Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

12 Билет Негізгі құралдардың шығуы есебі: тану және есепте ашу.

13 Билет Материалдық емес активтерді тану. Болашақ экономикалық табыстар.

Материалдық емес активтерді бастапқы бағалау

Материалдық емес активтер деп табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілерді атайды.

Өндірістік шаруашылық қызметтегі атқаратын функциясы және мақсатына байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді: интелектуалдық меншік; мүліктік құқық; басқалары.

Интелектуалдық меншікке мыналар жатады:Фирма бағасы (гудвилл); тауар белгілері; ноу-хау; авторлық және қатар құқықтар.

Мүліктік құқықтарға келесілер жатады:Жер учаскелері, суда, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану, есептеу техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету құқығы және т.б.

Басқа материалдық емес активтерге келесілер жатады: ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу нұсқаулары, тәжірибе-конструкторлық нұсқаулар.

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және табиғи-заттай мағынасыеда ғана материалдық емес болып табылады.

Материалдық емес активтер алыну құны бойынша есепке алынады, яғни олар үшін төленген сомалар бойынша есептеледі.

Кейбір гудвилл, сауда маркалары сияқты материалдық емес активтер алғашында төмен баға немесе ақысыз алынуы мүмкін. Кейіннен олардың құндылығы артса да, байланысты құны өзгермейді. Материалдық емес активтер нарық бағасы бойынша есепке көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарына жазылады. Осы шоттардың дебеті бойынша - материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындагы қалдықтары, олардың түсу операциялары көрсетіледі, кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығарылымы көрсетіледі. 2700-шы бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:

2730 “Өзге де материалдық емес активтер”

2710 “Гудвилл”.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау - беру актісінде (ү. №МЕА-1) көрсетіледі. Актіде материалдық емес актавтер түрінің дәл аты, оның кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Кәсіпорындар материалдық емес активтерді келесідей жолдармен алады:

  • Жарғылық капиталға салымдар жолымен

  • Кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу

  • Басқа кәсіпорынмен қосылу жолымен

  • Заңды және жеке тұлғалар пайдалануға бергенде.

Материалдық емес активтерді кәсіпорындар қатынасушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді сатудан алынған табыстардың, құнды қағаздардан түскен табыстардың, банкінің қағаздарынан, тегін пайдалануға берілген төлемдердің және басқа заңды рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады. • Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысыбойынша бағаланады.