Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

7.3 Жәңгір хан атындағы бқату ішінде бір мамаңдықтаң екінші мамаңдыққа ауыстыру тәртібі

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ішінде бір мамаңдықтаң екінші мамаңдыққа ауыстыру тек қана ақылы негізінде келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

  • білім алушы ректордың атына ауыстыру туралы өтініш береді;

  • факультет деканы оқу жоспары бойынша оқу жылың және айырмасын анықтайды;

  • деканның визасы негізінде тіркеу бөлімі белгіленген айырма бойынша тапсыру уақытын белгілейді;

  • Факульте деканы, тіркеу бөлімі басшысы, ОӘЖ жөніндегі проректордың, ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамаларына сай университет ішінде бір мамаңдықтан екінші мамаңдыққа ауыстыру туралы ректордың бұйрығы шығарылады.

7.4 Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алуға көшіру

Ақылы негізде оқып жатқан білім алушы оқудың барлық кезеңдерінде алған бағалары тек «А», «А-», «В+», «В» және «В-» болған жағдайда, заңнамалық тәртіптерде анықталған сайыс негізде сәйкес мамандық бойынша мемлекеттік білім беру грантының бос орнына көшуге құқы бар. Бос орындарға көшу келесідей тәртіп бойынша жазғы және қысқы каникулдар уақытында жүзеге асырылады:

  • ақылы негізде оқып жатқан білім алушы ректордың атына оны бұдан әрі мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алуға көшіру туралы өтініш жазады;

  • деканат білім алушының өтінішін және оның оқу көрсеткіштерін бейнелейтін құжаттарды қарастырады және оның академиялық үлгерімі туралы нәтижелерге негізделе отырып, өтініш пен аталған құжаттарды Ғылыми кеңестің отырысына білім алушыны көшіру/көшірмеу туралы ұсыныспен талқылауға салады;

  • Ғылыми кеңес мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алуға көшіру/көшірмеу туралы алдын-ала шешім қабылдайды;

  • Ректор үміткердің өтініші мен құжаттарын Ғылыми кеңестің шешімін ескере отырып қарастырады да, ҚР білім беру саласындағы орталық атқарушы органының тапсырысы бойынша оларды соңғы шешім қабылдау үшін ҚР БҒМ бағыттайды. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімі және сынақ кітапшасының көшірмесі, сонымен қатар университеттен шығарылған тұлғаның мемлекеттік білім беру гранты иегерінің куәлігі (түп нұсқа) қоса тігіледі;

  • ҚР БҒМ келіп түскен құжаттарды бекітілген тәртіпте қарастырады және мәселенің оң шешімі табылған жағдайында өтінішті берген білім алушыға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық шығарады;

  • ҚР БҒМ гранттын тағайындау туралы бұйрығы негізінде Білім берудегі мемлекеттік стандарттар мен тестілеудің Ұлттық орталығы мемлекеттің білім беру грантын иемденушінің куәлігін ҚР БҒМ шешімі шыққан соң білім алушының атына қайта толтырады;

  • ҚР БҒМ шешімі негізінде (мемлекеттік білім беру грантының иемденушісі куәлігі негізінде) ректор білім алушыны ақылы бөлімнен оқытудың мемлекеттік білім беру грантына көшіру жөніндегі бұйрық шығарады.

7.5 Жәңгір хан атындағы бқату қайта алу ережесі

Білім алушы бұрын сонды оқудан шығу мерзіміне қарамастан қайта алынуға құқылы, бірақта ол ең болмағанда бір академиялық кезеңді (семестр) бітіруі керек.

Білім алушы кез-келген ЖОО-ның кез-келген мамандығына ауыса алады. Қайта алынатын оқу жылы пәннің оқу жоспарындағы айырмашылықтар мөлшерімен көрсетілген шектеулерді ескере отырып анықталынды. Айырмашылық білім берушінің берген академиялық анықтамасымен (транскрипт) анықталынады.

Білім беруші өзінің оқуына ақылы негізде қайта алына алады және оны жалғастырады.

Қайта алыну үдерісі:

  • білім алушыны Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға қайта алу үшін ректордың атына сәйкес өтініш беріледі. Өтінішке бекітілген формадағы анықтама немесе транскрипт қоса беріледі. Қайта алыну туралы өтініш оқу сабақтарының басталуына дейін екі жұмадан кем емес уақыт қалған жағдайда қабылданады. Мұның себебі білім алушыға мәселенің оң шешімі шыққан жағдайда білім алушы оқу пәндеріне тіркелуге және өз жеке оқу жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік беру

  • факультет деканы ұсынылған траскрипт негізінде оқу жылын және аталған айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;

  • факультет деканының рұқсатнамасы негізінде тіркеу бөлімі аталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімін жасақтайды;

  • факультет деканының, бухгалтерияның, ОӘЖ жөніндегі проректордың, ОЖ жөніндегі проректордың рұқсатнамаларына сай білім берушіні қайта алу жөніндегі бұйрық шығады.

Қайта алу және көшіру кезіндегі оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыру мерзімі, тәртіп бойынша, білім беруші айырмашылықты тудырып отырған пәндер бағдарламасын меңгеру үшін және қорытынды бақылаудан өту үшін бір академиялық кезеңді құрайды (семестр).

Егерде білім алушы қайта алу немесе көшу кезінде оқу жоспарында анықталған айырмашылықтарды тапсыру мерзімінде оны тапсырмаса, онда ол айырмашылық академиялық қарыз болып есептелінеді және келесі оқу жылына ауыстырғанда GPA есптеген кезде «0» болып есептелінеді.