Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

* * *

Кіші жүз ханы Нұралының 16 әйелі, 15 кәнизагы болған. Некелі, некесіз әйелдерінен 32 ұл, 33 қыз сүйген.

Екеудің ойы

Кешқұрым ерлі-зайыпты екеуі қосылғанына он жыл өткенін тойлауға үстел үстінде кешкі асты алдарына алып қарама-қарсы отырып, шарап ішті, темекі тұтатты.

Бір-біріне бетпе-бет отырғандары болмаса, қарашықтары түйіспейді, кірпіктерін марғау қағып қана қиял бесігінде тербеліп отыр...

Күйеуінің ойы: «Осы күнді нешеме жыл бойы ұмытпай атап өтіп келеміз. Әділіне келсек, ең алғашқы жылдардағыдай әсері бар ма? Егер мен мына гүлді арнайы әкелмесем және бүгінгі асқа келмей қалсам, не болар еді, ә?

Осыдан он жыл бұрынғысындай емес, бет-әлпетін әжім сызықтары басып келеді, ажары қайта бастаған. Менен мүшел жас үлкен еркектер қазір мұнан анағұрлым сұлу әйелдерін тастап кетіп жүр... Апырай, бұл қазір не туралы ойлап отыр екен, ә? Әрине, мен туралы болар, жүзінен бақыт нұры шашылғандай. Жоғарғы ерні дірілдей ме? Ия, бір кездері мұның осынау еріндері бүкіл өмірімнің қызығы, ырзығы іспеттес еді-ау! Тіпті осыдан бес жыл бұрын мұнсыз өмір сүру мен үшін текке ғұмыр кешумен парапар емес пе еді? Ал қазір ше? Менімен тағдырын қосқан жылдар ішінде маған титтей сенімсіздік туғызып, ренжіткен кезі болған жоқ. Егер қылаудай себеп болса, сөз жоқ, алды-артыма қарамай, басқа әйелмен бас құрап, бақытымды табар ем. Әй, бірақ бұл менің мұныма шыдамай мерт болары сөзсіз еді-ау. Өйткені мені шексіз сүйеді емес пе...».

Әйелі мынадай ой құшағында отыр: «Бір кездегі қиялымдағы махаббатым осы ма? Бірақ, обалына не керек, бұл мені жанындай жақсы көреді. Әрі маған деген ықылас, сүйіспеншілігі ешқашан сарқылмақ емес. Ия, осыдан бірқатар жыл бұрын мұның өзіме деген махаббатына кір шалдыру – кешірілмес қателік болса, қазір, керісінше, ықыласына лай жағып, өзімнен суытудың ешбір жөнін таба алмаймын. Мен бүгінгі кешкі асты әзірлегенде қызметте түрлі жұмыстармен басы қатып, дәстүрлі күнді ұмытып кете ме деп ойлағам. Бірақ олай етпеді, әдеттегісінше гүлін алып, уақытында жетіп келді. Енді бүгіннен бастап мұның өзіме деген махаббатына он бір жылға аяқ басады. Шынтуайтына келгенде, бұл маған әдеттегісінше еміреніп жүргенімен, менің бұған деген махаббатым суына түскендей.

Әттең әйел жолы жіңішке-ау! Әлде қолды бір-ақ сілтеп, басқа біреумен қол ұстасып кете барсам ба екен?..».

Екеуі де күрсінді. Орындарынан тұрып, бір-біріне қолдарын созды. Сонан соң құшақтасып, беттеріне беттері тиіп, бір-бірі туралы іштерінен: «Егер бұл мені жан-тәнімен беріле сүймегенде, ендігі әлдеқалай, бір жақты болар едік қой», - деп ойлайды.

Яна Рудковская. Махаббат.

* * *

Ескі заманда соғыстағы ең үлкен олжа әйел болған. Жеңген жақ сол жердегі бетінің жылтырағы бар жас әйелдер мен қыздарды іздеп жүріп тауып алып, өз елдеріне олжа ретінде алып кетіп сардарлары үйленген немесе сарбаздарға берген. Осылайша бойдақ еркектер әйелді болып қалған. Бұл соғысқа жігіттерді шақыруға стимул ретінде пайдаланылған. Моңғолдың, қалмақтың біздермен араласып, бір-бірімізге ұқсап кетуіміз содан.

* * *

Егер сүйікті болғың келсе, алдымен еркектің қарынын тойғыз. Аш принц сүюге құмартпайды. Принц көшеде жатқан жоқ, алдымен оны табу керек. Принцке деген өз сезіміңе сенсең, оны өзіңе қаратуға өзің белсеніп кіріс. Ол үшін алдымен оның саған деген көзқарасын бағала. Егер ол ықылас танытқанына көзің жетсе, онда ниетін өлшеп бағамда, ол ниеті шын ба, біліп ал. Ол үшін бірер рет жорта ашық-шашық бола қал. Сонда сенің қойныңа ғана кіруді мақсат еткен адам болса білініп қалады.

Сенің көңілің одан гөрі тереңірек қарым-қатынасты қаласа, онда ондай адамнан қаш.

* * *

141

Хат:

Мен бұзауы өлген, өлген бұзаудың терісіне сабан тығып жасаған тұлыбына мөңіреп жүрген сиыр сияқтымын.

Менің махаббатым да сол бұзау секілденді ғой деймін.

Өйткені сен бұрынғы мен сүйген кездегіден өзгердің. Адам баласының ой-санасы үш-төрт жылда өзгеріп тұрады дегенінің рас екеніне сен арқылы тағы бір рет көзім жетті.

Бірақ, мен үшін махаббат бәрібір жек көруден биік. Саған бермейтін хаттарымды жалғастыра берермін.

Сен де тым болмағанда қиындыққа ұшырағанда, жолың болмағанда, ұтылғаныңда мені есіңе түсіріп тұрарсың.

Менің саған зияным жоқ еді. Бағамды білмедің. Қош!

* * *

Әйелі ерінен артық ақша таба бастаса, ерінде комплекс пайда болады. Жұбайлардың екеуі де лидер болса, олардың үйлесімді өмір сүруі қиын...

* * *

Әйелге кешіруге болмайтын нәрсе - сатқындық. Егер ол - көзге шөп салу болса - кешірілмейтін сатқындық. Оны білдірмей жасағанның өзінде ол - екеуара қатынастың іргетасына түскен түскен сызат. Сатқындық жалғаса берсе, сызат тереңдейді де ғимарат құлайды, ошақ үрлеусіз қалады. Үрлеусіз қалған, отын салып тұрмаған ошақ сөнеді.

* * *

Әйелінің көзіне шөп салып жүрген еркек әйелін мақтап, көтермелей берді. Кеткісі келіп, ниеті айнып жүрген еркек әйеліне себепсіз тиісе береді,

* * *

Әйелдерде, еркектердің алдында, өзі қандай болса, содан жақсырақ көрінге тырысу бар.

* * *

Жұбайыңмен, басқа біреумен, қайта-қайта келіспей қала берсең, онда өзіңе-өзің сұрақ қой, ойлан, проблеманың түбірін ізде.

* * *

Қазірдің өзінде британ еркектерінің 35 пайызы әйелдерімен бірге тұрғанымен, некеге отырмағандар екен. Зерттеуші ғалымдар 2050 жылдары бұл көрсеткіш 50 пайызға жетеді деп болжайды.

* * *

Үш себептен әйелдер ерлерінен жерінеді: бірінші – әйелдің жақсы көңілдес тауып алғаны, екіншісі – ойынан шығатын еркекті кездестіруі және ұнатып қалуы, үшінші – ақшаны аямайтын жомарт еркекпен кездесіп қалуы.

Әйелдің ерінен «айни» бастағаны мыналардан көрінеді:

1)көп уақытын өзінің сырт келбетіне арнайды;

2)еріне айтатын ескертулері жиілейді;

3)үйде қалта телефонын өшіріп тастайды;

4)жұмыстан өзі қайтуды әдетке айналдырады;

5)түрлы сылтаумен жалғыз қыдыратын болады;

6)«Шаршадым» деп төсек қатынасынан өзін аулақ ұстай бастайды.

* * *

Әйелінен қауіпсінетін еркектер әйелінің көзіне шөп сала жүріп, көңілдестерін бір қалыпты ұстауға тырысады. Ол үшін:

142

1)анда-санда әйелін мақтай жүреді;

2)көңілдесін ешкіммен таныстырмайды, жұмыс орнына шақырмайды;

3)демалыс орындарында қол ұстасып, құшақтасып жүрмейді;

4)демалыс күндері «қыдырмайды».

Жар құшағын суытпаудың тәсілі

Әйелдердің өз махаббатын таба алмауының он себебі:

1.Өзін сүймеген әйелді ешкім сүймейді. Әрине, әйел өзіне ерекше сенімді әрі мақтаншақ болса, оны ешкім жақсы көрмейді. Бірақта өзін ұдайы төмен санайтын, өзінің барлық кемшіліктерін көрсете жүретін әйелді кім жақсы көрсін?!

2.Мінсіз жігіт табам деу. Бір жері кемшін көрінген жігіттің көптеген жақсы жақтарын тани білу де өнер.

3.Өмірінің әр күнін жоспарлап жүретін әйелді де еркектер онша жақсы көрмейді. Икемді, жұмсақ, кейде білдірмей жеңіле білетін әйел сүйкімдірек.

4.Ұдайы хабарласа берген әйел де күдік туғызады, еркектер ондай әйелмен бас қоссам, еркіндігімнен айрылып қалам деп қорқады. Еркектердің көбісі әдетте көп сөйлей бермейді, оның тыныштығын бұза беру жарамайды.

5.Еркектің әмиянына үңіле бергісі келетін әйелді де олар жақтырмайды.

6.Әйелдің өзінің бұрынғы еркектері жайлы айта беруі еркекті жирендіреді. Әйелдің көңілдестері жайында еркек тіптен де естігісі келмейді. Ол өзі сол әйелдің өміріндегі жалғыз ғана еркек емес екенін біле тұра, өзін солай сезінеді, тым болмағанда, бұрынғылардың бәрінен жақсырақ болған соң, мені таңдады деп үміттенеді.

7.Еркектің бұрынғы байланыстары жайында аса қызығушылық таныта беру де еркекке ұнамайды.

8.Еркекпен жаңа ғана жақындаса сала, оған тәтті тамақтар пісіріп, оның кір-қоңын жуған әйел еркегін ерке етіп алады, олар өздерін ерекше сезініп, еркелете түссе екен дейтін болады. Осыған әбден әдеттеніп алған еркекті үйдің шығынын бөлісуге шақырғанда, теріс айналады.

9.Бірінші қадамды еркектер жасағанмен, олар тез суиды. Әйел күнде солай бола бермеді, демек, мені сүймейді екен деп ойлайды. Ылғи гүл мен қымбат сыйлық күткен әйел уақытша махаббатқа ғана жолығады.

10.Төсек қатынасында риза ете алмаған, үн-түнсіз жата беретін, рахаттанып жатқанын көрсете білмейтін, тым болмаса еркектің қай қимылдары ұнайтынын айта жатпайтын әйелге еркектің қызығы тез басылады. Ондай сөздер мен қимылдар көбейіп кетсе де еркек жақтырмайды. Жалпы, төсекте ұнағанды айтуға қысылмау керек, жалған айту да болмауы тиіс.

* * *

Тез ғашық бола кететін еркектер бұрынғы байланыстарын тез үзе салмайды.

* * *

Андрон Кончаловский үш әйел алып, ажырасқан. Соның үшеуіне де суретші Николай Двигубский үйленген. Біріншісі - Наталья Арынбасарова.

* * *

Көкшетауда обком хатшысы болған бір кісінің билік пен байлық тұтқаларында жүрген ұлдары бар. Солардың бірінің әйелі күйеуінен ажырасып оның ағасына тиген. Бұл біздің еуропалануымыздың басы болар...

* * *

Әйелге жас әрі дені сау болып қалу үшін төрт нәрсе керек: оптимизм, сексуалдылық, өмірге құштарлық және қоршаған ортаға ашықтық.

* * *

«Сен отыздан асып қалдың, мен әлі қырықтамын».

Ерінің әйеліне айтқан сөзі

143

* * *

«Декреттен қайтпаған әйел» - салпы етекке айналып, қайтып сұңғыла қалпына қайта оралмаған әйел.

* * *

Орыс әйелдеріне жылы сөйлеп, жақсылап сұрасаңыз, сізбен тар төсегін бөлісуге әркез

дайын.

Ричард Генслер, ағылшын кеме флотының басшысы (1553 жылы айтыпты).

* * *

Қазақ қыздарының жаппай қалаға келуі, қызға қырық үйден тыйым деген ұстанымның кері шегінуіне, ата-баба ұстанып келген соралдық ұстанымның шайқатыла бастауына алып келіп соқты.

Е.Раушанов. Қазақ әдебиеті. 10.10.2008.

Үйлену оңай...

Біздің қазақ баласы ойланбай үйлене салады. Келіншегін тек қызық күндер өткізу объектісі көреді. Қызығын көру ғана емес, оның тағдыры үшін жауап беретінін, оны бағып-қағу, қамтамасыз ету керектігін, бала көрер болғанда мойынға түсер салмақ еселене түсетінін сезінбейді. Тіпті, ұдайы жаныңда біреу пысылдап жататынын мойындай алмайтын жігіттер бар.

Осы талаптарға жауап бере алмаған отбасында реніш, өкпе, қызғану, ашу-араз, ұрыс-керіс болады. Аяғы екеуі бір-біріне риза болмау, өзгеге көз салуға ұласады. Өзгеден сүйеніш пен қызық іздейді. Сөйте-сөйте тәжірибелі болып, кімнің қандай екеніне сынай қарайтын болып алады.

Адамдардың өз жұбайынан өзгеге көз салу себебі неде?

Бірінші себеп – төсек қызығы. Екеуінің бір-біріне үйлесімділігі. Біреу қызуқанды, біреу енжар. Екеуінің бірі өзгеге көз салса, оған еркек айыпты. Себебі еркегінен қанағат көрген әйел өзгеге көз салмайды. Әйеліне қарамай, өзгеге көз салған еркек – жауапкершілігі жоқ еркек.

Екінші себеп – дастархан. Өз үйінде қарыны тоқ, көңілі жай еркек үйінде түстенуге асығады, өзге асқа қызықпайды. Әйелдердің құлағына алтын сырға, бұл мәселе секске де қатысты.

Үйдегі жанжал өзгеге көз тастаудан басталады. Жуылмаған кір, өтектелмеген шалбар, дәмсіз тамақ, таусылған тіс пастасы, бәрі еркекті кіжіндіреді. Осы жерде көңілдегі желікті басатын байсалдылық керек. Нақты өмір сен ойлағаннан гөрі салқынқанды, сені ылғи қанағаттандырмауы мүмкін. Барлық істе тепе-теңдік болуы тиіс. Еркек үйленгенін ұмытпағаны жөн. Кейде үйде күтіп отырған әйелің үшін маңызы шамалы кештерге, футболға бармай-ақ қоюға болады. Киноконцерттерге бірге баруға әдеттену керек. Орыстың мақалы рас: «Шанада сырғанағанды жақсы көрсең, шананы сүйретуді де жақсы көр».

Әйелдің де кешірімді болғаны дұрыс. Үйленбеген кездегі әр жолы берілетін гүлді көксей бермегені дұрыс. Ерінің кез-келген қателігін көңіліне ала берсе, әйелдің достыққа ұмтылмағаны. Ұрыс жиілей берсе, ерлі-зайыптылар бірін-бірі біртіндеп керек етпей қала бастайды. Рас, бастапқыда төсек ұмыттырады, бірақ тырнақ астынан кір іздеуді, болмашы себептерге бола ұрсыса кетуді әдет етпеген жөн. Әйтпеген күнде, бірі-бірі ашық айыптауға, жұрт көзінше салғыласа кетуге, бір-бірінің шамына тиюге, ұайтсем қаттырақ ызыландырам, жанын ауыртам деп дөкір сөздерге, бірте-бірте қол жұмсауға ұласуы көп күттірмейді.

Қаншама қиын мәселе болмасын, шешімі табылмайтыны болмайды. Сондықтан тұйықты бұзып шығуға тырысу керек.

Жұптардың келіспеушілігіне жұмысқа әбден беріліп кету де себеп болады. Жұмысқа өзін әбден жегіп алғандар жұмыстан басқа әңгіме айтпайтын болып алады. Бұл да қауіпті.

Ері өзінен бір адым ұзаса басқаға көз салып қоятындай көретін қызғаншақ әйелдер болады. Еркек еркіндікті жақсы көреді. Еркектерге еркіндік бергендей етіп отырып-ақ тежеу салып отыру ақылды әйелдің ісі. Ал шынымен көңілі басқаға ауған еркекті қызғанышпен қайтару мүмкін емес.

Қызғаншақ әйелдің мұндай мінезін қойдыру да қиын. Құдай сабыр берсін, дегенмен, еркектің анда-санда өзімен-өзі болу құқығы болуы тиіс екенін түсіну керек. Екеуінің біреуі демалысқа бөлек баруға ұсыныс жасаса, оған көнген дұрыс. Қызғаныш пен аңду жұбайларды

144

тәртіпті бола салуға үйретпейді, Құдай сабыр берсін деп, уақытша елігу болса, оған сабырмен қарағандар жеңіске жетеді.

* * *

Әйелдерге ақыл: Егер еркектен құтылғың келсе қарызға ақша сұра.

* * *

Ардың тазалығы десе адам алдымен жыныс қатынасының реттілігі, тәртіптілігі, әдептен аспайтындығы еске түседі.

Жыныс қатынасындағы бейберекеттікті алдымен реттеуге тырысқан христиан діні. Көп әйел алуды шектеген сол. Бұл ілімнің уағыздарының бірі: «Құмарлыққа берілме». Ислам діні бұларды одан әрі тереңдетті.

Ерте заманнан, Адам Ата мен Хауа анадан бері, адамдар киім киюге әлі жетпеген, ұятын жапырақпен жасыратын шақтан бері жезөкшелік бірге келеді.

Марко Полоның жазбаларында Шыңғыс ханның немересі Құбылай Ханбалықта таққа отыра сала Ұлы Жібек жолының қытай еліне жақындай бастаған жерінен, Іледен бастап тараған керуенсарайларда жалға берілетін әйелдер болғанын, олар әдетте сарай иесінің әйелдері екенін байқап, соны тоқтатқан. Аз уақыт өтпей ақ императорға өкілдер келіп, ата-бабадан келе жатқан әдетті тоқтату бақытсыздық әкеле бастады деп дәлелдеп, жарлығын тоқтаттырған.

Өз әйелдері мен қыздарын саудалау тарихта одан да ертеректен бар. Геродот: «Кипр жағалауының қыздары және мидиялықтар ақша үшін ойнастық жасайды. Еркін жүрген кезде өздеріне қалыңмал жию осылай жүзеге асады. Олар өздеріне күйеу тауып алғанша осылай өмір кешеді - дейді. Геродот Марко Полодан мың жарым жыл бұрын өмір кешкен.

Тибетте жолаушы көпестерге демалыс орындарында жас қыздар келіп, өзін «бір сағаттық қызық» үшін ұсынатын болған.

XIX ғасырдың ортасындағы әдеттерді Михлуко-Маклай былай суреттейді: «Жаңа Гвинея папуастарының қыздары тұрмысқа шыққан соң бірнеше күн-айдан кейін өз еркімен басқа біреуге кетеді, онда да көп тұрмайды, тағы біреуге барады, сөйтіп өз еріне айналып келгенше жүре береді. Өз ерінде де тұрақтап қалмай, қайта айналымға өз қалауынша, келісімге орай кете береді».

Батыс Африкада эве деген тайпаның әйелдері бірінші түні қыз болып шықса, оны жұрттың бәрі жек көріп, әңгіме ететін болған. Оларда «үй аралас достық» та болған, әйелдерін айырбастап бірге өмір сүре берген. Әйелдер күйеулеріне ренжіп қалса, үйінен қашып кетіп, бойдақтар үйіріне қосылады. Күйеуі ол жерден төлем төлеп қана әйелін қайтып ала алады. Онда болған әйелдерді таңдаушы еркектер көп, олар өтімді болған.

Сібір буряттары да некеге тұрғанша бейберекет жыныс қатынастарына жиі барған, түрлі мерекелерде, тойларда бір-біріне құмартып жүргендер ортада жанып жатқан отты айнала билеп жүріп, қараңғыға сіңіп кетеді, қайта оралып, басқамен билеп тағы жоғалады, осылай жалғаса берген.

Ескі славяндықтардың да некесіз, ауыл сыртындағы ойындарда жолығысып, қатынасқа көшіп, бірге тұрып жүре беретіні жылнамашылар жазбаларында сақталған.

Сонымен ертедегілер некеден тыс қарым-қатынастың бейберекеттігін тыйым салынатын нәрсе деп есептемеген. Ол тамақ, ұйқы, сусын сияқты құдай жаратқан табиғи талап ретінде қабылданған.

Көне үнділіктер қыздарына бес жасынан би билеуді үйреткен. Сондағы негізгі мақсат – қыздар әсем, әсерлі болып, еркектерге қызмет етуі тиіс. Олар періштемен некелескендер, бірақ өздерін бағып-қағуға шамасы келетіндерге қызмет етуі керек деп есептелген.

Эллиндіктерде Афродита храмының алдында отырып, өзге елдерден келгендерге берілу шарт болған, онсыз үйіне қайтуға рұқсат болмай, кескінсіз кейбіреулері 4-5 жыл сол арада жүріп қалатын кездер болыпты. Түнге қарай еріккен қыздар күндізгі көрнекілік пен әдептіліктен арылып, нағыз жезөкшелікке көшкен.

I-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген рим императоры Клавдийдің әйелі Мессалина өзінің көңілшектігімен және жақындасқан еркектеріне қатыгездігімен аты тарихта қалған.

«Проституция» деген сөз латын тілінде «масқара, ұяттан арылу» деген мағына береді. Орта ғасырдан бері осы сөз пайда болды.

145

4.04.1997.

* * *

Қожанасыр бірде: «Барлық әйелдердің бағасы бар» деп қалыпты. Оны ханның әйелі естіп қалып Қожаны шақырып: «Жақсы, сіздің айтқаныңыз рас ақ болсын. Сонда, айтыңызшы, менің бағам қандай?» - деп сұрапты. Сонда Қожа:

- Міне көрдіңіз бе, сіз де саудаласа бастадыңыз, - депті

* * *

Ері мен әйелінің диалогы:

-Жаным, екеуміз қосылғанымызға біраз жыл болды, енді бір-бірімізге айтылмайтын сыр қалмасын, айтшы, сен өміріңде қанша еркекпен болдың?

-Ұрмайсың ба?..

-Жоқ.

-Мейлі айтсам айтайын – жеті еркекпен.

-Мен соңғысы шығармын?..

-Жоқ төртіншісісің...

IV. МАХАББАТҚА ҚАТЫСТЫ ӘЖУӘ-ҚАЛЖЫҢДАР

Шет елдік ақпарат көздерінен алып, Константин Душенко құрастырған (2007) «Большая книга афоризмов» кітабындағы ғашықтық пен құмарлыққа, ер мен әйелге қатысты ойлардан

көшірме. Жинақтай келе бұларды афоризм (нақыл сөз) деп емес, әжуә, қалжың (прикол) деп қана атағанды жөн санадым.

Сүйген адамыңмен бірге тұру, бірге тұрған адамыңды сүю секілді қиын-ақ...

Жан Ростан.

Еркек сүйіп қалғаны үшін үйленеді, әйел тұрмысқа шыққысы келгендіктен сүйіп қалады.

Анри Дювернуа.

Күйеуі бар әйелдің махаббаты – керемет. Әйелі бар еркектер олай сүйе алмайды.

Оскар Уайльд.

Өзім сүйген әйелдерімнің тұрақсыздығының құны, мені сүйетін әйелдердің тұрақтылығымен өтеледі.

Джордж Бернард Шоу.

Еркек өзін қалай сезінсе, жасы сондай; әйел қанша жаста екенін қалай көрсетсе, сонша

жаста.

Мортимер Коллинз.

Райхан гүлі тікенімен бірдей солады.

Леонид Леонидов.

Әйел бір мезгілде әрі алма, әрі жылан.

Генрих Гейне.

Әйел деген өлімнен де ащы, үйткені ол – тұзақ, ал оның жүрегі – қуатты, қолдары – кісен.

Екклесиаст, 7, 26.

Барлығы адамның қолында, ал адам – әйелдің қолында.

Александр Фюрстенберг.

146

Ол әйелін басқалардан артық сүйеді, бірақ сонысына көзін жеткізу үшін оған басқа әйелдер керек болады.

Натали Клиффорд Барни.

Күйеуін ауыстыра алмаса, алмастырады.

Медемуазель де Соммери басқа біреумен болып, көңілдесіне ұсталып қалғанда, оның қызбалана қызғанғанына былай депті: «Ах, сіз мені жақсы көрмей қалыпсыз; сіз менің айтқаныма сенбей, көргеніңізге сенгіңіз келіп тұр».

Стендаль.

Әйелі бар еркек әйелінен өзге екі-үш әйелмен романы болса мейлі, одан көбейіп кетсе алдау болып шығар еді...

Ив Монтан.

Махаббат – ең жақсы косметика. Бірақ косметика сатып алу жеңілдеу.

Ив Сен-Лоран.

Еркекке бас, әйелге бет керек.

Вячеслав Верховский.

Әйелге күйеу болғаннан көңілдес болан жеңіл, онда күн сайын көңіл көтерерлік әзіл ойлап табу керексіз.

Оноре Бальзак.

Бірін-бірі онша жақсы көрмеген көңілдестер ғана бірін-бірі ұмыта алады, өйткені ұмыту үшін жек көру керек.

Эрнест Хемингуэй.

Жақсы көңілдестерден ең нашар әйелдер шығады. Бірақ ең нашар әйел, жақсы көңілдес бола алмайды.

Лех Конопиньский.

Мүмкін, шында да, махаббат деген аурудың бір түрі шығар, бірақ жұқпалы ауру емес.

Жарко Петан.

Сүю деген – салыстыруды қою деген сөз.

Бернар Грассе.

Сүю – басқалар көре алмайтын кереметті көру.

Франсуа Мориак.

Махаббат – ұятты ысырып қоюдың ең төте юолы.

Зигмунд Фрейд.

Махаббат – ойнаушының екеуі де айла іздейтін карта ойыны сияқты, біреуі ұтқысы келеді, біреуі ұтылғысы келмейді.

Анри Ренье.

«Махаббат жоқ» деген ой сүю сезімін басынан кешірмегендерге ғана келеді.

Александр Кулич.

Махаббат «бір әйел басқа әйелден өзгеше» деген адасудан туады.

147

Генри Луис Менкен.

Махаббатта екі-ақ нәрсе бар: денелер мен сөздер.

Джойс Кэрол Оутс.

Екеуі бірін-бірі бірдей сүйсе, ондай бақытты баянды болмайды.

Эрнест Хемунгуэй.

Әркім ондай махаббатқа лайық бола алмайтын махаббатты аңсайды.

Лешок Кумор.

Сенімен де, сенсіз де өмір сүре алмаймын.

Марциал.

Бірін-бірі түсіну үшін ортақ бір нәрсе жетеді, бірін-бірі жақсы көру үшін кейбір айырмашылық та болуы керек.

Поль Жеральди.

Махаббатта жеңімпаздар болмайды, жеңілушілер болады.

Веселин Георгиев.

Махаббатты сақтап қалу үшін махаббаттан басқа да бірнәрселер керек.

Натаньел Бранден и Диверс Бранден.

Барлық мәңгілік нәрселердің ішінде махаббат – ұзаққа созымайтыны.

Жан Батист Мольер.

Мәңгілік махаббаттың ғұмыры – алты ай.

Янина Ипохорская.

Тізеңе отырып алған әйелдің алдында тізерлей алмайсың.

Лешок Кумор.

Бүгінде нағыз ұлы құмарлық сирек кездеседі. Ол басқа уайымы жоқ адамдардың ісі.

Оскар Уайльд.

Егер мен сені сүйсем, егер сен мені сүйсең – біз бір-бірімізді қандай сүйген болар едік!

Поль Жеральди.

Сүймей қалсаң, жыламайсың. Сені сүймей қалса, жылайсың.

Карла Лэйн.

Түрі келіспеген әйел ақ шындап сүйе алады, өйткені ол өзіне ғашық емес.

Корнель Макушиньский.

Өте жақсы көретін адамның да, тіптен сүймейтін адамның да бабын табудың қиындығы бірдей.

Франсуа Ларошфуко.

Мен оны жақсы көретінімді оған кешірмеймін.

Антон Чехов.

Махаббатты алдау өлтіреді дейді, оны алдау емес, шынын айту тезірек өлтірмей ме...

Абель Эрман.

148

Сүйікті болу үшін сұлу болуың керек. Бірақ сұлу болу үшін сүйікті болу керек.

Франсуаза Саган.

Біз өзімізді жақсы көру үшін, басқалардың бізді жақсы көруін қалаймыз.

Дени Дидро.

Махаббаттың өтіп кетуі емес, өтпеуі қайғылы.

Ширли Хаззард.

Махаббаттта да табиғаттағы сияқты – алғашқы суықтық ең қиыны.

Пьер Буаст.

Махаббат сынап сияқты, оны ашық алақанда ұстай алмайсың, жұмылған алақанда ұстайсың.

Дороти Паркер.

Махаббат махаббатқа қарсы күнәдан басқа барлық күнәні кешіруі тиіс.

Оскар Уайльд.

Махаббат өлімнен күштірек, бірақ ол өмірден күшті ме?!

Григорий Ландау.

Бақытты некенің екі сынағы бар: байлық пен кедейлік.

Әйелдер махаббат үшін риза, еркектер махаббаты үшін ризалық күтеді.

Хенрик Каден.

Әйел сүйген кезде әлсіз де сүйікті болған кезде мықты.

Эрих Остерфельд.

Әйелдер ержүректерді емес, жеңімпаздарды сүйеді.

Робер Бове.

Әрбір еркек сүйікті, құрметтеуге лайық және алдауға болатын әйел туралы армандайды.

Жанна Голоногова.

Егер еркек сәндене бастаса, оны аңдуды бастау керек.

Константин Мелихан.

Әйелдер үндемес еркектерді жақсы көреді. Сонда олар өздерін тыңдап отыр деп ойлайды.

Саша Гитри.

Әйелдерді жетік білетіндер еркектерді аяйды, ал еркектерді жетік білетіндер әйелдерді кешіруге әзір тұрады.

Альбер Турнье.

Еркетер ойынды жүргізіп отырғанда, әйелдерге оның нәтижесі белгілі болып тұрады.

Роджер Уоддис.

Еркектер жек көре біледі, ал әйелдер жиіркеніш сезінеді. Соңғысы қорқыныштырақ.

Анри Ренье.

149

Еркек өзі туралы не ойлайды екен деп, ал әйел мен туралы не айтып жүр екен деп уайымдайды.

Теодор Готлиб Гиппель.

Нағыз еркекті әйелге қарап танисың.

Владислав Гжещик.

Әйел ынжық еркекті, мысық абайшыл тышқанды жақтырмайды.

Генри Луис Менкен.

Бақытты жұп: еркек әйелдің қалағанын жасайды, әйел өзінің қалағанын жасайды.

Петер Альтенберг.

Көптеген ерлі-зайыптылар хабарландыру арқылы үйленген адамдарға ұқсайды.

Рамон Гомес де ла Серна.

Достары еркек қандай болса сол қалпында жақсы көреді, әйел еркектен басқа адам жасап алу үшін жақсы көреді.

Гилберт Честерсон.

Дін басшылық ететін заманда еркектер қанша әйелді асырауға шамасы келсе, сонша әйел алатын. Бүгін де соған қайта оралдық.

Эбигайл Ван Берен.

Өз әйеліңді де жақсы көрсең болмай ма? Өзге әйелдерді де жақсы көріп жүрсің ғой.

Александр Дюма-ұл.

Өз әйеліңді қайтарымсыз жақсы көргеннен қиын нәрсе жоқ.

Габриэль Лауб.

Ерлі-зайыптылықтың негізгі формуласы: үш апта бірін-бірі байқап көріп, үш ай бірін-бірі жақсы көріп, үш жыл бірімен-бірі күресіп, отыз үш жыл біріне-бірі төзу.

Андре де Массон.

Әйел еркекпен ұдайы бірге болсам деп тұрмысқа шығады, еркек әйелді ұмытсам деп үйленеді.

Элиас Канетти.

Мейрамханада оңаша отырғандағы екеуінің әңгімелері арасындағы үзіліске қарап олардың қанша жылдан бері бірге тұратынын шамалауға болады.

Андре Моруа.

Әйкел үшін бірінші сүйіс – басталудың соңы, еркек үшін – бітудің басы.

Хелен Роуленд.

Махаббатқа күш қалмағанда, қызғанышқа жетерлік күш қалады.

Мария Домбровская.

Әйелдер жақсы көрмейтін ерін де қызғанады.

Альфред Конар.

Мен ерімді қатты қызғанушы едім. Ерімнің көзіне шөп салғалы қызғануды бірден қойып

кеттім.

Лидия Смирнова.

150