Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

2. Студенттің анықтамалық-жолсілтегішінде пайдаланылатын терминдер

Академиялық дәреже (Academic Degree) – білім алушының қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша оларға білім беру ұйымдары беретін тиісті білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;

Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) – оқу жылы бойынша демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шаралары мен практикаларды өткізу күнтізбесі;

Академиялық кезең (Academic Term) – теоретикалық кезең – ұзақтылығы 15 жұмалық семестр, үш нысан – ұзақтылығы он жұма;

Академиялық рейтинг (Academic Rating) – қорытынды аттестаттаудың (аралық аттестаттау) нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Академиялық сағат (Academic hour) – дәрістік, практикалық (семинарлық), сабақтартың 1 байланыс сағатына (50 минутқа), немесе студиялық сабақтардың 1,5 байланыс сағатына (75 минутқа), немесе зертханалық сабақтың және, дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 минутқа), сондай – ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;

Аралық бақылау (Mid-term Examination) – білім алушылардың оқу жетістіктерін бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес (семестрдің 7 және 14 жұмалары) сабақты беретін оқытушымен жүргізілетін тексеру;

Апелляция (Appeal) – білім алушының білімін объективті түрде бағаламауға әсер еткен факторларды анықтау және жою үшін жүргізілетін үдеріс;

Бакалавриат (Bacсalaureate) – «бакалавр» академиялық дәрежесі берілетін жоғары кәсіптік білім беру деңгейі;

Бакалавр (Bachellor) – жоғары білімнің сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже;

Белсенді үлестірмелі материалдар (Handouts) – білім алушының тақырыпты шығармашылық табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

Бітіруші кафедра - өзінің бейіні бойынша мамандарды даярлаушы және шығарушы кафедра;

Жеке оқу жоспары - жұмыс оқу жоспары негізінде әр оқу жылында студенттердің өз бетімен оқуына арналып және оның қалаған пәндерінің тізімін, кредиті мен академиялық сағат санын құрайтын құжат. Жеке оқу жоспары нақты бір студенттің оқу бағытын көрсетеді;

Жұмыс оқу жоспары (Curriculum) – типтік оқу жоспары негізінде жасалынатын және ректормен бекітілінетін құжат. Жоспар білім алушының меңгеруіне қажетті кредиттерді көрсете отырып міндетті және таңдау компоненттері бойынша оқу пәндерінің толық тізімін құрайды;

Қайта тіркеу кезеңі (Add/Drop Period) – білім алушының бір курстан бас тартып басқа курсқа жазылу арқылы ЖОЖ өзгерте алатын кезеңі;

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау (Final Examination) – білім алушының білім деңгейіне сәйкес бағдарламаларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижесі бойынша білімі туралы мемлекеттік үлгідегі (диплом) құжат берілетін үдеріс;

Кредит (Credit Hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік;

Кредиттік оқыту технологиясы (Credit Education) – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту;

Мемлекеттік қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың білім беру деңгейінің сәйкес бағдарламаны меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижелері бойынша білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) берілетін үдеріс;

Міндетті пәндер (Core Subjects) – бакалавриат/магистратура бағдарламасы бойынша білім алушының міндетті түрде оқитын пәндері;

Оқу пәндеріне жазылу/Тіркелу (Enrollment/Registration) – білім алушының оқу пәндеріне алдын-ала жазылу үдерісі;

Пәнді қайта оқу (Retake) – қорытынды баға «қанағаттанарлықсыз» - F болған жағдайда пәнді қайта оқу;

Пререквизиттер (Prerequisites) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізімі;

Постреквизиттер (Postrequisites) – аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер тізімі;

Пән бағдарламасы (студенттің ОӘК - Syllabus) – оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаты мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, тақырыбы мен әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, оқытушының талаптарын, бағалау өлшемдерін, аралық бақылау кестесін және әдебиеттер тізімін қамтитын оқу бағдарламасы;

Таңдау бойынша пәндер (Elective Courses) – білім алушының кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру қисынының тәртібін сақтай отырып, академиялық кезеңдердің біреуінде таңдау бойынша оқылатын элективті оқу пәндері;

Транскрипт (Transcript) – кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;

Тіркеуші бөлім/Тіркеушінің офисі (Office of the Registrar) – білім алушылардың оқу пәндеріне жазылуды, оқытудың барлық кезеңінде олардың оқудағы жетістіктерін тіркеуді, аралық және қорытынды бақылауды ұйымдастыруды және академиялық рейтингті есептеуді қамтамасыз ететін қызмет;

Тьютор – білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді игеруге көмектесетін тұлға;

Үлгерімнің орташа балы GPA (Grade Point Average) – таңдап алған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымды оқу мерзім ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары балдарының сандық эквивалентіндегі кредиттер қосындысы сомасының қатынасы);

Эдвайзер (Advisor) – тисті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.