Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

29 Билет.Пайда мен зиян туралы есептілікке қойылатын минималды талаптар. Пайда мен зиян туралы есептіліктің екі формасы.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру – шаруашылық қызметтен түскен пайда мен зиянға қамтылуы тиіс есептік бағалаудағы өзгерістер. Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қысқа формада жасалады.

Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру есептеу жүйесінен шыға отырып жасалады, сондықтан ағымдағы қызметтің ақша құралдарына және олардың ликвидтілігіне әсер етуі есеп беруде көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар ақша құралдарының кемуімен немесе көбеюімен ілесіп отырмайды. Ақша құралдары сомаларының кемуі немесе көбеюі активтердің бухгалтерлік шоттарының өзгеруіне әкеледі.

Кірістерді мойындау өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістерді бухгалтерлік есепке алуды тіркеудегі тиянақтылықты анықтайтын есептеу қағидасына сәйкес іске асырылады. Мойындау, сонымен қатар, тауардың сатылған күні заң күші бар төлем міндеттемелерін сатып алушының жеткізушіге ұсынған кезде орын алады. Мойындау мүмкіндігі тауарға немесе қызметке айырбастау кезінде алынған қаржылық емес активтердің сатушарттарына сәйкес белгілі бір ақшалай көлемге айналуы кезінде пайда болады.

Кіріс алынған кезде көрініс табады, яғни келісім-шартқа сәйкес ұйым кіріс алуға құқық беретін жұмыс көлемін орындаған кезде көрініс табады.

Сонымен, пайда – ұйымның капиталы мен пайдасының көбеюі негізін құрайтын қаржылық нәтиженің маңызды факторы. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі әдістемелік рекомендацияда кіріс деп сальдоланған қаржылық нәтиже мойындалады және кезеңнің жалпы кіріс және жалпы шығыстарының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.

Кірістерді жіктеудің бірнеше түрі бар. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелері Департементінің анықтамасы бойынша, ұйымның кірістері негізі қызмет және негізгі емес қызмет нәтижелерінде пайда болуы мүмкін.

Негізгі қызметтен түскен кіріс – дайын өнімдерді өткізуден қосымша құн салығын, акциздерді және басқа салық түрлерін, міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарлар сомасын, сатудағы жеңілдіктер сомасын, бағадағы жеңілдіктер сомасын шегеріп тастағандағы ақша сомасы немесе құралдар.

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс – бұл айналымнан тыс активтерді өткізу, құнды қағаздарды асыра бағалау және т.б.

Салық салуға дейінгі негзгі қызметін сальдоланған қаржылық нәтижесі көрсеткіштерді есептеу жолымен анықталады: негізгі қызметтен түскен кіріс (залал) және негізгі емес қызметтен кіріс (зиян).

Салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен түскен кіріс табыс салығы мен негізг қызметтен түскен кіріс арасындағы айырмашылық түріндегі есептеу жолымен анықталады.

Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (залал) табыс салығын шегеріп тастағандағы төтенше жағдайлар нәтижесінің сальдолануымен анықталады.

Төтенше өзгерістер деп мыналар саналады:

- алдын ала болжанбаған жағдайлар (апатты жағдайлар, өрт, т.б.) салдарынан түскен түсімдер;

- сақтындыру өтемақылары;

- қалпына келтіруге жарамсыз материалдық құндылықтар бағасы және т.б.;

Таза пайда - есеп беру кезеңіндегі заңды тұлғаның алатын сальдоланған нәтижесі.

30 Билет Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті ұсыну. Операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен ақша ағындарын ұсыну. Ақша қаражаттарының жабылмалы ағынын көрсету. Есептілікті тікелей әдіспен ұсыну. Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті жанама әдіспен құрастыру.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары және облигация, қазынашылық векселі және т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, ұйымның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы ұйымның мұқтажын бағалауға көмектеседі. Екіншіден, ұйымның таза активтеріндегі өзгерісті, оның қаржы құрылымын, сондай-ақ өтімділік пен төлем қабілетін бағалауға көмектеседі. Үшіншіден, әр түрлі ұйымдардағы операциялық қызмет туралы есеп берулерді салыстыруға мүмкіндік береді.

«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлармен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруде 3 түрге бөлінетін ақша түсімдері көрсетіледі:

  • негізгі қызметтен түскен ақша түсімдері;

  • инвестициялық қызметтен түскен ақша түсімдері;

  • қаржыландыру жөніндегі қызмет.

Операциядан түсетін ақша түсімдері негізінен кәсіпорынның табыс келтіретін негізгі қызметінің барысында пайда болады.

Негізгі қызмет жөнінде мысал болып табылатындар:

  • тауар сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша түсімдері;

  • сыйақылардың, комиссия ақысының және басқа табыстардың ақшалай түсімдері;

  • тауарлар мен қызметтер үшін жеткізушілерге төленген ақша төлемдері;

  • қызметкерлерге ақша төлемдері;

  • ақша төлемдері немесе табыс салығын өтеу, егер олар қаржыландыру жөніндегі қызметпен және инвестициялық қызметпен байланыссыз болса;

  • шарттар бойынша ақша түсімдері немесе төлемедер.

Инвестициялық қызмет – бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша эквиваленттеріне қатысы жоқ басқа инвестициялардың сатып алынуы немесе шығарылуы.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде туындаған ақша түсімдеріне мыналар мысал болып табылады:

  • негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

  • меншікті капиталды немесе басқа ұйымдардың қарыз міндеттемелерін, сондай-ақ бірлескен ұйымдардағы қатысу үлесін сатып алу кезіндегі ақша төлемдері немесе түсімдері;

  • басқа ұйымдарға аванстық төлемдер және берілетін қарыз:

  • басқа ұйымдарға ұсынылған аванстық төлемдерді өтеуден алынған ақша түсімдері.

Қаржыландыру жөніндегі қызмет – бұл нәтижесі меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс болып табылатын қызмет.

Қаржыландыру жөніндегі қызметке мыналар мысал болып табылады:

  • акциялар немесе меншікті капиталдың басқа элементін шығарудан түскен ақша түсімдері;

  • акция сатып алған кездегі немесе меншікті акциялардың төлеп алған кездегі акционерлерге ақша төлемдері;

  • қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелерін, займдарды, векселдерді, облигацияларды, басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен ақша түсімдері;

  • алынған займдарды өтеу есебіне ақша төлемдері;

  • қаржыландырылатын жолмен, яғни ұзақ мерзімді жалмен байланысты ақша төлемдері мен түсімдері;

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру екі әдіспен жасалады: тікелей және жанама әдіс.

Тікелей әдіске басымдылық беріледі, өйткені ол болашақ ақша түсімдерін бағалауда тиімді болатын ақпаратпен қамтамасыз етеді, ал оны жанама әдіс бере алмайды.

Тікелей әдісті қолданған кезде ақша қаражаттарының барлық түрдегі түсімдері мен олардың төлемдері туралы ақпарат екі тәсілмен алынуы мүмкін:

1. журналдар, қосымша ведомостер бойынша ұйымның есептік жазуларынан;

2. сату көлемін, сатылған өнімнің өзіндік құнын және есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық қорларды, дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді ескеріп, шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп берудегі басқа баптарды түзету жолымен;

3. басқа да ақшалай емес баптардан;

4. инвестициялық қызметтен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметтен болағн ақша қаражаты қозғалыстарының нәтижесінде ақша әсері туындайтын басқа баптардан.

Жанама әдіс бойынша операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттарының таза түсімі таза пайданы немесе зиянды түзету жолымен анықталады. Мұндағы ескерілетіндер:

- есепті кезең ішінде тауарлы – материалдық қорлардағы және операциялық қызметтен алынған дебиторлық және кредиторлық берешектерде болған өзгерістер;

  • тозу, амортизация, резервтер, салықтар, бөлінбеген пайда сияқты ақшалай емес баптар;

  • инвестициялық қызметтен, сондай-ақ қаржыландыру жөніндегі қызметтен алынған ақша қаражаттарының қозғалысы нәтижесінде алынған ақша әсері туындайтын өзге де баптар.

Түсіндірме жазбада ұйымдағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі.

Ұйымның қалауы бойынша өтімділіктің қаржы жағдайын анықтау үшін пайдаланушыларға қажетті болып табылатын қосымша ақпарат алынып көрсетіледі.