Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

7 Билет Қорлардың шығуының есебі Қорларды есептен шығару резерві.

  1. Қорлардың шығуының есебі Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады.

Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады.

Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.

Қоймалық операцияларға бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояд Материалдар есебінің қалдықтық әдісі кезінде қойма есебінің мәліметтерін баланспен салыстырудың мәні сол, мұнда әрбір қойма бойынша қалдықтардың жылдық кітабы жүргізіледі, онда айдың соңында сорттық есеп карточкаларынан бірінші күнге жағдайлары бойынша материалдардың барлық сандық қалдықтары ауыстырылып отырады. Кітаптағы жазулардың дұрыстығы қойма меңгерушінің қолымен расталады. Қалдықтарды бақылап алып, бухгалтер олардағы қалдықтық кітапта әрбір номенклатуралық номерге қарсы қойылған есептік бағаларға көбейтеді. Осылайша анықталған материалдар қалдығының жалпы сомасы қалдықтық кітап қорытындысы бойынша материалдардың қозғалысы және қалдығы есебі тізімдемесі ндегі материалдар сомасы мен тобы бойынша жинақтау тізімдемесінде келтірілген қалдықтар сомасына тең болуы керек. Барлық қалдықтық кітаптар тігіледі және мөрмен бекітіледі, ал беттері номерленеді.

Қорлардың синтетикалық есебін, сатып алу бағасы мен көліктік- дайындау шығындарынан және сатып алумен байланысты басқа да шығындарынан тұратын іс жүзіндегі шығындар бойынша жүргізеді.

ы. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады. Ұйымға материалдар негізінен жабдықтаушылардан және есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы және басқа жолдармен келіп түседі.

Материалдар қозғалысының есебі үшін 1300 «Қорлар» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшеге келесідей шоттар топтары жатады: 1310 «Шикізат пен материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқа да қорлар», 1360 «Қорларды қажетсіздендіру бойынша резерв».

1310 «Шикізат пен материалдар», тобы келесідей шоттарды қамтиды:

1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшктер»;

1312 «Отын»;

1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдарға»;

1314 «Қосалқы бөлшектер»;

1315 «Басқа материалдар;

1316 «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;

1317 «Құрылыс материалдары».

Бұл шоттарының дебеті бойынша айдың басы мен соңындағы қалдықты, материалдардың түсуін көрсетеді; кредиті бойынша – олардың жұмсалуын көрсетеді.

  1. Қорларды есептен шығару резерві