Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос аржылы есеп.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
124.86 Кб
Скачать

3 Билет

  1. 3.1 Күмәнді дебиторлық берешекті сызу.

Дебиторлық бережақ –сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алдында сатылған тауар, жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін бережақ. д.б. нормадағы және өтелмеген болып бөлінеді. Нормадағы д.б. әр түрлі есеп айырысатын формасымен субьектілерінің шаруашылық барысында болып отыратын бережақтар. Өтелмеген д.б. деп уақытында төленбеген бережақтарды айтады. Қ.Р-да барлық шаруашылық етуші субъетілер өздерінің табыстарын есептеу әдісі. Күмәнді бережақтар үшін резерв жасақтау қажеттігі туады. К.б. үшін резерв кәсіпорындар үшін төленбей қалатын д.б., басқа да бережақтарды орнын толтырудың қоры болып саналады.

Бухгалтерлік баланста д.б. құнының күмәнді б. Үшін резервтің құнын алып тастағаннан кейін сома көрінеді.

Салық кодексіне сәйкес күмәнді бережақтар тауарларды өткізгені үшін, жұмысты жасағаны үшін, қызметтерді көрсеткені үшін болатын нәтижесінде кәсіпорынның алдында бережағын шот қойған мезгілден бастап 3 жыл өтелмеген бережақтарды айтады, с.қ. дебитор кәсіпорынның Қ.Р. заңына сәйкес банкрот деп табылуына байланысты өтелмей қалған бережақтарды айтады.

Егер күмәнді д.б. бағаланса оларды банктердің шоттарында көрсетуге тиісті. Күмәнді д.б. күмәнді дебиторлық бережақтар шығынында есептеледі. Күмәнді бережақтар үшін резервтің құрылу тәртібі басқару есебінің № 5 стандартымен реттеледі. Күмәнді бережақтар резерві есепті кезеннің аяғынан болатын дебиторлық бережақтардың инвентаризация түрінде құрылды. Күмәнді бережақтарды есептеудің немесе бағалаудың 2 әдісі бар:

  1. Жалпы сатудың көлемінің пайызына байланысты;

  2. Төлеу уақытына байланысты шоттарды есептеу.

    1. Күмәнді қарыздар резервін бағалау әдістері.

Күмәнді талаптар бойынша резерв есептік кезең соңында жүргізілген дебиторлық берешекті инвентаризациялау нәтижелері негізінде жасалады. Күмәнді талаптарды бағалаудың екі әдісі бар:

1. тауарларды өткізу (жұмыстар жасау, қызметтер көрсету) көлемінен пайыз әдісі;

2. төлем мерзімдері бойынша шоттарды есептеу әдісі.

Өткізу көлемінен пайыз әдісін қолдану кезінде өткізудің жалпы көлеміндегі үмітсіз борыштар пайызы анықталады. Ол үшін бірнеше есептік кезең ішінде (кемінде үш жыл) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу көлемін және төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

 Мысал Бір жылдағы өнімді өткізу көлемі 1 390 000 теңге соманы құрады.

1-кестеКүмәнді берешектің орташа пайызын есептеу

Жыл

Өнімді өткізу көлемі,

мың теңге

Үмітсіз қарыздар сомасы,

мың теңге

Күмәнді деп танылған қарыздар пайызы

2009

630

21

3,3

2010

890

15

1,7

2011

1 200

19

1,6

Барлығы

2 720

55

2,2

2012 жылда күмәнді талаптар бойынша резерв сомасы:

1 390 000´2,2% = 30 580 теңгені құрайды.

Есептік кезең соңында мынадай жазба жасалады:

Д-т7440    Резерв жасау және үмітсіз талаптарды

есетен шығару бойынша шығындар                          30 580

К-т1290    Күмәнді талаптар бойынша резерв                          30 580

 Д-т1290    Күмәнді талаптар бойынша резерв                         30 580

К-т1210    Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық берешегі                        30 580

 Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісін қолдану кезінде берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талап пайызы анықталады. Ол үшін алынатын барлық шоттарды келесі санаттар бойынша жіктеу қажет:

  • төлеу мерзімі жетпеген шоттар;

  • 1 және 30 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;

  • 31 және 60 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;

  • 61 және 90 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;

  • 90 күннен астам төлем мерзіміне ие шоттар.

 МысалКүмәнді талаптар сомасын есептейік2-кестеКүмәнді талаптар сомасын есептеу

Дебиторлық берешекті төлеу мерзімі

Өнімді өткізу көлемі,

мың теңге

Күмәнді деп саналатын борыштардың пайызы

Күмәнді талаптардың сомасы, мың теңге

Төлеу мерзімі жетпеген шоттар

360

18

64,8

1 және 30 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар

270

22

59,4

31 және 60 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар

210

14

29,4

61 және 90 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар

180

23

41,4

90 күннен астам төлем мерзіміне ие шоттар.

100

32

32,0

Барлығы

1 120

 

227

Осылайша, күмәнді талаптар сомасы 227 700 теңгені құрады.

Д-т7440 Резерв жасау және үмітсіз талаптарды

есетен шығару бойынша шығындар                          227 000

К-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв                             227 000

 Субъект балансынан күмәнді деп танылған, осыған дейін талап етілмеген борыштарды есептен шығарған кезде мынадай жазба жасалады:

Д-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв                             227 000

К-т   1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1220  Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді

дебиторлық берешегі 

1230 Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдардың

қысқа мерзімді дебиторлық берешегі                        227 000