Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

18 Билет. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.

Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.

Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:

3110 - «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;

3120 - «Жеке табыс салығы»;

3130 - «Қосылған құн салығы»;

3140 - «Акциздер»;

3150 - «Әлеуметтік салық»;

3160 - «Жер салығы»;

3170 - «Көлік құралдарына салық»;

3180 – «Мүлік салығы»;

3190 - «Басқа да салықтар».

Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды , яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.

3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. 20%

Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі. 10%

3130 - «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.

Акциздік салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады. Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1030 шот кредиттеледі.

Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.

Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.

Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі де, 3180 – «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.

Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал – ордерде бейнеленеді.

Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:

3210 - «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;

3220 – «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;

3230 – «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;

3240 – «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».

Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша – оның азаюы көрсетіледі.