Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

кiнәлардан.

Қайтем ендi...

Күрсiнiп жатып алып...

Бұйырмасы бақыттың

ақыр анық,

Өз обалым өзiме

ғашық болған,

Ғашық жанның аты – мұң,

заты – ғарiп...

Үш қыздың жауабы

Өзіне тең боларлық әйел іздеп отызға келген бойдақ жігіт анасына:

- Апа, үш қызға бірдей көзім түсіп жүр, соның қайсысына ен тағарымды білмей жүрмін, -

депті.

-Онда былай істе: әрқайсысына бар да: «Мен саған көп ақша берсем, не істер едің?» - деп сұра дейді анасы. Баласы анасының айтқанын істейді.

Әлгі сұраққа бірінші қыз:

-Өзіме неше түрлі киімдер сатып алып, сенің алдыңда ұдайы әсем қалпымда көрінер ем, -

депті.

Екінші қыз:

-Саған көп етіп әсем киімдер алып, қарныңды да тоқ етіп қояр едім, - депті.

Үшінші қыз:

- Сіздің атыңыздан бір тиімді іске салып, одан түскен табысты отбасына да, өз қалауыңызша жұмсауға да жететін етіп қояр едім, - дейді.

Ұлы үш қыздың да жауабын жеткізгенде анасы:

Бірінші қызды ескі танысым деп сана да қоя сал, екіншісімен есендесіп, сыйлас, үшіншісіне үйлен, - депті.

Наполеон:

...Сұлу әйел – көз құмары, сүйкімді әйел – жан құмары, бірі – ойыншық, бірі – қазына.

...Біз батыстықтар әйел табиғатын білмейміз. Шығыс халқы бұл тұрғыда әлдеқайда ақылды.

...Еркектерге батылдық қандай қажет болса, әйелдерге ар-ұят сондай қажет.

...Махаббатқа сатқындықпен жауап берер болса, онда сүйіп қажеті не?!

...Әйелдері көзіне шөп салғанын ерлері әдетте жұрттың ең соңынан барып біледі.

* * *

Әйел баласында сұлулықпен бірге кішіпейілділік, зиялылық, құпиялылық болуы керек.

* * *

Кеш келген қызуым-ай, Кеш көрген қызығым-ай! Өмірдің тәттісін-ай, Өмірдің қызығын-ай. Өмірдің шырынын-ай, Өмірдің сұлуын-ай. Жапырақтың жасылын-ай. Бұлақтың тұнығын-ай. Кеш көрген жақұтым-ай, Кеш көрген бақытым-ай.

41

Жанбаған жастығым-ай, Ып-ыстық уақытым-ай. Таулардың биігін-ай, Шыршалар биігін-ай. Рахмет нұрындай боп, Жаңбырдың құюын-ай. Кеш көрген қызғалдағым, Кеш көрген ізгі арманым. Сен болсаң – білмейді екем Өмірде ызғар барын. Даланың жазығын-ай, Сезімнің нәзігін-ай! Тербеткен емес мені Махаббат сазы бұлай.

Кеш көрген думаным-ай, Кеш татқан у, балым-ай! Алтын күн шыққанын-ай, Алтын ай туғанын-ай! Дүниенің жарығын-ай, Дүниенің анығын-ай!

Сені ойлап тұрсам, жүрсем...

Дүниенің жарығын-ай!

Жүсіп Қыдыров.

Махаббаттың он құпиясы

Өмірдегі махаббат пен нағыз ғашықтық қатынастардың қуанышы бізге қол жетпейтін ертегідей көрінетіні бар. Бірақ біздің әрбіріміз сүюге, сүйікті болуға, өмірде сондай қарымқатынастарды құруға қабілеттіміз. Табиғаттағының барлығы және өмірдегінің барлығы құрылған жалпыға ортақ заңдар бар, бұл заңдарда әлемдегі көне ақылмандардың және бүгін де құрметке ие дәрігерлер мен психологтардың айтып қалдырған мәңгілік принциптері бар.

Көп тараған пікірлерге керісінше, махаббат – тағдырдың сыйы да, жолы болған бір іс те емес, ол «келеді де кетеді» деген тұжырымға да бағынбайды. Оны біз өзіміз жасаймыз... және де әркімнің оны қалай жасау тәсілі әр түрлі. Біздің әрбіріміз де сүюге және сүйікті болуға қабілеттіміз, біздің әрбіріміз басты құрамдас бөлігі махаббат болып табылатын қатынасты құруға қабілеттіміз. Біздің қазір қалай өмір сүріп жатқанымыз маңызды емес – жалғыздық меңдеп тұр ма, жоқ, бақытсыз, уақыты өтіп кеткен қатынастар құрсауында тұрмыз ба – өмір өзгеруі мүмкін және оны тек біз өзіміз ғана өзгерте аламыз.

Біз өміріміздің соңына жеткенде, өткен өмірдегі мағыналы бір нәрсе болатын болса, ол – біз бере алған және біз алған махаббат. Ана дүниеге сапар шегер кезде өзіңмен бірге ала кетер құндылығың – махаббат қана. Осы дүниеде де артыңа қалдырар жалғыз ғана құнды дүниең – махаббат қана. Басқа ештеңе де емес. Өмірде көп қиындықты мұңаймай жеңе білген, сонысы үшін өзін бақытты санайтын адамдар көп, бірақ өзінің өмірін махаббатсыз өткізген адамның бақытты болуы қиын.

Ғашық болу – романтикалық миф қана дейтіндер бар. Олар «Қашан да бір адамды кездестіремін де ғашық боламын, бірақ олай болуы сирек, болған күнде де тез өтіп кетеді» - деп ойлайды.

Ғашық болу – романтикалық миф екені рас. Бірақ бізге махаббаттың өзі келмейді. Оны біз жасаймыз және оны жасауға әрбіріміздің қабілетіміз жетеді. Көшеде келе жатып, біреуді көріп қалып, «ғашық бола кеттім» деу махаббат емес. Ол әлі адами елігу, әуестену. Әрине, бұлар махаббатқа барар жол болуы мүмкін. Шынымен сүю үшін бұл аз, ол үшін адамды түсіну, «тану» және құрметтей алу керек. Оның игілігі үшін жүрек ауыртарлық «жұмыс» жасау керек.

Алмадан жасалған бәлішке қарап, оның дәмін білуге болмайды. Сол секілді сырт көрінісіне қарап, оның қандай адам екенін білу қиын. Шын сүю үшін адамның табиғатын тану, жанын түсіну

42

керек. Көзге көріне қоймайтын нәрселер бар. Махаббат болу үшін осыларды жүрекпен сезіну маңызды.

Сондықтан да ұзаққа сілтейтін махаббат қатынасы кездейсоқ бола алмайды, ол жәйімен бола салмайды, ол жолы болудың ғана нәтижесі бола алмайды. Оны гүл өсіргендей өсіреді, ғимарат құрғандай құрады.

Махаббатта мынадай алтын ереже бар: «Егер сүйікті болғың келсе, өзің де сүй». Осы ережені қабылдай алмағандар махаббаттың осынша құдіретті екенін білмей өтеді. Өйткені біз өмірге не берсек, өмірден соны ғана аламыз.

Тағдыр өзі ұшырастырады деп қарап отырғанша, махаббатты іздеуде адамның өзінің рөлі болуы тиіс. Орнынан қозғалмай отырған адам баспалдақпен көтеріле алмайды. Махаббат та баспалдақтардан тұрады! Махаббатты іздеген адам өмірдің өзі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдалануы, ол жолда қорқыныштарды жеңуі қажет.

Қорқыныш демекші, әдетте көзіне ыстық көрінген бір қызды кездестірген жігіт: «бұл қыз менің махаббатымды қабылдай қоймас» деп жанынан өтіп кете барса, махаббатына шынымен-ақ жолыға алмауы мүмкін. «Ниетім қабыл бола ма, жоқ па, мені күлкі етпес пе екен?» деп қорқа берген адам өзін басқа адамға сеніп тапсыруға өзі әзір еместігін көрсетеді.

Махаббат – бұл әлемдегі жалғыз ғана табиғи жағдай, оның формуласы да қарапайым – өзіңді сүю, өзгелерді сүю және өмірді сүю.

Адам Дж. Джексон деген жазушы «Нағыз махаббаттың он құпиясын» ұсынады. Олар түннің күнмен алмасуы, жаз өтіп, күз келуі сияқты табиғат заңдары, физика заңдары, қозғалыс заңдары, гравитация заңдары сияқты махаббат заңдары бар және оларды ұстанғанда өзіңнің ішкі әлеміңді және өз өміріңді өзгерте аласың дейді.

Бірінші құпия. Ойдың күші.

Біз балаларға оқу мен жазуды, санауды, қосу мен алуды үйретеміз, бірақ ең маңызды тәрбиенің бір бөлігіне көңіл бөлмейміз – оларға қалай сүюді үйретпейміз.

Біз көңіліміздің терең түкпірінде махаббатты керек етеміз, бірақ біз көбіне оны ұмытып кетеміз. Бізді басқа мақсаттар өзіне қарай тартып әкетеді – карьера, ақша, байлық. Біз демалу мен көңіл көтеруге тырысамыз, сөйтіп жүріп өмірдегі ең маңызды құндылыққа – махаббатқа мән бере алмай қаламыз.

Біз не туралы ойласақ, сондай болып шығамыз. Егер біздің ойларымыз өшпенді болса, біз – өшпенділік сезінеміз, бізде қуанышты ойлар болса, біз – қуаныш сезінеміз, бізде бақытты ойлар болса, біз – бақыт сеземіз, егер біздің ойымыз махаббатқа толы болса, біз – махаббатты сезінеміз. Біз ойымызды өзгертсек, біздегі қобалжулар мен уайымдар да өзгереді. Мынадай қанатты сөз бар: «Қалаларды бағындырып алғандар ұлы, бірақ шын мәніндегі ұлылық – адамның өзін-өзі жеңуі».

Біз бәріміз өз ойларымызды таңдаудан өткізіп тұрамыз, бірақ бізді жасымыздан керексіз ойларды таңдауды үйретеді. Бізге бір адамдарды айыптауды, бізден өзгешерек адамдарды менсінбеуді үйретеді. Бала үшін кімнің қай дінде екенінің, қай рудың адамы екенінің маңызы жоқ. Баланы сүйсең, ол да сені сүйеді. Ата-анаға керек ереже сол-ақ. Балаға айғайлап, ұрысар болсаң, бала жақсы көре тұрып айғайлауға, ұрысуға болатынын үйренеді.

Сондықтан ішіңнен немесе дауыстап өз ойларың мен сенімдеріңді өзіңе қайталап айтып тұр. Бұлай айту адамның санасында бекіп қалған ойларды електен өткізіп, керексіздерін алып тастайды.

Махаббатты қаласаң, оны алдымен ойыңша жасап ал.

Сонымен, нағыз махаббаттың бірінші құпиясы – ойдың күші, олай деп мыналарды айтады: Махаббат ойдан басталады.

Махаббатқа толы ойлар махаббатқа толы өмір мен махаббатқа толы қарым-қатынасқа алып

келеді.

Оң пайымдау біздің сенімдеріміз бен өзіміз және өзгелер жайлы ойларымызды өзгертеді. Егер біреуді сүйгің келсе, оның қажеттіліктері мен қалауын ескер.

Идеалдағыдай әріптес жайлы ойлар оған кездескен кезде, оны тануға жәрдемдеседі.

Екінші құпия. Құрмет күші.

Құрметтей білмеген сүйе де білмейді. Өзіңді құрметтемесең, өзіңді сүйе алмайсың, өзіңді сүйе алмасаң, өзгені де сүйе алмайсың.

43

Өзіңді құрметтеу оңай емес, бірақ орындалуы мүмкін іс. Ол үшін өзгелер не десе де, өзіңді қабылдай білуді, бағалай білуді үйрен. Жер бетіндегі әр адамның өзінің орны бар. Біз әрбіріміз – қайталанбас тұлғалармыз. Сіз секілді адам ешуақытта болмаған және алдағы кезде де болмайды.

Біздің миымыздың мүмкіндігі шексіз. Ол кез келген сұраққа жауап бере алады. Сондықтан адам алдымен өзінен сұрауы тиіс. Сондай-ақ адам өзі жақсы көретін адамдар туралы ғана емес, ұнамайтын адамдары туралы да өзінен өзі сұрауы керек. Сонда ғана сіз өз ойыңыз арқылы кімді не үшін құрметтейтініңізді, не үшін құрметтемейтініңізді біліп аласыз. Оны білген соң, сіз оларға махаббатпен қарауды үйренесіз.

Әлемдегі проблемалардың көбі біздің өзімізге, басқа адамдарға, өмірге құрметімізді жоғалтып алудан болады. Соның нәтижесінде бізде махаббат болмайды. Ұлтына, нәсіліне, дініне, т.б. қалпына қарай бөліну болмаса, яғни, адамдар бір-бірінің сенімдерін құрметтесе, онда олар бірбірін жақсы көре бастар еді.

Егер сіз өз бағаңызды білсеңіз, онда өзгелердің де құндылықтарын бағалайсыз және құрметтейсіз. Осылайша өзіңіз құрметтеген адамды жақсы көре бастайсыз.

Құрмет күші – нағыз махаббаттың екінші құпиясы:

Біреуді жақсы көру үшін алдымен оны құрметтеуді үйреніңіз. Ең алдымен өзіңізді құрметтеңіз.

Өзіңізге құрметті иелену үшін, өзіңізден: «Мен өзімдегі нені құрметтеймін?» деп сұраңыз. Өзгелерге құрмет ете алу үшін, тіпті сізге ұнамайтын адам болса да, өзіңізден: «Мен

олардағы нені құрмет етемін?» деп сұраңыз.

Үшінші құпия. Сый жасау күші.

Егер сіз махаббат алғыңыз келсе, онда оны тарата біліңіз. Сіз махаббатты қанша көп таратсаңыз, сонша көп махаббат аласыз.

Сіз біреуге күліп қарасаңыз, ол да күліп қарайды. Сіз құшақтасаңыз, ол да құшақтауға әзір болады. Жақсы сөз, телефон қоңырауы, хат... бұлар сіздің ол адамға қамқорлық жасағаныңыз, ол көп есе болып қайтады.

Махаббат бумеранг сияқты, қашан да қайтып оралады. Сол адамнан қайтпаса, басқа біреуден қайтады.

Бізде махаббат қоры шексіз. Оны сыйлағаннан жоғалтып не азайтып алмаймыз. Ал өз ішіміздегі махаббатты басқаларға бермегендіктен жоғалтып алуымыз мүмкін.

Біздегі проблемалардың бірі: біз бірінші болып сыйлауды білмейміз, бізге сый жасағанда ғана қайтарамыз. Оны махаббатқа да қатысты былай айтуға болар еді: «Сен мені жақсы көрсең, мен де сені жақсы көрер едім». Бірінші қадамды басқа біреулер жасаса деп күту, махаббатты сирек сезінуге алып келеді.

Нағыз махаббаттың шарты солай, ол еш қайтарым күтпейді. Мынадай бір оқиға болған екен: Жеті жасар баланың әпкесіне жұлын ауыстырып салу қажет болыпты. Ол үшін таза қан керек екен. Бала ешбір қиналыссыз әпкесіне жәрдемге келіпті. Ұйықтататын дәрі алар алдында дәрігерден: «Мен өлгенде ауырсынамын ба?» деп сұрапты. Сонда бала «Барлық қанымды беремін де, өледі екем» - деп ойласа керек. Бүгінде біз осындай таза және нағыз махаббатқа зәруміз.

Махаббаттың мәні – өзіңді өзгелерден көре білу қабілеті.

Сіз нағыз махаббатты сезінемін десеңіз, махаббатыңызды ешбір кідіріссіз және қайтарымсыз сыйлай біліңіз. Онсыз ол махаббат емес. Сый ақысыз болғанда ғана сый, махаббат да сыйланғанда өзгедей шарт қойылмаса ғана махаббат.

Сый жасау күші махаббатты сезіндіріп қана қоймайды, нағыз махаббат қатынастарын құруға да жәрдемдеседі. Ол ешуақытта сатып кетпейді.

Нағыз махаббаттың үшінші құпиясы – сый жасау күші:

Егер сіз махаббат алғыңыз келсе, оны сыйлай білуді үйреніңіз! Махаббатты қанша көп сыйласаңыз, сонша көп аласыз.

Сүю – өзіңіздің бір бөлігіңізді ешбір ақысыз және шарт қоймай сыйлау. Қайырым жасауды ешбір қайтарымсыз жасауды әдетке айналдырыңыз.

Біреумен қатынасқа түсерде өзіңізден: «Ол маған не береді?» деп емес, «Мен оған не бере аламын?» деп сұраңыз.

Демек, бүкіл өмірге жетерлік бақытты махаббат қатынастарының құпия формуласы: не ала аламын деудің орнына, не бере аламын деуде.

44

Төртінші құпия. Достық күші.

Махаббаттың мәні екі адамның арасындағы романтикалық қарым-қатынас қана емес. Оның мәні сен басқаға керек кезде оның жанында бола алу, сондықтан ол жай ғана романтикалық байланыс емес, достық та.

Егер сіз нағыз махаббатты іздесеңіз, онда сіз алдымен нағыз дос табыңыз.

Бір-бірін төсек үстінде жақсы көру – махаббаттың бір талабы. Бірақ, діни кітаптарда жазылғандай, екі адам бір-бірімен келісімде болмаса, онда жолға бірге шықпауы тиіс. Ортақ сенім, мақсат пен мүдде, өзара құрмет пен ризалық – ұзаққа кететін махаббат қатынасының негізі.

Жақын достарың болуы үшін мүдделері мен сенімдері сенікімен сәйкес келетін адамдармен достық жағдайда болу керек. Ортақ мүддесі бар адам болмаса, болашақта әріптес болармын деп үміттенген адам екеуіңнің араңда ортақ ештеңе болмаса, онымен жақын қарым-қатынаста болу қиын. Адамдар өзіне жұбай іздеу уайымымен ғана болмай, әуелі дос болуға тырысуы тиіс.

Өзің үшін маңызды нәрсе туралы ой бөлісу, бір пікірде болу адамдарды жақындастырады, ол бірте-бірте махаббатқа ұласуы ғажап емес.

Нағыз махаббаттың төртінші құпиясы – достық күші: Нағыз махаббатты табу үшін алдымен нағыз дос табу керек.

Жақсы көру дегеніміз бір-біріңізге қарау емес, екеуіңіз бір бағытқа қарау.

Біреуді шынымен жақсы көру үшін оның қалай көрінетінін емес, шын мәнінде кім екенін жақсы көру керек.

Достық – махаббаттың дәні бүр жаратын топырақ.

Егер біреумен қарым-қатынасың махаббатқа ұлассын десең, алдымен достықты ізде.

Бесінші құпия. Жанасу күші.

Махаббат – әлемдегі ең қуатты емдеуші күш. Ол барлық дәрілерден күшті. Махаббатсыз оташы – дәрігер емес, механик.

Отбасында келісіммен өмір сүретін бақытты жұбайлар, тыныштығы жоқ отбасылармен салыстырғанда ауыр кеселдермен 10 пайыз аз ауырады екен. Өзінің шынайы қолдаушысы барын, сүйікті екенін білетін аурулар да анағұрлым тез жазылады деседі.

Адамдардың бір-біріне жанасуында ғаламат бір күш бар. Ол адамдарды жақындастырады және кедергілерді жояды.

Жанасу, құшақтау мен қолға қол тигізу – махаббатты беру мен алу үшін аса маңызды. Ол бізді өзгертіп жібереді, біз ойлы және сезімтал бола түсеміз. Біз осының бағасын біле бермейміз, мәнін түсінбейміз. Бір-бірімізге құшақ ашу біздің әрбіріміздің қолымыздан келеді.

Махаббат үшін ержүректік керек. Сізді көкірегіңізден итеретіндей немесе ауырсындыратындай жағдай болмауы үшін тәуекел ету керек. Сонда сіз жеңіске жетесіз. Мұнда кім бірінші қадам жасайды деп күту қажетсіз.

Адамдарға құшағыңызды жая түссеңіз, сіз жүрегіңізді де ашқаныңыз. Сонда сіз жанасу күші арқылы тұтанған махаббат қуатын сезінесіз.

Нағыз махаббаттың бесінші құпиясы – жанасу күші:

Жанасу – махаббаттың көрінуінің күшті белгісі, ол кедергілерді жойып, қарым-қатынасты берік ете түседі.

Жанасу адамдық және сезімдік жағдайын өзгертеді, сөйтіп, махаббатты қабылдау қабілетін арттырады.

Жанасу тәнді емдеп, жаныңда жылытады. Құшағыңды ашсаң, жүрегің ашылады.

Алтыншы құпия. «Бостандық беру» принципінің күші.

Өмірде мынадай да болады. Жарты жылдай кездесіп жүрген сүйікті адамыңмен айырылысу жайында естігенде бүкіл дүние өзгеріп кеткендей сезінесің. Тамақ ішпей, ұйықтай алмай, жұмысқа қолың бармай, азып кетесің. Сүйікті құсыңды торда ұстайтын себебің не? Оны бостандыққа жіберсең, айрылып қаласың, сондықтан қапаста ұстайсың, ол болса қанатын жайып, рахаттанып ұшудың орнына тор ішінде секеңдеумен жүр.

Оның да емі бар. Қытай елінде: «Егер сіз біреуді жақсы көрсеңіз, онда оны бостандыққа жіберіңіз. Егер ол қайтып оралса, онда сіздікі; егер қайтып оралмаса, ол – ешқашан сіздікі болмағаны» - дейді.

45

Сүйікті адамың сенімен ұдайы бірге болғаны, әрине, жақсы, сонда да одан айрылу неге ауыр екенін ойлап қарашы. Мүмкін сен жалғыз қалғың келмейтін шығарсың. Бірақ ол махаббатқа қайшы ғой... демек, бұл жалғыздық қорқынышы, басқа ештеңе емес.

Әрине, сүйікті адамыңды бостандыққа жіберу оңай емес. Бірақ сүйікті адамыңды бостандыққа жібере алмасаң, оны сүймегенің.

Біз өз өміріміздің парақтарын өзіміз жазамыз. Тағдырды жұлдыздар ғана басқармайды, біздің ойларымыз, шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз де басқарады.

Біз махаббат қуанышын сезінген кезде ғана нағыз махаббат қатынастарын құра аламыз. Зорлап жақсы көрсете алмайсың. Біз сүйікті адамдарымызды бостандыққа жіберуді

үйренуге тиіспіз, өйтпесек сүйікті құсымызды қапаста ұстайтындардан айырмамыз қалмайды. Егер біреуді жақсы көрсең, оған бостандықта болуға рұқсат ету керек. Ол өз шешімдерін еркін қабылдасын, біз қалағандай емес, өзі қалағандай еркін өмір сүрсін.

Сүйетін адамыңды бостандыққа жіберу онша жеңіл іс емес, бірақ басқа жолы жоқ. Бостандыққа жіберу қарым-қатынас жоқ кезде ғана емес, бар кезде де болуы тиіс. Өйткені біздің әрбірімізге қарым-қатынас еркіндігі қажет. Адамдар өз қарым-қатынастарында еркін болуы тиіс, олай болмаса, ол өзін қапастағыдай сезінеді. Егер біреуді шынымен сүйсең, оның қалауы мен қажеттіліктерін құрметте.

Біз біреуден айырылмай, жабыса түссек, оны тұншықтырамыз, ол жақсы көргендіктен емес, қызғаныштан, өзіне сенімсіздіктен я қорқыныштан болады.

Жабыса түсуді тоқтатып, бостандық бергенде, махаббатқа кедергі жасайтындардың бәріне бостандық бересіз.

Адамдар түкке тұрмайтын нәрсе үшін егеске түседі. Кейде келіспеушілік себебінің өзі ұмытылып, не үшін егескені естен шыққанша ерегіседі. Олар қарым-қатынасты жоғалтатындай қымбатқа түссе де, өзінікі дұрыс екендігін дәлелдегісі келеді.

Өзіңіз үшін маңызды нәрседе кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екендігінің керегі не?! Әркім өз сенімінде қалса несі бар? Өз пікіріңді таңу қажет пе? Керек болмаса, онда ерегіске күш жұмсап не керегі бар?!

Махаббат болуы үшін махаббатқа кедергі болатын нәрселерден босанып шығу керек. Біздің өзімшілдігіміз – кедергілердің бірі. Өшпенділіктен, реніштен және қатігездіктен құтылған жөн. Ол үшін «кешірім» деген бір ғана түсінігің болуы керек. Нағыз махаббатты қаласаң, кешіре біл. Реніш жан-дүниені бұзады, кешірім махаббат үшін орын босатады.

Егер махаббатты сезінгің келсе, теріс жан толғанысынан құтыл.

Жазылмайтын кеселмен ауырып, әл үстінде жақтан адамыңды көргенде екіұдай ойда боласың: «өлмесе екен және қасірет шекпесе екен» деген. «Махаббат дегеніміз – бостандыққа жіберу» деген де осыған саяды.

Нағыз махаббат қатынастарының өзінде де әркімнің өз еркіндік алаңы болуы тиіс.

Егер ғашық болуды үйренбек болсаңыз, алдымен кешірімді болуды, өткен кездергі реніш пен қайғыдан босануды үйреніңіз.

Махаббат деген – қорқыныштан, қате түсініктерден, өзімшілдік пен жала сөздерден босану деген сөз.

«Бүгін мен өзімнің барлық қорқыныштарымнан босанып шығамын, өткенім мені бағындыра алмайды – бүгінгі күн жаңа өмірдің басы».

Жетінші құпия. Сұхбаттасу күші.

Махаббатты жасау үшін және қарым-қатынасты махаббатпен құру үшін өз сезімдеріңді білдіре жүру керек. Адамдардың ең басты кемшіліктеріңнің бірі – бір-бірімен әңгіме-сұхбат құра алмайтындығы.

Біреуден: «рахмет» деген сөз есту немесе біреудің: «Мен сізді жақсы көремін!» деген сөзін есту қандай рахат!

Адамдармен қарым-қатынаста проблемаларға кездесе беретін адамнан сұраса: «Біз әңгімелесе қалсақ, қиындыққа кезігеміз» дер еді. Шынында, біз бір-бірімізге сезімдерімізді жеткізуге тырыспаймыз, біз басқалардың бізге не айтқысы келгенін тыңдауға да құлықсызбыз. Адамдар бір-бірімен бірге болған сәттерде, тіпті бірге тамақ ішу кезінде де әңгімелеспейтін болып алды, оның орнына олар тамақ ішіп отырып, теледидар қарайды. Күніге солай жалғаса бергеннен кейін, адамдар соған әбден үйреніп, әңгімелесіп тұру әдетінен жаңылады. Ол – махаббатты

46

азайтады. Ерлі-зайыптылар осылайша бір-біріне: «Мен сені сүйемін!» деген сөзді қашан айтқанын ұмытып қалады. Балаңа қоңырау шалып: «Мен сені жақсы көретінімді айтқым келеді, басқа жұмысым жоқ» деп көріңізші, ол қандай сезімде болар екен...

Сүюді үйрену үшін алдымен әңгіме-дүкен құру мәдениетіне жетік болу керек. Әңгімелесу – адамдарды жақындастырады.

Егер біз сұхбат өнерін меңгермеген болсақ, онда махаббатты алу мен беру қиынға соғады. Жақсы көру – ойыңмен бөлісу және әңгіме-дүкен құра білу. Мұндай қарым-қатынас

біреулерге ғана емес, сіздің үміттеріңізге, сенімдеріңізге, қауіптеріңіз бен проблемаларыңызға да қатысты. Адам өз сезімдерін ішінде құлыптап ұстағанда, өзімен өзі болып, еңсесі түседі.

«Әрбір проблема сіздің өміріңізді байытар сый ала келеді».

Махаббат бір белгіленіп қойған нәрсе емес. Біреуді сүйсе, болды, бәрі ойдағыдай, алда бақытқа толы өмір деп ойлайтындар бар. Шынтуайтқа келгенде, махаббат қозғалмайтын бір нәрсе емес, ол өсетін және гүлдейтін, я болмаса солатын және өлетін өсімдік сияқты. Барлығы біздің онымен не жасайтынымызға байланысты. Пікір алмасып тұру өсімдікті өлтірмей аман алып қалатын су секілді.

Сұхбаттаса білу үшін де алдымен қорқынышты жеңу керек. Мүмкін, кездескен адамыңмен соңғы рет кездесіп тұрған боларсың.

Сөйлесу арқылы қарым-қатынастардағы жиналып қалған проблемаларды болдырмауға болады.

Адамдар басқалардың сөзін естиді, бірақ онда не туралы айтылатынын тыңдамайды.

Біз әңгімелесуді үйренсек, өз қобалжуларымыз бен сезімдерімізбен ашық және адал бөліссек, өмір өзгереді.

Өмір орман сияқты, кейде біз адасамыз да, не істерімізді білмейміз, бірақ біз адамдармен өз уайымдарымызбен және тәжірибемізбен алмассақ, орман ішінде жүру қорқынышты болмайды және керек соқпақтар мен жақсы жолдар табамыз.

Нағыз махаббаттың жетінші құпиясы – сұхбаттасу күші: Біз ашық және адал әңгіме жасасақ, өмір өзгереді. Біреуді жақсы көру дегеніміз онымен әңгімелесе білу.

Адамдарға оларды жақсы көретініңізді және бағалайтыныңызды білдіріңіз. «Мен сені сүйемін» деген үш сиқыр сөзді айтуға ешуақытта қорықпаңыз.

Біреуді лайықты мақтап қою мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмаңыз.

Жақсы көретін адамыңызға оны жақсы көретініңізді айтуды ұмытпаңыз, мүмкін сіз оны соңғы рет көріп тұрған боларсыз.

Сегізінші құпия. Берілу күші.

Бір жұмыстан бір жұмысқа, бір қарым-қатынастан бір қарым-қатынасқа ауысып жүре беретін, ағысқа еріп өмір сүретін адамдар болады.

Адамдар махаббат деген романтика мен биязы сезімдер деп ойлайды, бұл одан көбірек нәрсе, махаббат дегеніміз – берілу.

Нағыз махаббатты қалаған, сүйікті болғысы және сүйгісі келетін, толыққанды махаббат қатынасын басынан кешіргісі келетін адам, өзгелерге махаббатпен қарай білсін. Жағдаяттардан қорқып жүрген адамнан махаббат қашады. Қорқыныш – махаббат жолындағы ең үлкен кедергі.

Өзін толықтай түсіністікті қарым-қатынасқа арнай білмейтін адамда ұзаққа созылған махаббат қатынасы болмайды. Өмірде, әсіресе, махаббатта бір жетістікке жетем деген адам қауіпсінуді жеңіп, өзіне қымбат нәрсеге өзін арнай білуі тиіс.

Махаббат жолында бұрын біреуден жапа шеккен адамның басқа біреумен махаббат қатынасын құруы қиынға соғады. Сондықтан көп адамдар санасына сіңіп қалған нашар тәжірибені қайталамас үшін басқа адаммен тым жақын қатынас жасаудан қашады. Қорқыныш қаупі махаббатты қалаудан көп болады да, ол адам сұрғылт әлемде өмір сүреді, махаббат қуанышының дәмін татпайды.

Қарым-қатынастардың өміршеңдігі біздің қарым-қатынастарымызда көкке көтерілуіміз бен төмен құлауымызға, жақсы мерзімдер мен жаман уақыттарға байланысты болады. Бағалай білмеген қарым-қатынастың үзілуі оңай.

Егер сіз өз өміріңізде, сіз сүйетін және сізді сүйетін адамдар өмірінде махаббат қатынасы мен сенімділік құрам десеңіз, сіз үшін не маңызды болса, соған өзіңізді арнауға әзір тұруға тиіссіз.

47

Берілу – нағыз махаббатқа шындап тексеріс жасау. Нағыз махаббаттың сегізінші құпиясы – берілу күші:

Махаббат нағыз болуы үшін оған беріле білу керек және бұл берілу ойлар мен ісқимылдарда көрінеді.

Берілу – махаббатты шындап тексеру.

Нағыз махаббаттық қатынасқа ие болу үшін бұл қатынасқа берілу керек. Сіз біреуге немесе бір затқа берілсеңіз, тастап кету оңтайлы нұсқа емес. Берік қатынасты морт сына салатын қатынастан айыратын нәрсе – берілу.

Тоғызыншы құпия. Құштарлық күші.

Сүйген адам – бақытты.

Сүйе білгендіктен адам өзін жас әрі қуатты санайды.

Құштарлық деген секс қана емес. Құштарлық – ол терең қызығу мен ынта.

Құштарлықты оята білу, сақтай білу керек. Құштарлық жоғалса, махаббат сезімі де жоғалады.

Нағыз махаббаттың тоғызыншы құпиясы – құштарлық күші. Құштарлық махаббатты тұтандырады және оның өшуіне жол бермейді.

Ұзаққа созылған құштарлық тәндік ұмтылыс жәрдемімен ғана емес, терең берілуден, ынтадан, қызығу мен қуаныш толқуынан пайда болады.

Құштарлық сезінген жағдайларды жиірек жасау арқылы құштарлықты қалпына келтіруге болады. Күтпеген жылы қимылдар мен сыйлар құштарлық туғызады.

Махаббат пен бақыттың мәні бір; тек әрбір күнді құштарлықпен өткізе білу керек.

Оныншы құпия. Сенім күші.

Басыңнан өткен әрбір оқиғада сенің өміріңді байытатын сабақ бар.

Бірін-бірі ессіз жақсы көретін жас жұбайлар бірнеше жылдардан кейін күніге ұрсысып қала беретіні бар. Оның себебі әйелінің сенбестігі, онда жеке меншіктік сезім басым бола бастайды, ол күйеуі көз алдынан сәл таса болса қызғанатын болады. Жігіт еркін тыныс алуға мүмкіндік бермегендіктен өзін қапастағыдай сезінеді. Өзінің қорқынышымен әйел өзі сүйетін адамды өзінен кері итереді.

Мүмкін оның әкесі әйелқұмар болып, бірнеше әйелдермен жүріп, ақыр соңында анасын тастап кеткен шығар. Махаббат қатынасындағы біздің қиындықтарымыз біздің балалық шақтан ішімізде сақтап жүрген проблемаларымыздың нәтижесі болуы тиіс емес. Болашақ өткеніміздей болуы міндетті емес.

Біз бір-бірімізге деген сенімімізді жоғалтуға тиіс емеспіз. Ұдайы керісе кететін жұбайлар өз өмірлерінде сенімге қатысты әдеттерді өзгертуі керек. Жұбайлық нағыз қарым-қатынасты құру үшін өзара қарым қатынасыңызға жүз пайыз сенуге тиіссіз. Сонда абыржу мен сенімсіздік болмайды. Екі адамның бір-біріне сенімі олардың қарым-қатынасының беріктігінің негізі. Басқа адамға сенуді ғана емес, арадағы қарым-қатынасқа да сенуді үйрену керек.

Әріптеспен екі арадағы қарым-қатынас өте жақсы болып кетсе де шындықтан тыс бір нәрсе секілді сезіледі, ол ұзаққа бармайды деп санайды.

Көп адамдар өз өмірінде проблемалар туындамай жатып, оны өздері туындатады. Мұндай қатынастың махаббат пен бақытқа жәрдемі жоқ. Бұл проблемаларды шешудің жалғыз жолы – өзіңе, өзіңнің әріптесіңе және өмірге сену. Екінші жағынан өз мінезіңмен сенімге ие болу, сөйтіп, әріптесіңде сізден ешбір күдіктенерлік себепті болдырмау.

«Біз өзгерсек, өміріміз де өзгереді».

«Болашақтың өткен шақтағыдай болуы міндетті емес».

Біз өміріміздің кітабын өзіміз жазамыз. Оның келесі беттері алдыңғы беттеріндей болуы шарт емес. Біз кітабымыздағы жаңа тарауды бастауымызға болады, оның аты – өзгеру!

Көп адамдар махаббатынан ажырап қалғанда үміттенуді қояды, өкінішке түседі, мейірімсізденеді және арсызданады. Олар өздерін құрбанбыз деп санайды, бүкіл өмірінің шеттетілуде, жалғыздықта өткенін, өмір бойы ерекше бір күш олардың өмірін өзгертеді деп сенгенін айтады. Шын мәнінде адамның өмірінде бір нәрселер өзгеруі тиіс болса, оны өзгертетін – адамның өзі. Басқа ешкім де емес.

Нағыз махаббаттың оныншы құпиясы – сенім күші:

48

Нағыз махаббат қатынастарына сенім аса маңызды. Онсыз бір адамдар күдікшіл, үрейшіл, қауіпке толы, ал біреулері сезім құрсауында болады.

Егер біреуге толық сенбесе, оны шынымен сүю мүмкін емес.

Сүйікті адамыңмен қатынасың ешуақытта үзілмеу үшін оған толық сеніммен қара.

Бір адам сізге сәйкес келетін-келмейтінін білу үшін өзіңнен: «Бұл адамға мен толықтай сенемін бе?» деп сұра. Егер жауабыңда күмән болса, онда өзіңе міндеттеме алма.

Қорытынды

Нағыз махаббаттың оныншы құпиясы – өз өміріңдегі махаббатты жаса:

1.Махаббатқа толы ойларды таңдаңыз.

2.Өзіңізді және өзгелерді құрметтеуді үйреніңіз.

3.Өзіңізге не беретініне емес, өзіңіз не беретініңізге назар аударыңыз.

4.Махаббатыңызды іздесеңіз, алдымен дос табыңыз.

5.Адамдарды құшыңыз. Құшағыңыз ашық болсын, сонда жүрегіңіз де ашық болады.

6.Қорқыныштардан, теріс түсініктерден, баға қойып тұрудан құтылыңыз.

7.Өз сезіміңізді білдіріңіз.

8.Шын беріліңіз, махаббат ең биік басымдық болсын.

9.Құштарлықпен өмір сүріңіз.

10.Басқаларға сеніңіз, өзіңізге және өмірге сеніңіз.

Нағыз махаббаттың оныншы құпиясы – бүкіл өміріңіздегі әріптесті қалай тануға болады:

1.Сіз өмірлік серік ретінде таңдаған адамда сізге керекті адами, жан-дүниелік, руханилық және рухтық сапалар бар ма?

2.Сіз оны құрметтейсіз бе?

3.Сіз оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін не бере аласыз?

4.Сіз оның жақсы досысыз ба? Сіздерде ортақ мақсат пен ұмтылыс, ортақ құндылықтар мен ортақ сенім бар ма?

5.Сіздер бір-біріңізді құшақтағанда біртұтас болып кететіндей сезінесіз бе?

6.Сіздер бір-біріңіздің жетілуіңіз бен білім алуыңызға бостандық пен еркіндік бересіз бе?

7.Сіздер бір-бірлеріңізбен адал әрі ашық әңгіме-дүкен құра аласыздар ма?

8.Сіздер бір-бірлеріңізбен қарым-қатынастарыңызға берілгенсіздер ме?

9.Сіздер өзара қатынастарыңызға шешімділікпен, құштарлықпен қарайсыздар ма? Сіздер үшін ол басқа нәрселердің бәрінен биік пе?

10.Сіздер бір-бірлеріңізге толықтай сенесіздер ме?

Нағыз махаббаттың оныншы құпиясы – сіздердің қатынастарыңызға махаббатты қалай қайта оралтуға болады:

1.Әріптесіңіздің қажеттілігі мен қалауы жайында өзіңіздікінен кем ойламаңыз.

2.Өзіңізді және әріптесіңізді құрметтеуді үйреніңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Мендегі нені жақсы көремін?» және «Әріптесімдегі нені жақсы көремін?».

3.Қатынас жасаудан сіз нені қалайтыныңызға емес, сол қатынасқа өзіңіз не қоса алмайтыныңызға назар аударыңыз.

4.Өз әріптесіңізбен достасыңыз. Ортақ қызығушылық, ортақ ұмтылыс іздеңіз.

5.Бір-біріңізге наздана жанасыңыз және бір-біріңізге құшағыңызды ашыңыз.

6.Өткеннен құтылыңыз және кешіріңіз. Өмірді жаңадан бастаңыз.

7.Өз сезімдеріңізді ашық және адал білдіріңіз.

8.Өзіңізді өзара қарым-қатынасқа тұтастай арнаңыз. Басымдықтар тізіміне бірінші етіп әріптесіңізді қойыңыз.

9.Қатынастарыңызда құштарлықты қалпында ұстаңыз.

10.Әріптесіңізге сенуді үйреніңіз, өз қатынастарыңызға сеніңіз және ол ешқашан таусылмайтындай етуге тырысыңыз.

Біз білетін махаббаттың он құпиясы осы. Махаббаттың миллион сыр-сымбаты бар. Ол – теңіз. Тереңге бойлаған сайын жаңа дүниені аша түсесің. Біз білмейтін жұмбақ әлем әлі қаншама?!

** *

49

Мен еркек ретінде өз өмірімнен әйелді із-түссіз өшіріп тастаған кезім болған емес. Және де олардың әрбіріне өзімнің ерекше бір қалпымды көрсете алдым деп ойлаймын. Мен олармен сүйіспеншілік жағдайында болғанда, өзімді оларға тұтастай сыйладым.

Олардың бәрі бірдей емес еді. Біреулері мені сатып, менімен қатар тағы біреулермен байланысып жүргенін байқағанда үндемедім, олардың тән рахатын алуда еркіндікті дұрыс көріп, әріптестің нендей күйде болатынына бас қатырмайтынын қалыпты іс санаған пәлсапасына төзіммен қарадым. Мен оларды өзімнің ұстазым санадым, олардан өзім алуға тиіс санағанымды алдым. Және олардан күштірек бола түстім. Бірақ олардан күштірек екенімді сезінгенде, оларға деген ыстық сезімім сөнді.

Менімен түрлі әйелдер бірге болды: желігі басылмағандар да, менен ақшаны жақсырақ көретіндер де, дүниеқоңыздар да, тоғышар пиғылдағылар да, қызғаншағы да, ойы шектеулілері де, ақылына өркөкіректігі мен өзімшілдігі сай келмейтіні де, икемдісі де, қайткен күнде де жеңуге тырысатындары да, көңілділері мен әркімге бір көз салуға құмарлары да, күлкілі көрінетіндері мен мінез көрсете салатындары да, басын жоғалтуға әзір тұратындары мен бақылаудан шығып кете беретіндері де бар еді. Ақылды, білімді, нағыз гейшалар да болды. Соңғыларымен төсекте ғана емес, өмірдің өзінде де жайлы, жақсы болды.

Олардың ішінде мені басын жоғалта, өзін ұмыта сүйгендер болды. Олармен айрылысу оңайға түскен жоқ...

Олардың бәрімен мен ешбір ұрыс-керіссіз, екі жақты өкпесіз айрылыстым. Суыну қашан да менің тарапымнан болды, мен еркін болғым келді, тіпті махаббаттан да. Олардың барлығы дерлік менімен қарым-қатынасын тоқтатқысы келген жоқ, арамыздың қайтадан жақындасып кетуіне әрекеттенді, содан үміттеніп алаңдаулы болды. Күтті, төзіп бақты, алда бұрынғыша берілумен болатынына ант етісті.

Мен бірқалыпты салқын қалпымнан таймадым. Олар ендігі қатынасымыздың нәтижесіз болатынын түсінді. Мен өз принципімнен таймағаныма, азат қалпымда қалғаныма іштей риза болдым.

Бірақ, күндердің күнінде менің принциптерімнің күл-талқаны шығуы мүмкін екен. Ол – махаббат деп аталады екен. Ол найзағай секілді бірден соғып, есеңгіретіп тастайды екен. Құлағың естімей, көзің көрмей, бұрынғы қалпыңды қалай жоғалтып алатыныңды білмей қалады екенсің. Басқа істеріңнің бәрін үйреншікті жағдайда, ешбір қызығусыз орындайды екенсің.

Бұл жағдайдан сені уақыт қана оятып алады екен. Онда да махаббат сені тастап кеткенде

ғана!

Лажы болса мұндай жағдай болмасын де. Ол қолыңнан келеді.

Ғашықтық хаттары

Бірінші хат.

Аяулым-ау!

Мен сені сүйемін! Естимісің?!

Мен сені өзімнің бүткіл болмысыммен, жырым-жырым жүрегіммен, жанымның әрбір түйсігімен сүйем. Күніне, Құдайдың құтты күні, таңертең оянғанда, түнде жатарда, түн ішінде оянып кеткенде тек сені ғана ойлаймын, сені көрер ме екенмін деп минут санаймын, сені көргім келеді де тұрады.

Құдайым ау! Осы сөздерді саған айтамын дегенім қаш-а-а-а-н. Саған: «Сен ең әдемісің, ең сүйкімдісің, ең мейірімдісің» деуім керек еді баяғыда ақ.

Коэльо ұлы жазушы екен: «Махаббат – есірткі, оны қабылдасаң алдымен бір рахат сезімге бөленесің, өзіңді жеңіл сезініп, сол сезімнің ішінде тұтастай еріп кеткендей боласың. Келесі күні – тағы қалайсың. Сезіну саған қаншама ұнап тұрса да, соған мүлде беріліп кеткенше өзіңнің кезкелген сәтте одан бас тарта алатыныңа сенесің. Ол кезде сен сүйіктің жайлы екі минут ойлап, үш минут ұмыта аласың. Бірақ біртіндеп оған үйренесің де, толықтай соған бағынышты болып қаласың. Енді сен ол туралы үш сағат ойлайсың да, екі минут ұмытатын боласың. Ол жаныңда болмаса, нашақорлар сияқты бір нәрсе жетпей тұрғандай сипалана бересің. Нашақор секілді бір салым есірткі үшін ұрлық-қарлыққа да, өлтіріп жіберуге де әзір тұрасың, махаббатың үшін кезкелген қорлануға дайынсың» - деп еді. Рас екен. Әуелі бұлғақтап, көнбей көрдім. Ештеңе

50