Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Путеводитель ТПР каз.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
363.01 Кб
Скачать
  1. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу

Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студенттерге стипендия тағайындау және төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы № 1903 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында оқитын білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеудің» Ережесіне анықталынады (бұдан әрі – Стипендияны тағайындау және төлеу ережесі).

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша бірінші курсқа қабылданған барлық студенттерге, бірінші семестрде мемлекеттік стипендия тағайындалынады.

Оқытудың келесі семестрлерінде мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу емтихандық сессия қорытындысы бойынша (білімді бақылаудың барлық формасын қоса алғанда) білім алушы «жақсы» («В+», «В», «В-») және «өте жақсы» («А», «А-») бағаларын алған жағдайда ғана жүргізіледі. Стипендия ай сайын айдың бірінші күнінен ақ, келесі емтихандық сессияға дейін төленеді. Мемлекеттік стипендияны тағайындау кезінде тек бағалар ескеріледі, ал білім алушының GPA қарамайды.

Мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алып жатқан жетім балалар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға мемлекеттік стипендия емтихандық сессия бойынша қарызы жоқ болған жағдайда немесе аралық аттестаттау нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз бағаларының болмаған жағдайда тағайындалынады.

Көктемгі сессия нәтижесі бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған білім алушыларға жазғы каникул кезеңіне стипендия жазғы каникул айлары үшін (шілде, тамыз) емтихандық сессиядан кейінгі семестрде қаржыландыру мүмкіндігі бойынша бірге төленеді.

Өндірістік практика және жазғы каникулдары кезінде стипендиант жалпы негіздемелер бойынша стипендия алуға құқылы.

Академиялық демалыстан қайтып оралған білім алушыға мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу алда тұрған (кезекті) сессия нәтижесі бойынша бекітілген формада төленеді

Денсаулығы бойынша келесі оқу жылына қалдырылған білім алушыға мемлекеттік стипендия келесі емтихандық сессия нәтижесіне дейін жалпы негіздеме бойынша мемлекеттік стипендия төленеді.

Жүктілік және босану бойынша демалыстағы білім алушыға жүктілік және босану бойынша демалысқа кеткенге дейін мерзім аралығында бекітілген мөлшерде төленеді.

Академиялық демалыс кезінде білім алушы жүктілік және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын қағазды ұсынған жағдайда академиялық демалыс үзіледі де, жүктілік және босану бойынша демалыс безендіріледі

Білім алушының баланы күту (бала үш жасқа толғанға дейін) бойынша демалыста болған кезінде мемлекеттік стипендия тағайындалынбайды

Бір оқу орнынан екіншіге көшкен білім алушыға осы Ереже бойынша анықталған оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жойғаннан кейін төленеді.

Мемлекеттік стипендияны төлеу ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайлары бойынша тоқтатылады.

Мемлекеттік стипендияны төлеуді тоқтату ректордың сәйке бұйрығын шығару арқылы жүзеге асады.

Туберкулезбен ауратын тұлғалар медициналық ұйғарымы болған жағдайда мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық мерзімінде төленеді (еңбекке жарамсыздылығы басталған күннен 10 ай мерзімінен аспауы керек).

Жәрдем ақы алатын білім алушыларға мемлекеттік стипендия жалпы негіздеме бойынша тағайындалынады және төленеді.

Стипендияның басқа түрлерін тағайындау және төлеу ҚР Президентінің стипендиясына және атаулы стипендияларына тағайындауға үміткерлерді таңдауды өткізу ережесіне сәйкес жүргізіледі.