Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

1) Алынуға тиісті шоттар 2) Алынатын вексельдер 3) Басқалары

Алынуға тиісті шоттар құрамына тауар, қызметтер үшін және басқалай да активтер үшін басқа субъектілерге қойылатын шоттарды қамтамасыз ету.

Д.б.

1) Ағымдағы 2) ұзақ мерзімді б.б.

Жалпы д.б. жалпы счет –фактурамен бекітілген, ал алынған вексельдер статьясы ресми түрде қарыздық міндеттеме деп бекітілген.

Сонымен қатар д.б. нормадағы және өтелмеген болып бөлінеді. Нормадағы д.б. әр түрлі есеп айырысатын формасымен субьектілерінің шаруашылық барысында болып отыратын бережақтар. Өтелмеген д.б. деп уақытында төленбеген бережақтарды айтады.

2.2Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектердің есебі.

Дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18.09.02 №432 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы 3 «дебиторлық берешек және басқа да активтер» шоттарында есептеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.

Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.

Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді

1210,2110

6010

2. ҚҚС есептелді

1210,2110

3130

3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді

7010

1320

4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды

1280,2180

1210,2110

5. Вексельдік процент есептелді

1270,2170

6110

6. Ағымдағы банктік шотқа алынды

1030

1210,2110,

1280,2180

7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді

3130

1030

1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.

Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.

Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.

1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі