биязы деп ардақтайды ел іші. Жұрт үшін сен кішіпейіл, ұяңсың, Байсалдысың.

Тәкаппарсың мен үшін.

Елге деген ізет сіңген қаныңа, Маған өрсің.

Оған бірақ налыма.

Жұрт алдында тәкаппар боп, ал маған Құл боп тұрсаң, сол батпай ма жаныма! Кішілікті ұлылыққа балаймын, Әйтсе де, еске салма жөнін малайдың. Ел алдында иіл-бүгіл, Ал маған Шалқая біл,

Мен соныңды қалаймын!

Әйел үшін отбасы ережелері

1)Басты міндет - қамқор әйел, жақсы ана, аянып қалмайтын туыс бола білу.

2)Артықшылығыңды, білімділігіңді көрсете берме. Бірақ, өзіңді басып тастама, ой-өрісің еріңнен өте төмен де болып қалмасын.

3)Қашан да әзілге айналдыруға бейім бол.

4)Тұрмыстық істерде дәрменсіз болма.

5)Өз тәртібіңді зорлап таңба.

6)Өз құқығыңның кейбірін еріңе берер болсаң, мықтап ойлан. Беру оңай, алу қиын.

7)Үйдегі әрбір іс бақылауында болсын. Жөні келген жерде тартынып қалма, пікіріңді өткізуге тырыс.

8)Ауыра берме.

9)Істеп тастар ісіңді ұмытпа, ренішке келгенде ұмытшақ бол.

10)Кір халат, қобыраған шаш - еркектің жауы.

11)Еріңді жеңудің төте жолы - аспаздық қабілет арқылы келеді.

12)Ең бастысы - еркекке Құдайға қарағандай қарау.

98

Сүйкімді болғыңыз келсе...

Сүйкімді болу – мінезден. Мінез ата-ананың қаны мен үлгісінен болады. Дей тұрғанмен, мінез шырайлылығын білім мен тәрбие де қалыптастырады.

Сонымен, сүйкімді болғыңыз келсе, мыналар есте болсын:

-Сізбен әңгімелесіп, сырласар адам өзін қалыпты, еркін сезінсін.

-Күлкіңіз шынайы болсын, ол да өнер. Үнемі күлімсіреп, жымиып жүріңіз.

-Әңгімелесіп отырған адамның есімін анда-санда айта отырсаңыз, ол - жақындасуға себеп.

-Адамды тыңдай біліңіз. Әңгіме үстінде өз ойыңызбен болып кетпеңіз, ол көрініп тұрады. Оны қызықтыратын әңгіме ауанына жығыла отырыңыз. Жалықтырар көп сөз болып бара жатса, басқа әңгімеге бұруды байқатпастан жасаңыз.

-Әңгімелесіп отырған кісілердің жақсы мінездерін атап өтіп отырыңыз. Оны шын сыйлап, құрметтейтініңізге көзін жеткізіңіз.

Осынау қиындығы жоқ қағидалар сізді сүйкімді етеді. Ең бастысы сөзіңізде жалғандық болмасын. Сұлу әрі сүйкімді көріну үшін боянып, жалған сызылып, өтірік күлу керексіз. Адамды сүйкімді ететін шынайы болмыс, қарапайым мінез бен кішіпейілділік.

Отбасы жауапкершілігі

Көп келіншектер ерлерін отбасы тірлігіне жауапсыз деп айыптап жатады. Осыны бір ауық ой тезіне салып көрейікші, осылай болу себебіне ой бойлатайықшы.

Олай айыптауға негіз бар. Көп жігіттер үйленген соң үйіне келгенде, барлығы әзір болса, оларға тек киім ауыстырып, тамақтанып, теледидар алдындағы креслоға қонжию ғана қалса деп ойлайды.

Көп еркектерді осы күнге дейін әдеттенген өмірін өзгерту шошытады. Сондықтан біреулері үйленуден ат-тонын ала қашады, біреулері өздерінің екі қолын жылы суға малдырып отырғызып қойған сүйікті аналарының ақылына жығылады, үшінші біреулерді үйленіп алған соң отбасын қамтамасыз ету қажеттілігі уайымға түсіреді. Кей еркектер сәбиді қалай ұстауды да білмейді, ұстата қалсаң, қолдары қалтырай жөнеледі.

Еркектер, әйелдерге қарағанда күйеу, асыраушы, әке болу секілді жаңа рольдерге қиынырақ енеді. Сондықтан еркек отбасы проблемаларына оншалықты жауапкершілікпен қарамады деп бірден өкпелей кетудің қажеті жоқ. Әйелге күйеуіне бастапқы кезден биік талап қоюдың орны бола бермес. Ол отбасын ұсақ кикілжіңдер мен болашақ дауылдардан сақтап қалады.

Бірақ, еркектердің бәрі бірдей бастапқы кездегіден өзгеріп, отбасы жауапкершілігін бөлісе кетеді деп сене беру де қиын. Жауапсыздық бойына әбден сіңген, өзін өзгерту ойына кіріп шықпайтын еркектер де бар. Ол - адамның өзімшіл, ерке, қатігездеу болып қалыптасқан мінез кемшілігінің белгісі.

Еркектің жауапсыздығы - әйелдің жауапты болуды артығырақ өз мойнына алғандығынан болатын кездері де кездеседі. Әйел өз мойнына үйдің барлық тауқыметін артып, еркектегі үйде бас жауапты адам болудың қажеттілігін жойып алады. Кез-келген проблеманы шеше салуға араласа берген әйел үйдегі үстемдікті қолына алады да, сонымен бірге еркегін енжар, бейтарап етеді. Егер жігіттің анасы оны солай тәрбиелеген болса, онда ол олай болғанын намыс көрмейді. Ал, бір-екі баладан артық бала таппайтын жағдайға көшкен отбасыларда анасының етегіне есейгенше оратылып жүретін жігіттер қазіргі заманда жеткілікті.

Сонда әйелге не істеу керек. Үйдегі міндеттемелерді бөліп, кесте түзу керек пе? Бала дүниеге келсе, ер азамат кестесіз-ақ өзгерер деп үміттенсек, ал бала тууды реттейтін заманда еркекті әйелдің жұмысын жеңілдетуді өз жауапкершілігіне алуға қалай иіп келтіруге болады?

Мәселені қалыпқа түсірудің бір жолы - әйел отбасы үшін жауапты сәттер алдында өз мойнына алған тоңазытқышты толтырып қою, шаңсорғышпен үй тазалай салу секілді істерді бетімен жіберіп, ер азаматты бірер рет сынап жіберсін. Мәселен, үйге жігіттің анасы келерде немесе бұрын келмеген қонақ келерде байқамаған болып бірер рет солай ете салса болады. Сөйтіп, мұның қалай сер ететінін бақыла. Әрине, бұл тәсілді ұдайы пайдалана беруге болмас.

Ерлі-зайыптылардың арасында бірінен бірі көңілі қалатын кездері де кездеспеуі мүмкін емес. Ерінің кемшілігі жеңіл болсын, терең болсын, одан апат болғандай қайғыға түсудің жөні

99

жоқ. Ерге шықтыңыз ба, сіз сүйген адам осы кезге дейін өзінің тек жақсы жақтарын ғана көрсеткеніне әзір болыңыз. Әрине, еріңіз дөрекі не дөкір, арақ ішкіш болып шықса сөз басқа. Жай ғана кемшілік болса, елемеген дұрыс.

Сонда да: «менің ерім сондай жауапсыз» деп күйеуіңізді еркелетіп, жұрт көзінше бетінен сүйсеңіз ұтылғаныңыз. Онда сіз отбасы жауапкершілігін түгелдей мойынға алуды заңдастырып алғаныңыз. Оны саналы түрде жасаған әйел күйеуіне ренжи алмайды. Әрине, еріңіз дарынды ғалым, тыныштықты сүйетін шығармашыл адам, болмаса романтикалық келбеттегі тұлға болса, онда отбасы тауқыметін өз қолыңызға көшіргеніңізге өзіңіз де өкінбессіз.

Сондықтан, отбасы төңірегіндегі барлық назар өзіңіз сүйген адамның жақсы жақтарына көбірек ойысса, еріңіздің кемшіктерін байқап қалуға, соны айта жүруге әдеттенбесеңіз бәрі жақсы болады.

* * *

Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен мынадай үзінді келтіріліпті:

Жолыңда қылымсыған күлімкөздер де кездесер. Олардан да сақтан. Қармағына түсіп қалсаң, өмірің өксікпен өтуі мүмкін. Оның түгі кетпейді. Сен ел бетіне тура қарай алмайтын қарабет болып шығасың. Неге десең, оның әке-шешесі, күйеуі, қайын атасы, қайын енесі, туыстары, нағашы жұрты, құда-жекжаттары бар. Солар біліп қалса, бәріне жексұрын боп, өзіңе көп жау тауып аласың. Ондай қарым-қатынасты жасырам деп ойлама, бәрібір бір күні ашылады. Ашылмаған күнде өз ұятыңның алдында не айтасың? Балам, таза жүріп, таза тұр. Ең құрығанда қасқыр құрлы ақылың болсын. Қасқыр апанының төңірегіндегі малға да, адамдарға да аштан өліп бара жатса да тимейді. Бірақ жақын маңдағы біреу оның апандағы күшігін алар болса, ол ауылдың астаң-кестеңін шығарады. Жолбике әйелдің кесапатынан осы тәрізді ауыр жағдайға ұшырап жүрме.

Мамытбек Қалдыбай, Жас Алаш, 2005 жылғы 6 қыркүйек.

Статус

(еркектерге ақыл)

Еркек пен ұрғашыны бір-біріне тартып тұратын бір сезім болады… Ол адамдарға ғана кездеспейді. Ол бұғыда да, есекте де, торғайда да, бүркітте де солай. Құдайдың құдіретімен аңқұстың бәрі солай жаратылған. Аргентинада ұрғашы құсты өзіне тарту үшін ұясының жан-жағына гүлдер әкеліп тізіп қоятын құс бар дейді. Бұғылар өзінің ұрғашы тұяқтасы үшін даңғарадай мүйіздерін шайқап-шайқап қойып, бір-бірімен қанды төбелеске шығады. Мүйіздері сынып, түбі қанап кеткеніне қарамайды. Австралияда тышқанның бір түрі бар. Құдай оларға жұптасу ниетін өмірінде бір-ақ рет береді екен. Сол сезім келгенде әлгі тышқандар өзіне жұп іздеп аласұрып жүгіріп, жер кезіп кететін көрінеді, өйткені бойындағы сезім қуаты бітіп қалса, ондай сезімді ол ешқашан басынан кешірмейді дейді. Тышқан байғұс серігін іздеп уайымдай берсе, төбесіндегі жүндері түсіп, басы тақырланып, тістері қаусап түсіп, салмағының үште бірін жоғалтады екен. Сонымен, жұптасқандары тышқандардың ұрпағын жалғастырып, серігін таппағандары ақыр соңында өліп тынатын көрінеді.

Еркек пен ұрғашының өздеріне жұп табуының қандай өлшемдері бар? Басты өлшем – тартымдылық. Биология ілімінде тартымдылық факторын статус деп атайды. Статусты «мәртебе» деп қазақшалап жүрміз. Мысалы «депутаттардың статусы» дегенді «депутаттардың мәртебесі» дейміз. Бірақ, биологияда бұл сөз өзгермеген. Осы статус адамда да, аңда да бірдей деседі. Статустың басты өлшемі – серіктестің кейбір тартымды қасиеттерінде екен. Сол артықшылық ретінде саналады. Бұл қасиеттерді биология ілімі жан-жануардың көбею негізі санайды. Әлгі торғайдың ұясын гүлдендіруі, мысықтардың төңірегін сыпырып, тазалап қоятыны, құстардың қалыңдығына әкелетін тамағының молырақ болуы, тотықұстың өз әсемдігін ерекшелеп көрсете беруге ұмтылуы – осы тартымдылықты басқалардан асыруға тырысудан болса керек.

Адамдар да аң-құстан ұзап кетпеген. Жақсы көріп қалған қызды ресторандарға апаруы, байлығы мен ақылын, күшін көрсетіп қалуға тырысуы статусты бекітудің әдісі екен. Бірақ, адам қанша айтқанмен саналы мақұлыққа жататындықтан, олардың статусқа көзқарасы да тереңірек. Ақылды әйелдер еркекпен тағдырын байламас бұрын әбден сынап алады. Еркектің ішкі мазмұны,

100