Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

әйелге қорған және сүйеніш бола алу қабілеті, бала-шағаның ас-тамағын жеткізіп беруге құлшынысы мен мүмкіндігі сынға түсетін көрінеді. Сонымен, әйел жоғарғы статусты еркек деп, статусты көтеретін нақты белгілерге өзіне бірер рет сыйға берілген алтын алқасын, жігіттің мініп жүрген қымбат машинасын емес, одан көбірек нәрселерді санаса керек. Сондықтан да, кейбір еркектерді көргенде кез-келген әйел көзін сүзіп, жік-жапар болып қалады да, біреулері еленбеген күйде қалып қояды екен.

Еленбей қалған еркектер: «менің ішкі қуатым мол екенін байқамады» деп несіне өкпелейді. Әйел көзі қырағы. Ол көзіне түскен белгілер арқылы еркекті сынап, оның мінезін, қасиетін, қабілетін бағалайды. Тек қана барлық еркектер бірдей өз статусын көрсете алмайды. Олар мыналар.

Шамшылдық

Шамшылдық ең мықты тартымдылық күші. Ол – адамның болашағын көрсетеді. Әйелдер ерлер тартымдылығының ең бастылары деп еңбекқорлық пен шамшылдықты санайтыны содан. Шамшылдық арқылы еркек бүгінгі жетістіктерінің кездейсоқ емес екенін көрсетеді. Шамшылдық еркектің карьералық және де басқа ұмтылыстарын көрсетеді және де сол арқылы әйелге жағымды сигнал жолдайды.

Заңдылық былай дейді: Жетістіктеріңе риза болсаң да, сонымен тоқтап қалмай, жаңа мүмкіндіктерге қызығу, қайраткерлік мүмкіндігінің шеңберін кеңіту статусты көтеру үшін аса маңызды. Бұл сені қоршап жүрген адамдардың, әсіресе әйелдердің алдында бағаңды асырады.

Өмірсүйгіштік.

Жетістікке жету үшін босаңсып, жайланып алу да керек. Әйелдер бірқалыпты әріптесті іздейді. Ылғи жұмысты айта бергендер әйелдерді жалықтырады және қобалжытады. Әйелдер аса еңбексүйгіштерді отбасына жеткілікті көңіл бөле алмайды, жұмыс оны ерте ме, кеш пе, түгел баурап алады, содан барып еркек өзін де, отбасын да қарапайым адами қызықтардан айырады деп санайды.

Заңдылық былай дейді: Барлығы мөлшерімен болсын. Әйелге бизнесіңнің құлы екенін сезуге мүмкіндік берме. Ол үшін кей-кейде еркін, тәуелсіз бола біл және өмірге риза екеніңді көрсете жүр.

Қарапайымдылық

Қарапайымдылық адамды әсем етеді. Бірақ, ол жасанды болса, барлығы бекер. Әйелдер жалған қимыл мен өзіне деген шын құрметтен туған қарапайымдылықты бірден сезеді. Өз күшіңді, билігіңді, маңыздылығыңды және еркектік келбетіңді асыра бағалау – төменгі статустың белгісі.

Заңдылық былай дейді: Жалған сөйлеме. Болмаған істі болды деме. Біреулермен болған төсек қатынасыңды айтып, мақтаныш етпе. Өзің қандай болсаң, сол күйіңде қал.

Дарын

Әркімде де бірер іске дарындылық болады. Оны да статусты көтерер лидерлікте пайдаланып, реті келсе көрсете салуға болады.

Заңдылық былай дейді: Өз дарыныңды сөзбен емес, іс жүзінде көрсет. Тамақты жақсы әзірлеймін деме, жасап, жегізіп көрсет.

Сезімталдық

Әйелдер зиялы, таза жанды еркектерді тартымды санайды. Бірақ, жоғарғы қасиеттер табандылық пен сенімділікке астасып жатқанын қалайды. Жалпы, әйелдердің көзімен қарағанда, еркектік мінезде андрогендік, яғни еркектік мінез бен әйелдік мінездің қосындысы болғаны жөн секілді. Ол дегеніміз, мәселен, түсіну мен жаны ашу, қамқор болу мен аялай білу қабілеті бірге жүруі. Яғни еркекті қорған ретінде сезіну, сезімталдықтың дәрменсіздікке айналып кетпеуі.

Заңдылық былай дейді: Сенікі дұрыс болмағанда, қатеңді мойында. Ақыл сұрауға ұялма. Егер сені мұң басса немесе қынжылсаң, оны жасырмай айт. Бірақ, істегің келмеген нәрсе үшін дәрменсіз болып көрінбе. Берген уәдеңнен тайма.

Салқынқандылық

«Африкандық құштарлық» көрсетіп, тоқтатуы қиын сезім көрсетіп ұпай аламын дегендерге әйелдер қорқа қарайды, одан құштарлығы арта түспейді. Бұл орайда еркектің статусын көтеретін нәрсе – тұрақтылық пен өз сезімдеріне ие болу. Осылай еткен еркекке әйелдер басқа әйелдерге кезіккенде де «Басын жоғалтып алмайды екен» деп сеніммен қарайды.

101

Заңдылық былай дейді: Стресс жағдайында өзіңді-өзің бақылауға арналған жаттығулар бар, соны жаса. Ешқандай арандатуға ерме.

Жеңіл қызғаныш

Еркек бір жерге сұлу әйелмен барса, барлық еркектер соларға қарайды. Ол еркекке ұнауы мүмкін, бірақ ол ішкі сезімін өзіңе қалдырып, әйелге қызғанып тұрғанын сездіріп қоюы тиіс. Ол, сөз жоқ, әйелге ұнаңқырайды. Ол еркектің беріктігін байқатады. Ал, кемерінен асқан қызғаныш статусты төмендетеді, ондай еркек өзіне сенімсіз секілді көрінеді.

Заңдылық былай дейді: Алдамшы бәсекелестерге (күндестерге) ашу-ыза көрсетуден қаш, әйтпеген күнде жалған бәсекелестер шынға айналады.

Әдептілік

Әйел мен еркек арақатынасында әдептіліктің үш заңы бар, оларды бұзуға болмайды.

Бүкіл кеш бойы қыз керемет құштарлықпен сүйіссе де, ол барлығына әзір деп, оған жаңа ұсыныстар жасауға болмайды.

Әйел де өз тарапынан еркектен бұрын басқа әрекеттерге тұспал жасай бастаса, ол мінез еркекті абыржытады.

Егер әйел еркекпен өткізге бір түнді бір рет қана болған оқиға санаса да, еркек тарапынан әйелді бір түнгі қызыққа жаралған екен деген ишара жасалса, қорлау ретінде қабылдайды.

Еркектің жыныстық ұстамсыздығын ең еркін ойлы әйелдің өзі бостандығына төнген қауіп деп бағалайды. «Жоқ» дегенде қоя салмайтын шыдамсыз еркекке әйелдер сенбейді. Ал егер кездесу «бір сәттік» болса, онда, ойынның аты ойын, әйелмен бірге болған сәтте еркек өзін онымен мәңгі бірге болғысы келетіндей етіп көрсетсе де бола береді. Әйелдің бір сәттік әріптеске деген талабы мен тұрақты адамға деген талабының бір-бірінен айырмасы шамалы. Сондықтан, әйел, қашан болса да, бір күндік ойнасы тұрақты қарым-қатынасқа көшкісі келеді, мен өзім олай еткім келмейді деп өзін-өзі сендірумен жүреді.

Заңдылық былай дейді: Асықпа. Жай және мейіріммен. Әйел қарсы болмағанына көзің жеткенше шыда. Бұл әйелді жұмсаруға алып келеді және еркектің статусы оның көз алдында көтеріледі. Әйел еркектің өз қалауына жетіп алған соң қашып кетуінен қауіптенбейтін болады.

Юмор

Қыздарды күлдіре білу керек. Оларға ойнақы және әзілкеш адамдар ұнайды. Өйткені әзіл мен күлкі өз статусының жоғары екеніне сенімді адамдарда болады.

Заңдылық былай дейді: Біреу әзілдесе алады, біреулер оған шорқақ. Ондай болса, орынсыз салмақтана қалудан сақтан. Өзіңнің кей әректтеріңді күлкі ет, түрлі тағдайларға сай күлкілі нәрселерге аралас, осылайша кемшілігіңді білдірме. Статусы төмен адамдар күлкілі болып көрінуге басқалармен салыстырғанда қорқыңқырайды.

Дауыс

Төмен, жағымды дауыс әйелдерді қатты қызықтырады. Жылаңқы, қарлығыңқы, күшенген дауыс – керісінше, әйелдерге ұнамайды.

Заңдылық былай дейді: Өз дауысыңды тыңдап көр. Жаттығу арқылы оны өзгерту қиын емес. Тембр мен екпін дұрыс сақталса болды.

Балаларды ұнату

Байқасаңыз, барлық саясаткерлер бала көрсе құшағына алып, көтеріп, солармен сөйлесіп, бетінен сүйіп жатады. Өйткені олай еткенді әйелдер ұнатады. Сол арқылы да статус көтеріледі. Баласы бар әйелдің баласымен есің кете ойнай білсең, әйел сені баласының болашақ әкесі деп қабылдайды. Балаға қамқор адам, әйелге де қамқор саналады. Демек, әйелдер ондай еркектерді сүйеніш көреді.

Заңдылық былай дейді: Баланы бірден жақсы көре алмау мүмкін. Бірақ соған тырыс, бар бала сүйкімді дегенге сен. Кейіннен бұл идея өзінен-өзі ұнап, үйреніп кетесің.

Азғана даңқ

Даңқты адамды әйелдер тезірек жақсы көреді. Даңқтың өзі – биік статус саналады. «Белгілі», «көрнекті» адамдармен қатар жүру әйел үшін сүйкімді іс. Тым болмаса, әйелдің қолтығында келе жатқанда көршілерің құрметпен амандасса жетеді.

Заңдылық былай дейді: Өз таныстарыңның аясын кеңітуге тырыс. Әр адам да даңқты бола алады. Тым болмағанда көп адамдар үшін ешкімге ауыстырмайтындай қасиеті болуы мүмкін.

102

Кімді кім таңдайды?..

Кей-кейде бір ойға шомып кететін кезің болады. Бірде отбасының билігі бүгінде ерлерде ме, әйелдерде ме дегенді ойлап, сол ойдың шырмауынан шыға алмай қалдым.

Шынында бүгінгі күні билік кімде? Әрине, әйелдерде.

Бізде тәрбие беретіндер әйелдер, мектеп мұғалімдерінің де басым көпшілігі әйел. Жанжаққа қараңызшы - бүгінгінің асыраушысы да әйелдер. Саудадан басқа жұмыс жоқ, сауда жасауға еркектен гөрі әйел бейім, оның үстіне еркекке ақша бітсе жұмсағыш, үйге жеткізбей құртады. Оны айтпағанда, қолақпандай еркек шекілдеуік сатып тұрса тиісуші көп, әйел тұрса көбіне үндемей қоя салады.

Сонысын міндет етіп, әйелдер ерлермен санаспай барады. Еркіндік те олардың пайдасына қызмет етуде. Жалғыз болса, әйелдің ештеңесі кетпейді, ал еркек бишара күйреп кетеді. Ажырасу, аборт, бәрі әйелдерден. Не істеймін десе, сонысы болып жатыр. Бас көтеріп, айғай бастаған еркекті я үндетпей жеңіп, я қуып шығады, түрмеге тығып жіберетіндері де жоқ емес.

Кеңес үкіметі әйел теңдігі деп, әйел үстемдігін орнықтырды. Басында байқамаған екенбіз, әйел теңдігі орныға салысымен ақ әйел мінезі өзгеріп шыға келген екен. Ең бастысы, бұрын еркек әйелді таңдайтын болса, теңдік деген сөз шығысымен әйел еркекті таңдайтын болыпты. Құдалықтың орнын алып қашу алмастырды, еркекке жеңіл болды деппіз, жастар өздері табысатын болды, ата-анаға жақсы болды деп жүріппіз. Сөйтсек қыз, оны алғысы келіп тұрғанға емес, өзі барғысы келіп тұрғанға қашады екен, жігіт қызды емес, қыз жігітті тандайтын болыпты.

Әйел үстемдік етсе, ерлер не болмақ? Еркек туа алмаса, балаға қарау мен тамақ жасауды әйелден нашар атқарса?!

Сондықтан әйелді отбасына қайтару керек. Революцияға дейінгі күніміз жақсы еді. Ендігі еркінсіп қалған әйелдерді, сол кездегі орнына қайтару оңай болмас. Ол үшін ері жоқ әйел қызметке алынбасын. Жалғыз басты аналарды қолдау тоқтатылсын. Егер еркек ажыраспаймын деп тұрса, соттар тек әйелдің еркімен ажырасу процесін өткізбесін.

Еркектерді қорғайтын қоғамдық бірлестіктер керек! Жасасын еркектер!

Еркектерге – үстемдік! Әйелдерге – ошақ!...

Ата тек пен ана құрсағы

Тіршілік иесі ретінде Адам екі әсердің жемісі: 1) биологиялық дамудың жемісі; 2) қоғамдағы әр түрлі таптың жемісі.

Жеке адамның бүкіл болмысындағы қасиеттердің пайда болуы оның ата-бабаларында болған қасиеттермен байланысты. Мысалы, тегіне тартып, бір мінезі әкесіне, бір мінезі шешесіне, болмаса бірнеше буын бұрын өткен әжелеріне, тіпті арғы тегіндегі бір туысқанына тартуы мүмкін.

Тектілік пен тексіздік деген салыстырмалы ұғымдар.

...Тектілікке жататын батырлық қасиет те кейде адам кейде өлтіруге жұмсалады. Батырлықты абсолютты түрде мақтап, жақсы деуге болмайды. Сахилық жақсы. Бірақ бостан-бос мал шашпақ жақсы емес. Сараңдық, америкалықтардың көзқарасымен, ең жақсы адами құндылық. Себебі, ол сараң болмаса, тиынын есептеп тұрмаса, байымас еді.

«Адам қоғамы – айуандар қоғамының шарықтаған, жетілген түрі» дейді ғалымдар. Олай болса, айуандар тірлігіне үңілуге арланбау керек. Тегіне тарту заңдылығы үгіт-насихатты, тәртіпті тыңдамайды, пішініне әсерленіп бейімделгенмен, мазмұны көтермейді. Яғни, «көн қатса қалыбына барады». Уызында жарымаған қозыдан жақсы қошқар шықпайды.

Француз философы Огюст Кан эгоизмге кереғар ұғым ретінде альтруизм деген сөзді енгізген екен. Эгоизм әркімнің өз «мені» үшін, қарақан басының қамы үшін, халық мүддесінен гөрі жеке бас пайдасын күйттеп тіршілік ету екен. Ал альтруизм, керісінше, әр адамның өз тіршілік әрекеттерін өзгелерге жақсылық жасау үшін бағыштап өмір сүру екен.

Тек дегеннен шығады, ойсыздан – ойсыз, кедейден – жалқау, сараңнан ешкімге ештеңе бермейтін, ешкіммен араласпайтын қатыбас тууы жиі кездеседі, тегіне тартып туу – заңдылық.

Жақсы бала – үйлесім, махаббат бар отбасында туылады.

Әйел тоғыз ай көтеріп, толғатқанда бүкіл жиған-тергенін емшек ұшына, уызға жинайды. Сол информацияны тұтасымен алған, емшек сүтін толық ішіп қанған баланың интеллектуалдық коэффициенті – ақылдылық, парасаттылық коэффициенті жоғары болады. Баланың жақсы болып

103

туылуы жатырдың тазалығына да толық тәуелді, әркіммен бір болған әйелдің жыныс мүшесінің қуысында бірге болған партнерлардың спермасы қалып қояды. Әсіресе, бірінші партнердан қалған сперма келесі бала туылғанша кетпейді және баланың бойына сол спермадан міндетті түрде енеді. Орыстардың «дворняжка» деп аталатын төменқолды иті – помесь, яғни, бірнеше төбет асылғаннан туған күшік деп аталатыны сондықтан екен.

Ана сүті мен әке күші таза болса сол тектіліктің информациясын, содан кейінгі тамақтану арқылы келетін гендік қордағы материал жандандыра түседі. Төрегелді Шармановтың формуласы бойынша: «Аш қатын ақылды бала тумайды». Меніңше, тек аш жүрген қатын ғана емес...

Әйел міндетті түрде ұстануы тиіс жақсы қасиеттер – тазалық, имандылық, үнемшілдік, келер ұрпақ мүддесін бірінші кезекке қою деген жауапкершіліктен келіп шығады.

Осы талаптарға толық сай келетін әйелдер бізде тіптен де азайды. Еркегіміз де оңып тұрған

жоқ.

* * *

«Әрім тайды» деп уайымдама. Айна қашанда шындықты айтады. Ол – өмірдегі алдамайтын, ақиқатты жасырмай айтатын бір-ақ «әділқазы».

* * *

Мамық болмай, бөксе, мықын, білегі, Мамық болсын мінезі мен жүрегі.

Жүсіп Баласағұн

Әйел сұлу көрінер

Сұлулықты міндетті түрде жасырын ұстауға тиісті бір замандар да болды. Әдемі киінген әйел жезөкше саналды. Бұрындары барлық артистер көптің көзіне жезөкше секілді көрінуші еді. Сұлу әйелге жұрттың бәрі күндес еді. Сол үшін әйел байғұс өзінің сұлулығын жасыруға мәжбүр болатын. Тіптен өзін сұлумын деу сезімін басып тастауға, ішінде өлтіруге барушы еді. Қазір көше толған сұлу әйел. Бірінен бірі өтеді. Әрқайсысы өзінше тартымды. Өйткені бүгінде әйелдерде сұлу болу еркіндігі бар. Қайта... сұлу болмауға болмайтын кез туды.

Шындығын айтса, шырқы бұзылуы мүмкін

Еркек пен әйелдің қарым-қатынасы жақсы болуы үш нәрсеге байланысты болады: жалған айту, сенімсіздік және түсінбестік.

Әйелдің шындықты айтуы еркекті қайғыға ұшыратады: кіммен болғанын, қалай болғанын айтып отыру күйінішті.

Әйелдер, әдетте, шындықты айтуға бейім.

Қалай болғанда да, шындықты айту қайдан оңай болсын?!

Әйелге қажетті ақыл-кеңестер

Әйелдің өз махаббатын таба алмауы немесе ерінен айырылып қалуының он бір себебі бар:

1)өзін төмен санауы. Яғни, өзін жақсы көрмейтін әйелді кім жақсы көреді?

2)қиялдағыдай еркекті жолықтырамын деп күту.

3)еркектің ықыласпен ұсынған қимылдарын жауапсыз қалдыру. Еркек «Мені қалай қабылдар екен» деген уайымға әйелден де көбірек түседі.

4)өте еркін болмау. Блокноты мен қалта телефоны тізімге толы әйелдің кезегіне апталап тұруды ешбір еркек қаламайды.

5)еркектің еркін жүретін өз «аймағы» болуы тиіс. Ұдайы қадағалап, аңди берген әйелден еркек қашады.

6)еркектің табысына қызыға бермеу керек. Өйткені киімдер мен жақсы машина туралы айтатын уақыт келеді.

7)өткен өмірдегі еркектер туралы айтпаған жөн. Себебі еркек әйелді ешкіммен ортақ жақсы көре алмайды.

8)еркекті еркелете бермеу. Жайлы жағдай мен жақсы тамақ еркекті масыл етіп тәрбиелейді. Оны азайтқанда я тоқтатқанда жаман атануы қиын емес.

104

9)еркек әйелге ұдайы таңырқап, мадақтай беруі тиіс деп ойлау. Өмір уақытша махаббат романдары сияқты қарапайым ғана нәрсе емес.

10)төсекте тым-тырыс болмау керек. Олай болған күнде еркек әйелді қанағаттандыра алмадым деп өзінен түңілуі мүмкін. Бірақ жезөкшенің қимылдарын жасап тым артық кетіп қалған әйелден де еркек тез жериді.

11)төсекте жатып ештеңе сұрамау. Төсектегі еркек ерітінді сияқты балбырап жатады. Соны пайдаланып айтылған тілекке орындалуы қиынға түсетін уәде беріп қалған еркек есін жиған соң, оны жек көре орындауы мүмкін немесе теріс айналып кетеді.

«Шылбырыңды тарт әрі...»

Сиқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрда-жық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның ниетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып, буындырмақ болады. «Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның қытығы бар», - депті сонда қыз өжеттеніп.

Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қызының қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады.

- Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісімен шеше алмайды, - депті сонда шешен.

* * *

Абай:

...Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей көңіл берме.

...Тіпті оңбассың өзіңе-өзің мәз боп, Дастархан мен қатынды мақтан көрсең.

...Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ақылы бар, ары бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.

Бұл сөзді қазіргілер ұстанбайды.

* * *

Өзіңе лайық жар таңда - өкініші болмайды.

Клеобул.

* * *

Әйелге сенің айлығың емес, байлығың керек. Айлықты оның өзі де табады.

* * *

Адал әйел алған адам – Құдайдан ырыс пен рахым тапқан адам.

Сүлеймен пайғамбар.

* * *

Ер адамның бағын жандырып, оның намысын ойлайтын, ақылымен, мінезімен, шыдамдылығымен, ибасымен оны жөнге салып отыратын – әйел. Әйел еркекті бір-ақ нәрсесімен – кешірімділігімен жеңеді.

* * *

Әйел еркек шешіндіруге дайын тұратындай боп киінуі тиіс.

* * *

«Маған жаңадан өмір сүру бұйырса, жалғыз әйелім мен көп бала-шағам болар еді», - депті төрт рет үйленген Савелий Крамарев.

105

* * *

Еркекті әйеліне қарап таны.

* * *

Әйел еркекке, өз сөзі мен ісіне адал болған сайын, әр жағдайда адалдығын сақтап қалған сайын биіктей береді. Мұндай болған әйелге шексіз сүйсінесің, бірақ сондай сенімді көрінген әйел арамдық жасаса, оған шексіз таңғаласың. Әйел, бір сөзбен айтқанда, адалдықты да, ақылмен ойлап түбіне жете алмайтындай арамдықты да, яғни, ақылыңнан адастыра жаздайтын күтпеген қылықтарды жасаушы да...

Сүйіспеншілік сезімін, оны сөзбен жеткізуді алдымен дүниеге әкелгендер – әйелдер.

* * *

Бір әйелдер әдемі еркекті жақсы көреді. Олардан ақылды, өмір көрген, сенімді еркектер артық. Табиғатынан берілген ақылдылық пен сенімділік болса – тіптен жақсы.

* * *

Бақытты отбасылық өмірдің шағын құпиясын ашар болсақ: әйелі бозторғай болуы керек екен де, күйеуі үкінің күнін кешуі тиіс. Таң атпай шырылдайтын бозторғай-әйел күйеуінің қай уақытта және қалай үйге келгенін көре алмайды, ал үкі-күйеу әйелінің қай уақытта оянғанынан мүлде хабарсыз.

* * *

«Біз бақыттымыз» деп отырып, әйелі күйеуінің, не күйеуі әйелінің, не болмаса еркегі басқа бір әйелдің башпайын басып отыратындар бар. Соны білдірмеген болып, бақыттылықтың әнін айтады.

Оларда еркіндік жоқ. Еркіндік жоқ жерде махаббат жоқ. Жақсы көріп отырып басқаға көзі түсіп отырғандардікі махаббат емес.

* * *

Биік армандардың қиял биігіне шығып, соған сеніп жүріп қалғандықтан да, ниет жоқтықтан да немесе жеке басының тәкаппарлығымен өзін жоғары санаушылықтан да, өр басымды имеймін деген өркөкірек мінезден де, карьера қуып, тұрмысқа шығу мәселесін соңғы орынға ысыра бергеннен де уақытын өткізіп алғаннан соң, сонысын ақтағысы кеп түрлі себептерді айтып, өзінөзі ақтағысы келетін әйел баласы көп.

* * *

-Я, Расулалла, әйелдің орны қай жер?

-Әйелдің орны – елге де, ерге де пайдасын тигізетін жерде. Жыртық көрсе – жамасын, тесік көрсе – тығындасын. Бойын қалай күтсе, байын да солай күтсін.

-Әйелдің ойына әр түрлі астамшылық енсе, құл, күң жұмсағысы келсе ше?

-Жұмсай алса, жұмсай білсе, жұмсасын. Бірақ, ерін (тұлғаны) жұмсамасын.

-Жұмсағысы келсе ше?

-Ел не үшін? Ер не үшін? Тыйып тастасын!

Әл-Бухари риуаят еткен хадис.

* * *

Әйел тұрмыс құрған кезде «әйтеуір бірте-бірте күйеуімді өзгертіп алам» деген дәмемен келеді. Бірақ бұл оның қолынан келмейді. Ал еркек үйленгенде «әйелім ұзақ жыл осы күйінен өзгермесе екен» деп армандайды. Алайда, оның да дегені болмайды. Сөйтіп, екеуінің де көңілінде салқындық пайда болады...

* * *

106

Қазіргі заманғы аурулардың бірі – бедеулік пен белсіздік. Осыдан 20 жылдай бұрын әйелдердің 37 пайызы – бедеулікке, ал еркектердің 36 пайызы белсіздікке шалдыққан болса, бүгінде ер азаматтар арасында бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан. Оған урологиялық кеселдерді қоссақ, мысалы, оның ішіндегі ең көп тараған простатит кеселін қосқанда, еркетеріміздің жағдайы тіптен де мәз емес екенін көреміз. Өйткені қазіргі еркектердің жартысы простатитпен, 12 пайызы – несеп жолына тас жиналу ауруымен ауырады.

* * *

Көргенсіз болса әйелі, еңбегі – еш, тұзы – сор, өмір бойы ер жетім.

Ақтайлақ би.

* * *

Әйел асқақтаса – жылағаны, Еркек асқақтаса – құлағаны. Ғ.Мүсірепов.

* * *

Үйлену – лотерея ойыны емес. Лотерея ойынында әйтеуір бір мүмкіндік бар ғой...

Ленин мен Надежда

Надежда Крупская Ленинді өте жақсы көрген, оған әбден берілген, өзін құрбандыққа шалған әйел. Ол ұдайы: «Ильичке жақсы болса болды» - дейді екен. Бүкіл өмірін Ленинге, оның ісіне арнаған.

Кеңес кезінде Мұхаммед пайғамбардан да бағалы болған Ленин жұбайына адал болмапты. Оның нақсүйері идеялас революционер әйел Инесса Арманд болған дейді.

Надежда да тұрмысқа шыққанша студент-технолог Классонды жақсы көрген екен. Иван Бабушкин деген революционер де Надеждаға бейтарап қарамапты. Надежда тағы бір революционер Курнатовскийді де ұнатыпты. Курнатовский өмір бойғы каторгаға жазаланып, одан Жапонияға қашып кеткен, одан Австралияға барып, кейін Парижге тұрақтаған кезде қатты ауырып, Надежда Крупская оны іздеп барыпты. Ленин сол жолы оны қатты қызғаныпты. Сөйтіп, Инессамен байланысын қатты тереңдетіп жіберіпті. Кейбір зерттеушілер Инесса Лениннен ұл туған деседі.

Бақты басқа тепкендер де бар...

Вавилонның патшасы II Навуходоносор патша болғаны үшін емес, әйеліне деген махаббатының нәтижесінде тарихта аты қалған. Ол Мидия патшасы Семирамида сұлуға үйленген. Әйелі Вавилонның шаңды, шулы көшелеріне үйрене алмай, өзі туып-өскен таулы, салқын, сәулетті өлкені аңсап, ішқұса болады.

Әйелінің көңілін қайтып табарын білмеген бейшара патша мыңдаған құл мен соғыс тұтқындарын адам төзгісіз жұмысқа жегіп, Мидиядағыдай алып бақ орнаттырады, түрлі жеміс ағаштарынан аспалы бау өсіртеді. Шапқыншы жіберіп, жер түбінен сайрауық құстар алдыртады. Бұлақтың арнасын бұрып, қолдан ағын су жасатады. Жұмыстан қиналған құлдар мен тұтқындар шыбындай қырылады. Сұлу әйелінің көңілінен шығам деп жүріп өзі де патшалықтың қызығын көре алмай қартаяды.

АҚШ-тың президенті Абраам Линкольн – әйелінің жайсыздығынан әбден запа шеккен адамдардың бірі. Әу баста бірін-бірі жақсы көріп, махаббатпен үйленген олар кейіннен бір көргенде сабырлы көрінетін әйелінің көкайыл мінезінен, қаншама тырысса да, бір кемшілігін тауып тұратын әдетінен көп қиналыс көрген. Ештеңе таппаса, алып елдің президенті болып тұрған күйеуін «қазанбас», «салпыауыз» деп міндеп отыратын болған. Бастапқыда әйелінің теріс мінездерімен біршама күресіп көрген Линкольн еш нәтиже шықпайтын болғандықтан үндемейтін болған. Күйеуінің момындығынан әбден бетімен кеткен әйел көпшіліктің көзінше де күйеуін жерден алып, жерге салатын жағдайға жеткен. Бірде ағылшын елшілігінде болған үлкен балда күйеуінің бетіне кофе шашып жіберген.

107

Бұл теріс эмоциялардың нәтижесі де теріс болды: отбасылық жұптың тағдыры аянышты аяқталды. Линкольн атып өлтірілетіннен бір жыл бұрын әйелі елірме ауруына ұшырап, жындыханаға түсіп, сонда көз жұмды.

Ұлы орыс жазушысы Толстойдың да тағдырына долы әйел тап болыпты. Толстой бақуатты отбасынан шыққан, тәрбиелі жердің қызы деп үйленген әйелінің алдымен дүниеге аса құмарлығын сезіпті. Байлығы да, даңқы да асқақтап, патшаның өзі сәлем беріп тұрған жазушының отбасында ұрыс шығарарлық себеп болмаса да, әйелі әйтеуір есебін тауып Толстойды ұрысудың есебін табады екен. Оған үйге қанша ақша келсе де аз көрініпті. Толстой ақыр соңында өмірінің соңына қарай үйінен безіп кетуге мәжбүр болады. Бірақ Толстойдың өлімі әйелімен кезекті ащы сөздердің нәтижесінде болыпты: әйелдің сөзіне төзе алмаған ол далаға қашып, суық боранда адасып, үсіп қалады. Оны тауып алып, үйіне әкелгенде аз ғана сәтке есін жинаған ол: «ананы көзіме көрсетпеңдерші» деп жалыныпты.

Мұндай жағдай француз императоры, ержүрек қолбасшы Наполеонның да басында болыпты.

Наполеон Бонапарт 1769 жылы 15 тамызда дүниеге келген.

Қатардағы капитан Бонапарт Тулон операциясында қарапайым және айқын, сонымен бірге ержүрек жоба ұсынып алғаш рет аты шыққан Наполеон 1796 жылы Австрияға қарсы соғыста Адду өзенінен Архоль көпірі арқылы өту кезіндегі ойға сыймас ержүректігімен көзге түскен Наполеонды енді ешкім тоқтата алмаған.

Наполеон тарихта ержүрек қолбасшы ретінде ғана емес, әйелқұмарлығымен де аты шыққан.

1795 жылы ол өмірінде бірінші рет ғашық болады. Ол оның ағасы Жозефтің Южена Кларк деген балдызы болатын. Жас Юженаның махаббат талабын қанағаттандыра алмаспын деген ой ғана оның үйленуіне кедергі болды.

Соңыра Наполеон 60 жасар Монтансье ханымға және 40 жастағы Пермон ханымға сөз салады. Олар Наполеонның ұсыныстының шынайылығын түсінгенде таң қалады.

Граф Поль Барра Наполеонның қалыңдық іздеп жүргенін байқап өзінің құтыла алмай қойған, қартая бастаған ойнасы Жозефина де Барнені оған таныстырады. Сөйтіп 26 жасар Наполеон 32 жастағы Жозефинаға үйленеді.

Наполеонға тұрмысқа шыққан соң да Жозефина өзінің қыдырымпаздық мінезін қоймайтыны Наполеон туралы көп сериялы фильмде жақсы көрсетілген. Наполеон көзге ұрып тұрған нәрсеге сенбейді, өзінің барлық туыстарының Жозефинаның қылықтарын баян еткенін қабыл алмайды, қайта Жозефинаға құштарлығы бұрынғыдан да арта түседі. Жорықтарға Жозефинаның атын атап, содан қуат ала кіріседі және жеңістерге жетеді. Жозефиняның өмірі туралы жазатындар оның еркектерін «Наполеонға дейін және Наполеонның кезінде» деп екіге бөледі. Ол императорды қолбала етіп алады.

1798 жылы әйелінің опасыздық мінезіне көзі жеткен Наполеон өзіне 20 жасар Полина Фурені ойнас етеді.

15 жыл жеке көмекшісі болған Дюрок Наполеонның досы әрі сутенеры болып қызмет етеді. Көңілдес болуға лайықтыларды таңдау және Наполеонның ұйықтайтын бөлмесіне жеткізумен Дюрок жеке айналысады. Олар төсекке шешініп, Наполеон кіріп келісімен іске кірісуге дайын болып жататын болған. Олардың өзіне ұнаған кейбіреулерімен Наполеон ұзақ уақыттар бойы байланыс жасаған. Сондайлардың бірі Элеонора Дэнюэль 1806 жылы ұл табады.

Наполеоның ең сүйікті төсек әріптестерінің бірі Польша елі оған «сыйға» тартқан Мария Валевска еді. Бірінші түні Мария жатын бөлмеде күтіп жатып, наполеон кіргенде қорыққанынан талып қалады. Наполеон оны талып жатқан кезінде зорлайды. Олар үш жылдай байланыс жасайды. 1810 жылы Мария да ұл табады. Оның атын Александр қояды.

Сол 1810 жылы Наполеон саяси жағдайларға байланысты австриялық, бұрын еркек көрмеген 18 жасар Мария Луизаға үйленеді. Келесі жылы одан да ұлды болады.

Хат жазуға құмар Наполеонның әйелдеріне жазған хаттарын зерттеушілер: «Сенің көкірегіңді және одан төмен, төмен, төменірек жерін сүйдім» немесе «Сенің кішкене қара орманыңды сүйдім» деген сөздерді кездестіргенін жазады.

Солдаттарын сылап-сипағанды жақсы көретіндігінен және төңірегіндегі қызметшілерінің бәрі жас әрі әдемі, әйелге ұқсас болып келетіндіктен Наполеонның артынан ол гомосексуалист

108

болған деген де өсек ерген. 42 жасында Наполеон импотентке айналып, әйелдер жаққа мойын бұрып та қарамайтын болған.

Наполеонның өмірін зерттеушілер оның денесінде бір де бір жүні жоқ, еркектік белгілері өте кішкене болған екен деп суреттейді. Жас қыздардікіндей дөп-дөңгелек, томпиған емшегі болған. Саусақтары мен алақаны өрескел кішкентай болған Наполеонның бойы да бар болғаны 157 сантиметр болыпты.

Ол 1921 жылы 5 мамырда 52 жасқа толмастан Корсика аралдарында айдауда жүргенде қайтыс болған.

Наполеоннан: «Ұлылық пен бейшаралықтың арасы бір ақ қадам» деген сөз қалған. Осылайша ерлерін түрлі жолдармен азапқа салған әйелдердің де аттары тарихта қалыпты.

Олардың өздері де отбасы мен әйел бақытын сезінбеді, бағаламады және ерлеріне де қасірет шеккізді.

Ал кейбір атақты адамдар махаббатқа сенбепті және тұрмыс құрған әйелдерін бағаламапты. Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты Иван Алексеевич Бунин кездейсоқ сүйіспеншілікті басынан көп кешірді, бірақ жүрегі селт ететін ешкімді кездестірмеді. Соңырақ ол Одессалық белгілі бір газеттің редакторы, грек қызы Аннаға табиғи сұлулығына қызығып үйленді. Бірақ, қыз ештеңеге қызықпайтын қарапайым адам еді, екеуін төсек қатынасы ғана біршама уақыт ұстап тұрды. Бір жылдан кейін Иван ағасына жазған хатында: «Ол төңке сияқты. Топас және жетілуді ойламайды да» деп жазды.

Аннамен ажырасқан соң 1906 жылы Мәскеуден Вера атты жаңа махаббат тапты. Ол өзіне он жас кіші дворян қызы болатын. Бұл әйелімен Бунин 46 жыл бірге өмір сүрді, ол сұлулығына ақыл-парасаты мен рухани байлығы қосылған зиялы жан еді.

Буниннің әдеби даңқы артты. Толстойдың өзі ол туралы: «Мені қойшы, Буниннің жазғаны Тургеневтен де мықты» деп жазыпты. Горький де оны: «Орыс әдебиетіндегі бірінші мастер» деп бағалапты. Ал, Буниннің өзі үшін орыс әдебиетінде үш-ақ есім қымбат саналыпты: Пушкин, Толстой, Чехов. Гоголь мен Достоевскийдің шығармаларын мойындамапты, тіпті: «Адам ретінде Гоголь мен Достоевскийдің қайсысын көбірек жек көрерімді білмеймін» деп жазған екен бірде. Төңкерістен кейінгі Горькийді де суреткер ретінде де, адам ретінде де қабылдай алмапты: «Оның ұятсыз көк көздеріне түкіретін кез қашан келер екен» деп жазыпты. Цветаеваны «Жабайы сөздер жауыны секілді өлеңдер иесі» дегені, Бальмонтты «өршеленіп кететін маскүнем», Брюсовты «қартайғанда эротикалық шалысқа ұшыраған есуас», Маяковскийді «астауауыз талтақ» дегені артында қалған жазбаларында сақталып қалыпты. Ол Есенинді де жақтырмаған. Қысқасы, Ресейдегі көрнекті тұстастарының көбісіне көңілі толмапты.

1926 жылы жазушы Галина Кузнецова атты жас ақынды кездестіріп, ғашық болыпты. Жазушыға шәкірт, муза және сүйікті болған әйел ол үшін ерінен ажырасып Буниндердің үйіне жақын жерге көшіп келіп тұрыпты. Ері, бұрынғы офицер, Бунинді өлтірмек те болыпты. Осылайша жасырын нәрсенің беті ашылыпты.

Бунин өмірде мінезі шатақ, айналасын орынсыз тілдеп отыратын адам екен. Өзімшіл, шамшыл, не болса соған ашулана кететін оның мінезіне Вера Николаевнадан басқа ешкім де ұзақ төзе алмас еді. Бірақ, оның да ерінен көңілі қала бастапты. Себебі әйелінің сенгіштігін пайдаланып, ол Галинаны өз үйіне кіргізіп алыпты. Осылайша сегіз жыл бойы махаббат үшбұрышы өмір сүріпті. Галина жазушыдан отыз жас кіші екен. Галинаны аңдып, басқа бір ауқатты әрі жас адамға кетіп қалар деп қауіптеніп жүргенде, ол лесбилік мінез көрсетіп Маргарита атты әнші, еркетотай бір әйелмен кетіп қалыпты. Иван Алексеевич алғашқы махаббатының кезіндегі мұңды күйге тағы түсіпті.

* * *

Басында еркек әйелге: «Менің қымбаттым» дейді, содан кейін «Қандай қымбат едің?!» -

дейді.

* * *

8 наурыз күні әйеліңе ыдыс жудырма! Бұл деген керемет күн ғой. Ол жұмысты зайыбың ертесіне-ақ 9 наурызда атқаруға болады емес пе?

109

* * *

Егер әйел еркекті көре сап көзін төңкерсе, демек еркектің оған ұнағаны. Егер еркек әйелді көре сап көзін төмен түсірсе, онда оған әйелдің аяғының ұнағаны.

* * *

Үйленгенге дейін: «Маған тек қана сен ұнайсың!» - десе, үйленгеннен кейін: «Сен тек маған ғана ұнайсың», - дейтін ерлі-зайыптылар көп.

* * *

Егер әйелге досың ретінде қарасаң, сонда балаларыңды кім туып бермекші?

* * *

Әйелдерге арналған тілек: Сіздермен болған онша жақсы емес, ал Сіздерсіз қызық емес.

* * *

Егер еркек әйелге мәшиненің есігін ашып жатса, онда не мәшине жаңа, не әйел жаңа.

* * *

Әйел ешқашанда өтірік айтпайды, олар тек осыдан бір минут бұрын не айтқандарын ұмытып қалады.

* * *

Егер әйел еркекке: «Дүниеде ең ақылды сенсің» десе, енді қайтып мұндай ақымақты жолықтырмайтынын біліп тұрғаны.

* * *

Әйелдің әңгімесі: «Жарайды, менікі-ақ дұрыс емес, ең болмаса кешірім сұрай салсаң, сенің бірдеңең кететін бе еді?»

* * *

Еркектер нағыз және нағыз емес деп бөлінсе, әйелдер жас және кәрі болып бөлінеді.

* * *

Әйел өзгерді. Бұрынғы отбасыларда болатын біртұтастықтың иесі әйел еді. Ол ошақтың сақтаушысы, үйдің жылуы мен жайлылығын ұстаушы болатын. Қазір әйел асыраушыға айналды, билікке таласты, яғни, еркетердің қызметінің біреуінен басқасын алып алды да, өзгеріп кетті.

* * *

Қыз 16 жаста болашақ күйеуі туралы: «Жап-жас, әдемі, бай болса», - деп армандайды. Жиырмадағы бойжеткен: «өзімнен онша үлкен болмаса, әдемі, бай әрі бойдақ болса», -

дейді.

Отыздағы отырған қыз: «Жасы мен әдемілігін қайтейін, бай болмаса да басы бос жігіт болса», - дейтін көрінеді.

Ал 35-тен асқан әйелдер үнемі: «Көрші келіншектердің күйеулері тәп-тәуір-ақ», - дейтін сияқты.

* * *

Қиялдану: Түнімен сөйлеп: «Жаным, Надежда» деп шықтым. Өзім Ленин екенмін деймін...

* * *

Көптің көз алдында жүрген адам жүргіш әйел сияқты.

* * *

110