Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pp02.07.2011-767kz (1).doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
775.68 Кб
Скачать

5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды ұйымдастыру және жүргізу

 

44. Тасымалдаушы жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден, қызметтің осы түріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жіберілген, лицензиясының нөмірі, тегі немесе аты-жөні көрсетілген лицензиясы және тиісті мөртабаны бар медицина қызметкерінің (бұдан әрі - медицина қызметкері) өткізуін қамтамасыз етеді.

45. Жүргізуші рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден рейске (ауысымға) шыққанға дейін отыз минут қалғанда жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтеді.

46. Бір күн ішінде бірнеше рейс орындау қажет кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру бірінші рейс алдында бір рет өткізіледі.

47. Жүргізушілерді рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жеке жүргізіледі және оған:

1) сауал беру, тексерілетіннің сыртқы түрін, жүрісін, тұрысын, мінез-құлқы мен көңіл-күй әрекеттерінің барабарлығын, сөзінің байланыстылығы мен нақтылығын, іс-қимылын, санасын, тері жабыны мен көрінетін сілекейлі жабыны, көз шелінің түсін, көз жанарының мөлшерін, тыныс алу ерекшеліктерін қарау және бағалау;

2) айтылған арыздарды, рейсаралық (ауысымаралық) тынығу мен ұйқы ұзақтығын айқындау және қарау;

3) қан қысымын, пульстің жилігі мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты тексеру, лимфа түйіндерін, ішті қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа сындарын орындау дәлдігін анықтау кіреді. Жүргізуші ауруының анамнезінде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексерулердің жеке картасында жүргізушінің негізгі функционалды көрсеткіштерінің рұқсат етілген параметрлері белгіленеді.

48. Арыз, аурудың нақты белгілері мен ағзаның жұмыс істеу жай-күйінің бұзылуы болмаған кезде, тексерілуші көлік құралдарын басқаруға жіберіледі.

Медицина қызметкері жүргізушілер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде - борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауын жүзеге асырған кезде жол қағазының тиісті бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен уақыт пен медицина қызметкерінің қолы қойылады.

49. Алькогольдік, нашақорлық, токсикомандық күйде (ауыздан алкоголь иісінің шығуы, тұру орнықсыздығы, сөздің бұзылуы, саусақтардың нақты дірілі, тері беттері түсінің өзгеруі) екеніне жеткілікті негіз бар адамдар көлік құралдарын басқаруға жіберілмейді.

Осы қорытындымен келіспеген жағдайда, бұл адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы жүрген заңнамасына сәйкес психактивті затты қолдану және мас күйінде екенін айғағын анықтау үшін медицина қызметкерінің еріп жүруімен медициналық куәландыру жүргізуге уәкілетті жақын арадағы медициналық ұйымға жіберіледі.

50. Жарақат табылған және қатты ауыру немесе ескі аурудың күшеюі белгілері - қан қысымының қалыпты немесе жеке рұқсат етілген параметрлерден сынап бағанасының 20 мм-ге артық болуы, брадикардия минутына 55 соғудан кем, тахикардия минутына 85 соғудан артық (жүргізуші пульсінің жеке рұқсат етілген параметрлерін қоспағанда), артериялық гипертония, қатты инфекциялық ауру белгілері, ауыру синдромы, естен тану және денсаулық жай-күйінің басқа бұзушылықтары байқалған кезде, жүргізушілер емдеу және уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау үшін маманға қабылдауға жіберіледі. Қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыру қамтамасыз етіледі.

Уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері амбулаториялық-емханалық ұйымдар жұмыс істемейтін уақытта анықталған жағдайда, науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіледі және тексеру күнін, уақытын, болжанған диагнозды және көрсетілген медициналық көмектің мөлшерін міндетті түрде көрсетіп, маманға жолдама ресімделеді, ол дәрігердің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын беру үшін негіз болып табылады.

51. Медициналық қызметкер жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруға жарамдылығы туралы рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргізу сәтіне қорытынды береді.

52. Медициналық қызметкер тасымалдаушыны тексерулерден бас тарту жағдайлары туралы, науқастану, жарақаттар, психактивті зат қолдану белгілері байқалған кезде жүргізушілердің көлік құралдарының басқарудан шеттетілуі туралы тасымалдаушыны дереу хабардар етеді.

 

 

2-тарау. Автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын талаптар және олардың жұмыс істеу тәртібi

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]