Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

1. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің политехникалық факультеті 2008 жылы өзінің 45-жылдығын атап өтеді. Оның құрылу сәтінен бастап университетте Қазақстанның Батыс аймағында жүйелі аграрлық кәсіби білім беру мен ғылыми зерттеулер жүргізу есебі саналады.

Факультет өзінің тарихын 1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында агрономиялық факультетінің құрылуынан бастау алады. Факультет өзінің мақсаты етіп нарықтық шаруашылықтың күрделі әлеуметтік–экономикалық жағдайында аграрлық секторда басшылық, өндірісті ұйымдастырушы, техникалық сервис, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, ауыл шаруашылғы өндірісі процестерін механикаландыру бойынша кәсіпорындардың технологы мен менеджері, ауыл шаруашылығы өндірісін электрлендіру және автоматтандыру, ауыл шаруашылығы обьектілерін электр энергиясымен, жылумен, газбен және сумен қамтамасыздандыру, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, тасымалдау, өңдеу және ұқсату мәселелерің шешумен шұғылданатын маман болып қызмет атқара алатын қызмет ететін жоғары білікті кадрлар дайындауды қояды.

Жоғары оқу орындарының құрамын функционарлық ғылыми өндірістік оқу кешені, оқу және ғылыми, өндірістік және басқа да бөлімдер жоғары оқу орындарының біріккен құрылымдық статусын құрайды.

Жоғары оқу орынының құрылымдық бөлімдері ереже бойынша іске асырылады, соның ішінде жоғары оқу орындарының жарғысы, жоғары мамандандырылған білімнің бағдарламасы іске асырылады.

Жоғарғы оқу орынының факультеттері ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшелері болып табылатын бір немесе бірнеше мамандықтарды оқытып, сонымен қатар факультеттердің мамандықтарына, кафедра мен зертханаларында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Агрономия факультеті - бұл ауыл шаруашылығының түрлі қызметтерін атқаратын мамандарды дайындайтын білікті мамандандырылған оқытушылыр құрамынан тұратын заманауи оқу бөлімшесі.

Факультет деканы ауылшаруашылық ғылымдардың кандидаты Жубантаев Изимгали Нурумович.

Біздің мекен жайымыз: Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі 51, Агрономия факультеті, 2 қабат –деканат (ауд 202) Телефон: 8(7112) 50-10-85.

Факультет туралы ережелерді жоғарғы мекеме оқулықтары өңдеп және бекітеді. Факультетті басқаратын және олардың төрағалығы үшін факультет кеңесң ұйымдастырылған.

Факультет кеңесі жоғары оқу ғимараты кеңесінің бекітілген ережелеріне сәйкес өзінің жұмысыөзінің жұмысы ұйымдастырады.

Кафедра дегеніміз білім алушылардың ортасында тәрбие жұмыстарымен, бір ненесе бірнеше пәндер бойынша оқу әдістемелік, ғылыми зерттеу жұмыстарымен жүзеге асырылатын жоғары оқу орнының негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі.

Кафедраны а/ш.ғ.к., доцент Абуова Алтынай Бурхатовна басқарады. «Тағам өнімдерін өңдеу технологиясы» кафедрасы тағам өнімдерін қайта өңдеу саласында мамандарды даярлайды. Кафедраның профессор оқытушылардың жалпы саны 18, оның ішінде 1 профессор, 5 доцент, 9 аға оқытушы, 3 оқытушы, 1 гылым докторы, 9 ғылым кандидаты. Кафедраның дәрежесі 55 %. Кафедрада студенттерді элективті пәндерді таңдау және оларды тіркеу бойынша барлық қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін 4 эдвайзер бар.