Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Жаңа аралға жеткен кезде Махаббат ақсақалдың кім екенін сұрауды ұмытқаны есіне түседі. Ақсақал болса баяғыда-ақ кетіп қалған еді.

Махаббат Ақылдылықтың қасына барып сұрайды:

-Маған көмектескен ақсақал кім болды екен?

-А-а, ол ма?.. ол – Уақыт!

-Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің бе?

-Өйткені тек қана уақыт Махаббаттың қаншалықты маңызды екенін түсіне алады..

Әйелді бастан

Бір үлкен әжеге ауыл жастары:

-Апа, сізге таңданамыз! Осыншама жылдар бойы жолдасыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасын құрадыңыз. Осының құпиясы неде екен? – деп сұрайды.

-Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Атаңызға жас қыз болып күйеуге шығып тұрмыс құрғанмын. О кездері автобус, жеңіл көлік деген атымен жоқ, сонда келіндерді жаңа мекендеріне атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Мен бір атқа, аталарың да бір атқа мініп жолдасымның ауылы жаққа бет бұрдық. Аталарың алдында, мен оның артында келе жатырмыз. Бір кезде атым сүрініп қалды. Жолдасым болатын мына аталарың артқа бұрылып, атыма "БІР" деді. Біраз тағы жүрген кезде атым қайта сүрінді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап "ЕКІ" деді. Біраз жүрген соң бейшара атымның тағы да сүрінгенін қарашы, жолдасым "ҮШ" деді де, мылтығын алып атымды атып тастады. Атым сол жерде өлді де қалды. Болып-біткенге сене алмай жолдасыма: "Еш жазығы жоқ сап-сау атты неге атып тастадыңыз?!" деп ренжіп дауыс көтердім. Жолдасым үндемей тыңдап алып, маған қарай бұрылды да "БІР" деді. Сол күннен бері аталарыңа «ЕКІ-ні» айтқызбай келемін. Бақытты отбасының құпиясы сол ғана, - деп әңгімесін аяқтапты.

* * *

Путиннің әйелі Людмила Қазақстанға келгенде қазақтардың психологиясына сай келетін бір ой айтыпты: «Менің ерімнің екі алтын ережесі бар. Біріншісі - әйел үйде бар істі атқаруы тиіс. Екіншісі - әйелді мақтауға болмайды, өйткені оны бұзып аласың».

Көп таңдаған...

Ерте, ерте, ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен... Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, аруақты кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Көрші тұратын бір бозбала да сол қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады. Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өте шығады. Көрші бала ол жерден көшіп кетеді, үйленеді, балалы-шағалы болады.

Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. Қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың тұрмыс құрғанын айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді, ол қыздың жолдасы - кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыз таңдап жүріп қалайша мынадайға тап болып тұрмысқа шыққан екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға жолығып, өзін есіне түсіріп, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бір гүлден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді.

Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соңына қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кез келген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек

71

болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз: “Көрдің бе, бақшадағы гүл сияқты алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті де шықты”, - дейді.

* * *

Сүюші ем сізді, әлі де бәлкім, қаталап, Жүректің оты маздаған күйі сөнбейді. Мазаңызды енді алмасын сол бір махаббат, Ештеңемен де мұңайтқым Сізді келмейді. Сүюші ем Сізді, үмітсіз, тілім байланып, Қызғанышымды сездіруге де әл келмей. Сүюші ем Сізді, аялап, іштей айналып, Сүйгізсін Тәңір біреуге Сізді дәл мендей!

Бұл өлең Пушкиннің мына өлеңінің қазақшасы:

ЯВас любил, любовь еще быть может, В душе моем угасла не совсем.

Но пусть она Вас больше не потревожит

Яне хочу печалить Вас ничем.

ЯВас любил безмолвно, безнадежно, То робостью, то ревностью томим.

ЯВас любил так искренне, так нежно Так дай Вам Бог быть любимой другим!

II. ҚҰМАРЛЫҚ

Ненің қызығын көп іздесең, соның азабын бір тартарсың. М.Әуезов.

* * *

Адамның ішінде жақсы мен жаман араласа жүреді. Еркек пен әйелдің қатынасында да солай болып жатады.

* * *

«Көншімейді көңілім, көкірегім қапалы, Бәрі-бәрі баянсыз, сол жаныма батады», - дегенде Мақтымқұлы ғашықтық дәрежесіне жете

алмаған құмарлықты да айтқан болса керек.

* * *

Ар мен ұят та тауарға айналып барады.

* * *

Асқақ армандардың қиял биігіне шығып, соған сеніп жүріп қалғандықтан да, ниет жоқтықтан да немесе жеке басының тәкаппарлығымен өзін жоғары санаушылықтан да, өр басымды имеймін деген өркөкірек мінезден де, карьера қуып, тұрмысқа шығу мәселесін соңғы орынға ысыра бергеннен де уақытын өткізіп алғаннан соң, алуан себептерді айтып, өзін-өзі ақтағысы келетін нәзік жандылар көп.

* * *

Әйелге деген құрмет пен махаббаттың біртіндеп дамығаны дұрыс. Өзіңе сеніп қалған адамның жүрегін жаралап алмауды ешуақытта естен шығармаған жөн. Жақсы көретініңе көзің толық жетпей, оның сезімімен ойнама. Әйел адам үйренісіп алған соң, алданғанына көзі жеткенде бақытсыздық күйін кешеді. Құмарлық қуғандардың есінде осы да болғаны дұрыс екен-ау.

* * *

72

Айдың бетінде де дақ бар... Жақсы көрген адамыңның аз ғана кемшілігін байқамаған сыңай танытқаның дұрыс. Пенде болған соң міні болады.

* * *

Заман өзгеріп, «бәрі салыстырмалы» және де «қазіргі сәт – ең негізгі сәт» деген ережелер үстемдік құрып, «жақсы-жаман» деген құндылық «пайдалы-зиян» дегенге алмасып тұр. Бүгінгі ойлау жүйесі үшін адам – құрал, ақша – мақсат; сезім – құрал, ләззат – мақсат; табиғат – құрал, тоят – мақсат. Тәнім – өзімдікі, оны саудаға салам ба, салмаймын ба, өзім білем дейтіндер пайда болды, ол ар емес, табыс көзіне айналды.

* * *

Әзәзіл көбіне періште кейпінде болады. Француздың Эмманюэль Беар деген актрисасын замандастары «періште кейпіндегі әзәзіл» деп атапты. Қандай аяусыз теңеу...

* * *

Иезавель - Библиядағы Израиль патшасы Ахавтың әйелі. Ол қатал, ұятсыз және төсекқұмар әйел болған екен. Осы мінездегі адамдарды қазірге дейін Иезавель атайды.

* * *

Рим және грек мифологиясындағы фразеологиялық сөздерден:

Альфонс - әйелмен сүйіспеншілік қарым-қатынастан материалдық игілік табушы еркек. Эрос - еркін махаббат құдайы.

Дон Жуан - испан аңызының кейіпкері, өмірі махаббат оқиғаларына толы болған. «Иуданың сүйісі» - махаббат пен достық білдіріп жүріп сатқындық жасау.

* * *

Бірде реті солай болып, бір ауданның басшысымен және милиция бөлімінің бастығымен үшеуміз Ташкенттегі Науаи көшесінің бойындағы тротуармен серуендеп жүр едік. Қазірге дейін есімнен шықпайтын ертегідей бір оқиғаға кездестім. Тротуар көшенің жиегіне жақын еді, дәл қасымызға бір «Чайка» машинасы келіп тоқтады. Ол машинаны ол кезде ел басшыларының бірінші, екінші орындарда тұратындары ғана мінетін. Біздің нақ қасымызға келгенде есігі ашылып, машинадан албыраған бір жас әйел ме, қыз ба түсті. «Ағалар, сіздердің ойнап-күлгілеріңіз келе ме?» деді орысшалап. Менің жанымдағы ағалар сасып қалды, «жо-жоқ» дей берді. Мен түк те түсінген жоқпын. Барлығы әп-сәтте болды, машинадағылар ойындағы жауапты ала алмаған соң ба, қалай тез тоқтаса, солай есігін жауып, тұра жөнелді. Сонда аудан басшысы милиция бастығына қарап, «Қараңыз, біз қандай заманда өмір сүріп жүрміз, біздер ғой мына машинадан қарадай үркіп жүреміз, ал олардың ішінде дөкейлер ғана емес, желік іздеген желөкпелер де жүреді екен ғой» деді. Мен сонда түсіндім, үлкен басшылардың қыздары ма, келіндері ме, «Чайка» мініп алып, өз тәндерін ермекке, қызық үшін саудалайтыны секс жоқ деп саналатын сол кездердің өзінде кейбіреулер үшін бар екен ғой.

Нәпсіге ерме...

Адамды масқара етейін десе Құдайдың қолында. Француз елінің бір патшасы 66 жасында желігіп, төсегіне сарайдағы қызметкер әйелдердің бірін тартыпты. Жұмыстың қызу кезінде патша бірден тіл тартпай о дүниеге аттанып кеткен. Астында жатқан әйел шыңғырып, аударып тастамақ болса, ұйыққан иттердікіндей болып, өлі мүше керілген күйі тірі мүшеден шықпай қалған. Ақыры, дәрігер шақырып, операция жасап барып әйелді зорға ажыратып алған.

1997 жылы күзде 56 жасар неміс бизнесмені Хельмут Хофер өз істерімен Иранға барыпты. Бірнеше уақыт сонда тұрған соң, көңіл көтергісі келіп Вахида деген студент қызбен көңіл жарастырып, бірге түнеп шығыпты. Түнегені құрысын, оларды Иранның тәртіп сақшылары ұстап алып, немісті қамап, студент қызға «жеңілтектігі үшін» 100 дүре соғыпты. Іс насырға шауып, Хоферді өлім жазасына кесіпті. Иран заңдары бойынша некесіз байланысқа тыйым салынғанына қоса, өзге діндегілердің байланыстары осылай жазаланады екен.

73

Неміс үкіметіне бұл хабар жетісімен олар өз жерлесі үшін күресіпті. Тегеранға үкіметтің кеңсе басқарушысы Бодо Хомбах келіп Иран президенті Мохамед Хатамиді канцлер Герхард Шредердің атынан, неміс халқының қандай халық екенін көрсетейік деп арнайы қонаққа шақырыпты.

Хатами бұл шақыруды қабыл алып, Германияға қонаққа барыпты, немістердің салауатты, тәртіпті халық екеніне көзі жетіпті, сонан соң ғана Хоферді үлкен айыппұл салып, еліне қоя бергізіпті. Сот оның ісін қайта қарап, өлім жазасын өзгертіпті. Жайына кете бермей, Хофер шығарында түрме қараушысына дөрекілік көрсетіп қойыпты, бір рет қойындасу үшін 18 ай отырғаны әбден жүйкесін тоздырса керек. Оған жүз дүре соғуға ұйғарылыпты. Бейшара айтқан сөздері үшін қайта-қайта кешірім сұрап жүріп, дүрені 6000 доллар айыппұлға өзгертіп, төлеп әзер құтылыпты.

* * *

Сүрінгенім қыздың тезегі болсын депті бір шал.

Қ.Ысқақ

* * *

Дүниені сапырыңдар, шайқаңдар Желпініңдер, серпіліңдер, байқаңдар, Айқарыла ашылатын құшақ көп, Сол құшақтың біреуінде сайтан бар.

Қадыр Мырза Әлі

* * *

Біз қашанда мына бір формулаға бағынамыз: «Арман. Үміт. Күрес. Қатер. Өкініш. Яки: «Бардым, бардым, жоқ болды, Іздедім, іздедім таппадым».

Махаббат екен деп жүргенің далбаса екенін түсінгенде және ол әлденеше рет өз дәлелін тапқанда осы формуланың растығына көзің жетеді.

* * *

Сүймей, сенбей, бірін-бірі алдаумен Дүниеден өтіп жатыр қанша адам?!

* * *

Өзі ұры өзгені ұры дейді, Өзі қары өзгені қары дейді.

* * *

Кеттің ұшып құс секілді...

Көргеніміз түс секілді...

* * *

Кей еркектерде өзге әйелдермен «жүру» спорттық жарыс сияқты.

* * *

Әйелдердің көбі өзгерді. Отбасында да, қоғамда да агрессивті мінез көрсететін, онысы күнделікті өмір сүру тәсіліне айналған әйелдер бар. Әйелді ашып көрсетерлік әйелдік мінез (иба, төзімділік, әйелдік кеңпейілділік пен мейірім, қамқоршылдық) қалмай барады. Шалбар киіп, машина мінгеніне «Мен үйдегі ең ұлы адаммын, ешкімге тәуелді емеспін» деп қарайды. Ол өзін Күн санайды (әдетте Ай – әйел, Күн – еркек саналады), «Мен бәрін білемін, бәріне нұсқау беремін», - дейді. Мұндай әйелдің жанындағы еркек жігерсіз бишараға айналады, бағыныштылығын бір сәт ұмыту үшін араққа салынып та кетеді. Ондай отбасында тәрбиеленген бала жігерсіз, нәзік көңіл, әлжуаз болып өседі. Оның өз таңдауы жоқ. Ойыншық та, кітап та, киім де, кіммен дос болу да нұсқаумен шешілсе, түбінде мұндай балалардан алкаголиктер, нашақорлар

74

шығады. Бұлар – тағдыр сындырған адамдар. Бірақ кейде мұндай тәрбие көргендерден мықты лидерлер де шығады.

* * *

Махаббат біртіндеп тауарға айналып бар жатқандай... Мұхтар Шахановтың: «Махаббатты үйлену деп ойлайды, Махаббаттың құнын білмес сорлылар» деген өлең жолдары да, бір ойлап қарағанда, осыған мегзейтін сияқты.

* * *

Әйелдердің көбі өзін өмірдегі қалпынан артығырақпын деген ойға малданып, әуреленумен жүреді.

* * *

Ләззат Сұлтанова бір сұхбатында: «Сүйемін» деген сөзді жақтырмаймын. Негізінен мен махаббатты былшыл деп түсінемін. Махаббат дегенің өтпелі дүние. Алайда, тамақ ішпей жүруге тағы болмайды. Ең абзалы – бір біріңе деген сыйластық пен жақсы қарым-қатынастың болуы» депті.

* * *

Адамдардың барлығы Менше сүйсе деуші едім.

Өмір менің өзгертті де бір-ақ күнде санамды, Содан бері басқа менің адамдарға өлшемім.

* * *

Өмір сүрудің бар мақсаты ақша мен ақша арқылы келетін төсек рахаты ма?!

* * *

Біреулер тек өз ішіндегі сайтанын тойындыра алмай жүрген бейшара болар...

* * *

«Әрбір еркек – өгіз». Бұл – әйелдердің басым бөлігінің ойындағы сөз.

* * *

«Күнде көрген бір беттен көңілің қалар» деген сөз – еркектердің өзін ақтап алу үшін айтатыны.

* * *

«Барлығын бағындырып алуға болады, өйткені барлығы сатылады» деген пікірге мойынсұнатындар көбейіп кетті. Ақырын берсін...

* * *

Көзсіз құмарлық адамды ібіліске айналдырады.

* * *

Өмір конкурсқа толы. Біреу білімін, біреу келбетін, біреу денесі мен қылығын ұсынады.

* * *

Әйелді мақтай бастасаң бұзып аласың.

* * *

Тән саудалау қазіргі күнде ешкімді таңдандырмайтын болды. Тәндерін саудаламай-ақ, рахат үшін де қарыштайтындар мыңдап кездеседі. Олардың әрқайсысының өз тарихы бар.

75

* * *

Әйелдің ақылы үш кезеңнен тұрады. Он бес, он алтыдан бастап отызға дейін әйелдің ақылы көзінде болады. Отыздан бастап күнтимесіне ауысады. Қырықтан бастап басына өрмелейді.

Құрал Тоқмырзин. Қазақ әдебиеті, 18.07.2008.

* * *

Бір қылығың жағып, күнде жақсы бола алмайсың!

* * *

Әйелге ақыл: Егер сүйікті болғың келсе, алдымен еркектің қарынын тойғыз. Аш принц сүюге құмартпайды. Принц көшеде жатқан жоқ, алдымен оны табу керек. Принцке деген өз сезіміңе сенсең, оны өзіңе қаратуға өзің белсеніп кіріс. Ол үшін алдымен оның саған деген көзқарасын бағала. Егер ол ықылас танытқанына көзің жетсе, онда ниетін өлшеп бағамда, ол ниеті шын ба, біліп ал. Ол үшін бірер рет жорта ашық-шашық бола қал. Сонда сенің қойныңа ғана кіруді мақсат еткен адам болса білініп қалады.

Сенің көңілің одан гөрі тереңірек қарым-қатынасты қаласа, онда ондай адамнан қаш.

* * *

Адамды еркінен тыс теріс әсерге итермелеушінің қиянаты да ізсіз қалмайды.

* * *

Өмір – бұл үлкен аквариум, барлығы бірін-бірі жеуге тырысады. Махаббатқа ұласа алмаған құмарлықтың да мақсаты – әріптесті жеңу, қойынға алу.

* * *

Біреулер өзін «Жеп-жеңіл ғашық бола кетемін және бірге болған әйелдеріммен өшпенділікпен ажырасып кеткен кезім болған емес» деп мақтанады. Ол бекер. Мүмкін, ол махаббат емес, құмарлық қана болғаннан сондай ой түйген шығар.

* * *

Ильяс Есенберлиннің «Көшпенділер» романында бір елдің адамдары бір байдың жылқыларын барымталап қуып әкетеді. Оны қайтарып алуға артынан қуғандардың бәрі жеңіліс табады. Сонда байдың қызы еркекше киініп, сауыт асынып, кеткен малдың артынан қуады. Қуып жеткен соң, барымташылардың бас батырын шайқасқа шақырады. Батыр қуғыншыны аттан жығып түсіріп, тұтқынға алғанда, қыз бетін ашады. Сөйтіп, екеуі бір түн бірге болады да, ертеңіне батыр бар жылқыны қайтаруға әмір береді. Сонда айтылған бір жыраудың өлеңін келтіреді: «Апырмай, сол қыздікі алтын ба екен, Беретін бір түніне қырық мың жылқы?!», - депті. Бұл сөз ауыздан-ауызға көшіп, осы күндерге жетіпті», - дейді жазушы.

* * *

Қай заманда да соғыстардың, өлімге қию мен қатігездіктердің барлығы дерлік әйелдердің себебінен болған. Әйелдің сұлулығы, айлакерлігі мен аярлығы, залымдығы мен мекерлігі қаншама рет дүниенің астын үстіне келтірген. Олардың бұл мінезіне төзгендер, байқаса да байқамағандар, соған жол бергендер мыңдап саналады. Оған махаббат та, құмарлық та, бәсеке де себеп болған.

* * *

Ту әйел от секілді, абайламасаң күйіп қаласың.

* * *

Кей әйелдерге еркектер су ішетін суатқа келгендей келеді, - су ішіп алып кете барады.

* * *

Бүгінде жасы отыздан асқан әйелдердің тұрмысқа шығу мүмкіндігі аса төмен. Қырықтың қырқасынан асқан еркектер қалыңдықты жиырмадағы қыздардың арасынан іздейді. Бұрын үйлі-

76

баранды, балалы-шағалы болғандары да сөйтеді. Тұрмысқа шығу жөнінде әйелдің бағасы төмендеді.

* * *

Ұят-ардан аттамай, бұл құмарлық тояр ма?!

* * *

Бар билік – әйелдің аяғының астында. Өмірде дәлелденген бір негіз бар екен: ең сүйікті әйел еркекке жақсы тамақ пісіріп, өлең айтып немесе билеп беретін әйел емес, төсекте еркектің көңілін табатын әйел екен.

Олар төсекте де, өмірде де ақылды болмайды екен, ақылдың орнын икемділік алмастырады екен. Клеопатра сұлу болмаса да, Рим секілді дәстүрі мықты алып елдің екі бірдей патшасын иттей етпеді ме?! Өйткені ол төсекте патша екенін ұмытып күң болған ғой. Сөйтіп, еркектерді құл еткен. Ондай әйелдерден ешбір еркек теріс айнала алмайды.

Жозефинаның да Наполеонды ұрыстардың арасында келуге мүмкіндігі болмай сағынып жүрген кезінде қалай көзіне шөп салғаны тарихта қалған ғой. Наполеонға барлық туыс достары Жозефинаның көңілдестеріне деген құмарлығын айтып еш түсіндіре алмаған. Наполеон: «Мүмкін емес, Жозефина тек мені ғана сүйеді, сендер соны көре алмай жүрсіңдер» деген.

«Манон Леско» деген бір роман бар. Сонда ерлі-зайыптылар бар еді. Әйелі жүргіш. Андасанда үйінен кетіп қалып, біраз күннен кейін қайта оралады. Келген соң, еңіреп жылап отырып, қайда болғанын, кіммен болғанын жырдай қылып күйеуіне айтып береді. Сөйтеді де, зар илеп кешірім сұрайды. Ері үндемей кешіре береді. Осындай сәттер романда көп рет қайталанады.

* * *

«Елімді құтым билейді, құтымды бұтым билейді», - деген көнеден қалған сөз бар. Осының дәлеліндей мынадай бір оқиға да бүгінге жетіпті.

Қазыбек бидің үйіне жамағайын бір ағайын жігіт іздеп келіпті. Би үйінде жоқ екен. Жігіт: «Кейін келермін», - деп шығып кетіпті. Біраз күн өткен соң әлгі жігіт тағы келіпті. Би тағы да жоқ болыпты.

Үшінші рет келгенде Қазыбек би тағы да үйде болмаған соң бәйбішесі әлгі жігітке: «Қайным, қайта-қайта келіп әуре болдың-ау. Тірлігіңді маған айтып кет, ағекеңе айтып, жөні келсе тындырып берейін», - депті. Сөйтсе келген жігіт:

-Сіз не білуші едіңіз. Биекеме өзім айтып түсіндірсем ғана мәселем оң шешіледі, - депті. Сонда бидің бәйбішесі:

-Өзім-өзім деп болмадың-ау, қайным! Сендер үшін тау тұлғалы би болғанымен, би-екеңнің шешімі менің екі бұтымның арасында ғой! – деген екен.

* * *

Әйел берілгені үшін өзін құрбан санап, еркек менің есебімнен рахаттанады демеуі керек. Шынына келсек, егер рахаттану бар болса, екеуі рахатты бірдей алады ғой, тек сонда ғана төсекте үйлесім болады.

* * *

Әйелдер қашан болса да еркектер үшін құпия болып келген. Оның мінезін болжап болмайды, қандай жағдайда өзін қалай ұстайтынын білмейсің: истерикаға түсе ме, жоқ кешірім сұрай ма?

Олар да қымбат қалта телефоны сияқты. Бірінен бірі сұлулығымен, қымбаттығымен, атқаратын қызметінің көптігімен ғана ерекшеленеді. Бірақ төсекте аса көп ерекшелік жоқ. Рас біреулері қылықты, өзегіңді суырып ала жаздайды. Біреулері тыныш, балық құсап үндемей жата береді, оның рахаттанып жатқанын, «тезірек бітсе екен» деп жатқанын білмейсің. «Кері байланыс» жоқ.

* * *

77

Тісін жасырып, тілін көрсететін, әбден үйренісіп алған соң тісін қылыштай қайрап, өзіңе тап беретін әйелдер болады.

* * *

Сальма Хайек деген бір актриса жайында мынадай сөздер оқыдым: «Мужчины Сальмы не уходили из ее жизни бесследно. Каждый из них оставил что то свое, особое. Все они отдавали ей себя без остатка». Ия, бұл актриса жақсы оқушы секілденіп бірге болған еркектерінен бір нәрсе болса да үйреніп, олардан мықтырақ бола түсіпті. Және де сол дәрежеге жеткен кезде бар қызығушылығын тоқтатып, оларды тастап жүре береді екен. Осылайша ол тәкаппар, тәуелсіз бола түсіпті, қашан болса да, қандай қымбатқа түссе де, жеңіске жетуге машықтаныпты. Ең жақсы көрген еркегінің өзіне суый салу Сальма үшін түк болмауға айналыпты. Оның жүрегі еркектерден өзін басым, ақылды санағанда-ақ боп-бос бола салатын болыпты. Осылай бір еркектен бір еркекке ауған, біреуі бай, біреуі ақылды, біреуі жас әрі басы желге толы еркектер бірін бірі алмастыра беріпті. Тіпті, біреуі: «Мен саған ылғи да керек болып тұрмайтынымды білемін, өйткені сен қызықтағың келмеген күні мені тастай саласың», - деп оның ойын дәл тауып мұңын шағыпты.

* * *

Абай:

...Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ, көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!

Көп жүрмес, жеңсікқойлық, тез-ақ тозар, Жаңғырар жеңсік құмар, жатқа қозар.

...Сүйсе – жалған, сүймесе – аямаған, Бұл не деген заманға ісім түсті?!

...Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі.

...Әйелде ешбір опа жоқ, Бүгін жалын, ертең – шоқ.

...Қаймақ еді көңілімде, Бізге қаспақ болды жем.

Пушкиннен.

* * *

Әйел еркектің көзіне шөп салса, одан жақсырағын іздейді, соны еркек істесе әр түрлі сезімде болғысы келіп іздейді.

* * *

Әйелге төсек қатынасында болған-болмаған жеңістеріңді айтып мақтанба. Одан кейін тұрақсыз, сезімсіз, таңдай білмейтін адам болып шығуың кәдік.

* * *

Төсекқұмар әйелдер ұрған сайын семіре түсетін суыр сияқты, алуан-алуан еркек кіндіктіні көрген сайын құлпыра түсетін бедеу әйелге айналып тынады.

* * *

Ересек еркектің жас жігітке ақылы: «Күніге рахаттанам десең рахаттан, рахаттана алмасаң

– жөндеймін деп әуре болма».

78

* * *

Ешбір гинеколог өз күнтимесін өзі көре алмайды, сол секілді ешбір адам өз проблемаларын толықтай өзі бір жақты ете алмайды. Адамның өмірі қашан да өзін қорғаумен өтеді және де өз проблемаларын мойындай қойғысы келмейді.

* * *

Кей адам Ай секілді. Жұрт көретін жағы – жарық, айқын, арғы беті – қараңғы, ол жағын өзге түгілі өзі де түсіне алмайды.

* * *

Әйел заты — залым. Ол – ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат.

Проспер Мериме.

* * *

Қасаң бие екі айғырды ащы етеді.

* * *

Еркектердің көбі (барлығы десе де болады) өзі үшін өмір сүргісі келеді, әйел еркекті өзі үшін өмір сүрсе дейді.

* * *

«Жаба-жаба болдық қой, Жарық дүние көрсін де» деген өлең қалған екен бұрынғылардан...

* * *

Тақымы тойымсыз әйелдер болады, олар ерікке көнбейді, төсек қатынасын қалайды да тұрады.

* * *

Қарынның тоқтығы үшін күрес, қара бастың қамы, қолы ұзындар мен биліктегілерге құлдық ұру – міне, бүгінгі өмір салты. Оны шенеунік те, зиялы да, жезөкше де бірдей ұстанады.

* * *

Бүркемеші бүлінгірді тым аса, Өсте ме екен жігітке қыз ұнаса? Адам жұмбақ, Жан жасырын, рас, ә...

Құзырыңа қайтем құлқым құласа? Бүркемеші бүлінгірді тым аса, Өтінемін өз қолыңмен пердеңді аш, Онсыз маған дару дарып ем қонбас. Ғайып, тылсым сезімге елтіп өн бойым, Жай ұқтырсын жанарыма келген жас...

Өтінемін өз қолыңмен пердеңді аш.

Есенин.

* * *

«Көкаланың үйірі көл айналсын, Жаның шығып бара ма көз байлансын?!» деген ескіден қалған сөз қазір модадан шыққан, көз байланудың керегі жоқ, аз ғана ақша болса, төсек тез табылатын бір жеңіл заман болды.

* * *

Жезөкше деген сөзді орыстар үш түрге бөледі:

1) проститутка (жәләп) - олар ақшаға келісіп, төсекке жататындар. Оларға кім болса, ол болсын, ақша төлесе болды.

79

2)шлюха (сайқал) - бұлар нақты бір адаммен тұрақты ойнастық жасайтын, соның екінші әйелі секілденіп кеткен әйелдер немесе бұрын тұрмыста болмаған «қыздар».

3)любители (құмаршыл) - бұлар біреуге көзі түсіп қалса немесе бір еркек оны ұнататынын айтып қалса, өзі де тәуір көріп қалса, ойланбастан бір рет немесе бірнеше рет рахат әуеніне шомыла кететіндер.

* * *

Сұм әйелдер сұм ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық.

Құран Кәрім. «Нұр» сүресінің 26-аяты.

* * *

Қабағыма қайғы толды ересен, Қалған көңіл – қайтқан қыздай қадірсіз. Қадап қойған белгісі жоқ демесең, Кеудем толы – қабір-сыз.

Жамылып ар рахымның көрпесін, Сезім ұйықтар серті берік жүректе. Ашуыңа ақылыңды ертесің – Ішің толы құр өкпе.

Шайтан ойлар мүжиді кеп миымды, Ақ пен қара айқайласқан іңірде. Періштелер: «тыңдама» деп қиылды.

– Құлақ аспа күбірге!...

* * *

Діни кітаптардың бірінде мынадай оқиға суреттеледі: Ыбырайым пайғамбар әйелі Сарамен Мысырға келгенде, жат жерден қиыншылық көретінінен қорқып, Сараға: «Сен көріктісің, мұнда жан бағуымыз үшін сені әйелім емес, қарындасым дейін, саған біреудің көзі түсе қалса, сенің арқаңда тірі қалармыз», - депті. Ақырында сол пиғылынан тауып, Сара кез-келген ақы төлеген адамға қолжаулық болып кетеді, өз ниетінің кесірінен осы жағдайға жеткен Ыбырайым Сараның енді өзіндік бола алмасын ұғып бір перғауынға сатып жіберуге мәжбүр болады.

Мен осыны алғаш оқығанда, Ыбырайым өзі пайғамбар болса да, Сараның алдында кешірілместей күнәһар деп ойлағам.

* * *

Бөрі жеген бөксем бар, иттен несін аяйын.

Қазақ мәтелі.

* * *

Жақсы ниет пен жаман ниет арасы ылғи да жасырын қала алмайды, жаман ниеттегі адам қашан болса да бірдеңеге ұрынбай қоймайды.

* * *

Машина мінген әйел алдымен бұрынғы қалпынан еркіндеу бола бастап, әйелдік нәзіктігінен айрылады. Машинаның желігі оны бірте-бірте қатігездендіріп, өркөкірек етіп жібереді екен. Жүйкесі де тозғыш, сөз көтере алмайтын болып қалатын көрінеді.

* * *

Қыздардың қыздық белгісін кім алатынын алдын ала болжағысы келіп, соған дайындалатын, ол үшін уайымдайтын заманы өтіп кетті. Себебі олардың көбі ол үшін уайымдамайтын болды. Олар әбден арзандады, жеңілдеді. Қазіргі танысқан жас балалардың көбі «Мен сені жақсы көремін» деп емес, «Екеуміз бірге бола аламыз ба?» деп сұрайтын болды. Ертеңді онша уайымдамай, бүгінгі қызықты ғана ойлап: «Любить, чтобы дух захватывала, Пить, чтобы лежа пошатывала» деген орысша принципті ұстанатындар көбейіп кетті.

80