Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

3. Тапсырыстар бойынша таксидің жұмысы

 

296. Такси беруге тапсырыстар қабылдауды тасымалдаушы орталықтандырылған түрде диспетчерлік қызмет арқылы қол жеткізімді байланыс құралдары бойынша ұйымдастырады. Такси беруге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша белгіленген тарифке сәйкес төлейді.

297. Таксиге тапсырыс берген жолаушыға, жіберілген автомобильдің нөмірі, тапсырыстың шамамен алғандағы құны және беру уақыты телефон бойынша хабарланады.

298. Шұғыл тапсырыстар қабылданған кезден бастап белгіленген уақыт аралығында орындалуы тиіс.

299. Алдын ала тапсырыс кезінде жүргізуші таксидің тапсырыста көрсетілген уақытқа берілуін қамтамасыз етеді.

 

 

4. Таксимен жол жүру төлемi

 

300. Таксимен жол жүру төлемін жолаушы өзі жүріп өткен қашықтық үшін қолданылып жүрген тарифке сәйкес сапар аяқталған және багаж түсірілген соң төлейді. Жүргізушімен есеп айырысу қолма-қол ақшамен жасалады. Аяқталған сапар үшін төлем туралы түбіртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.

301. Егер таксимен тасымалдау процесінде, оның қозғалысын жалғастыру жүргізушіге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкін болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылған деп есептеледі және жолаушы жүрілген қашықтықты төлейді.

 

 

5. Қол жүгін, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау

 

302. Жалпы салмағы автомобильдің техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидің багаж бөлімшесінде және тек багаж бөлімшесінің қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

303. Багажды тиеу мен түсіруді таксидің жүргізушісі жүзеге асырады.

304. Таксидің салонында есік ойықтары арқылы еркін өтетін, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдірмейтін және ластамайтын, жүргізушіге автомобильді басқаруға кедергі болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтін түрлі заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етіледі.

305. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбі тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етіледі.

Таксиде иттерді тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргізуші мен басқа жолаушылар келісетін болса ғана рұқсат етіледі.

 

 

6. Такси тұрақтары

 

306. Таксидің тұрақтары барлық жолаушылар жиналатын ірі пункттерде (әуежай, вокзалдар, ірі сауда және мәдениет орталықтары) ұйымдастырылады.

307. Такси тұрақтары басқа автомобильдердің тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлінеді немесе жергілікті атқарушы органдардың жол полициясы органдарымен келісімі бойынша белгіленген көгілдір түсті «Т» («Такси») деген айыру белгісі бар және арнайы белбеумен белгіленеді.

308. Такси тұрақтары тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылады.

309. Такси тұрағына бөтен автомобильдерді қоюға рұқсат етілмейді.

 

 

11-тарау. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау

 

1. Жалпы ережелер

 

310. Осы тараудың ережелері оқу, демалу, туристік-экскурсиялық іс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да іс-шаралар орындарына балаларды жеткізу үшін (бұдан әрі - балаларды тасымалдау) бөлінген автобустармен үлкендерсіз (осы Қағиданың талаптарына сәйкес тағайындалған еріп жүретін адамдардан басқасы) сегіз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейді.

311. Балаларды жаппай тасымалдау көлік лектеріндегі қозғалыспен ұйымдастырылған екі және одан артық автобустардың топтарымен жүзеге асырылатын балаларды тасымалдау болып танылады.

312. Балаларды тасымалдау осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

313. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс беруші (бұдан әрі - тапсырыс беруші) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.

314. Тапсырыс беруші сондай-ақ оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкін.

Бұл жағдайда тапсырыс беруші осы Қағиданың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.

315. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдаушы Жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:

маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейін бір жүргізушімен, 12 сағаттан жоғары екі жүргізушімен;

маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргізушілердің және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшін (қонақ үйлерде, кемпингілерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етуді ескере отырып, жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырады.

316. Автомобиль көлігімен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристіктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезінде және басқа көлік түрімен балаларды жеткізуді ұйымдастыру мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

317. Тапсырыс берушінің талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бір жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйін кезектен тыс тексеру үшін жол полициясы бөлімшелеріне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетеді.

318. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жолда 4 сағаттан артық болған кезінде автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салынады.

319. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.

320. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.

Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.

321. Балаларды жаппай тасымалдау кезінде тасымалдаушы Жол полициясы органдарын, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екі және одан артық автобустардың лектеріне жол полициясының арнайы автокөлік құралдарының еріп жүруі туралы мәселені шешу бойынша шаралар қабылдау үшін хабардар етеді.

322. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек еріп жүрушілерге рұқсат етілмейді:

1) қауіпсіздік шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйінде;

2) алкоголь, есірткі, психотропты және улағыш заттардың әсері болғанда.

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]