Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

19Билет Жабдықтаушылар мен мердігерлермен кредиторлық берешектері есебі.

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық – материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.

Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал – ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.

Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:

3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,

4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»

Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына

Дебет шот 1030

Kредит шот 3510, 4410

Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына

Дебет шот 3510, 4410

Kредит шот 1210

Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы

Дебет шот 3510, 4410

Kредит шот 1030

3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал –ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.

20 Билет. Еңбекақы бойынша қысқамерзімді берешектің есебі. Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді .

Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .

Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады : жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар .

Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.

Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары , сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары .

Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі – техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер , мысалы : инженер , экономист , бухгалтер, механик т.б.

Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.

Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.

Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді , кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі.

Еңбек ақының екі түрі болады : негізгі және қосымша.

Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.

Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады .Оған: кезекті демалыс уақытына ақы төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін ақы төлеу, жұмыстан шығу кезіндегі төленетін жәрдем ақы және болып табылады.

Еңбек ақының негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді: жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.

Жай мерзімді еңбек ақы төлеуде жалақы сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар бойынша немесе нақты атқарған уақыты үшін оклад бойынша есептеледі. Еңбек ақының мөлшері тарифтік ставканы атқарылған уақыт мөлшеріне көбейту арқылы немесе окладты есептеу арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің мерзімді - сыйақылық жүйесі кезінде тариф бойынша есептелген еңбек ақы сомасына тарифтік ставкаға белгілі бір процент мөлшеріндегі сыйақыны қосады.

Еңбек ақының есептелуі есептік төлем ведомосында, жеке счеттарында, ал берілуі төлем ведомостары бойынша жүргізіледі .

Еңбекті төлеудің кесімді формасы - өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің сапасын ескере отырып, бірлік санына төлеуді білдіреді. Кесімді еңбек ақының келесідей жүиелері бар: тікелей кесімді, кесімді-сыйақылы, кесімді – прогрессивті, аккордты.

Тікелей кесімді еңбек ақы төлеу қажетті біліктілікті ескере отырып, тағайындалған тұрақты кесімді баға негізінде өндірілген өнім бірлігінің саны үшін жүргізіледі. Еңбекақы мөлшері тұрақты кесімді бағаны өндірілген өнім санына көбеиту арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады . Кесімді – прогрессивті жүйе кезінде төлеу норма шегіндегісі тұрақты баға б-ша, ал нормадан артығы прогрессивті өспелі баға бойынша жүргізіледі.

Аккордты жүйе кезінде еңбекақы төлеуді алдын-ала нормаланған тапсырма және бағасы анықталған жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды. Аккордты еңбек ақы төлеудің мөлшерін іс жүзіндегі нормативті тапсырмалар бағалар негізінде бекітеді, ал олар болмаған жағдайда - ұқсас жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалар мен бағалардан шыға отырып бекітеді.

Еңбекақы төлеудің кесімді формасы кезінде есеп айырысу еңбек өнімділігі туралы құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Әрбір жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан еңбектік үлесінің мейілінше толық есебі үшін оның мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылады.

Қосымша еңбек ақының есептелуі орташа еңбек ақы бойынша жүргізіледі. Орташа еңбекақы дегеніміз өткен уақыт үшін нақты алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері .

Кезекті демалыс уақыты үшін ақы төлеу. Еңбек демалысы жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыс жылында бір рет беріледі. Еңбек демалысы жұмысқа қабылданған күннен бастап есептелінеді . Жұмысшы берілген кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істеген мерзімнен кейін еңбек демалысын алу құқығына ие болады. Еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс істеушілердің әртүрлі категориялары мен ұжымдық шарттар және қолданыстағы ережелер б-ша белгіленеді. Еңбек демалысы уақытына төлеуді демалысқа кететін айдың алдындағы 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыдан, осы кезеңге бекітілген үстемелер, қосымшалар және сыйақының орта мөлшерін есепке ала отырып есептейді . Сыйақының орта мөлшері 12 күнтізбелік ай үшін сыйақының орташа айлық процентін 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.

Демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына бөлінеді, орташа жалақыны есептеуге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді .

Жұмысшы айдың аяқталуына дейін жұмыстан босағанда немесе еңбек демалысына кеткенде жалақы бойынша есептеу жасалады, оның мәліметтері айдың аяқталуы бойынша есеп айырысу төлемдік ведомостында немесе еңбек ақы төлеу бойынша есептеу кітабына жазылады.

Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.

3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі. 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.

21 Билет. Түсімді тану критерийлері. Келісім идентификациясы. Тауарларды сатудан түсімді тану. Қызмет көрсетуден түсімді тану. Пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивиденттер түріндегі түсімдерді тану.