Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Қол-аяқ сәтте қосылған. Өзіне жетпей өз демі, Баяулап барып басылған...

«Бақытым, балым, барым...» деп, «Жарығым, жаным, жарым...» деп, Алмадай жүзі албырап, Алланың берген ырзығы Аяғыңа келіп бас ұрған!..

* * *

Махаббат көмір сияқты, бір тұтанса жана береді. Оны жандыра берсең, жүректі өртеп барып тынады.

Махаббат уақытқа, жоспарға, есепке бағынбайды. Қалай ғашық болып қалғаныңды білмей қаласың. Жатсаң-тұрсаң ойлайтының бір ғана адам болып, өмірге құштарлығың мың есе артып, шексіз арман мен қиял жетегінде кетесің.

Жалған сөз жарға жығады

Голландияның атақты суретшісі Ван Гог бір жезөкше қызға ғашық болып қалады. Суретшінің берген ақшасына бар сиқыр қылығын көрсетіп жүрген сұлуды: «ол да мені жақсы көреді» деп ойлап қалған суретші бір күні одан: «Саған менің қай жерім ұнайды?» деп сұрапты. Ол ойланбастан, өзіне тән жалған еркелікпен: «Құлағың...» деп жауап беріпті. Суретші қызға құлағын кесіп сыйға тартыпты.

Жалған сезім әуресінен басқа ештеңені білмейтін қыз оны қайдан бағаласын: «Сіз ұлы адамсыз, менің сізге керегім қанша?!» депті. Ван Гог көп кешікпей өзіне-өзі қол жұмсапты. Махаббаттың азабы біреуді меңіреу қылады, суытады, бәрін ұмыттырады, әуенін жоғалтады. Ал біреулерді жалған жолға бастайды.

* * *

Қаншама «сүйдім-күйдім» деп қосылған адамдар бір жастыққа бас қойғаннан соң екеуара пәктікті сақтай білмесе, онда махаббат болмағаны.

* * *

Шығыстың қос жұлдызының бірі, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова соғыс батыры ғана емес, махаббатқа берік, сұлу әрі ақылды қыз болған! Оның соғыс жылдары айтқан: «Соғыс біткен соң маған бірінші ұсыныс жасаған кісіге адал жар боламын. Оған дейін жаныма ешкімді жолатпаймын!» деген сөзі қалыпты.

Жұматай Жақыпбаев:

...Көзіме менің түспесең, Не көрдім дер ем өмірде?!

Ғашықтық

Ғашықтық деген тіпті сезім де емес, ол – қажеттілік, адамдардың бірге болуға деген ұмтылысы. Сезімдерді басқаратын жүйе кейіннен, 8-17 ай өткенде қосылады.

Ал бастапқыда ғашықтық – тәуелділік. Оны есірткіге елігіп қалғанға ұқсатуға болады. Біреуге ғашық болып қалсаң, оны бірте-бірте көбірек қажет етіп тұрасың. Ғашық болып қалған адам тәуелді, оның мінезі де өзгеріп кетеді.

Ғашықтық сезім ұдайы ең биікте бола алмайды. Тіптен дүниеге бала келгеннен соң да ол сол бұрынғы жаңа ғашық болған қалпында қалып қоймайды. Оны айтасыз, бір әйелден бала көрген еркек тағы бір әйелден бала көруге ынтығатын кездер де жиі кездеседі. Сол сәттен аманесен өтіп кеткен жұбайлар тұрақты тұрмыс кешеді.

Романтикалық махаббатты ұзаққа созылатын махаббатқа айналдыратын рецепт жоқ шығар, бірақ өзің сүйіп жейтін тәтті тортты қайта-қайта жегің келетіні, сүйіп тыңдайтын музыкаңды

31

қайта-қайта қоя бергің келетіні екеуара махаббатты да ұзаққа созуға болатынына мысал бола алады.

Жарынан айырылған жанның ойы

Джордж Карлин әйелі қайтыс болғанда осы сөздерді қағазға түсірген:

«Біздер парадокстар заманында өмір сүрудеміз, биік құрылыстарымыз бар, бірақ төзімділігіміз төмен, кең магистралдарымыз бар, бірақ көзқарастарымыз тар. Көп шығындаймыз, бірақ азға ғана иеміз, көп сатып аламыз, бірақ аз қуанамыз. Үйлеріміз кеңейді, бірақ отбасы мүшелерінің саны азайды, жайлылық жақсарды, бірақ уақыт тапшы.

Жақсы білім ала ала бастадық, бірақ санамыз кеміді, білімділік артты, бірақ жағдайды болжауымыз төмендеді, сарапшылар көбейді, бірақ проблемалар одан да көп, медицина дамыды, бірақ денсаулық төмендеді.

Өте көп ішеміз, өте көп шегеміз, жауапсыз шығынданатын болдық, өте аз күлеміз, жүрдек көлікте жүреміз, ашу-ызаға берілу өте жеңілдеді, кеш жататын болдық, тұрғанда шаршап тұрамыз, аз оқитын болдық, теледидарды өте көп көреміз және құдайға мінәжат етуді ұмытып кете береміз. Дәмеміз артуда, бірақ құндылықтар қысқарды.

Көп сөйлейміз, сирек ғашық боламыз және өте жиі жек көреміз. Біз сау қалудың жолын білеміз, бірақ қалай өмір сүрудің жолын білмейміз. Адамның өміріне жыл қосуды білеміз, бірақ адамның жылына өмір қосуды білмейміз.

Айға жетіп, қайта оралдық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп, жаңа көршімізбен танысуымыз қиын. Ғарыш кеңістігін игеріп жатырмыз, бірақ жан-дүниеміздің кеңістігін игере алмаймыз. Үлкен істер жасаймыз, бірақ олар жақсы істер ме, ол жағын ойланбаймыз.

Ауаны тазартамыз, бірақ жан-дүниемізді ластаймыз. Атомды бағындырдық, бірақ өз ырымнанымымызды бағындыра алмаймыз. Көп жазамыз, бірақ білеріміз аз.

Жоспарымыз көп, бірақ жетістігіміз оған сай емес. Күтуді емес, асығуды үйреніп алдық. Ақпараттарды бұрынғыдан көп жинай алатын, оны көптеп көбейтетін жаңа компьютерлер ойлап табамыз, бірақ бара-бара аз сұхбаттасатын болып алдық.

Тез тамақтанып, жегенімізді нашар сіңіретін, үлкен, бірақ жан-дүниесі ұсақ адамдар көбейген, табысты тез табуға болатын және қарым-қатынасы қиындаған уақыттамыз. Қашықтықтардың қысқарып, бір рет қана пайдаланатын заттар, бір реттік мораль, бір түндік байланыстар; артық салмақ пен барлығын жасай алатын – бізді қоздыратын, бізді тыныштандыратын, бізді өлтіретін таблеткалар көбейген заман келді.

Сөрелер толып, қоймалар бос тұратын уақытқа тап келдік. Осы хаттың сізге жетуіне мүмкіндік беретін, біреулермен бөліссеңіз де, «Өшір (Delete)» дей салсаңыз да болатын технологиялар заманы болды. Есіңде болсын: кімдерді сүйсең, соған көбірек уақыт бөл, өйткені олар сізбен мәңгі бақи бірге болады.

Есіңде болсын, саған төменнен жоғарыға сүйсінумен қарап тұрғандарға жақсы сөзіңді айт, өйткені бұл кішкентай ғана жаратылыс иесі жақында өседі және ол сенің жаныңда үнемі бола алмайды.

Өзіңе жақын адамды есіңе сақта және құшағыңа қаттырақ қыс, өйткені ол – сенің жүрегіңмен беретін және құны қымбат болмайтын жалғыз ғана қазына.

«Сені сүйемін» деген сөзді сүйіктіңе жиі айт және есіңнен шығарма, бірақ оны алдымен өзің сезін. Аймалау мен сүю кез-келген сүйкімсіздікті сүйкімді етеді. Бірге болғанда бір-біріңнің қолыңнан ұстап жүр және сол сәттерді бағала, өйткені бір кездер келгенде ол адам сенің жаныңнан табылмауы мүмкін.

Махаббат үшін уақыт тап, сұхбатқа және өзіңнің айтар ойыңды бөлісу мүмкіндігіне уақытыңды аяма.

Өйткені өмір тыныс алу уақытымен емес, жаныңның рахатын сезінетін сәттерден тұрады».

Джордж Денис Патрик Карлин (George Denis Patrick Carlin, 12 мамыр 1937 — 22 маусым

2008) – америкалық комик, актер әрі жазушы, «Грэмми» сыйлығын төрт рет алған және Марк Твен сыйлығының иегері. 5 кітап, 20-дан астам музыкалық альбомның авторы, 16 фильмге түскен.

* * *

32

Қазіргі адамдар махаббатқа уақытын қимайды. Біріне-бірі күтім жасауға, сын айтуға уақыт таппайды. Жолыға сала 3-4 сағаттың ішінде төсектен табылады.

Соғыс кезінде мәжбүрліктен солай болған екен, қазір махаббаттың құнсызданғанынан солай болды.

* * *

Махаббатты да ұйымдастыра білу керек.

* * *

Сүйіс де бір тұзды су, Ішерсің де шөлдерсің.

* * *

Ей, ақылды ару, күйеуіңнің қолы бос кезінде қасымнан шықпасын десең, бұдан басқа еш жерден дәл мұндай жан рахатын, сүйкімділік пен кішіпейілділік, наздылық таба алмайтындай етудің амалын қарастыр.

Пифагор.

* * *

Махаббаттың төрт фазасы болады. Бірінші – қалау, құмарлық.

Екінші – эротикаға ұласқан достық секілді «бірдеңе».

Үшінші – байланып қалу. Сол адамның сенің жаныңда болуын, сенің өміріңде қатысып жүруін қалау. Олай болмаса – су жоқ, тамақ жоқтай болып тұрады.

Төртінші – латынша каритас, сол адаммен тұтастай кірігіп кету, өзіңді сол адамға арнау. Бұл – Құдайға деген махаббатқа сай келеді, әрбір адам оған жете алмайды.

Құралай Омарова:

Тағдырға бағынып, көнеміз Десек те “өмірге иеміз”. Бір ысып, бір суып денеміз,

Мұздаймыз, жанамыз, күйеміз. Қайдасыз, қай жерде кемеңіз? Қай қырдан көрінер төбеңіз? Ақылшым, “ақымақ” демеңіз,

Шашымнан сипалап, басымды сүйеңіз. Жұбатар деп сізге сенеміз, Және де тек сізді сүйеміз Жүрек екеуіміз…

...Көрінермін жұмбақ тым...

Қиял – теңіз, тереңіне шым баттым. Өзіңізді аңсадым.

«Сіз» деп соққан жүрегімнің лүпілін Келіп еді тыңдатқым, Қымбаттым.

...Жазмыштың құлымыз, Салғанына көндігеміз шарасыз.

Күн дөңгелеп, ай жылжыды жаңасыз. Сізді қайдан табамын?!

Мені қайдан табасыз?..

...Жалғыздан жалғыз аппақ әлемде,

33

Қар қызы болып ән салам. Жалғыздан жалғыз ұйықтап жатып, Түсімде көріп тамсанам.

Жалғыздан жалғыз жүрсем де, жаным, Күтуден сені шаршаман.

Жетеміз қашан, қыраным менің, Күндерімізге аңсаған.

* * *

Андре Моруа:

...Бірін-бірі сүйетін әйел мен еркек араға ұзақ уақыт салып қайта кездескенде әңгімелері үйлесе қоймай қатты қиналады. Ол үшін сәулелі сезімді оятатындай жан жылуы керек, әрі олардың екеуара әңгімесі санаулы ғана минуттардың ішінде махаббаттың бұрынғы бел-белестерін тез шолып өтуге тиісті.

...Есте сақтау қабілетінің ішіндегі ең күштісі – ғашық әйелдің есте сақтау қабілеті.

* * *

Бір әйелді қайықпен серуендеп қайтуға шақырған Шуман екі сағат бойы бір ауыз тіл қатпапты да, тап қоштасар сәтте: «Біз бүгін бір-бірімізді қандай жақсы түсіндік!» - депті.

* * *

Егер адамдар бірін-бірі сүйсе, оның себебін сұраудың керегі жоқ.

Айзек Азимов.

* * *

Әйелдің көз жасы көңіл толқытады. Ал ер адамның көз жасы нағыз қорытылған қорғасын іспетті. Әйел жеңілденіп қалса, еркек үшін ол ауыр азап.

Ч.Амирэджиби.

* * *

Егер таңданып, сүйсінетін ешкім болмаса, онда хас сұлулық пен керемет сырт сымбаттың не құны бар?

Бальзак.

* * *

Сұлулыққа сұқтанған еркектің жыры бітпес. Төсекте құмарын қандырған сұлу да, тояттаған ер де төсек ләззатын ұмыта алар ма?!

* * *

Екі әдемі адамның аспаннан түскен жай сынды бірден келе қалатын ерен құштарлық сезімі, таза сезімі көбіне ұзаққа созылмайды. Олар мәңгілікке бірі-бірінен айрылысу үшін аз ғана сәтке бірін-бірі табатын сияқты... Олар бірін-бірі аяйды, өз құпияларын сақтайды, сырт көздерден өз сезімдерін жасыра жүріп, қасірет шегеді және шын сүйеді...

(Валентина Толкунова туралы. Комсомольская правда, 3.04.2010).

* * *

Джебран Халил Джебран:

...Жаратқанның ең алғашқы ойы періште туралы еді...

...Еркектің жүрегін жаулай білген әйелдер баршылық, бірақ сол жүрекке билік жүргізе білетіндер некен-саяқ.

... Шала піскен жүзімнен жақсы шарап шықпайды. Шала сезім махаббатқа ұласпайды.

34

...Әйелдердің болмашы ғана кемшіліктерін кешіре білмеген еркек олардың ең керемет қасиеттерінен ләззәт ала алмайды.

* * *

Ақыт Ұлымжыұлы:

...Осы жолы ойым алдамаса екен. Махаббат деп аталатын ұшы-қиырсыз теңіздің жағасына толқын ұрып шығып қала бермесем екен. Менің сізді айналамдағылардың ешбіріне, тіпті жер бетіндегілердің ешбіріне теңгергім келмейді. Осы сенімімнен шығыңызшы...

...Сізге шынымды айтайыншы. Мен кіршіксіз махаббат іздеп жүр едім, бірте-бірте былғанып қалмайыншы, ойдан ой қуып жүріп. Шын болсыншы... Махаббат – аққу ғана жүзетін айдын. Қаз-үйрек лайлайды ол айдынды...

* * *

Сүйіктісінің кемелдігіне сай сүюші де жетіледі.

* * *

Ғашықтық – адамды өз дәрежесіне сай сыйлай білуді, сүйе білуді үйрететін мектеп. Шын сүйген адам пенделік «менінен» биік тұруды үйренеді, сүйгенінің көңілі үшін өзімшілдік нәпсісін тыюды үйренеді. Ғашықтық сынды ғажайып күй бойын билеген адам, жақсылыққа, жарыққа, биікке, кемелдікке ұмтылады. Сол күйді таба білген, сақтай алған адам қандай бақытты.

Ғашықтық – нұрлы әлемге шақыру, сол әлемді өмірде орнату.

Ғашықтық – адамның кемел бейнесінің бір сәттік жалт етуі, оны берік ету үшін сол кемелдікке жету жолындағы саналы әрекет, сабырлы ұмтылыс, жетсем деген ыстық ниет болуы тиіс.

Ғашықтық – тәңірі тектес сезім шырағы, ғашық адам сол шырақты сөндіріп алмай, лаулата түсуге тырыссын!

ЛевТолстой:

...Әйелдер көбіне махаббат сөздерін өз ойларын жеткізу үшін емес, өз мақсатына жету үшін айтады.

...Рухани жетілген адам махаббатқа, үйленуге онша мән бермейді, ол жануарлық пиғылдағы ішіп-жеуге, жұмысқа, қызметке мән беретін адам үшін биік нәрсе саналады.

* * *

Сүйе тұрып, ақылды болып қалу қиын.

Бальзак.

* * *

Әйел құлағымен, еркек көзімен жақсы көреді.

* * *

Сен бар жерде жетеді төбем көкке, Желпінемін жанымды жел емдеп те. Басқалардан мен сені биік көрем, Сол орныңды, өтінем, төмендетпе.

Тіршілікте бір ісім парықтаған, Биіктерден түседі жарық маған...

Қайда барсам ойымда сен жүресің, Қиялыма қанат боп шарықтаған.

Ебіл-дебіл нөсердің күйін кешем, Сөйтер ме едім сүймесем, сүйінбесем.

35

Терезеңнің алдында мен сияқты, Отырсың ба, ой кешіп үйіңде сен.

Сезіміңе боламын жүзіп бір мас, Ағаштардан күз келіп үзіп тұр жас. Алаңдаймын сен тоңып қалдың ба деп, Мені басқа ештеңе қызықтырмас.

Жүрсе-дағы перінің жүзі күндей, Көңілімді бермеймін бұзып үндей. Сая болып мен саған ғұмыр кешем, Қаладағы орманның үзігіндей.

Мұратхан Шоқан.

* * *

Үмбетәлі:

...Ел ішінде сұлу көп, Сұқтанбақ бар да, бұйрық жоқ.

* * *

Егер әйел бақытты, әрі қорғансыз болса, ол – махаббат!

* * *

Аманжан Жақып:

...Өзін дұрыс ұстай білген сұлу әйел тез өрлейді.

...Сүйіспеншілік үшін бөгет қазір аз, жастар еркін де ерте ауызданады. Сондықтан махаббатқа бас құрбан ету бұл күнде болмайды.

* * *

Сен кінәлама мені...

Ғашықтық дерті бойымда. Көргім келеді сені...

Өлгім келеді қойныңда.

Иранғайып.

* * *

Өзі сүйіп, өзгеден сүю іздеп, Таппаған сорлы адамнан сөнер шырақ.

* * *

Сүйген кісіңнің айыбы асыл көрінер, Сүймеген кісіңнің асылы айып көрінер.

Жүсіп Баласағұн.

* * *

Ғашықтардың көңіліндегі от пен көз жасы болмағанда, дүниеде су да, алау да болмас еді.

Мәулана.

* * *

Төсіңнен тоят бердің, қанды шөлім, Ерніңнен есім кете балды ішемін. «Махаббат бар!» дегенге мәңгі сенім! «Махаббат жоқ!» дегенге – қарғыс, өлім. Махаббат жоқ деген сөз жалған, бекер! Сүймеген, сүйіспеген арманда өтер.

36

Уыты, ұрттай қалсаң, бойды алатын Тәніңнің тәтті уы бар балдан бетер. Ұрттадым сол бір удан... Шала маспын. Еміндім ерініңе... Ала қаштың...

Жүрегім аласұрды-ау арғымақтай Маңайын мың айналған мама ағаштың! Жүрегім аласұрды... босанбақ, ә? Қозғалсам, қолым тиер қос алмаңа. Айтпақ боп әлденені күбірлейсің Булықсып, бұла денең босаңдана. Балбырап балаусадай жүзің-өңің, Албырап, алаулайды қызыл ерін.

Жаңа айдың жүзін көрген рәуіште Қараймын, Үздігемін, Үзілемін...

Ақық жас кірпігіңнен тамып төмен, Талаурап талма таңда талыққан ең...

Халіңді осы сәткі – қайраңдағы

Алқынған ауа жетпей балық дер ем...

Түн іші, Күңгірт,

Жым-жырт шағын бөлме, Лапылдап жанып жатыр жалын-кеуде. Жалынға ернім күйіп өткен сайын,

Жан құмар «жарым» деуге, «жаным» деуге. Алдымда – балқып, еріп баратқан Ай, Жәннатың осы ма еді, Жаратқан-ай?! Тілегім жалғандағы жалғыз ғана: «Ылайым таң атпағай, таң атпағай...».

Махаббат сезімі

Махаббат сезімі адамға жарқын қуаныш та, ауыр қасірет те шектіреді. Әр адам өзінше сүйеді. Сүю – адамның мінез-құлқына, ақыл-есі мен денесінің қаншалықты өсіп жетілгеніне, тұрмыс жағдайы мен алған тәрбиесіне де байланысты.

Аяулы махаббат сезімін басынан кешіріп жүрген әр адам күн сайын өзіне белгісіз әрі қызық бір кітаптың бетін ашып жүргендей сезімге бөленеді. Әр адам өзінше ынтызар, өзінше ғашық болады, махаббаттың барлық адамға бірдей дәл келетін өлшемі мен эталоны жоқ. Махаббаттың бірыңғай теориясы да жасалмаған. Бір адамның махаббаты екінші адамда қайталанбайды, әр адам өз түсінігімен, өз жолымен ғана жүреді. Әркім махаббатта өзінше бақытты, өзінше бақытсыз. Махаббат қуанышы бірдей. Дүниеге келген әрбір адамның өз өмірінде бір рет болса да, терең де ыстық махаббат сезімін басынан кешіруі табиғи жай. Махаббат сезімі адамды ұсақ-түйек өзімшілдіктен арылтады, оның өзге адамдарға деген қарым-қатынасын кеңейтіп, байыта түседі.

Махаббат сезімі қанша уақытқа созылады, бір адамды өмір бойы сүюге бола ма, бұл – құпиясы мол жұмбақ сыр. Нағыз махаббат – адамгершілік жағынан дұрыс тәлім-тәрбие алған адамдарға тән асыл қасиет.

Әйел өзі ұнатқан еркегі аймаласа ғана жыныстық жағынан қозады. Әйел заты табиғатынан жылы сөзді, еркелеткенді, аялағанды, құрмет көрсеткенді ұнатады.

Мұны еркектер де жек көрмейді, бірақ әйелдер ерекше ұнатады. Еркелету мен аймалау, кейбір әйелдер үшін жыныстық қатынасты алмастырғанмен тең. Әйел сексуалдылығының бір ерекшелігі осында. Олар еркектердей емес, жыныстық жағынан тез қоза қоймайды. Әйелдердің көбі жыныс қатынасы алдындағы «махаббат ойынын» жақсы көреді.

37

Өмірде махаббат пен сүйіспеншілік сезімді үнемі ыстық күйде ұстап тұру өте қиын. Адам махаббат бақыты үшін күресе білуі тиіс.

* * *

«Кез болған адамдардың қайсысы маған жаратылған» дегенді білу үшін өзіңнің идеалың кім, соны біліп ал. Кіммен өміріңді өткізгің келетінін білмесең, саған жаратылған адам кездесе қалғанда оны тани аласың ба...

* * *

Мені сүйген әйелдің махаббаты – мен үшін әлемдегі ең кіршіксіз, ең асқақ махаббат.

* * *

Ғашықтар – дәрежеге қызыққандар сияқты, бағасын түсіріп алғанын да сезбей қалады.

* * *

Күндердің күнінде бірге тұрмасақ та өмір сүре алатынымызды түсінеміз. Олай болғаны – бізге керек нәрсенің бәрі болмағаны.

Бұл – махаббаттың біткені.

Бірақ бірімізсіз – біріміз бақытты бола алатынымыздың өзі – бақыт!

* * *

Бұзуға хақың болмаған мөрді бұзғаныңды жөн санамаймын.

Елена ӘБДIХАЛЫҚОВА

...Бәрiмiзде мiнез бар ғой бұлдансақ, Бақытты едiк Ай куә боп тұрған шақ, Мен өзiңе бар өкпемдi ұмытып, Жүрем кейде сырласатын күндi аңсап! Жұлдыздардай жымыңдасар дүрлiгiп, Жанар едi сонда көзден нұрлы үмiт. Онсыз-дағы шерi қалың жүрекке Қандай қиын жүру деген сыр бүгiп! Не болғаны сезiм бiр сәт көз iлсе, Өткенiмдi саралаймын өзiмше. Жаннан артық жақсы көрген адамың, Қандай жаман бейтаныстай безiнсе?! Екеумiзде ой тең едi, бiр-дi ұғым, Шаттығымыз түретiн түн түндiгiн. Бiлiп тұрып жалғандығын өмiрдiң, Неткен сұмдық кешiре алмау бiр-бiрiн! Салып сақтап сыр-сезiмдi iшiме, Өкiнемiн тағдыр салған iсiне,

Өзiң жайлы өкпе-назын бiреудiң Қандай ауыр артып жүру кiсiге! Есiлетiн арман – қайық ескегi, Сағынамын Жайық бойын кештегi! Құрметi үшiн сол күндердiң, тым құрса, Кешiре алсаң, өтiнемiн, кеш менi!

* * *

Өзiңiздi аңсап сарғайдым, хабарсыз кездерiңiзде, Өкпелеп Сiзге сонда да өппедiк өзгенi бiз де!

38

Менiң азап жанымның дiрiлiн сезгенiңiз бе, Мұң көрдiм көздерiңiзде!

Құлдырап барып құлайтын көңiл – аралымызға,

Жалғыз демеу сол едi жалғанда жаралы қызға.

Менiң тылсым кеудеме бiр терең қарадыңыз ба?!

Сыр жатты жанарыңызда!

Тақырып болған пендеуи тәуба мен тiлегiмiзге, Сiз дейтiн ғұмыр сенемiн сүрерiмiзге!

Менiң тайқы тағдырым тидi ме жүрегiңiзге?!

Ой қалды реңiңiзде!

Ай – бейне Сiздей ажарын тұрса ашып көгiмнiң, Сәйкестiк iздеп жаныма тасып-төгiлдiм!

“Осының бәрi мен үшiн болар-ау” деген

дәмесi-ау ғашық көңiлдiң...

* * *

Алаңсыз құламас едiм...

Құз болмасаңыз!

Мұңайып жыламас едiм...

Мұз болмасаңыз!

Адасып кетер ме едiм....

Iз болмасаңыз?!

Жарасып өтер ме едiм ...

Күз болмасаңыз!

Тәттiнi бiлмес едiм-ау ...

Тұз болмасаңыз!

Мен өмiр сүрмес едiм-ау...

Сiз болмасаңыз!

СIЗ

Айнымайтын адалым! Аласармас биiгiм! Барар Сiзсiз базарым Басқан шақта жиi мұң! Төбемдегi ақ туым! Аузымдағы ұраным!

Сiз болдыңыз шаттығым Буындырса бұла күн!

Қара жерден салмақтым!

39

Қайыспайтын нар тектiм! Жан нұрыңыз, ардақтым, Жан дүниемдi өрт еттi!

Ойламасам күпiр-дi, Ортаймайтын оям - дүр! Жүрегiмде лүпiлдi

Сiз деп сайлап қоям бiр....

Теңiз сынды тереңiм! Жұтқан демiм, ауам – дүр. Ойламайын деп едiм...

Тартып кеттi санам зiл!

Тамырдағы бүлкiлiм! Көзiмдегi нұр, шуақ! Қапас дүние, iлкi мұң Iшiндегi бiр шырақ!

Тiрлiктегi тiрегiм, Тiлiмдегi кәлимам, Сiз деп соғар жүрегiм,

Сау тұрғанда фәни, жан!

Сарқылмайтын қазынам! Сүрiнбейтiн саңлағым! ….Өлең дейтiн базынам Өзiң жеткiз аржағын...

* * *

Қайтем ендi....

Қоспаса тағдырымыз, Мұңға батып өтер де әр күнiмiз,

Шер жаныма әйтеуiр, демеу болар Мына жалпақ әлемде барлығыңыз!

Қайтем ендi...

Тағдырды налып қарғап, Бiзден, сiрә, шығар-ау жалыққан бақ,

Менi түбi тұңғиық ағыстардан

Сiздi сүйген жүрегiм алып қалмақ.

Қайтем ендi...

Не шығар жылағаннан? Сiзсiз сұрғылт көрiнер мына жалған, Қорғаштаймын сiз деген сезiмiммен

Жүрегiмдi күңкiл мен

40