Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

2. Диспетчерлік пункттердің жұмысын ұйымдастыру

 

126. Автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлік пунктінің үй-жайы операциялық (кассалық) залдан оқшаулануы, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттеріне қызметтік шығатын жері болуы тиіс.

127. Диспетчердің жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустардың келуі мен жөнелтілуін бақылай алатындай орналасады және арнайы басқару пультімен, ақпараттық көрсеткіштермен және дауыстап айту байланысының қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың (автостанция) әкімшілігімен ішкі технологиялық байланыспен, билет кассаларымен және анықтама бюросымен, диспетчерлік қызметтің орталық пунктімен жабдықталады.

128. Диспетчердің жұмыс орны, сонымен қатар қызмет көрсетілетін маршрут желісіндегі басқа диспетчерлік қызметтермен телефон немесе өзге де электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жабдықталады.

 

 

4-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

 

129. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауын көрсетілген маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурста (бұдан әрі - Конкурс) жеңген тасымалдаушылар, тасымалдаушылар мен жергілікті атқарушы органдардың арасында жасалған жолаушылар мен багажды автомобильмен тиісті тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негізінде жүзеге асырады.

130. Конкурсқа меншік құқығымен автобустарға, шағын автобустарға иелік ететін, осы Қағиданың талаптарына сәйкес осы тасымалдау түрін ұйымдастыратын және «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 203 қаулысына сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ете алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

131. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Конкурсқа жеке маршрут та, бірнеше маршрут та бір лотпен шығарылуы мүмкін. Лотты қалыптастыру кезінде маршруттардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа едәуір рентабельділермен қатар рентабельділігі төмендеу, бірақ әлеуметтік маңызы бар маршруттар кіреді.

132. Конкурстың ұйымдастырушылары:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалық қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары болып табылады;

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарына маршруттардың негізгі сипаттамасы бойынша мынадай ақпаратпен қоса бекітілген және келісілген қозғалыс кестесін береді:

бастапқы және соңғы жүру пункті бойынша маршруттың нөмірі және атауы;

паритеттік қызмет көрсету тәртібін көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету кезеңі.

маршруттағы аралық пунктердің атаулары мен санын және тікелей және кері бағыттағы қозғалыс жылдамдығын орташа пайдалануын көрсете отырып, маршрут бойынша қозғалыс кестесі;

жолаушылар орындықтарына арналған орындар бойынша паспорттық сыйымдылығын көрсете отырып, маршрутқа қызмет көрсету үшін қажетті автобус класстарын, сондай-ақ жылжымалы резервтік құрамды есепке алғанда қажетті автобустар санын;

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тасымалдауға конкурс бекітілген жүру кестесін алғаннан кейін 30 жұмыс күннен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары болып табылады.

133. Нақты маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығына арналған Конкурстың жеңімпазы болып жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы маршрутта (маршруттарда) тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, тасымалдаудың ең жақсы шарттарын ұсынған және осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тиісті бағалау шкаласы бойынша есептелген ең жоғарғы балл алған қатысушы танылады.

134. Егер екі және одан да көп қатысушы бірдей барынша жиынтық балл алса, онда отандық өндірісті автобустары және шағын автобустары бар, ең төменгі жол жүру тарифін ұсынған тасымалдаушыға жоғары баға беріледі, осыған сәйкес тасымалдау жүргізілетін болады.

135. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынғаннан төмендеу тарифтерді белгілеуі мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдаудың шығындарын жаппаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы тиісті бюджет қаражатының есебінен өтейді.

136. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүруге арналған белгіленген тарифтер өзгерген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар көрсетілген өзгерістер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейін он күннен кешіктірмей хабарлайды.

137. Конкурс, оны жариялаған күннен басталып және Конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнмен аяқталып, кемінде 30 және ең көбі 45 күнді қамтуы тиіс.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]