Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

1. Жалпы ережелер

 

180. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешендік схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легін талдау негізінде құрылады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

181. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен багажды қала шегінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Бұл ретте елді мекендер арасындағы қала маңындағы қатынастарда келе жатқан жолаушыларды қала шегінде отырғызуға және түсіруге жол беріледі. Қала маңындағы автомобильмен тасымалдауда жолаушылар мен багажды отырғызуға және түсіруге арналған аялдамаларды қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісуі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.

182. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршрут желісі, маршруттардың қосарлануы, сондай-ақ бір маршруттың екіншісіне ең аз қабаттасуын қамтамасыз ететіндей етіп құрылады.

183. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгі жолаушылар легімен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желісінің жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.

 

 

2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi

 

184. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:

1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 м дейін болуы тиіс;

2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшін ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейін болуы мүмкін.

185. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкін:

1) тәуліктің барлық белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;

2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын (демалыс, мерекелік күндер немесе «қауырт» сағаттар) қосымша;

3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде) маусымдық;

4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]