Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать

9. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында үлкен мағына білім алушылардың өзіндік жұмысына бөлінеді: студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ), студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ), магистранттардың оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (МОӨЖ). Білім алушы өз бетімен үй тапсырмаларын орындай алуы, кейстерді талдай білуі, курстық және басқа да зерттеу жұмыстарын жаза білуі қажет.

Өзіндік жұмыстың барлық түрлері нақты тапсырмалар мен бағалау өлшемдерін көрсету арқылы пәннің силлабусында жазылуы керек.

СОӨЖ және МОӨЖ қатынас сағаты шегінде жүргізіледі. Офис-сағаттар кестесі кафедраларда оқытушының ұсынған мәліметі негізінде талданып, студенттердің сабақ кестесімен, деканатпен, оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау бөлімімен аудитория бөлу үшін келісіліп, БСМж/еМБ бастығымен (Мж/еСББ бастығымен) бекітіледі де, деканат пен кафедралардың тақтасында ілінеді және барлық оқытушылардың силлабустарында көрсетіледі. Офис-сағаттарының саны жүктеме көлемі мен студенттер санына байланысты анықталынады.

5.03.015-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Педагогикалық жүктеме және оқыту жұмыстары» ҚР МЖМБС сәйкес оқытушының басқаруымен студенттің өздігінен жұмысы академиялық ағынға жоспарланады, егер оның толымдылығы 50 адамнан көп болмаса. Егер академиялық ағын 50 адамнан көп болса, онда оқытушының басқаруымен студенттің өздігінен жұмысы академиялық топқа жаспарланады.

10. Материалдық және ақпараттық қормен пайдалану ережелері

Ғылыми кітапхана – университеттің жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі, жалпы көлемі 3153,5 ш.м. 3-қабатты ғимаратта орналасқан.

Ғылыми кітапхананың жалпы қоры 900 мын. экземпляр.

Кітапхананың бірінші қабатына ең күрделі бөлімнің бірі “Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу” бөлімі орналасқан. Бөлімге жыл сайын 40 мың дана кітаптар түседі. Жаңадан түскен басылымдарды есептеп, жүйелеп және техникалық өңдеуден өткізіп басқа бөлімдерге таратады.

Ең алғашқылардың бірі болып жаңа оқулықтарды “Оқу әдебиеттерінің абонементі” алады. Бұл абонементтен сіздер оқу құралдарын бір жылға немесе семестрге алуға болады.

Екінші қабатта “Алфавиттік”және “Жүйелі” каталогтар қазақ және орыс тілдерінде орналасқан, 1996 жылдан бастап электронды каталогтар жұмыс жасап келеді. Каталогтар мен жұмыс жасауды, реферат, курстық, өзіндік жұмыстар жазуға ең қажетті әдебиеттерді табуға және барлық сұрақтарыңызға библиографиялық анықтама, ғылыми-библиографиялық бөлім беретін

Осы бөлімге іргелес орналасқан “Жалпы білім беретін әдебиеттер абонементі”. Сіздерге көркем әдебиеттер, тарих, этнография, мәдениет,өнер, спортқа байланысты әдебиеттер тауып беруге көмектеседі. Детектив, фантастика сүйіп оқитындар да бұл бөлімнен құр алақан кетпейді.

Бірінші курстан бастап сіздер “Ғылыми әдебиеттер абонементі” бөлімінен кітап алуға мүмкіншіліктеріңіз бар. Бөлімнің қоры 170 мың дана, оның ішінде анықтамалар, монографиялар, институттардың ғылыми еңбектері. Бұл бөлімге түскен кітаптар саны аздығынан кітаптарды бір-екі жұмаға береді. Берілген кітаптарға мұқият болыңыздар.

Осында, екінші қабатта мерзімді басылымдар оқу залы бар. 400 астам атауы бар, отандық, шетелдік газет, журналдар басылымдарын ұсынады. Компьютер көмегімен мерзімді басылымдарға шыққан қажет мәлімдемелермен тез танысасыз.

Кітапханамыздың үшінші қабаты 150 орындық студенттерге берілген оқу залы бар. Кітапханашылар сіздерге әдебиеттерді тез арада тауып, көмек көрсетуге әзір.

Оқытушылар мен студенттерге арнайы компьютермен жабдықталған оқу залы бар. Бұл залда электрондық оқулықтармен, виртуаллды энциклопедиялармен, электрондық каталогтармен, библиографиялық деректер базасымен жұмыс жасауға болады

Ғылыми кітапхананың жұмыс регламенті:

Абонементтер - 9.00 бастап 17.00 дейін.

Оқу залдары - 9.00 бастап 20.00 дейін.