Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

2. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібi

 

282. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдауды әдетте, бір ғана жолаушылар тобын тасымалдың бастапқы пунктінен соңғы пунктіне жеткізу және осы пункттердің арасында не көрсетілген бағыттардың бірінде жолаушыларды отырғызбай және түсірмей кері әкету мақсатында жүзеге асырылады.

283. Жолаушылар мен багажды бір жолғы сипаты бар тасымалдау кезінде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.

 

 

3. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібi

 

284. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен және жеңіл автомобильдермен тасымалдаудың жүйелік сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткізу мақсатында, сондай-ақ туристік және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшін жүзеге асырылады.

285. Туристік және экскурсиялық ұйымдардың өтінімдері бойынша тапсырыспен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес жол парағын толтырады.

286. Тәрбиелеу және білім беру мекемелерінің өтінімдері бойынша балаларды тапсырыс бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі осы Қағиданың 11-тарауында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

287. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берілген автобустармен тасымалдау қызметке тапсырыс беруші мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшірмесі автокөлік құралында болуы тиіс.

 

 

10-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау

 

1. Жалпы ережелер

 

288. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобильдермен, тасымалдаушы мен елді мекендердің жергілікті атқарушы органдарының арасындағы жасасқан жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттың негізінде (бұдан әрі - Шарт) жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы орган тасымалдаушымен Шартты жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Шарттың көшірмесін (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) көліктік бақылаудың аумақтық органдарына жібереді.

289. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемінде төрт есігі бар өнімді топтап шығаруы жеңіл автомобильдер қолданылады.

Арнаулы басқаруы бар автокөлік құралдарын такси тасымалдауы үшін қолдану, соның ішінде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулі оң жақтағы рұқсат етілмейді.

 

 

2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi

 

290. Жолаушылардың таксиге отыруы және одан түсуі жол желісінің учаскелерінде арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, автомобильдердің тоқтауына жол қозғалысы ережелерінде рұқсат етілген жерлерде жүргізіледі.

291. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртібімен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.

292. Жүріп келе жатқан таксиді, егер:

1) онда бос орындардың жеткілікті саны болса;

2) таксидегі жолаушы осылай тоқтауға келісім берсе, қол көтеріп тоқтатуға болады.

293. Жолаушы бос таксиге отыру кезінде жүргізушіге жүру маршрутын көрсетеді. Егер жолаушы өз бетімен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктін атайтын болса, онда жүргізуші жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткізеді.

294. Таксиге отыру және одан шығу толық тоқтағаннан кейін автомобильдің оң жағынан ғана жүзеге асырылады.

295. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түседі. Бұл ретте жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған барлық алдын ала келісілген мерзім үшін ақша кепілін талап етеді.

Егер жолаушы оны күтіп тұрған такси-автомобильге алдын ала келісілген уақыт ішінде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледі.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]