Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

үміттен ол өмір бойы қол үзген емес, іздей түсуде, іздей түсуде. Көңілінің терең түкпірінде бір өксік өкініш, улы уайым жатқанымен, сері жігіт жасу мен жасқануды білмейді. Ол күнге ұмтылған қырандай, дүр сілкінте қос қанатын қағып-қағып, жұлдызы жарқыраған жарық аспанға қарай, биікке қарай құлаш ұрады. Сол арман биігіне таман қанаты талмай ұшып бара жатады.

Марсель Баррьер, француз жазушысы.

* * *

Махаббатыңды табу бар да, оны махаббатыңа сендіру, содан соң оны сақтау бар...

* * *

Кімде таңдау болса, таңдағанына төзу де болады.

* * *

-Сүйген адамыңды періште тұт. Оны сүюге сен үшін ештеңе де кедергі бола алмайтындай сезімде бол.

-Ешуақытта жалынышты болма. Ол өзін-өзі саған сыйласын, бірақ үйлестіруші, себепші өзің бол.

-Мейіріміңменен, ұқыптылықпен, еркелету арқылы оны көндіре біл. Еркектің жүрегіне жол оның асқазаны арқылы болады десек, әйел жүрегіне жол төсек қызығы арқылы болады.

-Құрғақ уәде берме.

-Келіспей қалсаң, кешірімді телефон арқылы сұрама. Трубканы тастап жіберсе көңілің қалады. Көзіне көзің түсіп тұрғанда шынымен кешірім сұрап тұрғаның жақсы ұғылады. Кешірім сұрағаныңды қабыл алмаса да, араларыңның үзілмеуін қаласаң, қайрылып кетуіне мүмкіндік берме. Түсінісу үшін бетпе-бет сөйлескенге ештеңе жетпейді. Сондықтан, артынан жүгіріп қорланғың келмесе, сезімің шын болса, күштеп болса да жіберме.

-Есік ашпай қоятындай жағдайға ешуақытта келтірме, ол – қорландырады.

-Әйел тұрған кезде қайрылып жүре берме, көшеде жалғыз қалдырма. Сенің берілгендігің, қамқорлығың сезіліп тұрса, жібімеуі мүмкін емес.

* * *

Бір сұлу қызға екі жігіт бірдей ғашық болыпты. Біреуі қызға келіп жақсы көретінін айтыпты. Қыз: «Анау тұрған таудың басында түні бойы от жанып тұратын болса, саған тұрмысқа шығамын», - депті. Жігіт орындауға жөнеліпті.

Сол күні екінші жігіт те келіп қызға көңілін білдіргенде қыз: - Таудың басындағы түнде от жанады, сол отты сөндірсең саған тиемін, - депті. Бұл жігіт те атына мініп тауға қарай асығыпты. Таңға жақын екінші жігіт тау басына шығып, оттың жанына барса, отқа салған ағаштар жанып таусылуға айналыпты, жанында бір жігіт тоңғанынан оранып отырып, қалың ұйқыға кеткенін білмей ұйықтап қалған екен. Жігіт әйелдің ниетін сонда танып, отқа таң атқанша жетерлік ағаш тастап, ұйықтап жатқан жігіттің жамылғысын қымтап, төменге түсіп кетіпті.

* * *

Сыртынан көріп құштар болған әйелмен кездесіп, таныстығы достыққа, одан әрі ғашықтыққа ұласқандардың сол арудың құлына айналғандары көп.

Франческа Петрарканың заманында (XVI ғасыр) күйеулері әйелдеріне көңілі түскен еркектерге қарсылығын білдірмеген, қайта оларды қорғап, тіпті арадағы байланыстарының тереңдей түсуіне септігін тигізген. Өйткені басқа еркек үшін өз әйеліне жол ашып берген еркек, өзінің басқа әйелдерге жолын ашу мүмкіндігіне ие болады екен.

Лаураның ері болғандықтан Петрарканың дегеніне көнбеген, өзін алшақ ұстаған. Солай Петрарка мақсатына жете алмай, махаббаты бір жақты күйде қалған.

Петрарканың мына хатының үзіндісінен-ақ бар ғашықтық сезімі мен онысының жауапсыз қалғаны көрініп тұр: «Махаббат мені азғырады, сөйте тұра тоқтам салады, сергектік береді және түршіктіреді, жандырады және суытады, аялайды және жек көреді, бірде үміт береді, бірде қайғыға ұшыратады», «Махаббаттан ләззат алу мен үшін жаңалық емес, бірақ бұл жолы өзімнің

11

бой қызулығыма қарамай, жасым қырықтарға келгенде, жалыным мен қуатым таси тұра, өзімнің қорланған осынау сәттерімді жек көремін».

* * *

Ескі махаббат бір рет жанғаннан қалған қоламта сияқты, кез келген ұшқыннан жана салуы мүмкін.

Жапон мақалы

* * *

Құдай есігін жапса, терезесін ашады. Махаббатта да табанды, талабына берік адам түбі жеңіске жетеді.

* * *

Сенің болмыс-бітімің – сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жанары, күмістей күлкісі; ол – қыз жүзінің ұялшақ, албырт қызғылты, тұңғиық көзінің ынтық сәулесі, сұлу қозғалыстарының ғажайып сиқыры; ол – балғын жігіттің өрен ерлігі, тентек тегеуріні, өмірдің балы мен уын бір-ақ рет сімірмек болған тойымсыз талабы; ол – қарттың нұрсыз көзінің жұмсақ сәулесі, бұл өмірден алыстай бастаған әжімді бетінің ерекше нұрлы ажары, бәсең айтылар, бірақ әсем айтылар аталық сөздері... Ол – сирек соғар өмір рахаты. Жүрек дірілі, ләззат таба егілу, көз жасына көмілу, өмір бақи айнымас, тояттамас құмарлық, өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні...

* * *

Әдемілік - жылылық, сұлулық - суықтық.

* * *

Барар ем өзіңе жол қайсы?!

ән жолы.

* * *

Махаббат шарабынан есің танады. Көз жасы тамған шараптан есіңді жинайсың.

* * *

Махаббат өзін-өзі жеп тауысады.

* * *

Берік байла мойнымды шынжырымен шашыңның, Әйтпегенде айдалада адасам ба деп қорқамын.

Бабур.

* * *

Пушкиннің: «Шын ұмтылысты ешуақытта басып тастама» - дегені алдымен махаббатқа қатысты.

Үш ұғымның түйісу нүктесі

Өмір, махаббат және өлім. Бұл үш түсінік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Әуелі: «Бұл үшеуінің бір-бірімен қандай байланысы болуы мүмкін?» деп ойлап қалуға болады.

Егер біз сүймесек және бізді сүймесе – өмір тым жексұрын! Егер біз сүйсек және бізді сүйсе – өмір ғажап!

Егер біз сүйсек, бірақ сүйген адамымыз үшін сүйікті бола алмасақ, онда өлім де қорқынышты емес!

Егер біз сүйсек және сүйікті болсақ, онда өлім қорқынышты! Ал махаббат деген сөзді былай таратып айтса болар:

Махаббат дегеніміз, бір жағынан алғанда – Өмір, екінші жағынан алғанда – Өлім.

12

Әлем солай құрылған болса керек, барлық нәрсе күрделі және барынша қарапайым. Ешбір адам ешуақытта нақты жағдайды, шындықты толық біле алмас, соның өзінің керегі де жоқ шығар. Бір секундта сенің ешкімге керегі жоқ, қасірет пен бақытқа толы, ауырсыну мен қайғы шегуге кеткен, өмірде бірде жібі түзу, бірде ізгіліктен ауытқыған өмірің көз алдыңнан өтіп, «Мен махаббатпен өмір сүре алдым ба, мені бір кездері есіне алатын адам болар ма екен?» деп өзіңе-өзің сауал тастағанда өз бағаңды да іштей болса да білесің.

Нақ осы сәтте сенің жаның тазарады, өзіңді-өзің толық көресің, осының өзі керемет. Мұндай сәттер жүз жылдап күтуге тұрады.

Мұсылман дінінде мұны иманға келу дейді.

* * *

Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен, Біреу қылды дегенді Шығарамын сөзімнен.

Сұлтанмахмұттың бұл сөзінің махаббатқа да қатысы бар.

* * *

Махаббат туралы жыр-хикаялардың бәрі екі адам қосылғанға дейінгі уақытқа көп көңіл бөледі. Ал ең негізгісі әрі қарайғы өмір ғой...

* * *

Әйел – оқыған сайын оқи түскің келетін мазмұны терең кітап. Бірақ әйелде тек бір адамға ғана арналған құпия да болуы тиіс.

* * *

Махаббат – шабыт келтірудің ең таптырмас құралы. Шығармашыл адамдарда махаббат тез оянады. Әдемі әйел, әсем табиғат, сиқыр өнер, өзеннің иіріміндей тереңге тартып әкетеді.

* * *

Махаббат та адам өмірі секілді, бір күні өледі. Көбіне ол адамнан бұрын өледі. Кейде адамның өліміне мыңдаған жылдар өтсе де, махаббат өлмейді.

* * *

Жақсы көру – жақсы көрген адамыңа сену.

* * *

Адамдық даналық былай дейді: Абайла – Әйелді жылатпа…

Өйткені Құдай оның көз жасын санайды. Әйел еркектің қабырғасынан жаралған. Аяғынан емес – қорланбау үшін, Басынан емес – басынып кетпеу үшін.

Бірақ жанынан, жаныңа жақын болуы үшін, Өзіңмен тең болуы үшін.

… Қолтықтың астынан – қорғаулы болуы үшін… Және де жүрек жағыңнан, сүйікті болу үшін.

Әйгілі жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің махаббатқа қатысты ойлары:

-мен сені кім болғаның үшін емес, сенің қасыңда болғанда өзімнің кім екенім үшін

сүйемін.

-ешкімнің де сені жылатуға қақысы жоқ, ал оған қақысы барлар өздері-ақ сені жылатпайды.

-сені біреулер сен қалағандай сүймесе, ол сені жан-тәнімен сүймейді деп ойлап қалма.

13

-шын дос – сенің қолыңды ұстап тұрып, сенің жүрегіңді сезетін адам.

-адамды аңсаудың нашар тәсілі – онымен бола тұрып, оның ешқашан сендік болмайтынын

түсіну.

-сені мұң басса да күліп жүруді ешқашан тоқтатпа, сенің күлкіңе біреулер ғашық болып қалуы мүмкін ғой.

-бұл өмірде сен бар болғаны адам ғана шығарсың, бірақ біреулер үшін сен – бүкіл әлемсің.

-уақытын сенімен бірге өткізгісі келмеген адамға уақытыңды кетірме.

-біз қалауымыздағы бірегей адамды қалай қабылдайтынымызды білу үшін Құдай басқа адамдармен кездестіреді. Бірегей адамды кездестіре қалғанда, біз сол жақсылықты білу үшін солай жасаса керек.

-жылама, өйткені бұл бітіп кетті, күле қабылда, өйткені солай болды.

* * *

Сен мен үшін өте ерекшесің...

Мен сені өте жақсы көремін! Бізге жиі бас қосу маңызды емес,

Біз жақын болдық па, жоқ па, оның да маңызы шамалы...

Егер сен жалғызсырасаң...

Осы сөздерімді есіңе түсір, Және сенімді бола бер,

Бір жерде, біреу сен туралы жақсы ойларға шомуда!

* * *

Өзің қандай болсаң, әйелге сол қалпыңды көрсет. Баймын, ықпалдымын деп, олай болмай шықса, әйел алданғанына ғана емес, махаббатта да осылай алдануым мүмкін-ау деген ойға келеді. Ал көп әйел еркекпен бірінші танысқанда-ақ, оның кім екенін біліп қояды.

* * *

Махаббат жайлы бірінші қателік – көбіміз одан қашамыз. Махаббат ережелер мен шектеулерді жақтырмайды. Оны сезім жетелеуі тиіс. Сол сезім көбімізде жетіспейді.

* * *

Сағыныш сезші көзімнен, Армандай мөлдір жыр-әнім. Айтылмас іңкәр сезіммен, әйтеуір саған құладым. Сорым ба, әлде, бағым ба -Асқақтап жүрген шағымда Өртеніп бара жаттым мен сендегі өртті жалынға. Қуаныш - көзде, жанымда - от, дүние кетті сағым боп...

Жаратқан мені жазғырма -Сезімсіз жерде жалын жоқ. Сүюмен жалғас болмаса, Сезіммен ағыс-арнаша, Махаббат па екен жалын боп Алауламаса, жанбаса - Көңілге көктем толмаса, Шалқу да болмас онда аса. Байлық пен билік медеу ме Бақытың бүтін болмаса?!

Не пайда мынау нұрлы өңнен, Бақытты жандай жүргенмен

14

Жүректің сырын жасырып, Күрсініп тұрса нұр кеудем! Тағдырым мені сынға алма, Бас ұрдың деме бір жанға.

Серігім менің сағыныш Осыны айтып тұрғанда! Ләззаттың дәмін татып ем, Бақытқа баймын заты мен -Сүйіктім құшқан сәттермен, Тек соның махаббатымен. От сезім - өшпес өртпенен Еміреніп ешкімді өппеген Махаббат атты бір күштің Ләззатты мұңын шекпеген. Жандардың есін тандырып, Жүрегін оттай жандырып, Жанына алау ендіріп, Сезім боп өтсем деп келем.

Фариза Оңғарсынова.

* * *

Махаббатты, үлкен есеппен алғанда адами сезімнен гөрі, Құдайлық сезім деген жөн, адамдарда осы сезім қаншалықты мол болса, адам Құдайына соншалықты жақындай түседі.

* * *

Құранның «Нұр» сүресінің 35-36 аяттарында: «Асыл тастармен безендірілген шам ішінде әлі жанып тұрғанда, білтені түзеп, шамға май құюды ұмытпа» делінген. Махаббатта да солай. Махаббат жалыны жанып тұрғанда, оны сөндіріп алмауға барынша әрекеттенген жөн.

* * *

Мезгіл - өзен, күн-түні ағады екен, Екеумізде ой бар ма алабөтен?! Кездеспеген күндерді санап өтем, Көргенде сағынышпен қара, көкем.

Күләш Ахметова.

* * *

Мезгіл - өзен, ағады тоқталмайды, Шаттығына көңілім көп толмайды. Сен мен үшін ерекше мерекесің, Ал мереке өмірде көп болмайды.

Мұқағали.

* * *

Махаббат парасатсыз болуы мүмкін және онсыз өмір сүре алады, ал парасат махаббатсыз өмір сүре алмайды.

* * *

Махаббат – ең негізгі құрылым, егер ол бүтін болса, басқа қателіктер апатқа алып келмейді. Адамдар махаббатты көп сезімнің бірі деп ойлайды, оны өз қалауына бағындырғысы келеді. Ол дұрыс ниет емес. Махаббат пен өмір бізге берілген, біз оны бұзуға тиіс емеспіз. Бізде ұсақ жекеменшік пиғыл пайда болып, өзіміздегі махаббатты өлтіре бастасақ, онда – әлем кеңістігімен байланыстырып тұрған ең жоғарғы рухани құрылымды жойғанымыз, біздің өзімізге тиесілі емес нәрсені бағындырғымыз келгені.

15

* * *

Махаббатпен емдеу деген сөз бар. Біздің болмысымыздың терең ортасында махаббаттың таусылмас қоры бар. Біз сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік бердік. Ол біздің жүрегімізді, тәнімізді, ақыл-ойымызды, санамызды, біздің бар ішкі-сыртқы дүниемізді толтырып тұр, жан-жаққа нұр шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзімізге қайта оралады. Біз махаббатты қаншалықты мол қабылдасақ, соншалықты көп етіп қайтаруымыз керек, оның қоры шексіз. Махаббат бізге жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – біздің ішкі қуанышымыздың көрінісі.

* * *

Біз бірімізді-біріміз сүю арқылы ешқандай қауіпсіз әлемді құру үшін қолымыздан келгенімізді жасап келеміз, онда біз, өзіміздің шын мәнінде қандай екенімізді білуден қорықпаймыз; онда біз айналамызға айыпталусыз, сынаусыз және көзқарасымызды өзгерте бермей-ақ сүйкімді болар едік. Махаббат біздің өзімізден басталады.

* * *

Махаббат деген өшіргіш секілді, ол зердедегі ең жаныңды жер ауыр естеліктерді өшіруші. Оның кіре алмайтын қыртысы жоқ. Біз бір-біріміздің көзімізге қараймыз да махаббатты сезінеміз.

* * *

Сені жібермейді. Елесім, есім, сезімім. Өрлігіңді де, еркелігіңді Көтере аламын, төземін. Құтыла алмайсың –

Жанарымнан – жасыннан! Сағынасың, Сағындырамын, Табыласың қасымнан!

Немесе:

Мені жібермейді, Елесің, есің, сезімің. Өрлігімді де, еркелігімді

Тапсырдым саған, төземін. Құтыла алмаймын, Жанарыңнан – жасыннан! Сағынамын, сағындырасың, Табыламын қасыңнан!

* * *

Махаббат жеңе алмайтын қиындық жоқ. Махаббат айықтыра алмайтын кесел жоқ. Махаббат аша алмайтын есік жоқ. Махаббат көпір сала алмайтын шыңырау жоқ. Махаббат жарып өтпейтін қабырға жоқ. Махаббат өтей алмайтын күнә жоқ. Жамандық біздің ішімізге қаншалықты терең кіріп кеткенінде тұрған ештеңе де жоқ. Біздің болашағымыз қаншама үмітсіз болса да, түйін қанша шатасып кеткен болса да, махаббатты сезіну барлық кедергілерді басып өтеді.

Эмметт Фокст.

* * *

Катарсис – адам рухының қасіреттің күшімен тазаруы. Ол махаббаттан қайғы шегу арқылы да келеді.

* * *

16

Үйлесім деген, махаббаттың баянды болуы деген, ең алдымен, адамдардың мінезінің, көзқарасының, дүниетанымының, талғамының үйлесуі.

* * *

Сені сүйсе – махаббат па, сен сүйсең – махаббат па, мәселе осында...

* * *

Махаббат, жек көру, күншілдік, ыза қатар жатқан ұғымдар ма?!

Егер сен қорлаулы бола тұрып та өзіңді бақытты санасаң, махаббат деген сол ма?!

* * *

Біз өмірден бір нәрсе алсақ, оның орнына бір нәрсе қайтарамыз. Махаббат алғандар, кейде, орнына қасірет қайтарады. Алтын бар жерде айдаһар да болады.

* * *

Махаббат уақытты өлтіреді, Уақыт махаббатты өлтіреді.

* * *

Көзіңнен аққан жастан гөрі жүректен аққан жас қиын.

* * *

Еркекпен қатынасын махаббат биігінде құра алған әйел бақытты. Еркек әйелге секс үшін емес, махаббат үшін келсе екеуі де бақытты. Көңілдестің жолы – бұлыңғыр. Оның жолына түскен әйел жоғарыдағы ережені бұзады, сонысы үшін қасірет шегеді. Ондай әйелдің бойындағы қуаты тез түгесіледі және ол қуат өзге отбасын қуаттандыруға шығын болады. Сондықтан да парасатты ер мен әйел некесін құжаттап қана қоймайды, соның беріктігін ғұмыр бойы сақтайды.

* * *

Кім ойлаған, бұлай деп кім ойлаған, Күн ойланам, сен жайлы түн ойланам. Құс боп ұшып соңыңнан кетер едім,

Айдынымды қия алмай шыр айналам! Бұл – Заттыбектің әніндегі өлең жолдары. Шынына келгенде әдеттеніп қалған, әлдебір міндеттемелермен байланған адам қаншама ғашық болдым дегенмен, бұрыннан ұшып-қонып жүрген айдынын қия алмайтыны рас. Оның дұрыс жағы да бар – өз сезіміңді сынап аласың, шын болмаса, өткінші болса – қалыпты тұрмысты бұзып әуре болмаған дұрыс.

* * *

Жанымды әсте жұбата алмас жалған бақ, Үміттің жібін үз мейлің!

Сөнбеуім үшін сөнгенше сені армандап, Өлмеуім үшін өлгенше сені іздеймін!!!

Бұл – енді ғашық бола бастағандағы сөз.

* * *

Махаббат қорқынышты нәрсе. Өйткені адам оған емес, ол адамға иелік етеді.

* * *

Махаббат та май сияқты, сәл салқындық болса – ұзағырақ сақталады.

Марсель Ашар.

* * *

17

Қызғаныш – махаббатты бүлдіруші күш. «Қызғана берсем, менің жақсы көретінімді түсінеді» деу – жалған ұғым. Қызғаныш сөздері – кері итеруші күш болса, жақсы көретін сезімдеріңді жеткізіп отыру – тартушы күш.

* * *

«Ақынның жүрегі таза болуы тиіс, Ал өлеңі басқа болуы мүмкін» - депті Катулл. Махаббатта да жүрек таза болуы тиіс, бірақ махаббатта әуен де таза болуы керек.

* * *

Өмірде ниеттес адамдар ғана бір-біріне жолығады... Махаббатта жолы болмаған адамның есінде осы да тұруы тиіс. Кездейсоқ жолығысып, уақыттың тезіне түсіп, көңілі қаламаса да, түбі үйренісіп кетермін деген, өз өмірін өзі өзгертуге тырыспаған адам ешкімге өкпелемесін.

* * *

Мінсіз адам болмайды, Аллада ғана мін жоқ. Жақсы көрген адамыңның кешіруге болатын мінімен келіс.

* * *

«Сұраныс болса, ұсыныс табылады» деген ойдың жақсы көру сезіміне қатысы аз. Ол есеппен өмір сүруге бейімділікке келеді.

* * *

Қарағым, отыр бермен белің шешіп, Бұл өмір әр нәрсеге берген несіп. Аймалап қиғаш қасты құшам ба деп, Алаңдап бара жатыр күнім көшіп.

* * *

Үндеме, тілім, ақылды сөзді көп айтпа, Айт ештеңе айтпайтын сөздерді ғана. Ұлы грек Овидийдің бұл сөзі абайшыл, айла етуге

бейім адамның сөзі, бұл да махаббатқа қатысты айтылмағаны жөн.

* * *

Жақсы өнерпаздар өмірде сирек болатыны сияқты шын жақсы әйелдер де өмірде сирек болады.

* * *

Татьяна Бурмистрова деген қазақша ән айтатын әнші: «Біздің ауылдың әйелдері баласы үйленіп, бірінші немерелі болған соң той жасап, жағалы көйлек киеді. Онысы «қанағат, бұдан былай кеудесі ашық көйлек кимеймін, ашық-шашық жүретін пиғылдан бас тартамын» деп Құдайына берген серті» - депті бір газетте. Қандай ойлы, тәубешіл сөз. Осыны қазақ әйелдерінің жартысы ұстанып, қалған жартысына үлгі болса, қазақтағы бүгінгі махаббаттағы жеңіл-желпілік, еліктеу, елігу, есіру болмас еді.

* * *

Әйел дегеніміз бе, әйел дегеніміз... меніңше әйел дегеніміз – жылулық.

Василий Розанов.

* * *

Альбер Камю:

...Бір кезде махаббат сезімі жан толқытпайтын сәт туады. Адамның бойында қасірет сезімі ғана қалады. Біреу үшін немесе әлдебір идея үшін өмір сүру деген мағынасыз тірлікке айналады. Оның орнына әлде бірдеңе үшін өмір сүру деген ұғымның мағынасы кеңейіп, маңызы арта түседі.

18

...Ақиқатты сүйетіндер махаббатты қиял әлемінен емес, некелі тұрмыстан іздеуі керек.

...Дүниенің түкке тұрмайтындығы да, ұлылығы да мынада: онда ақиқат деген мүлдем жоқ, тек махаббат қана бар.

...Ману заңы: әдемі әйелдің ерні, жас қыздың анары, сәбидің дұғасы, алас оты қашан да күнәдан пәк.

...Ер адамның махаббаты жер бетінен онша алысқа ұзай қоймайды, ал әйел баласы болса оны мәңгі бірге боламыз деген сеніммен сүйеді. Олардың екеуінің махаббатын бір өлшеммен өлшеуге болмайды.

...Ең таза махаббат – өлген махаббат.

* * *

Махаббат – жастықтың жарқын бейнесі, жүректің алауы, қол ұстасып қыдырған екі жастың жүрек лүпілі.

Махаббат – ұлы сезім. Ол ешқашан ұлылығын жоғалтпайды. Бірақ оны аялай білген сезім ғана адал болады.

* * *

Абайдың «Айттым сәлем қалам қас» (Жігіт сөзі) өлеңінің алғашқы үш шумағы ғана әнге қосылған. Ел, негізінен, сол сөздерді ғана біледі. Ал одан кейінгі шумақтар мынадай:

«Көзім жатқа қарамас, Жат та маған жарамас. Тар төсекте төсіңді Иіскер ме еді жалаңаш?! Иығымда сіздің шаш, Айқаласып тайталас, Ләззат алсақ болмай ма? Көз жұмулы, көңіл мас. Етің етке тигенде, Демің тиіп сүйгенде.

Таң шымырлап, бой еріп, Ішім оттай күйгенде...»

* * *

Шындап сүйе білу – шексіз төзім мен сенім жібіне қатар байланған азапты шаруа. Және бұл сезімнің ұлылығы сол азаптан ләззат алуында жатқанын ұмытпауымыз керек.

Шыңғыс Айтматов.

* * *

...Тал шыбықтай оралып, Гүл шыбықтай бұралып. Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып.

Абай. «Қыз сөзі».

* * *

Ғашық адамға оң жауап бермей, күттіріп қою – жүйрік аттың бәйгеге қосар алдындағы суытуын тоқтатып қоюмен бірдей. Оның нәтижесі көңіл қалатындай болады.

* * *

Ет-жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,

19

Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?

Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.

Абай.

* * *

Компьютер арқылы интернеттен ғашық болу дегенді ешбір түсіне алмадым. Адам біреуді жақсы көру үшін оның көзіне қарап, бет-бейнесін танып, қолдарын ұстау арқылы түйсініп, сүйісіп, оның сөздерінің қаншалықты шыншыл екенін байқап көрмеген соң, хатқа жазылған сөзге қалайша құлап түсуге болады? Сезімді хат арқылы, суретке қарап, қашықтан жәшік арқылы сөйлесіп қалай ғана танырсың?!..

* * *

Махаббатта да барлығы артық, керексіз сияқты болып қалатын кез келеді... Оған да дайын бола жүру керек шығар, бәлкім...

* * *

Ер адам өзі ғашық болмаған әйелмен де бақытты өмір сүре алады.

Оскар Уайльд.

* * *

Махаббат басында және соңында болады. Ортасы – қуыс.

* * *

Адамдардың көбі өмірде махаббат жалғыз-ақ рет жолығады және мүлтіксіз болады деп ойлайды.

Махаббат, білім, жанашырлық

Тіптен қарапайым, бірақ иілместей берік үш түрлі сезім – маздаған махаббат, білімге деген құштарлық және адамзат қайғы-қасіретіне адам төзгісіз жанашырлық – менің тұтас өмірімді меңгеріп алған. Бұл сезімдер бейне бір күшті дауыл секілді мені ұшырып анда да апарды, мұнда да апарды, қайдағы бір қаңғырған ауыр азаптың терең мұхитынан өткізіп, үмітсіздіктің алыс жағалауына жеткізді.

Махаббатқа сонша берілуімнің басты себебі: ол маған естен танарлық ғашықтық сыйлады. Ғашықтықтан естен айырылғаным сонша – мен осы бір ләззаттың бір сағаты үшін қалған өмірімді тәрк етуге бар едім. Оған берілгенімнің екінші себебі: ол мені жалғыздықтан – әлдебір жан-рух дүниесінің дірілдеген жиегінен, қиял бойламастай терең, ешбір тіршіліксіз, тастай суық тозаққа үңіліп қарап тұрған зәрең кетер жалғыздықтан құтқарды. Оған берілгенімнің соңғы себебі: мен махаббаттар тоғысынан тек әулиелер мен ақындардың ғана қиялынан кездестіруге болатын бейіштің кішірейтілген сырға тұнған ғажайып көрінісін көре алдым. Бәлкім, бұның адам өмірі үшін пайдасы мол шығар. Соңғы менің тапқаным осы болды.

Дәл соған пара-пар сезіммен мен білім қудым. Адамдардың жан-дүниесін білгім келді. Жұлдыздардың неге жымыңдайтынын ұқсам дедім. Тағы он сегіз мың ғаламның өзгерісін меңгеріп тұрған сандар қуатын ұғынуға тырыстым. Мұнда көп емес, болмашы ғана табысқа жеттім.

Махаббат пен білім, мүмкіндік тұрғысынан айтсақ, қолымды ұшпаққа жеткізері хақ еді. Бірақ күшті бауырмалдық сезім қашанда мені жерге қарай тартып тұрды. Ауырсына жылаған адамдардың ыңырсыған дыбыстары менің жан-дүниемде жаңғырып жатты. Аш қалған балалар, қанаушының қаһарына ұшыраған бейшаралар, балаларына салмақ бола бастаған шарасыз егде адамдар, жалғыздықтың жансыз дүниесі, кедейшілік, ауыр аза, бәрі жиылып өмірдің нағыз кеспірін әжуалап жатқандай еді. Мен осы бақытсыздықтарды жеңілдетсем деп едім, бірақ қолымнан келмеді. Содан өзім де қайғыға баттым.

Міне, бұл – менің өмірім. Бұл өмірдің сүруге татитынын мен айқын аңғардым. Әрі тағы да мұрсат берсе, оны қайтадан бастан кешіруге пейілді едім.

20