Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

6.1 Аппеляция процедурасы

Егерде білім алушылар қойылған бағаларымен (B,C,D,F) келіспеген жағдайда, емтихан нәтижесі жарияланған сәттен 24 сағат ішінде апеляцияға беруге құқылы. Апеляцияға өтініш факультеттің деканатына беріледі. Тіркеу бөлімі жеке деканның рұқсатнамасы алынған өтініштің негізінде апеляциялық ведомость береді.

Кафедрамен құрылған апеляциялық комиссия 24 сағат ішінде өтінішті қарастырып, бағаны өзгерту немесе сол түрінде қалдыру туралы сәйкес шешім қабылдайды.

Ескертпе: Егерде білім алушы емтиханнан «В» бағасын алып, онымен келіспей, апеляциялық комиссияға өтініш беріп төмен баға алып қалса, онда ол транскриптқа енгізіледі, ал GPA есептеу кезінде ең жоғары бағасы есептелінеді.

  1. 7. Білім алушыны көшіру, қайта алу және оқудан шығару

Білім алушы бір білім беру ұйымынан екінші ұйымға, бір мамандықтан екіншіге, бір оқу түрінен екінші түрге көшу құқына ие.

Жоғары кәсіби білім беретін білім беру ұйымдарында білім берушіні сәйкес курсқа қайта алу және/немесе көшіру, егерде оқу жоспарындағы пәндер 5 (бес) пәннен жоғары болмаған жағдайда жүзеге асады. Осы бөлімде қарастырылмаған жағдай болса, онда білім беруші қайта алу және/немесе ауыстыру бір курсқа төмен тәртібінде жүзеге асырылады.

7.1 Жәңгір хан атындағы бқату ауыстыру тәртібі мен үдерісі

Білім алушы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ –дан басқа ЖОО-ға, басқа ЖОО-дан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға, университет ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа көшуге құқылы.

Көшуге академиялық қарызы жоқ білім алушыларға рұқсат етіледі.

Бір ЖОО-дан екіншіге көшу екі ЖОО-ның ректорлырының келісімімен және жазғы мен қысқы каникулдар аралығында жүзеге асырылады.

Бір мамандықтан екіншіге көшу үлгерімнің бекітілген минималды орташа балын жинаған студенттерге ғана рұқсат етіледі.

Білім алушылардың қайта алынуы немесе ауысуы олардың өткен және ағымдық жылдарында оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердегі айырмашылықпен анықталынады.

Оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығы білім алушының қайта алыну және/немесе ауысу курсын анықтауға негіз болып табылады.

Оқу жоспарларындағы айырмашылық семестр ағымында жойылу керек. Оқу жоспарларында көрсетілмеген пәндер бойынша айырмашылық тіркеу бөлімінің берген ведомостылары арқылы тапсырылады.

7.2 Жәңгір хан атындағы бқату білім алушыны басқа жоғары оқу орнынан көшіру тәртібі:

Білім алушы көшу туралы өтінішті өзі оқып жатқан университеттің ректорының атына жазады да, көшуге мөр басылған жазбаша келісім алған соң Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорына келеді. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорының атына көшу туралы жазылған өтінішке басшының қолы қойылған және мөр басылған транскрипт қоса беріледі

  • факультет деканы көшіп жатқан тұлғанын құжаттарын қарастырады және олардың есептеліну мүмкіндігін, оқу жоспарындағы айырмашылықтар мен қайта алынатын оқу жылын анықтайды;

  • факультет деканының рұқсатнамасы негізінде тіркеу бөлімі аталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімін анықтайды;

  • факультет деканының, бухгалтерияның (ақылы негізде оқитындарға), ОӘЖ жөніндегі проректордың, ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамалары негізінде басқа ЖОО-дан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ –ға ауысуы туралы бұйрық шығады;

  • ректордың бұйрығы шыққан соң жеке құжаттарды мұрағатқа дейін сақтау бөлімі үш күндік мерзімде көшіп жатқан тұлғанын бұрын оқыған ЖОО-ға жеке құжаттарын бағыттау туралы тапсырыс жіберіледі.

Білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да көшіру келесі үдеріске сай тек ақылы негізде жүзеге асырылады:

  • білім алушы ректордың атына көшу туралы өтініш береді;

  • факультет деканы оқу жылы мен оқу жоспарларындағы айырмашылықтарды анықтайды;

  • тіркеу бөлімі деканның рұқсатнамасы негізінде аталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімін анықтайды;

  • факультет деканының, ТБ жетекшісінің, ОӘЖ жөніндегі проректордың ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамаларына сәйкес ректордың білім алушыны университет ішінде бір мамандықтан екіншіге ауыстыру туралы бұйрығы шығады.