Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

3. Оқу процессін ұйымдастыру

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ кредиттік оқыту технологиясы бойынша жоғары кәсіби білім беру (бакалавр, магистратура, жоғары арнайы білім) бағдарламалары арқылы оқу үдерісін реттеу және кредиттер түрінде білім көлемін есептеу мен білім беру траекториясын таңдау негізінде білім алушыларда өз бетімен ұйымдастыру және өз бетімен білім алуға қабілеттіліктерін дамытуды негізгі міндет ете отырып мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Оқу процессін ұйымдастыру 5В072800-«Өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған кәсіптік-білім беру бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Кәсіптік білім беру бағдарламалары білім алушылардың жалпы білімділік және кәсіптік деңгейін жүйелі жетілдіру, тиісті біліктілік пен мамандықтағы мамандарды даярлауға бағытталған.

Кәсіптік-білім беру бағдарламалары мамандықтардың оқу-әдістемелік кешені, пәндердің оқу-әдістемелік кешені негізінде іске асырыла отырып тараталады.

Бұл ереже студенттерді кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқыту тәртібін анықтайды және білім алушыларды оқу сабақтарына қатысу, ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулар мен аралық және мемлекеттік қорытынды аттестаттауды жүргізу, практиканы өтуді ұйымдастыру, көшіру, қайта алу, оқудан шығару, мемлекеттік стипендия тағайындау, білім алушылардың білімін бағалау және т.б. тәртібін реттейді.

Ереже қолданыста жүрген нормативтік құжаттарға сәйкес жасалынды. Ережеге жаңадан енгізілген нормативтер мен Ғылыми кеңестің шешімдері негізінде қосымшалар мен өзгертулер енгізуге болады.

Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу жылы ағымында меңгерілетін кредиттермен өлшенеді. Оқу пәндерінің саны жұмыс оқу жоспарларында көрсетіледі. Білім алушылардың оқу жұмыс көлемі әр пән бойынша 1-6 кредитті құрайды.

Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау/қорытынды бақылау кезеңдерден, практикалар мен каникулдардан тұрады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ академиялық кезеңі курсқа (семестр, үш нысан) байланысты және аралық бақылау жұмаларын (mid-term) қоса алғанда 10-15 жұманы кірістіреді. Бір оқу жылы 30 жұмадан тұрады, оның 30 – теориялық білім (2 семестр), 6-8- қорытынды бақылау. Ұзақтылығы 6 жұмадан аспайтын жазғы семестр енгізуге рұқсат етіледі.

Оқу жылы теориялық оқытудан жинақталған кредиттер санымен анықталынады. Бұл сан әртүрлі мамандықтардың оқу жоспарларында өзгеруі мүмкін, бірақта орташа келесідей есептелінеді:

- бакалавриат және жоғары арнайы білім бағдарламасы бойынша:

0 – 36 кредит – бірінші оқу жылы;

37 – 73 кредит – екінші оқу жылы;

74 – 110 кредит – үшінші оқу жылы;

111 – 147 кредит – төртінші оқу жылы;

148 – және одан жоғары – оқудың бесінші жылы (жоғары арнайы білім үшін).

Каникулдар білім алушыға әрбір академиялық кезең сайын беріледі. Бір оқу жылындағы жалпы каникулярлық уақыт ұзақтылығы 7 жұмадан кем болмауы керек.

Білім беру үдерісінің аяқталуының негізгі өлшемі болып білім алушының оқу жоспары бойынша талап етілген кредиттер саны табылады.

Курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, барлық сынақтар мен емтихандарды табысты тапсырған және көшіру балының бекітілген деңгейі – 1 курстан 2 курсқа – 1,33, 2 курстан 3 курсқа – 1,67, 3/4-тан 4/5-қа – 2,00 жинаған білім алушы ректордың бұйрығымен оқудың келесі жылына ауысады.

Келесі оқу жылына ауысқан академиялық қарыздары бар білім алушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайта өтуі керек.

Академиялық жұмылғышты қамтамасыз ету үшін білім алушы бөлек пәндерді басқа білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдерде оқи алады. Бұл жерде басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін ректор анықтайды. Бөлек пәндерді ҚР басқа білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда білім беру ұйымдары арасында бекітілген заңнамалық тәртіпке сай екі жақты келісім толтырылуы керек.

Мамандықтың оқу-әдістемелік комплексі (УМКС) – бұл оқу-әдістемелік және міндетті нормативтік құжат, мамандық бойынша оқу процесін өткізу, жоспарлау, ұйымдастыру және мамандар дайындау концепциясын, сондай-ақ студенттерді оқыту әдістері, мазмұны және мақсатын анықтайды.

Мамандықтың оқу-әдістемелік комплексі (УМКС) кафедрада кафедра меңгерушісінің басшылығымен электронды түрде дайындалады, кафедра отырысында, факультеттің оқу-әдістемелік бюросында (УМБ) талқыланады және университеттің оқу-әдістемелік кеңес (УМС) отырысында бекітіледі.

Пәннің оқу-әдістемелік комплексі (УМКД) – оқу-әдістемелік құжаттың бірыңғай оптимальді жүйесі, басқа пәндермен тығыз байланыстағы осы пәннің оқу процесіндегі ұйымдастырылуын, жоспарлануын және өткізілуін анықтайтын және болашақ сапалы маманның дайындалуын қамтамасыз етеді. УМКД студенттің мақсатын, мазмұнын сондай-ақ оқу әдістерін, олардың осы пәнді игеру процесіндегі оқитындардың білімін, икемділігін және толық құқығын анықтайды.

УМКД кафедраның профессор-оқытушы құрамымен электрондық түрде дайындалады, кафедраның отырысында талқыланады, факультеттің оқу-әдістемелік бюросында(УМБ) және университеттің оқу-әдістемелік кеңес (УМС) отырысында бекітіледі.

Негізгі кәсіптік-білім беру бағдарламасы, мамандарды жалпы білімділікке және кәсіптік даярлауды қоса қамтиды.

Маманды жалпы білімділікке даярлау, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін және жалпы білімділігін қалыптастыруға бағытталған.

Маманды кәсіптік даярлау, арнайы және кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Негізгі кәсіптік білім беру бағдарламасы, үш топтамаға (циклға) біріктірілген пәндер тізбесін қоса қамтиды:

жалпы білім беру пәндер топтамасы (ЖБП топтамасы);

базалық пәндер топтамасы (БП топтамасы);

кәсіптендіру пәндері топтамасы (КП топтамасы).

Әрбір топтамаға (цикл) міндетті компонент және таңдауы бойынша компонент пәндерінен тұрады.

Негізгі кәсіптік-білім беру бағдарламасының міндетті компоненті – елде біртұтас білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін, тұтастай мамандықты және жалпы мәдениеттік, жалпы мемлекеттік мәні бар іргелі базалық өзек.

Таңдау бойынша компонент оқушының жеке даярлығын бейнелейді, нақты аймақтың қажеттілігі мен әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігін, сол сияқты нақты жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын ескереді.

Кәсіптік-білім беру бағдаламалары негізінде пәндер бойынша силлабустар және жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламалары жасалады.

Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әр оқу пәні бойынша оқу жылы ағымында меңгерілетін кредиттермен өлшенеді.

Каникулдар білім алушыға әрбір академиялық кезең сайын беріледі. Бір оқу жылындағы жалпы каникулярлық уақыт ұзақтылығы 8 жұмадан кем болмауы керек.

5.03.015 – 2009 енгізіліп, 04.07.2013 өзгертулермен толқытырылды «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Педагогикалық жүктеме және оқыту жұмыстары» ҚР МЖМБС сәйкес жоғары оқу орындарында келесі оқу жұмыстарының түрлері белгіленеді:

- лекциялар;

- семинарлар;

- практикалық сабақтар;

- зертханалық жұмыстары;

- бақылау жұмыстары;

- консультациялар;

- коллоквиумдар;

- студенттің өздігінен жұмысы;

- оқытушының басқаруымен студенттің өздігінен жұмысы;

- кәсіптік практика (оқу, оқу-таныстыру, педагогикалық, археологиялық, далалық, өндірістік, диплом алдындағы және тағы басқалар);

- стажировка;

- курстық жобалау (жұмыс);

- дипломдық жобалау (жұмыс).

Жоғарғы оқу орнынның оқу-тәрбиелік процесінде басты орын дәріске беріледі. Дәрістің басты мақсаты – студенттерде оқып жатқан пәні туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық аумағына сәйкес заңдылықтар мен принциптерді меңгеруін, сондай-ақ алған білімдерін пайдаға асыру әдістері қамтамасыз ету.

Семинарлардың көп тараған түрлері болып табылатындар:

  • ашық сөйлесу,

  • семинар докладтарының жүйесі,

  • рефераттарды талқылау,

  • диспут семинар және т.б.

Семинар сабақтарының бұл түрлері осы және басқа да үйлесімділілікте өткізілуі мүмкін. Семинар сабақтарға берілген уақыт семинар сабақтардың түрлеріне байланысты түсініктерімен алғашқы деректерді оқу, есептер мен жаттығуларды шешу, бақылау жұмыстарын жазу, студенттерден бағдарламалы сұрау сияқты жұмыстарға жұмсалуы мүмкін.

Практикалық жұмыстардың басты мақсаты болып студенттердің теориялық білімінің бекітілуі мен тереңдетілуі және алынған білімдерін практикада пайдалана алуы болып табылады.

Лабораториялық жұмыстар – оқу процесінің логикалық өзарабайланысты, біріңғай жүйесіндегі маңызды бір бөлігі. Лабораториялық жұмыстардың мақсаты студенттардің оқу пәндерін меңгеру кезінде алған теориялық білімдерін практикада қолдануы және эксперименттер қоюда және жүргізуде алынатын элементарлық дағды қалыптастыру.

Студенттердің өзіндік жұмыстары да оқу процесінің практикалық қызметінде алынған білім мен шеберлігінің тереңдігін анықтайтын басты факторы.

Студенттің өзіндік жұмыстарына кіреді:

  • Өткен дәріс материалдарының дәріс конспектілерінен, оқулықтар мен әдістемелерден оқуы,

  • Үй тапсырмаларын орындау,

  • Практикалық, лабораториялық және семинар сабақтарына дайындық,

  • Коллоквиум және лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін өңдеуге дайындық,

  • Бақылау жұмыстарына дайындық,

  • Семестрдің тапсырмасын орындау және оны қорғауға дайындық,

  • Курстық жұмыстар не жобаларды орындау және оны қорғауға дайындық.

Оқу процесі кезінде пайдаланылатын барлық мамандық бойынша оқу әдебиеттері, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми әдебиеттер сондай-ақ заңдық және нормативтік актілер университеттің библиотекалық қорында сақталған.